Файл: Оушыларды шыармашылы жмыстары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.05.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Оқушылардың

шығармашылық жұмыстары





Газет қиындылары

Әдістемелік әдебиеттер








Мақсаты:

Жалпы білім беретін мектептің 7- сынып тарына арналған оқу бағдарламасының меңгерілуін бақылау.

Міндеттері:

1.Оқушының сауаттылығын тксеру;

2.Бағдарламаға сәйкес грамматикадан алған білімдерін қадағалау.

Ақырғы уаныш.

Ақан шал қаршығаны жасанды тұғырға қондырды. Өзі жастық дәуренге қайта оралардай көңілденіп, түлей бастады. Сері көпей көнетоз қара барқыт бешпентінің төс қалтасына қол салғызып еді, айна жоқ екен. Ақанның айнаға қарамағанына да көп айдың жүзі болыпты.

Шал қобдишадан алақандай айнаны алып, өзінің жүзіне қарады. Сүйір сақалы аққудың қанатындай екен. Әлі қызыл шырайы қашпаған нұрлы бетінің жақ сүйегіне шыққан жуан екі ақ қыл бадырайып тұр. Қалың қарағайдың ішіне біткен қисық қайыңдай мүлдем оғаш. Ақан жез іскекпен екі қылды жұлып тастады. Самайының некен-саяқ қисық ақ шашын отады. Сақал-мұртын баптады. Өзіне- өзі келген шақта құсын баптай бастады.


Қаршығаның жаманы тез жуасиды, ал жақсысы ұзақ айналысуды тілейді. Көкжендеттің тым текті құс екенін тырнағынан, тегеурінді топшысынан таныды. Көзінде де сұс бар.

(Т.Әлімқұлов, «Ақырғы уаныш, 117 сөз)

Тапсырмалар.

III деңгей.

  1. Берілген сөздерді сөз құрамына қарай талда.

1-нұсқа. Қарағайдың.

2- нұсқа.Самайының .

  1. Мәтіннен сын есімдерді теріп жаз, мағыналақ түрлеріне қарай ажырат.

  2. Есімдіктердің Астын сыз, түрін анықта.

II деңгей.

1.Бірінші сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талда.

2.Түрленген зат есімдерді теріп жаз, қалай түрленіп тұрғанын анықта.

.

I деңгей.

1. Қандай аңшы құстарды білесің? Жаз.

Начало формы

Конец формы

Начало формы

Конец формы

Мақсаты:

Жалпы білім беретін мектептің 7- сынып тарына арналған оқу бағдарламасының меңгерілуін бақылау.

Міндеттері:

1.Оқушының сауаттылығын тксеру;

2.Бағдарламаға сәйкес грамматикадан алған білімдерін қадағалау

Аққулы көлде.
Жаз…Жер жүзі көгеріп, жасыл ала жібекке оранып құлпырады. Аққулы көлдің жағасында тізіле қонып алты ауыл жатыр.Жаздың алтын нұры ойнаған шуақ күні еді.Көл мөлдір сулы.Аққулы көлдің жасыл ала қамыстары көк жібекке тіккен жасыл ала өрнекті кесте сияқты.Аққулы көлдің жағасы кілем жайнағандай балбыраған кез еді.

Көл ортасында қалың жасыл ала қамыстың айналасы айнадай жалтыраған кең жайқын.Сол жайқында аппақ боп шақиып екі аққу сыланып,ақырын әсем жүзіп көлбеңдейді.Екі аққу ұзын сұлу мойындарын иіп,көл ортасында сыңқылдап,аппақ денесін күміс суға төсеп,әсем нәзік сұлу үнмен сыңқылдап жүзген күміс сызығынан сылдырлап,меруерт,гауһар моншақ тізіледі.Көкке шығып,зыр қағып безектеп сұңқылдаған ұзын аяқ,біз тұмсық тауқұдіреттер,тағы да толып жатқан неше түрлі құстар қол басын сұлу күйлі думан қып жатты.
(123 сөз)
Тапсырмалар.

III деңгей.

  1. Берілген сөздерді сөз құрамына қарай талда.

1-нұсқа.мойындарын .

2- нұсқа.сызығынан .

  1. Мәтіннен сын есімдердің астын сыз.

  2. Көптеліп тұрған зат есімдерді теріп жаз.

II деңгей.

1.Сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талда.

1-нұсқа. Жер жүзі көгеріп, жасыл ала жібекке оранып құлпырады.

2-нұсқа. Аққулы көлдің жағасында тізіле қонып алты ауыл жатыр

2. 1-нұсқа. Есімшелерді теріп жаз.

2-нұсқа Көсемшелерді теріп жаз.

I деңгей.

1 .«Аққу-құстың төресі » тақырыбына шағын мәтін жаз.


Мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың мәтіннің тақырып бойынша бағытын, тақырыбын ашуын, бақылау, білім деңгейін тексеру, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда

2.Дамытушылық: жазбаша көркем тілін дамыту, ойлау еңбегіне,өз беттерімен ойларын жүйелі түрде жеткізуге,қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: оқушыны естуге,есту арқылы өз ойларын жеткізуге баулу.


Ақ бидай.

Есте жоқ ерте заманда бидай өз бетiмен өседi екен. Бiр жылы қатты қуаңшылық болады. Күннiң оттай ыстық аптабынан, ылғалдың тапшылығынан өсiмдiк бiткен сұмдық тарығады. Сол бiр кезде тiршiлiк үшiн жанталасқан өсiмдiк атаулы Ақ бидайды жан-жағынан қаумалай, тұс-тұсынан алқымға ала бастайды. Тамыры мықтылары Бидай өсiп тұрған жердiң астындағы суды тартып алады. Оның маңындағы қорегiн жырып әкетiп жатады. Кейбiр бойшаң бұталар күннiң көзiне қасақана тұрып алып, жарық түсiрмей бағады. Сөйтiп, Ақ бидайдың жағдайы күннен-күнге нашарлай бастайды. Ақырында, өлер халге жетедi. Сосын ол олай-былай жүгiрiп, жортып өткен әр қилы аңдардан жәрдем сұрайды. Үстiнен әрлi-берлi қалықтап ұшып өткен үл-кен-кiшi құстарға да жалбарынады. Бiрақ оның өтiнi-шiне, мұң-зарына ешқайсысы құлақ аса қоймайды. Ендi өлдiм ғой деген сәтте Ақ бидайға садақ асын-ған, қолында найзасы бар, аң аулап жүрген Адам кезi-гедi. Бидай байқұс көзiнiң жасын төгiп тұрып, Адамға мұңын шағады, мүшкiл халiн бастан-аяқ баяндап бередi. Адам бiраз ойланып тұрып, ақырында, Бидайдың өтiнiшiн қабыл алады. Садағын жерге қойып, найзасын бұтаға сүйей салады да, бiлегiн сыбанып жiберiп, бiрден iске кiрiседi. Ақ бидайдың айналасындағы жауыз шөптердiң бәрiн қолымен жұлып отап, тып-типыл қылады. Олардың бидайға ауыз салып жатқан арам тамырларын найзасының ұшымен қопарып тастайды. Сосын бiраз жердегi ағып жатқан бұлаққа барып, тақиясын толтырып су әкеледi. Әлсiреп қалған Ақ бидай мөлдiр суға қанып, өзiнiң көзiн құртқалы тұс-тұсынан анталап келiп калған жа-уынан құтылғаннан кейiн бой түзеп, құлпырып сала бередi. Адам да ауық-ауық келiп-кетiп, Ақ бидайға қамқор болып жүредi. Қаскөй шөптер мен тiкендердi. Бидайдың маңына жолатпай, мезгiл-мезгiл суарып тұрады. Содан күзге салым Бидай сарғайып пiседi. Баданадай бар дәнiн, бiр түйiрiн шашау шығармай Адамға тарту етедi. Адам сыйға алған дәнiн бiр күз, бiр қыс сақтайды. Көктем шыққаннан кейiн ақылы мен бiлiгiнiң арқасында үйшiгiнiң алдындағы тегiстеу жердi қопсытып, соған әлгi дәндердi сеуiп тастайды. Жаз бойы арам шөптердi жұлып, уағында суарады, баптап тұрады. Ақырында, еңбегi зая кетпей, күзде Адам дән сепкен жерiнен бiр дорба бидай алады. Келесi жылы – бiр қап, сосын – он қап, сөйте-сөйте – мың қап, қойшы, бара-бара адам баласына жететiндей бидайды әлденеше еселеп, миллион қап етiп алатын болады. Адам мен Ақ бидайдың ажырамас достастығы есте жоқ ерте заманда осылай басталған екен.


жоспары
1.Қуаңшылық жылы
2.Ақ бидайдың халі
3. Көмек сұрау
4.Адаммен кездесу
5. Адамның қамқорлығы
6.Ақ бидайдың сыйлығы
7. Мәңгі достық

Начало формы




Конец формы




Мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың мәтіннің тақырып бойынша бағытын, тақырыбын ашуын, бақылау, білім деңгейін тексеру, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда

2.Дамытушылық: жазбаша көркем тілін дамыту, ойлау еңбегіне,өз беттерімен ойларын жүйелі түрде жеткізуге,қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: оқушыны естуге,есту арқылы өз ойларын жеткізуге баулу.


Қисық бұтақ

Қыс бойы жер бауырлап бүрісіп тұрған қисық бұтақты көктем лебі баяу шайқап, тербетіп оятты. Маужыраған бұтақ керіліп – созылып, денесінің құрысын жазды. Күннің шуақты жылуынан қуат алып, құлпыра түсті.

Күн өткен сайын жайқалып, жапырақ жайды. Бойын ерекше қуат кернеді. Самал желге желпілдеп, бүрлерін қағып-қағып қойды да, дүр-дүр сілкінді. Шауып кеткісі де келді. Бірақ сыпырғандай жұмыр діңі тас қып ұстап тұр.

Жіберші жабыспай, - деді діңіне қисық бұтақ бұлқынып.

Қайда барасың?

Желмен жарысып ойнаймын.

Әй, ақымағым-ай, - деп күлді ағаш діңі.

Ол – қиын іс. Біздің қолымыздан келмейді. Одан да бері биікке қарай бой түзеп өс. Басыңды көтер. Сонда даланы төбесінен көріп тұратын боласың. Жерге жабыспай, жоғарыға, өрге өрмеле.

Жерде жорғалап өсемін, - деп жұлқынып қалды қисық бұтақ.

Діңі теңселіп кетті. Бір жері ауырғандай қиналып қалды. Өн бойы қалтырап, ыңырана күбірледі.

Қойшы енді қабырғамды қайыстырдың ғой.

Ендеше босат мені, - деп қиқарланды қисық бұтақ.

Бұл да қолымнан келмейді.

Сонда не келеді қолыңнан? Маған жармасқанды ғана білесің бе? – деп қисық бұтақ ызалана түсті.

Бақты аралап келе жатқан бағбан мынау бір сүріктей ағаштың сынын бұзып, қиқайып тұрған қисық бұтақты көріп қалған еді.

Ә, кесірлі екенсің ғой, кербақбай, - деді де сырт еткізіп қисық бұтақты кесті де тастады. Сонан соң түп-түзу әсем діңді сипап-сипап қойды. Ағаштың діңі бір дерттен құтылғандай бойын түзеп, сілкініп-сілкініп қалды.

Сөздік: денесінің құрысын жазу, сүйріктей, кербақбай

Жоспар:

1.Көктем лебі

2.Қисық бұтақ

3. Діңнің ақылы

4. Бағбан

5. Дерттен құтылу
Мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың мәтіннің тақырып бойынша бағытын, тақырыбын ашуын, бақылау, білім деңгейін тексеру, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда


2.Дамытушылық: жазбаша көркем тілін дамыту, ойлау еңбегіне,өз беттерімен ойларын жүйелі түрде жеткізуге,қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: оқушыны естуге,есту арқылы өз ойларын жеткізуге баулу.


Қарлығаштың ұясы

Ботагөз бен Қарагөз апалы- сіңілілі. Үй іші Шымкентке көшпекші еді. Тек оқу жылының аяқталуын күтіп жүрген.

Міне, көптен күткен күн де келді. Көкесі бірнеше жігітті ертіп келіп, дәу көк қасқа машинаға үй жиһаздарын тией бастады. Ботагөз бен Қарагөз де жүктерді тасуға көмектесті. Көңілдері көп нәрсені қимайды.

Олар жолға шықты. Бірер сағатта машина бейтаныс әсем үйдің ауласына келіп тоқтады.

- Міне, біздің үйіміз осы,- деді аналары. Ботагөз бен Қарагөз жаңа үйді тамашалап, аралауға кірісті. Бір кезде Қарагөз терезе жақтауындағы Қарылғаштың ұясын көріп:

- Алақай! – деп қуана айғайлай жіберді. Аң- таң болған Ботагөз жүгіріп сіңілісінің қасына келді. Екеуі қарылғаш ұяасын ұзақ тамашалады. Жып- жинақты. Тостаған секілді. Қандай шебер жасалған! Ішінде қарлығаш балапан басып отыр. Жәудіреп екі қызға кезек қарап қояды.

Әкесі:

- Қарлығаш- адамға ең жақын құс. Ұясына тиіспеңдер, қайта ертең балапандары шықса, жем- су құйып, қамқорлықтарыңа алыңдар, - деді. Осыдан кейін екеуі күн сайын ұя алдына жем- су қоятын болды. Мұны қарлығаш түсінді. Қыздарға бауыр басып кетті. Көп ұзамай балапандар да пайда болды. Шиқ- шиқ етіп тамақ сұрайды. Ана қарлығаштың жұмысы тіпті көбейді. Күні бойы құрт- құмырысқа, шегіртке тасумен әуре.

-Бір күні аулада ойнап жүрген қос қыз дәл жандарынан зу-зу етіп өте шыққан қарлығаштарды байқады.Қараса, аспанда төрт қарлығаш түгелімен ұшып жүр. Екеуі қол шапалақтап мәз болды.Қарлығаштар да оларды айнала ұшады. Қуанғаны болар.

Сөздік: терезе жақтау, бауыр басу.

Мазмұндау жоспары:

  1. Көшу

  2. Жаңа үй

  3. Қарлығаштың ұясы

  4. әке ақылы

  5. Қамқорлық

  6. Қарлығаштардың қуанышы

Зат есімдерге байланысты тест үлгілері.

1 Зат есім тудырушы жұрнақтарды табыңыз. 
A)-қар,-көр. 
B)-сын,-сін. 
C)-лық,-лік. 
D)-та,-те. 
E)-дан,-ден. 
2 Негізгі зат есімді табыңыз. 
A) Көмекші. 
B) Тарсыл. 
C) Білім. 
D) Мәдениетті. 
E) Қалам. 
3 Зат есімді көрсетіңіз. 
A) Көмектесу. 
B) Басшы. 
C) Қалың. 
D) Нешінші. 
E) Қарсы алу. 
4 Негізгі зат есімді табыңыз. 
A) Күздік. 
B) Көмекші. 
C) Кітап. 
D) Өнерпаз. 
E) Әнші. 
5 Етістіктен жасалған зат есімді белгілеңіз. 
A) Дәріхана. 
B) Жақсылық. 
C) Қапшық. 
D) Бөлме. 
E) Достық.