Файл: Оушыларды шыармашылы жмыстары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.05.2024

Просмотров: 25

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

6 Сын есімнен жасалған зат есімді белгілеңіз. 
A) Жақсылық. 
B) Шебер. 
C) Етікші. 
D) Дүкенші. 
E) Қонақ. 
7 Туынды сөзді табыңыз. 
A) Кітапхана. 
B) Жол. 
C) Өлең. 
D) Күй. 
E) Жаз. 
8 Етістіктен жасалған зат есімді белгілеңіз. 
A) Жиын. 
B) Үйсіз. 
C) Қалалық. 
D) Өткір. 
E) Өтірікші. 
9.Зат есім тудырушы жұрнақтарды белгілеңіз. 
A) –лау,-леу. 
B) –дыр,-ыр. 
C) –шы,-ші. 
D) –дау,-деу. 
E) –с,-ыс. 
10 Түбір сөзді көрсетіңіз. 
A) Жазғы. 
B) Ойшыл. 
C) Күз. 
D) Ашулы. 
E) Ойсыз. 
11 Негізгі зат есімді көрсетіңіз. 
A) Таңертең. 
B) Қайырымды. 
C) Арбакеш. 
D) Өз бетінше. 
E) Тарих. 

12 Туынды зат есімді көрсетіңіз 
A) Салқын. 
B) Домбыра. 
C) Бұлт. 
D) Жаңбыр. 
E) Оқулық 
13 Түбір сөзді көрсетіңіз. 
A) Жазғы. 
B) Ойшыл. 
C) Күз. 
D) Ашулы. 
E) Ойсыз. 
14 Туынды сөзді табыңыз. 
A) Тілмен. 
B) Тілші. 
C) Тілге. 
D) Тілден. 
E) Тілді. 
15 Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларды белгілеңіз 
A) –ға,-ге. 
B) –мен,-пен. 
C) –дан,-ден. 
D) –ты,-ті. 
E) –ны,-ні. 
16 Зат есім құрамына қарай қалай бөлінеді? 
A) Дара, күрделі. 
B) Негізгі, туынды. 
C) Жіктеу, сілтеу. 
D) Есеп, топтау. 
E) Бастауыш, баяндауыш. 
17 Зат есім тудырушы жұрнақтарды табыңыз. 
A)-қар,-көр. 
B)-сын,-сін. 
C)-лық,-лік. 
D)-та,-те. 
E)-дан,-ден. 
18 Негізгі зат есімді табыңыз. 
A) Көмекші. 
B) Тарсыл. 
C) Білім. 
D) Мәдениетті. 
E) Қалам. 
19 Зат есімді көрсетіңіз. 
A) Көмектесу. 
B) Басшы. 
C) Қалың. 
D) Нешінші. 
E) Қарсы алу. 
20 Негізгі зат есімді табыңыз. 
A) Күздік. 
B) Көмекші. 
C) Кітап. 
D) Өнерпаз. 
E) Әнші. 
21 Етістіктен жасалған зат есімді белгілеңіз. 
A) Дәріхана. 
B) Жақсылық. 
C) Қапшық. 
D) Бөлме. 
E) Достық. 
22 Сын есімнен жасалған зат есімді белгілеңіз. 
A) Жақсылық. 
B) Шебер. 
C) Етікші. 
D) Дүкенші. 
E) Қонақ. 
23 Туынды сөзді табыңыз. 
A) Кітапхана. 
B) Жол. 
C) Өлең. 
D) Күй. 
E) Жаз. 
24 Етістіктен жасалған зат есімді белгілеңіз. 
A) Жиын. 
B) Үйсіз. 
C) Қалалық. 
D) Өткір. 
E) Өтірікші. 
25 Зат есім тудырушы жұрнақтарды белгілеңіз. 
A) –лау,-леу. 
B) –дыр,-ыр. 
C) –шы,-ші. 
D) –дау,-деу. 
E) –с,-ыс. 
26 Түбір сөзді көрсетіңіз. 
A) Жазғы. 
B) Ойшыл. 
C) Күз. 
D) Ашулы. 
E) Ойсыз. 
27 Негізгі зат есімді көрсетіңіз. 
A) Таңертең. 
B) Қайырымды. 
C) Арбакеш. 
D) Өз бетінше. 
E) Тарих. 
28 Туынды зат есімді көрсетіңіз 
A) Салқын. 
B) Домбыра. 
C) Бұлт. 
D) Жаңбыр. 
E) Оқулық 
29 Түбір сөзді көрсетіңіз. 
A) Жазғы. 
B) Ойшыл. 
C) Күз. 

D) Ашулы. 
E) Ойсыз. 
30 Туынды сөзді табыңыз. 
A) Тілмен. 
B) Тілші. 
C) Тілге. 
D) Тілден. 
E) Тілді. 


7-сыныпқа арналған тест сұрақтары

I-нұсқа

1.Қазақ тілінде неше жалғау бар?

а)4 в)2 с)5 д)3 е)6

2.Қосымша түрлерінің қатарын белгіле.

а)септеулік,демеулік

в)жіктеу,септік

с)жұрнақ,жалғау

д)жалғаулық,демеулік

е)сөз тудырушы,сөз түрлендіруші

3.Оңаша тәуелденуді көрсет

а) дәптер біздікі

в) сендердің жұмыстарың

с)оның өзі

д)оларға тапсырылған

е)мен жазыппын

4.Көптік ұғымды лексикалық мағынасы арқылы білдіретін сөздерді тап

а) диқан,талапты

в)өзі,мына

с)үн,шаш

д)шахта,жүйрік

е)намыс,құрық


5.Тәуелденген сөзді тап

а) дәрігерсің

в)гүлдерден

с)білімді

д)сөйлесті

е)өмірім

6.Көмектес септігіндегі сөзді анықта

а) тақ(пен)жұп

в)намыс(пен)ыза

с)ай(мен)жұлдыз

д) аңсадым(мен)сағындым е)қол(мен)жаз

7.Жіктік жалғауының екінші жағында тұрған сөзді тап

а)нағашым в)әжесін с)өнерлімін д)оқыппыз е)барсыз

8.Шырай жасауға негіз болатын тұлға

а) салыстырмалы шырай в)күшейтпелі шырай с)сын есім д)зат есім е)бастауыш

9.Қатыстық сын есімді тап

а)таулы в)әдемілеу с)үлкен д)өте арзан е)сарғыш

10.Сын есімнің сұрақтарын тап

а)кімнің,ненің? в) не істеді,қайтті? с) қанша,нешеу? д)қайда,қалай? е)қандай,қай?

11.Негізгі сын есімді тап

а)көшпелі в)сары с)кешегі д)адам е)әлсіз

12.Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?

Батырлар есімі ешқашан ұмытылмайды.

а)толықтауыш в)баяндауыш с)пысықтауыш д)бастауыш е)анықтауыш

13.Төрт түрлі жалғау жалғанған өздік есімдігін тап

а)өздері в)өздеріңіздің с)өзіңнен д)өздеріменен е)өздерімізденсің

14.Бірге жазылатын есімдікті тап

а) әр адам в)әр уақытта с)әр түрлі д)әр қалай е)әр кезде

15.Көмектес септігіндегі сөзді тап

а)ықыласпен тыңдады. в)балама айт с)ай нұры д)кітап оқыған е)таудай талап

16.Көптік жалғаулы сөзді тап

а) отыруларыңызды сұраймын. в)Ер азығы-білім с)Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез.

д)Ендігі қарыздар адам менмін. е)Бұл жайдан хабардар жан бар ма?

17.Ілік жалғаулы сөзді тап

а)ініме в)інілерің с)ініңнің д)ініңізбін е)інісін

18.Барыс септік тұлғасындағы сөзді тап

а) жазғаның в)білімдіні с)оқушымын д)мектептен е) оған

19.Жіктік жалғауының көпше түрінің I жағын көрсет.

а) Онда кеше барғанбыз в)Орманға еніп бір-ақ тынықты. с)Неткен жақсы едің! д) Таратып ап кетіңдер анау үйлеріңді е)Сен Асанның кіші баласысың ба?

20.Салыстырмалы шырайды тап

а)ап-ауыр в) өте арзан с) аса терең д)мөп-мөлдір е)көкшіл

21.Салыстырмалы шырайдың жұрнақтарын тап.

а) ырақ,-ірек в) ғы,-ғі с)дық,-дік д) ма,-ме е) еке,-тай

22.Сан есімнің жіктелу түрін тап

а) миллионбыз в) миллиондар с)миллионның д) миллионы е)миллионға

23.Жинақтық сан есімді тап

а) екі в)біреу с)төрттен бірі д)қырық бес е) бірінші

24.Есім сөздердің орнына жүретін сөз табы

а) зат есім в)есімдік с)етістік д)үстеу е)шылау

25.Жіктеу есімдігінің тап

а) мен,ол в) бұл,сол с) барлық,күллі д) кейбіреу,қайсыбір е)ештеңе,ешкім




Қаақ тіліне 7 сынып

2-нұсқа.

1 . “Шатыр” сөзінің аудармасын табыңыз

А) сутки В)палатка С)постоянно Д)машинист Е) зима

2 .Мақалды толықтырыңыз: Сегіз қырлы, ...

А)бір көрікті В)бір жағы С) бір сырлы Д)бір күн Е) екі күн

3 .Төмендегі сөздердің сыңарын табыңыз : Ұстаз,...; оқулық,...; шаһар,...

А)ғұлама, кітап, қалам; В)әріптес, дәптер,қала С)бор, сызғыш,сынып; Д)мұғалім, кітап,қала Е) бор,сынып,үй

4 .Бітеу буынды сөзді табыңыз А)қала В) үй С)қант Д)тары Е) доп

5. Көп нүктенің орнына дұрыс жалғауды қойыңыз: Мен сабақ ... бардым.

А)-ға В)-қа С)-ке Д)-е Е )-ң

6. Қазақ тілінде дыбыс үндестігінің неше түрі бар? А)3 В)5 С)6 Д)2 Е) 9

7. “Төбе шашы тік тұру” тұрақты тіркесінің мағынасы

А)момын В)шебер С)қорқу Д)қатты қуану Е) әнші

8 . Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын жазыңыз : Бала... кітабы; терезе... пердесі, гүл... иісі.

А)-нің, -ның, -тің В)-ның, нің, -дің С)-тың,-тің, -ның Д)-дың, -дің, -ның,-тің Е)-дің, -ның,-тің

9. Мақалды толықтарыңыз. ... аттан аяғым артық, ... жолдастан таяғым артық

А)жақсы В)алтын С)күміс Д)жаман Е)сөз

10. “Хороший человек” сөз тіркесінің дұрыс аудармасын табыңыз

А)кітапты В)баламен С)жақсы адам Д)торғай Е)сізге

11.Көп нүктенің орнына қойылуға тиісті әріптер нұсқасын көрсетіңіз : Мемлекетт..., м...ра, ...йрену А)ә,і,ү В)і,ұ,ү С) һ,е,у Д)ө,і,ұ Е)о,е,а

12.Бір мағыналы сөздерді табыңыз А)кітап,мектеп В)ер,түс С)бас,көз Д)қол,жаз Е)балалы

13.Тұйық буынды сөзді табыңыз

А)аға В)әке С) бас,көз Д)қол,жаз Е)сен келсең

14.Қатесі бар сөзді табыңыз

А)аумақ В )улдар С) қыздар Д)бұрыш Е)сөйледің

15. Үндестік заңы бойынша дұрыс жазылған сөзді көрсетініз

А) қаздар В)кітаптер С)мұғалімнан С)балалардаң Е)жіңішке

16. Төмендегі сөйлемге сұрақ қойыңыз : - Қазақ тілін жаңа үйреніп жатырмын

А)Қазақ тілін ұмытып қалмау үшін не істеу керек? В )Қазақ тілін жақсы білесің бе?

С) Қазақша сөздік қорымыз мол болу үшін нені көп оқу керек? Д)Таныс емес сөздер кездескенде,не істейсің?Е) Мектепке бардың ба?

17. “Отбасы” сөзінің синонимін тап: Ұстаз,...; оқулық,....; шаһар,....

А)ғұлама,кітап,қалам В )әріптес,дәптер,қала С) ғарышкер,сөздік,сынып Д)мұғалім,кітап,қала Е)кел,кет,отыр

18. Қазақстан Республикасының “Тіл туралы Заңы” қай жылы қабылданды?

А) 11 шілде 1997 жыл В) 22 қыркүйек 1989 жыл С)12 қантар 1998 жыл

Д)8 наурыз 1992 жыл Е) 4 сәуір 1988 жыл


19. Көп нүктенің орнына қойылуға тиісті әріптер нұсқасын көрсетіңіз : Хал...ының, ме...геру, ...рпақ, туып-...скен А) а,г,қ,ы В) з,қ,ұ,ө С)қ,ң,ұ,ө Д) ң,а,қ,ұ Е)қ,ө,ң,і

20. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз А)күнделікті В)көнделікті С)кұнделікті Д)кунделекте Е)кынделікті

21. Қазақ тілі қай тілден тараған?

А) славян тілінен В) көне грек С) қыпшақ Д) өзбек Е) неміс

22. Мақалды толықтырыңыз Екпей егін шықпас,...... білім жұқпас.

А)жыламай В)қызмет етпей С)үйренбей Д)күлмей Е)құсы

23. Орфографиялық сөздікте сөздердің ңесі көрсетіледі?

А)дұрыс айтылуы, дұрыс оқылуы үйретеді В)дұрыс жазылуы С)дұрыс аудармасы

Д)мақсаттары мен міндеттері Е)ойыншық

24. Әр халықтың ана тілі -

А)қазына жоқ В)кешегі С)бүгінгі Д)ертенгі Е)білімнің кілті

25. “Көп” сөзіне синоним бола алатын сөзді көрсетіңіз.

А)жиі В)мол С)аз Д)үлкен Е)дәптер

Функцияналдық сауаттылық

Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім оқушыларға білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынып, олардың өздігінен жаңа мәліметті жан – жақта қарастырып, зерттеп, игеруіне мүдделі. Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысып, ол туралы өзіндік пікір қалыптастырады. Сабақта әр бір өтілген мәтінді өмірмен байланыстырып отыру арқылы бүкіл табиғаттың, қоршаған ортаның сырын, өз туған өлкеңмен байланыстырып өту баланың қызығушылығын арттыруда үлкен септігін тигізеді
Жұптағы ой қозғау. Оқушылар қандай да болмасын ақпарат туралы бар білгендерін жазбаша келтіреді. Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт 2-4 минут қана, оқушылар өз жұптарымен жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады.
Кластерлер (жүзімнің шоқтары деген мағынада). Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып немесе тірек тақтаның ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне қосады да, өзара байланыстыру туралы әңгімелейді.
Ойлан, жұптас, пікірлес – оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. Тақтада сұрақ, тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3 – 4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім 2-3 жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрануына болады.

Алдын – ала берілген атаулар – мұғалім сабақ барысында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау) оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлауын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша орындалуы ықтимал. Содан кейін мұғалімнің бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады
Оңай және қиын сұрақтар кестесі. Бұл кестені оқушылар қандай да болмасын мәселе бойынша өз пікірін келтіру үшін немесее жаңа ақпаратпен танысқанда толтыра алады. Кестенің сол жағына олар түсініктері боцынша оңай, ал оң жағына қиын сұрақтарды келтіреді. Мысалы, оңай сұрақтар дегеніміз мәтінде жауабы бар саулдар, ал қиын сұрақтардың жауабы мәтінде жоқ, оларға тек өзіндік тұрғыдан ғана жауап беруге болады.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Қоршаған әлемде және табиғатта болып жатқан құбылыстарды түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу, жүйелеу, жалпылау білік, дағдыларын меңгерту мақсаттары көзделгенде ғана оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға болады.

Ол үшін күнделікті оқыту үдерісінде әрбір пәннен берілетін теориялық білімді өмірдегі жағдайлармен байланыстырып, практикалық жағына бағыттап отыру керек.

Сондықтан теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай практикалық маңызы ескерілуі тиіс. Сондай-ақ оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті боп саналады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық, рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар, сұқбаттық тапсырмалар, құзыреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмалар арқылы кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады.

Осы орайда ұлы ұстаз Абайдың: «Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деген дана сөздерінен адам табиғатының, болмысы мен танымының қалыптасуының өзі осы ізбен жүретінін байқауға болады. Егер оқу үдерісі, балаларға білім, білік, дағдыларды игерту осы ұстанымға негізделсе, нәтижелі болатыны анық.

Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқановтың «Есіл бойында» әңгімесін талдау
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Сәбит Мұқановтың шығармашылығы туралы жан-жақты білім беру, «Есіл бойында» әңгімесінің мазмұнынын меңгерту. Әңгімедегі Мырзатай бейнесін ашу, жазушы шығармашылығына баса назар аудару.
ә) тәрбиелік: табиғатты аялай білуге шақыру, ынтымақ пен бірлікті бағалай білуге үйрету. Есіл бойының сұлу табиғаты, оны суреттеудегі жазушының шеберлігін таныту.
б) Оқушыларды өз бетінше іздену жұмысын жасауға, өз ойын еркін, толық жеткізе білуге жетелеу, ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілі: сын тұрғысынан ойлау, талдау, салыстыру, Пәнаралық байланыс: география, музыка
Көрнекілігі: интерактивті тақта, жазушының портреті, Есіл өзенінің суреті,
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
.
1. Оқушылармен амандасып, оларды сабаққа әзірлеу
ІІ. Қызығушылықты ояту.

Сәбит Мұқанов кім? Ол туралы біздер не білеміз оқушылар, жазушы туралы білетініміз жайлы айтып көрейік

---Сәбит Мұқановтың әңгімесі неге «Есіл бойында» деп аталған?
---Қазақстандағы ірі өзендерді білесіңдер ме?

Ертіс, Есіл, Сырдария, Жайық, Тобыл, Іле, Шу)
Жазушының айтайын деген негізгі ойы?

---Әңгіменің кейіпкерлері кімдер?
ІІІ. Мәтінді талдау.

Мұғаім: Иә, Сәбит Мұқановтың осы әңгіме арқылы қазақ жерінен шыққан ақын, әнші, яғни өнер иесі Мырзатай арқылы өнер тақырыбына басты назар аудартқан. Айтар ойы да осы еді. Тамаша!
Ал енді сабағымыздың қалған уақытында осы әңгіменің негізгі барысын меңгере отырып, әңгіме оқиғасының Есіл өзенінің бойында өткендігін ескере отырып, қазіргі Есіл өзенімен салыстырып сипаттайық. Өткен сабақта сендерге Есіл өзені жайлы біраз мағлұматтар қарап келуге тапсырма берілген болатын, сол тапсырма бойынша кім қандай мәліметтер тауып, бізге айтып бермекші? Қане?
Оқушы: Есіл өзені Сарыарқа жері, Қарағанды облысындағы Нияз тауынан басталып, Омбы облысындағы Усть-Ишим селосы тұсында Ертіс өзеніне құяды. Жалпы, ұзындығы 2450 шақырым, Қазақстандағы ұзындығы 1719 шақырым. Ресейдің Түмен, Омбы облыстарынан өтеді. 1950 жылдардың ортасында Есілде кеме жүзген. Есіл бойында Астана, Есіл, Қызылжар қалалары орналасқан. (Интерактивті тақтадан оқушы Есіл өзенінің географиялық орнын көрсетеді)
ә) Мәтінмен жұмыс
Үзіндінің 1 бөлімінде не туралы айтылады? Иә, Есіл бойының табиғаты суреттеледі.
Мұғаім: Пейзаж – жазушы шығармада табиғатты барынша көркем суреттеу. Ал әңгімеде Есіл өзенінің табиғатын жазушы қалай суреттеген?
Оқушы:
1. Есіл өлкесі
2. Толқынды
3. тоғайы
4. шалғыны
5. желі суреттеу әдісі
6. жидегі, бүлдіргені
7. ағаштары
8. Есілдің ағысы
9. Құстары

Мұғаім: Маған кім мәтіннен Есілдің желі қалай есетіндігі жайлы айтылып тұрған тұсын тауып, оқып береді?
Оқушы: Шілдеде Есіл өлкесінің желі баяу еседі. Жылдың өзге мезгілдеріне жортуылын жиілететін жел, піскен өсімдіктің жемісін төгермін деп аяғандай жұлқылап-желпіп мазаламайды. Бірақ шалғын онымен тыныш тұрмайды.
Мұғалім: Жоспарымыздың келесі бөлімі Мырзатай әнші деп аталады.

Мырзатай кім балалар?

Мырзатайдың ерекше тұлға екенін жазушы қалай суреттейді?
Оқушы: Портрет – шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр-тұлғасын суреттеу.
ІІ. Мырзатай әнші
1. Мырзатайдың портреті
2. Алтайдың Құлтумасы
3. Қараөткелдің Ғазизі
4. Қарқаралының Мадиі баяндау әдісі
5. Баян тауының Жаяу Мұсасы
6. Керекудің Естайы
Мұғалім: Ал енді осы біздің өңірден шыққан әрі-әнші, әрі-сазгер, әрі-ақын болған қазақ өнерінің асқан шебері Естайдың есімі аталып өтіледі. Мұғалім: Иә, тамаша!
Мәтінде Есіл өлкесінің жұмсақ, жұпар иісті шалғынын сипаттап көрсететін көркемдегіш құрал - теңеуді тауып көрейікші.

С.Мұқановтың «Есіл бойында» әңгімесінің көркемдік ерекшелігі. Теңеу сөздерді тауып оқу.
Суреттің орны Бой жеткен шалғын сұлудай сыланды, сылана жайқалған шалғынның бетінде шешек атқан гүлдер тотының қанатындай толықсып құбылады Теңеу
Суреттің орны Есіл сабасынан сарқылып, ағар арнасымен моп-момақан боп жылжиды да жатады ... Сол түріне қарағанда, егер тасыған көздерін көрмесең, оның сонша өлкені сусындатқан, дене бетіне нәр берген өзен екеніне сенбейсің Теңеу
Сурет орны Жайқалған жасыл шалғынды жапырып жүре беруге аяғандай, не қаныңды жайландарғың келгендей, бір тұста сен жасыл жібекке бөлене сұлай кетесің Теңеу

3 бөлімінде «Есіл тасып барады» әнінің тарихы жайлы айтылады. Кім баяндап береді?
ІІІ. «Есіл тасып барады» әнінің шығу тарихын әңгімелеу.
1. Әннің шығу тарихы
2. Бекбербі болыс
3. оның қызы Ұлпа диалог
4. Ұлпа мен Мұратбектің сүйіспеншілігі
5. Екеуінің қосыла алмауы
6. Ұлпаның шығарған әні
7. Әнінің 3 ерекшелігі
Енді оқушылар «Есіл бойында» әңгімесінің негізгі түйіні неде деп ойлайсыңдар?
Семантикалық карта.
Мырзатай бейнесін ашу
Жеңіл мінезді

Ойнақы ақ көңіл
Көпшіл
қарапайым
Оқушылар өз көзқарастарын дәлелдейді.

ІҮ. Сабақты бекіту.
Мұғалім: Балалар осымен біз Сәбит Мұқановтың «Есіл бойында» әңгімесін жан-жақты талдап болдық. Енді осы сабағымыздың негізгі ойын, тақырыбын басты назарға ала отырып, сабағымызды қазақтың мақал-мәтелімен аяқтайықшы. Қандай мақалдар білесіңдер?
Оқушы: «Өнер алды қызыл тіл», «Жігіт көркі - өнер», «Өнерліге есік ашық», «Өнерлінің өзегі талмас» т.б.
Тест
I. Сәбит Мұқанов неше жасынан бастап өлең жазды?
a) Он төрт
ә)Он сегіз
б)Он тоғыз
ІІ. “Есіл бойында” әңгімесіндегі әнші жігіттің аты кім?
a) Мұратбек
ә)Мырзатай
б)Бекберді
ІІІ. Есіл өзенінің Қазақстан жеріндегі ұзындығы қанша шақырым?
a) 1719
ә)1720
б)1721
ІҮ. Шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр-тұлғасын суреттеуді әдебиет теориясында не дейді?
a) Пейзаж
ә)Портрет
б)Теңеу
Ү. Сәбит Мұқановтың көлемді еңбегін белгіле.
a) “Өмір мектебі”
ә)“Көксерек”
б)“Саятшы Ораз”

Тесттің дұрыс жауаптары:
 І – a
 ІІ – ә
 ІІІ – a
 ІҮ – ә
 Ү – a

Бағалау реті
«5» «4» «3»
5-6 жауап дұрыс болса 4 жауап дұрыс болса 3 жауап дұрыс болса

ҮІ. Оқушылардың білімін бағалау:
ҮІІ. Үйге тапсырма:
1. Ұлпанның «Есіл тасып барады» әнін жаттау, тақырыбын, идеясын анықтау.

Экономика және құқық факультетінің

деканы, профессор К. У. Тұрмағамбетоваға

қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының

аға оқытушысы М. Ш. Сәлімгереевадан