Файл: Программалар руды интеграцияланан ортасы интерфейсімен танысады. Кптеген оушылар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.05.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: 3.8.Сызықтық алгоритмдерді программалау

8-сабақ.

Бөлім: 

3-бөлім. «Рython тілінде программалау» Сабақтың тақырыбы:  

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны:                   Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

3.8.Сызықтық алгоритмдерді программалау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.3.2.1  Рython тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Программа құрастыру үшін қандай білім мен дағды  қажетті екенін біледі.

Көптеген оқушылар:

Сызықтық құрылымдағы программаны құру қадамдарын пайдаланып, мысалдар келтіреді.

Кейбір оқушылар:

Сызықтық алгоритмдерге программа жазады.

Құндылықтарға баулу:

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, қарым-қатынас жасау қабілеті, жауапкершілігі артады.

1. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идея бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы»  құндылығы қалыптасады.

2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.

4. Өмір бойы оқу, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік  дағдысы қалыптасады.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді.  Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты  байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Сыныпқа төмендегі сұрақтар беріледі. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.

  • Сызықтық алгоритмдерге  қандай  мысалдар  келтіре аласың?

  • Программада input () функциясын қолдану не үшін маңызды?

  • Программа құрастырушы үшін қандай білім мен дағды  қажет деп санайсың?

  • Сызықтық алгоритмдер бойынша программа құрастыруды қалай орындауға болады?




Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. 

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. 

ҚБ:: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.  

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

Оқулықпен жұмыс.
(Т) Жаңа білім бөліміндегі ақпаратпен танысып, төмендегі тақырыпшалар бойынша топтық талқылау жүргізеді.

1-топ: 

Сызықтық құрылымдағы програманы құру қадамдары.

2-топ:  

Сызықтық программаның құрылымы.


Дескриптор:              Жалпы –3 балл.

  • Оқулықтағы ақпаратпен танысады.

  • Топ ішінде пікір алмасады.

  • Топтар арасында талқылау жұмысын жүргізеді.


Оқулық, жұмыс дәптері





Практикалық жұмыстар орындатады.


(Т) №1 тапсырма.

Практикалық  тапсырмадағы 1-кодқа талдау жасаңдар.  Егер 

S=789  тең болса программа кодымен қадам ба қадам жүріп, әр қадамда кездесетін айнымалылардың мәнін қағазға есептеп көрсетіңдер.  

Дескриптор:              Жалпы – 3 балл.

  • №1тапсырмадағы 1-кодқа талдау жасайды.

  • Егер S=789 тең болса программа кодының әрбір қадамын реттілікпен жүріп өтеді.

  • Әр қадамда кездесетін айнымалының мәнін есептейді.

Оқулық, жұмыс дәптері




(Ж) №2 тапсырма:

Төмендегі программа кодының синтаксисіндегі қателерді  анықтаңдар. Бұл программа нені есептейді? Өз ұсыныстарыңды айтыңдар.

a = int(input()

b = int(input))

c = int(input())

v := a * b  c

S = 2 (a * b + b * c + a c)

print( V, , S)


Дескриптор: 2 балл.

  • Жоғарыдағы программа кодының синтаксисіндегі қателерді  анықтайды.

  • Бұл программаның не есептейтінін айтады.




Оқулық, жұмыс дәптері




Сызықтық программаға арналған қосымша  тапсырмалар:

 

(Д) №1 тапсырма: Самат шотланд жазушысы Роберт Стивенстің  «Қазына аралы» романын үлкен қызғушылықпен оқыды. Самат қазына жасырылған карта тауып алды. Қартада қазына іздеу үшін төмендегі сөздер берілген. Картаның ортасында салынған ағаш түбінен солтүстікке қарай  30,  шығысқа қарай 20, оңтүстікке қарай 10, батысқа қарай 30, оңтүстікке 10, шығысқа 50 қадам  жүр деп ауызша жазылған болса, картадағы қозғалыс алгортмін құрастыр. Қозғалысты сипаттауға оңға, солға, алға, артқа командаларын қолдан. Мысалы, 1 алға 30 м. Торкөз парақтың әр тор көзін 10 қадамға тең деп алып, Самттың қазына іздеудегі қозғалыс графигін сыз. 

 

(Д) №2 тапсырма.  Тек қана цифрлардан құралған а,  bжәне  cжолдары  берілген. 

  1. Осы жолдарды қосып экранға  шығар. 

  2. Осы жолдарды бүтін санға ауыстырып, олардың қосындысын тап. 

Мысалы 

Нәтиже 

214

456

300

214456300

970


Дескриптор: жалпы-2 балл:

-№1-тапсырманы орындайды.

-№2-тапсырманы орындайды.
Мақсаты: Теориялық білімін іс-тәжірибеде қолдануға бағытталады.

Тиімділігі: Дарынды оқушылардың жылдамдығына қарай берілетін қосымша тапсырма. 

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Қарқын» тәсілі көрінеді. Сыныптағы кейбір қарқыны жылдам оқушылардың сыныпта басқа оқушыларды күтіп қалмауына, зерігу әрекетін тудырмауға септігін тигізетін тапсырмалар. Қажеттілігіне қарай көмек қажет ететін қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қойып қолдау көрсетемін. Ал қарқыны жылдам оқушыларға арнайы алдын ала дайындалған қосымша тапсырмаларды ұсынамын.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.




«Бір ауыз сөз» әдісі. 

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Сабақты бекіту.

(Ұ). Сабақты қорытындылауға арналған бекіту сұрақтары беріледі. Оқушылар ұжымдық үлгіде сұрақтарға жауап береді.

  1. Қандай алгоритмді  сызықтық  деп атайды? Сызықтық алгоритмге  мысалдар келтір.

  2. Сызықтық құрылымдағы программаны  құрастыру қандай қадамдардан тұрады?

  3. Осы қадамдардың арасынан ең маңыздысы қайсы?

  4. Сызықтық программаны орындау нәтижесін экранға қалай шығарады?

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін  

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.





Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? 

Бағалау.  Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды  іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын 

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1: 

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені  анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

  2:



Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: 3.9. Практикалық жұмыс.

9-сабақ.

Бөлім: 

3-бөлім. «рython тілінде программалау

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны:                   Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

3.9. Практикалық жұмыс.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.3.2.1  рython тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу.

Сабақтың мақсаты:

Математикалық және рython тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке  деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты  байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Сыныпқа төмендегі сұрақтар беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

  • Сызықтық алгоритмдер бойынша  программа құрастыру қандай қадамдардан тұрады?

  • рython тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазуда нелерді  басшылыққа алу керек?

  • Программа құрастыру кезінде қолданылатын айнымалылардың типтерін қалай таңдау керек?




Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. 

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. 

ҚБ:: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.  

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

Практикалық жұмыстар

(Ж)№1-тапсырма: Өрнектердің мәнін есепте.





1) round(14.141-5.45)

5) print(round(3.2+8.2)//4)

2)  print(round(25.14+15.458))

6) print((16.5//4)%7)

3)  print(int(25.14+15.458))

7) print((19.5//4)%7)

4)  print(85/17)

8)  3*7//2%7




Дескриптор:              Жалпы – 3 балл.

-арифметикалық амалдарды пайдаланып, өрнектердің мәнін дұрыс есептейді.


Оқулық, жұмыс дәптерлері.






(Ж) 2-тапсырма: Өрнектердің нәтижесін анықтап, типін көрсет.





1) round(14.141-5.45)

5)  str(int(25.14+15.458))

2) 128.5 %10

6)(16.5//4)%7

3)  int(25.14+15.458)

7) 3+(19.5//4)%7)

4) (856/177)

8) '35'+str( 3*7//2%7)




Дескриптор:              Жалпы - 3 балл.
-өрнектердің нәтижесін анықтап, типін көрсетеді.


Оқулық, жұмыс дәптерлері.







(Ж) 3-тапсырма: 

Рython тілінде жазылған өрнектің математикалық жазылуын тап.




1) (p+k*4)/(4*t)-4*p*k/(3-2*b)

5) ( x1**3-y1**3)-(x**3-2)

2) abs(4*x)+(3-3x)/5*y

6)abs(3-x)+x**3/y**2

3)  3*x*(x**3-47+2*y)/abs(x-4)

7) y-2*x+78-32%1

4)  a/b*52/35

8) 89//65%34




Дескриптор:              Жалпы - 4 балл.

-Рython тілінде жазылған өрнектің математикалық жазылуын табады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері.





Сызықтық программа құрастыр

(Қосымша тапсырмалар)

(Д) 5-тапсырма. 

Баскетбол ойыны 4-кезеңнен тұрады. Әр кезеңдегі екі команданың жинаған ұпайлары жеке-жеке қатарларда берілген. Ойынның қорытынды нәтижесін төмендегі форматта экранға шығаратын программа құрастыр. 

Мысалы 

Нәтиже 

Түсініктеме

15 7

12 18

25 33

19 15  

71:73

15+12+25+19=71

7+18+33+15=73


(Д) 6-тапсырма.

 Ежелгі Отырар өңірі тарихының ашылмаған сырлары көп. Аңыздарға сүйенсек адамзат тарихындағы ең ірі кітапханалардың қатарында саналатын Отырар кітапханасы жасырылған жер осы күнге дейін табылмады. Рамазанның қолында кітапхана жасырылған тұсты көрсететін карта бар (1-сурет). Осы картаға сүйеніп  оған кітаптар қазынасы жасырылған жерге дейін баруға көмектесетін алгоритмін құрастыруға көмектес. Алгоритм алға, артқа, оңға және солға командаларынан, және әр бағытқа қанша жүру керектігін көрсететін сандардан тұрады.  Мысалы, алға 10.
(Д) 7-тапсырма

S теңге ақшаны құны K, P және N теңгелік монеталар көмегімен ең аз қалай төлеуге болады? Тапсырманың блок-схеиасын сызып, программасын құрастыр. S, K, P және N  бүтін сандар.

Мысалы 

Нәтиже 

Түсініктеме

217 10 5 1

24 

21+1+2=24

345 100 10 5

8

3+4+1=8


(Д) 8-тапсырма. 

2-ші және 3-суретте берілген блок-схеманың рython тіліндегі программасын жаз. а,b,c айнымалыларының берілген мәндерін блок-схемаға қойып оның нәтижесін тап.  

2-суреттегі блок- схема бойынша

a) a=1,  b=2, c=5.

b) a=2,  b=4, c=3

3-суреттегі блок- схема бойынша

a) a=5,  b=2, c=6, d=3.

b) a=1,  b=1, c=2, d=2


(Д) 9-тапсырма

4-сурет бойынша а, b, c айнымалысы қатысқан есеп мәтінін құрастыр. Құрастырған есебіңнің мәтіні бойынша программа құрастырып,  оның блок-схемасын құрастыр.

 

(Д) 10-тапсырма

5-сурет бойынша v1, v2, t, s айнымалысы қатысқан есеп мәтінін құрастыр.Құрастырған есебіңнің мәтіні  бойынша программа құрастырып,  блок -сызбасын құрастыр.
Мақсаты: Теориялық білімін іс-тәжірибеде қолдануға бағытталады.

Тиімділігі: Дарынды оқушылардың жылдамдығына қарай берілетін қосымша тапсырма. 

Саралау: «Қарқын» тәсілі . Сыныптағы кейбір қарқыны жылдам оқушылардың сыныпта басқа оқушыларды күтіп қалмауына, зерігу әрекетін тудырмауға септігін тигізетін тапсырмалар. Қажеттілігіне қарай көмек қажет ететін қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қойып қолдау көрсетемін. Ал қарқыны жылдам оқушыларға арнайы алдын ала дайындалған қосымша тапсырмаларды ұсынамын.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.




«Бессаусақ»  әдісі 

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Сабақты бекіту.

Рефлексия «Бессаусақ»  әдісі



(Д, Ұ) Балалар таратылған «5 саусақ» прақшасына презентацияда көрсетілген төмендегі критерийлер бойынша өз ойларын жазу керек.

-Өзімді қалай сезіндім?

-Басқаларға көмегім тиді ме?

-Бүгін көңіл күйім қандай болды?

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Бүгін не үйрендім?

Мақсаты: Рефлексия жасау арқылы балалардың бүгінгі сабаққа қатысты ой түйінін, пікірін анықтау.

Тиімділігі: Мұғалімнің өз ісіне сыни түрде қарау.

Мұғалім оқушыларды  «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? 

Бағалау.  Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды  іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын 

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1: 

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені  анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

  2: