Файл: Сауытыру баытыны негізгі формалары Денені шынытыруды функциялары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.05.2024
Просмотров: 7
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сауықтыру бағытының негізгі формалары
2.2. Денені шынықтырудың функциялары
2.3. Спорттық секциялардағы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ІV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
І Кіріспе
Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді. Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады. Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.
Дене шынықтыру сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады.Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкі ілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумен, қорытынды жасаумен аяқталады.Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі.Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шүғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді.
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері: баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу.
Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары: секциялары мен үйірмелердегі сабақтар спорт жарыстары, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары.
Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін толықтыра алатындай тамаша адамдардық әңгімелерін ести алатындай жерде белгіленген жөн. Оқушыларды жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретудің тиімді жолдарының бірі - олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек.
Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі -таңертеңгілік гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жнттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып,тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Ертеңгілік бой сергіту жаттығулары оқушыларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді.Қоғамның болашағы - оқушы-жастарға ұжымдық тәрбие беруде дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды өткізудің рөлі зор. Қазақстанның ұлттық ойындарының ішінде ұжымдыққа, ауызбірлікке тәрбиелейтін ойындарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға болады.
2.1. Сауықтыру бағытының негізгі формалары
Сауықтыру бағытының жұмысының негізгі мазмұны: шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау. Оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.
Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:
• оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
• шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
• спортпен шүғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
• негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады. Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.
Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді. Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртңы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.Дене тәрбиесінің міндеттері:
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;
- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- әдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;
-гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау. Адамға ең қажет нәрсе - оның өмірі мен денсаулығын сақтау. Денсаулықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Денсаулықтың жоқтығы адамның ойлаған ойын жүзеге асыруға кедергі жасайды, әсіресе жастардың жалындаған күш-қайраты мен қиялына кедергі болады. Әрбір жасөспірімнің дене бітімі жағынан жан-жақты дамуы – бұлшық еттердің болаттай берік болуы, жүрек-қантамыр жүйелерінің, тыныс
жолдарының, ас қорыту мүшелерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Әрбір жасөспірім өз ағзасының құрылысы мен атқаратын қызметін жақсы біліп, тазалық ережелерін саналы түрде орындауға тиіс. Қазақ халқы адам денесіндегі он екі мүшенің сау болуына, олардың дұрыс қалыптасып өсуіне көп көңіл бөлетіндігі бұрыннан белгілі.
Жасөспірімнің денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір оқушы өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру қажет. Өйткені дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке де, оқуға да құлшына кіріседі. Мектепке дейінгі мекемелер мен оқу орындарындағы дене тәрбиесінің бағдарламалық мазмұны өзінің арнайы ерекшеліктеріне ие және ол бәрінен бұрын балалардың, жеткіншектердің, студенттердің денсаулығын, денесінің қалыпты дамуын, дене даярлығының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Дене тәрбиесінің аталған құрамдас компоненттері (денсаулық, дене дамуы, дене дайындығы) өзара тығыз байланысты және жеткіншектер мен жастардың жеке тұлғасын, олардың өмірлік және функционалдық жағдайын (бой, салмақ, өкпенің сиымдылығы, аяқ-қолдардың үйлесімді қатынасы және т.б) қалыптастырып дамытуда жеке фактор болып табылады.
Қоғам үшін бірінші кезектегі қажетті тұрмыс пен еңбек қызметіне керек дене қасиеттері мен қозғалыс дағдыларын дамытып, жетілдіруге және бірқалыпты ұстауға көмектесетін, тұрғындардың әр-түрлі әлеуметтік демографиялық тобының мұқтаждығын қанағаттандыратын бұқаралық спорт болып табылады.Бұқаралық спортпен балалық жастан егде жасқа дейінгі кез-гелген адамның айналысуына мүмкіндігі бар және белсенді қозғалыс қызметінің нәтижесінде организмді өзгертуге, жеке тұлғаны жетілдіруге әсер ететін елеулі мүмкіндіктерге ие.
2.2 . Денені шынықтырудың функциялары
Адамға ең қажет нәрсе - оның өмірі мен денсаулығын сақтау. Денсаулықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Денсаулықтың жоқтығы адамның ойлаған ойын жүзеге асыруға кедергі жасайды, әсіресе жастардың жалындаған күш-қайраты мен қиялына кедергі болады. Әрбір жасөспірімнің дене бітімі жағынан жан-жақты дамуы - бұлшық еттердің болаттай берік болуы, жүрек-қантамыр жүйелерінің, тыныс жолдарының, ас қорыту мүшелерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Әрбір жасөспірім өз ағзасының құрылысы мен атқаратын қызметін жақсы біліп, тазалық ережелерін саналы түрде орындауға тиіс. Қазақ халқы адам денесіндегі он екі мүшенің сау болуына, олардың дұрыс қалыптасып өсуіне көп көңіл бөлетіндігі бұрыннан белгілі.
Жасөспірімнің денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір оқушы өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру қажет. Өйткені дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке де, оқуға да құлшына кіріседі.
Мектепке дейінгі мекемелер мен оқу орындарындағы дене тәрбиесінің
бағдарламалық мазмұны өзінің арнайы ерекшеліктеріне ие және ол бәрінен
бұрын балалардың, жеткіншектердің, студенттердің денсаулығын, денесінің қалыпты дамуын, дене даярлығының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Дене тәрбиесінің аталған құрамдас компоненттері (денсаулық, дене дамуы, дене дайындығы) өзара тығыз байланысты және жеткіншектер мен жастардың жеке тұлғасын, олардың өмірлік және функционалдық жағдайын (бой, салмақ, өкпенің сиымдылығы, аяқ-қолдардың үйлесімді қатынасы және т.б) қалыптастырып дамытуда жеке фактор болып табылады.
Қоғам үшін бірінші кезектегі қажетті тұрмыс пен еңбек қызметіне керек дене қасиеттері мен қозғалыс дағдыларын дамытып, жетілдіруге және бірқалыпты ұстауға көмектесетін, тұрғындардың әр-түрлі әлеуметтік демографиялық тобының мұқтаждығын қанағаттандыратын бұқаралық спорт болып табылады. Бұқаралық спортпен балалық жастан егде жасқа дейінгі кез-гелген адамның айналысуына мүмкіндігі бар және белсенді қозғалыс қызметінің нәтижесінде организмді өзгертуге, жеке тұлғаны жетілдіруге әсер ететін елеулі мүмкіндіктерге ие. 299 Өзінің атауымен-ақ бұқаралық дене шынықтыру коғамдағы өзінің орнын анықтап отыр:
• Қазақстан Республикасы тұрғындарының көпшілік бөлігін дене
жаттығуларымен, туризммен, шынығумен және дене шынықтырудың өзге де
түрлерімен айналысуға тарту;
• Салауатты өмір салтын қоғамда баянды ету;
• Еңбек өнімділігін және басқаларды арттыру.
Оның негізгі кұрамдас бөліктерінен мыналарды ерекше бөліп айтқан жөн:
• Мектептегі сыныптан тыс дене шынықтыру жұмыстарын;
• Білім беру жүйесіндегі оқудан тыс кездегі дене шынықтыру
түрлері;
• өндірістік дене шынықтыру;
• емдеу-сауықтыру дене шынықтыруы;
• кәсіби-қолданбалы дене дайындығы.
Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы - бұл адамды белгілі бір еңбек қызметі
мен әскери қызметке дайындауға бағытталған дене тәрбиесінің әдістері мен
құралдарының жиынтығы. Бір мақсатқа бағытталған дене шынықтыру бұл ретте кәсіпке үйренуді шапшаңдатуға, еңбектің тиімділігіне қол жеткізуге, кәсіби науқастану мен жарақаттанудың алдын алуға, белсенді демалыс есебінен жұмыс қабілеттілігін .қалпына келтіруге себепкер болады. Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы бұдан басқа да кәсіби қолданбалы деп аталатын дене қасиеттері (шыдамдылық, күш, жылдамдық) мен жеке тұлғаның касиеттерін, қолданбалы іскерліктер мен дағдыларды (жүзу, шаңғымен жүру, алпинизм, туризмнің түрлері және басқалар) қалыптастырады. Жоғарыда аталып кеткендей дене шынықтырудың негізгі компоненті және байланыстыратын буыны дене тәрбиесі болып табылады. Ол дене, шынықтыруға балалардың, жеткіншектердің, студенттердің саналы көзқарасы мен түсінігін қалыптастырады. Дене тәрбиесі дененің дамуын, дене дайындығын қамтамасыз етеді, оқушылар мен студенттердің әр түрлі оқу тәрбие қызметінің түрлерін жақсартуға, сонымен бірге тандап алған мамандығын меңгеруге себепші болады. Дене тәрбиесі бұдан басқа да жеке түлғаны қалыптастыратын жалпы мәдениеттілік, адамгершілікті, эстетикалық және өзге де функцияларға ие. Адамның спорттық әрекеттері мен жарыстық қызметтері дене және психикалық қабілеттерінің деңгейін арттыруға себепкер болады. Адамның өз, денесін жетілдіруі, жарыстардың көрермендерді көптеп тартуы және басқалар қоғамға жағымды әсер етегіндігі белгілі. Қозғалыстың жетіспеуі ақыл-ой жұмыс қабілеттілігі мен есте сақтаудың төмендеуіне себепші болады, эмоционалдық тұрақсыздыққа, стресске, жүректің, ет дистрофиясының функционалды жағдайның нашарлауына әкеп соғады, иммунологилық және аллергияға қарсы организмнің тұрақтылығын төмендетеді. Қозғалыстың азаюынан көңіл-күй, белсенділік нашарлайды. мазасыздық, сенімсіздік, жасырын өшпенділік пайда болады. Денсаулық факторларының 90%-тен астамы медицинаға, 300әсіресе денсаулық сақтау органдарының бүгінгі жағдайында тәуелді еместігіне (генетика, салауатты өмір салты, экология т.б.) ғалымдар қорытынды жасап отыр. Осыған байланысты дене шынықтырудың сауықтыру функциясы және оның маңызы әлі де арта түспек, өйткені дене шынықтыру құралдары тұрғындар үшүн ең оңтайлы болып табылады және тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізілсе саналы түрді түсінгенде ол көпшілікті қамтитын болмақ. Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан 2030» атты стратегиялық жолдауындағы «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, аман-саулығы» атты тарауда былай деп жазылуы кездейсоқ емес: «Экономиканың өсуі өзінен-өзі біздің азамттардың амандық саулығын қамтамасыз ете алмайды. Ластанған қоршаған орта мен денсаулығына дұрыс қарамау нәтижесінде адамдар жылдан жылға аурушаң болып бара жатқандығы гүлденген экономиканың көз алдыңа елестету қиын емес». Әрі қарай ол қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттелігін атап өтеді: «Салауатты өмір салтына ынталандыру әр қайсымыздың дене жаттығулармен айналысуымызға бағытталған». Қазіргі уақытта спорт ғимараттарының жалдау мен абоненттік төлем ақының қымбаттауына байланысты дене шынықтырудың көп шығынды қажет етпейтін экономикалық тиімді түрлері үлкен маңызға ие болып отырғандығын айта кеткен жөн. Бұл бәрінен бұрын таза ауадағы дене