Файл: Бекітемін Мектеп директоры С. Имуханбетова 2015ж. Масаты.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



«Бекітемін»

Мектеп директоры С.Имуханбетова

«______» _________2015ж.

Мақсаты: Бүкіләлемдік 1 маусым- балаларды қорғау күнімен балаларды құттықтау, балаларға мерекелік көңіл- күй сыйлау. Балаларды мектепке дайындау. Өлеңдер жаттатқыза отырып балалардың ой-өрісін, есте сақтау, сөйлеу қабілетін дамыту. Нақыл сөздер арқылы тіл байлықтарын жетілдіру. Білімге деген қызығушылығын ояту.
Жүргізуші: Қымбатты ата-аналар және қонақтар! 1 маусым Бүкіләлемдік балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылып отырған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» акциясының аясында «Қош бол балабақша» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Бүгінгі мерекемізге арнайы қатысып отырған қонақтармен таныстыра кетсек:

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Мектеп оқушыларының орындауында «ФЛЕШ-МОБ»

Жүргізуші: Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып мектепке шығарып салғалы отырмыз.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Өсті ақыл, ойларың,

Өсті міне бойларың.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың.
Ортаға балабақшаның 2015 жылғы түлектерін шақырамыз.

Жүргізуші түлектерді таныстырады:

Абуталип Ануар

Абылайқызы Ұлназ

Болат Аружан

Бектемиров Али

Нұрбол Альбина

Тұрысбек Жансұлтан

Нұран Мирас

Құдайберген Аяулым

Жақып Ерсұлтан

Құрманғазы Анар

Ұзақ Бекнұр
Жүргізуші: Жиналдық бүгін тойға бәріміз,

Үлкен-кіші жасымыз, кәрімізде

Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып,

Өнерден інжу маржан шашайық,-деп бүгінгі мерекемізді өлеңмен бастайық.

Аяулым

Біз ойнайтын таласа,

Ойыншық көп санаса.

Ауласы кең, гүлді алаң,

Балабақша тамаша.
Альбина

Балабақша үйіміз,

Онда жақсы күйіміз.

Тоты құстай түрленіп,

Ән саламыз жиі біз.
Аружан

Сен үйреттің сөйлеуді,


Сенде ойым есейді.

Мен мектепке барамын,

Балабақшам қош енді.
Еркежан

Біз балауса баламыз,

Жетілді ой санамыз.

Балабақшамен қоштасып,

Мектепке енді барамыз.
Ұлназ

Ана тілін ардақтап,

Ата салтын біз көрдік.

Сурет салып ән жаттап,

Оқып, жазып үйрендік.
Ерсін

Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып балабақшамен,

Мектепке енді барамыз.
Бекнұр

Қызық күндер өткіздік,

Балабақша бағында.

Көп ойнадық көп білдік,

Ел мен Отан жайында.
Али

Бақша біздің панамыз,

Мектеп біздің анамыз.

Ұлағатты ұстаздан,

Оқып білім аламыз.
Ануар

Бізге тәртіп үйреткен,

Ән салдырып билеткен.

Таныстырған ең алғаш

Әріптермен, суретпен

Тәрбиеші мұғалім.
Ерсұлтан

Баулап баптап өсірдіңіз,

Бұзықтық етсек кешірдіңіз.

Ұмытпаймын сөзіңізді

Ұмытпаймын өзіңізді.
Жансұлтан

Доспен тату ойнауды

Мерекені тойлауды

Бойымызға сіңірген

Көптің қамын ойлауды

Тәрбиеші мұғалім.
Анар

Мектепке енді барамыз,

Біз оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.
Мирас

Ойыншықты ойнаймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз.

Үлкен болып өссекте,

Бақшамызды қимаймыз
Мерей

Бұл қуаныш себебін,

Бізге қарап ұғарсың.

Ер жетті деп бөбегің,

Туған Отан қуансын
Ән: «Тілашар» Хормен орындалады.
Балалар орындарына отырады.
Жүргізуші: Міне, балалар сендер көптен күткен қимастығымен қуанышы бірдей мерекелерің басталыпта кетті. Сендерді осы күндеріңмен құттықтауға кіші «Күншуақ» тобының балалары және мектептен өнерлі оқушылар келіп тұр екен. Бәріміз ду қол шапалақтап қарсы алайық. Залға көңілді музыка әуенімен кіші топтың балалары кіреді.
Қарақат

Балабақшам сүйікті,

Ән салдырып билетті.

Шынықтырып денеңді,

Шымыр болуға үйретті.
Жұлдыз

Шашымды да тарадым,

Айнаға да қарадым.

Ерте тұрып ұйқымнан,

Мен мектепке барамыз.
Абзал

Баулып апа, ағамыз,

Құстай қанат қағамыз.

Жақсы болып өсуге,

Біз тырысып бағамыз.
Адина

Көңілдіміз, күлеміз,

Ертегіні білеміз.

Шағын – біздің үйіміз,

Тату-тәтті жүреміз.
Айару

Мектебім менің байтағым,

Күліп-ойнап қайтамын.

Ән саламын би билеп,

Тақпақты да айтамын.
Самат

Тәрбиеші апайды,

Тыңдаймыз жақсы көреміз.

Топ ішінде далада,

Бірге ойнап жүреміз.
Б.Нұрсұлтан

Аялаған анадай

Мәпелеген біздерді


Тәрбиеші апайлар

Ұмытпаймыз сіздерді.
Илияс

Жаттығулар жасатып,

Шынықтырар біздерді.

Денемізді тік ұстап,

Сұлу болып өстік біз.
Ал халайық тұрмайық,

Әндетейік жырлайық,

Ортамызды ашайық

«Жаңбыр» әнін тыңдайық.
Ән: «Жаңбыр-жаңбыр».

Орындайтындар: Бақытжан Жұлдыз және Ерлан Айару.
Сымбатты да өнерлі,

Қайратты да жігерлі,

Біздің топтың балалары

«Кукарелла» биін билейді.

Би: «Кукарелла». Орындайтындар балабақшаның «Жұлдыз» орта тобының тәрбиеленушілері.
Жүргізуші:

Би- билесін шаттанып,

Саусақтары майысып,

Шаттана қарсы алайық

Биші балалар ортада!
Балабақша бишілерін «Гүл теруге барғанда» биімен қарсы алыңыздар.
Ән «Гүл бағушы қыз» орындайтын Құдайберген Аяулым
Ерсұлтан

Үйренгенбіз өнер біз

Шетімізден шеберміз

Бал татыған әндерді

Мың бұралған билерді

Үйренкен Дидар апайға мың алғыс
Жансұлтан

Тәтті тағам пісірген

Айран, сүтін ішкізген

Назгүл апайға мың алғыс
Бекнұр

Жазу жазып үйреткен

Әріптерді оқытқан

Санамақты жаттатын

Санауды бізге үйреткен

Айнұр апайға мың алғыс
Аяулым

Бізді баптап қараған

Күлімдеген жақсы адам

Ақ төсекке жатқызған

Мархаба апайға мың рахмет
Ануар

Денсаулыққа болаттай

Ауруларды жолатпай

Күнде болған әбдігер

Қамқоршымыз дәрігер

Гүлжан апайға мың рахмет
Альбина

Гүлдендірген бақшаны

Директор апай жақсы адам

Сондықтан да біз үшін

Артықсыз сіз басқадан

Салтанат апайға мың алғыс
Али

Адам етіп баптаған,

Ардақтап бізді мақтаған.

Тәрбиешілерім сіздерге

Таза сәби жүректен

Бәріңізге «Мың алғыс»

Жүргізуші:

Мың бұралып билеген,

Қыздарды кім сүймеген,

Күміс көмей қыздарға

Кімдер басын имеген
Қыздардың орындауында «Қамажай» биін қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:

Балалық шіркін шаттық ән

Қосылып бізбен шырқалар

Гүл теруші қыздардың

Шақырайық ортаға

«Гүл теруге барғанда» биін орындайтын «Ақбота» шағын орталығының бүлдіршіндері
1.«Қоштасу вальсі»
2.«Жаздық сән үлгісі-2015» кіші топтың сәнқой қыздарын қарсы алыңыздар.
3.«Бала тілегі» әнін орындайтындар Альбина, Аяулым
4.«Жалқаубек» әні орындайтын Ануар, Али, Ерсұлтан
5.«Біз бақытты баламыз» әні Хор