ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.05.2024
Просмотров: 8
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыбы: «Менің Тұңғыш Президентім»
Мақсаты:
а) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып, Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасыдан үлгі алуға тәрбиелеу.
Хор: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
Мүғалім: Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
Армысыздар, қадірменді қонақтар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.
Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында Learnis платформасында, “Интерактивті бейне» арқылы дайындалған бейнероликті тамашалап, сұрақтарға жауап берейік. Әр топқа бір сұрақтан.
Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!- дей келе келесі тапсырмаға көшейік.
І топ: «Балалық шағым ...»
ІІ топ: «Жеткіншек шағым ...»
ІІІ топ: «Қызмет жолым ...»
Тапсырмаға 7 минут уақыт беріледі.
Сан ұлттың басын қосып Қазақстан
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан
Елбасы, алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа
Әр қазақ берік болсын намысына
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!
– дей келе келесі тапсырмаға көшсек. Ассосация әдісі арқылы Президент тұлғасына суреттеме берейік.
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік! - дей отырып, «Сұхбат » әдісі арқылы мектебіміздің президенті Қалдыбай Нұрәділге көкейімізде жүрген сұрақтарымызды қойып, жауап алсақ.
Жүргізуші: «Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз». Олай болса келесі тапсырмаға кезек берсек.
І топ: Шығармашыл тұлға
ІІ топ: ХХІ ғасырдағы жеткен жетістіктері
ІІІ топ: Тәуелсіздік елдің болашағы дарынды ұрпақ
Не есіңде қалды?
Не айттың?
Не естідің?
Келесі кезекті «Рефлексия» әдісіне берсек.
Не есіңде қалды?
Не естідің?
Не айттың?
Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық!
Ән: «Көк тудың желбірегені» хор
Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын! Қош сау болыңыздар!
«№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Ашық тәрбие сағаты
Тақрыбы: «Менің Тұңғыш Президентім»
Сыныбы: 11 «Б»
Сынып жетекші: Тұрарбек Жұлдыз Тұрарбекқызы
2021/2022 оқу жылы