Файл: Кні 08. 09. 2022 атысандар 43 Сынып жетекшілер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

    1. Сөйледі: 8-сынып жетекшісі Семсербаева Гульмира 5-8 сыныптың сынып жетекшілердің жұмыс есебіне тоқталды, Оқу жылының басында 2021-2022 оқу жылына міндеттер айқындалды, ұйымдастыру шаралар іске асты: оқушылардың және ата-аналалардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды, тәрбие жоспарының бағыттары белгіленді, сынып белсенділері бекітіліп, тәрбие жұмысының жоспары бекітілді. Сонымен қатар тәрбие шараларға бақылау-басшылық жасау іске асты. Оның ішінде сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тексерілді, бекіттірілді, оқушылардың киім-киісіне, күн режиміне бірiңғай талаптар қойылды. Сынып арасындағы рейтинг жүргізудің реттілігі мен мақсаттылығы және тоқсан сайынғы тәрбие жұмыстар бойынша есебі мен педагогикалық кеңесте талқыланатын мәселелер қамтылды.Жыл басын «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынмен бастап, «Тәуелсіздік жетістіктері тақырыпта сынып сағаттары өткізілді және қыркүйек айында өткен «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы» атты тілдер онкүндігімен басталды. Алғашқы күні «Тіл–ұлттар ұйтқысы» деген атпен қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндер әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен үш тілде құттықтауымен апталықтың ашылу салтанатты жиынын өткізді. Қазан айында өткен «Қарттарды қолдау» атты айлығында салтанатты жиын өткізіліп, сыныпта сынып сағаттары өткізілді. Сынып оқушылары «Алтын күз» мерекесіне белсене қатысып, Бас жүлдені жеңіп алды. Сынып оқушылары қарбыз туралы сахналық қойылым қойып, би биледі, түрлі тәтті сусындар дайындап, тағамдар әзірледі.Сынып жетекшілер барлық мектепішілік іс шараға атсалысты.




    1. Аталған сұрақ бойынша мектептегі психологы А. Тазабекова

сөйледі.Кәмлетке толмаған жасөспірімдер арасындаға мінез-құлық ауытқушылықтарының алдын алу шараларына тоқталды. Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі-

балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың

алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады.

Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басынан бері біздің мектепте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып кетсем. Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп жатыр. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында мектепте құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңес жұмыс жасайды. Әр ай сайын кеңес отырысы болып өтеді. Кеңңес құрамында 6 адам бар. Кеңес төрайымы мектеп директоры және әкімшіліктен құралған.


Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және де құқық бұзушылықпен күресуде көмек көрсету мақсатында мектебімізде «Полицияға Жәрдемдесу Жедел Тобы» құрылды. Мектепте наркологиялық бекеттер жұмыс істейді. Сонымен бірге, бүгінде мектебімізде спорттық үйірмелер жұмыс істеп, оған 190 оқушы тартылып отыр.

Қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру. Сонымен қатар мектепте оқушы сабақтан тыс қосымша біліммен қамтылып отыр.

Әлеуметтік желіге салынып, жарияланып отырды. Жоспар бойынша өткізген жұмыстарға тоқталып өтті.
Қаулы етті:

  1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Карсыбекова Н.Н ұсыныстары мен тапсырмалары назарға алынып орындалсын

  2. Тәрбие сағаттарының өтілу барысы кемшіліктермен қанағаттанарлы деп табылсын.



Төрайым Карсыбекова Н.Н

Хатшы Нұрсағат М.Б

МДШОБ Кәлпе орта мектебі бойынша «Шомылу маусымы» кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ата-аналар жиналысының

Хаттамасы №3

Күні: 5.05.2021

Қатысқандар:

1. Ата-аналар

2.Мектеп инспекторы

3. ДТІЖО
Күн Тәртібінде:

  1. Жаз кезіндегі баланың қауіпсіздіген қамтамасыз ету.




    1. Сөйледі Бұл сұрақ бойынша ТІЖО Е.Т.Абилов сөйледі. Ол кісі өз сөзінде оқушылардың суға шомыла білмеуі, балалардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, алдын алу жұмыстарын жиі өткізіп тұру керектігін айтып жеткізді. Мыс: - Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз. - Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар. - Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз. - Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз. - Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз. - Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар т.б осы ережелерді ата-аналарға қысқаша түсіндіріп кетті.

1.2 Сөйледі мектеп инспекторы Айкенова Назым ол кісі өз сөзінде Жаз мезгілінде суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік ережелерімен мектеп инспекторы ата-аналармен түсіндірме жұмыс жүргізді қолға алғанын айтты. Суға абайсызда түсіп кететін жерлерде, көпірде, кемелер тұратын жерлерде тұрмаңыздар және ойнауға болмайтынын, және күнге ұзақ қыздырынғаннан кейін суға бірден түспеңіз, деміңіз бітіп, бұлшықеттеріңіз тартып қалуы қауіпі бар екенін айтып түсіндірді.

Үлкендердің қарауынсыз балаларға суға түсуге болмайтынын, камерадан басқа талапқа сай келмейтін құралдармен суға түсуге болмайтынын айтты. 16 жасқа толмаған балаларға ата-аналарынсыз қайыққа мінуге болмайтынын және салқын суда ұзақ болмау, суда ұзақ болу денеге кері әсер тигізетінін айтып кетті.

    1. Сөйледі ата-ана Аждарова Гүлназ ол кісі өз сөзінде жаз кезінде балалардың қауіпсіздіге ата-ананың өз қолында екенін айтты. Және ол кісі өз баласына шомылу кезіндегі қауіпсіздікті өзім жауап беретіндігін айтып жеткізді.


Қаулы етті:

-Жаз кезіндегі қауіпсіздікті алдын алу жұмыстары күшейтілсін

- Шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары уақытылы өткізілсін
Төрайым:

Хатшы:

Ол кісі өз сөзінде оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен таныстырды. Оқушылардың бос уақытына педагогикалық жетекшілік етудің тиімділігі мектептің педагогикалық үдерісі барысында төмендегідей жағдайларды жүзеге асырғанда қамтамасыз етіледі. Оқушылардың бос уақытын мазмұны мен құрылымын анықтау.Оқушылардың қызығушылығын қажеттіліктері мен бейімділіктерін зеріттеу. Оқушылардың бос уақытын пайдалану үшін материялдық жағдай жасау; Мектептің оқу- тәрбие жұмысының тиімді жүйесін құру. Оқудан тыс уақыттарда танымдық және дамытушы әрекет түрлерін басымырақ ұйымдастыру. Оқушылардың ата-аналары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерін тәрбиелік жұмысқа тарту. Оқушылардың тұрғылықты орындарды бойынша белсенді әрекетке қатыстыру тиімді екеніне тоқталды. Сонымен қатар каникул кезінде атқарылатын жұмыстарға тоқталды.