Файл: Педагогикалы зерттеулер методологиясыны мселелері.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 238

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
теориясы мен технологиясына сай болса, оның нәтижесі де өміршең болатындығы ақиқат.

Педагогика ғылымы – зерттеу әдістері негізінде дамып, үнемі жетіліп отырады. Зерттеу әдісі – нақты табысқа жету тәсілі. Педагогикалық әдіснама мен әдіс бір-бірімен тығыз байланысты. Ғылымдардың бәріне ортақ жалпы әдістермен қатар қоғамдық ғылымдар саласындағы педагогиканы зерттейтін ғылымға тән зерттеу әдістері бар. Оларды топтастырғанда теориялық, эмпирикалық, математикалық әдістер деп жіктеуге болады.

Теориялық әдіс – талдау, жинақтау, тұжырымдау, салыстыру, классификациялау, моделдеуге құрылады.

Эмпирикалық әдіс – деректер жинау, сұрыпталған фактілерді ғылыми жүйеге келтіру. Бұл әдіске бақылау, қажетті құдаттарды зерттеу, әңгімелесу, анкета, сұхбаттасу, т.б. кіреді. Жобалық болжамды тиянақты айқындай түсу үшін эксперименттер қолданылады.

Математикалық әдіс – құбылыстар мен қолданыстағы жүйенің ара қатынасындығы межелік айырымды сандық сапа арқылы белгілейді. Бұл әдіске регистрациялық тіркеу, шкалалық көрсеткіш, көлемі мен дейгейіне қарай сапқа түзу т.б. кіреді.

Ғылыми таным әдісі тарихи-педагогикалық зерттеулер әдіснамасының маңызды компоненті болып табылады. Мәселенің құрылуына және «ғылыми зерттеу әдісі» ұғымына берілген көптеген анықтамаларға қарамастан, оған белгілі бір анықтама беру өте қиын. Нақты тақырыптарды зерттеу әдістерін, олардың компонентті құрамын (процедуралар жиынтығы), әдістемеде біріктірілген әдістер жүйесін зерттеуді авторлар мен ғалымдар құрастырады.

Тарихи-педагогикалық зерттеулерді жүргізуде әдістердің келесі топтары қолданылады:

  1. Жалпығылыми – олар көптеген ғылым саласында қолданылады. Олардың номенклатурасы мен көлемі, саны, жиынтығы, зерттеудің типіне - эмпирикалық, теориялық және т.б. байланысты болады. Осы топтағы әдістер тобының қатарына: логикалық, тарихи, жүйелі-құрылымдық және функционалды талдау әдістері жатады.

  2. Тарихи зерттеу әдістері – тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалы, тарихи-типологиялық, тарихи-жүйелі, ретроспективті және т.б.

  3. Педагогикалық зерттеу әдістері – архив құжаттарын талдау, мектеп құжаттарын талдау, модельдеу, жүйелі талдау, көпжақты статистикалық талдау әдістері және т.б.

Бұдан басқа, педагогикалық және тарихи-педагогикалық зерттеулерде қажет болған жағдайда, әлеуметтану, психология және басқа ғылым әдістері кең қолданылады. Тарихи зерттеудер әдістеріне жеке тоқталайық, себебі олар тарихи-педагогикалық зерттеулерде кең қолданылады және нәтижелі болып саналады.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Андреев В.И. Педагогика высшей школы. Инновационно-прогностический курс:учебное пособие. –Казань: Центр инновационных технологий, 2008. – 500 с.

2. Борытко Н.М. Методология и методы психолого-педагогических исследований: учеб. пособие для студ.высш.учеб.заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2008.–320 с.

3. Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования. М.: Академический Проект, 2010.-382 с.

4. Волков Б.С. Волкова Н.В. Методы исследований в психологии. М.: Пед общество Росcии, 1999.-146 с.

5. Қаңтарбай С.Е. Ғылыми-педагогикалық эерттеу әдістемесі: оқулық: ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен / С.Е. Қаңтарбай, Ж.А. Жүсіпова; ҚР Білім және ғылым министрлігі. – Алматы, 2012. - 272 б.

6. Загвязинский В.И., Атаханов Р. Методология и методы психолого-педагогического исследования: Учебное пособие для студентов высших педагогических учебных заведений. - М.: Изд. Центр "Академия", 2001.-208с.

7. Агапов Е.П. Методика исследований в социальной работе: Учебное пособие.- М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К»; Ростов на - Дону: Наука-Спектр, 2011. - 224 с.

8. Бабанский Ю.К. Проблемы повышения эффективности педагогических исследований: (Дидактический аспект). М.: Педагогика, 1982. - 192 с.

9. Жиенбаева С.Н. Педагогикалық ғылыми-зерттеу әдістемесі.- Алматы, 2010. 125 бет.

10. Колесникова И.А., Горчакова-Сибирская М.П. Педагогическое проектирование. – М.:

11. Мардахаев Л.В. Социальная педагогика. Полный курс: учебник.- М.: Издательство «Юрайт», 20117- 797 с.

12. Полонский В.М. Словарь по образованию и педагогике/ В.М. Полонский. – М.: Высшая школа, 2004. – 512 с.

13. Тотанова А.С. Методика научно-педагогического исследования. Учебно-методическое пособие.- Алматы, 2006. – 119 с.



6-дәріс. Эксперимент, оның түрлері, даярлау және өткізу әдістемесі. Кешенді психологиялық және педагогикалық эксперимент.
Педагогикалық тәжірибенің теориялық негізі. Педагогикалық тәжірибенің ұйымдастырылуы жайында баяндамас бұрын педагогикалық тәжірибенің теориялық негізін анықтауға тоқталу қажет. Жаңадан бастаған ізденушіге (студенттер, аспиранттар,) тәжірибенің функциясы, ролі мен мәнін оның ғылыми зерттеу жүйесвіндегі орнын, әдіс ретіндегі педагогикалық тәжірибенің ерекшелігінің білулері керек. Олар педагогикалық тәжірибеге қандай талаптар қойылатынын, олардың басты тасырмаларын және де оның классификациясы қалай құрылатынын білулері тиіс.

Педагогикалық тәжірибенің ізденістеріндегі ролі мен функциясы

Педагогикалық ізденістеріндегі тәжірибенің ролі мен ғалымдармен әртүрлі бағаланады. Біреулері педагогикалық тәжірибені тек қана педагогикалық процесттерді танып білу тәсілі деп қарастырмайды., сонымен қатар оқыту мен тәрбиенің практикасындағы жолдың инструменті, педагогикалық процесстегі мазмұнды, әдісті жетілдіру инструменті деп қарастырады. Басқалардың пікірінше, педагогикалық тәжірибенің ролі даму тенденциясы орнатудағы педагогикалық оқиғаның байланысын табу. Педагогикалық ізденістегі эксперименттердің ролі мынандай сұрақтардың туындауына алып келеді. Педагогикалық шарттарды өзгертетін эксперимент пен тәжірибелі үлкен қазына деп жалпылай отырып, педагогикалық зерттеуде біздің ойымызша экспериментпен.

Эксперимент-инструмент танымы эксперемент-инструмент педагогикалық процесстегі жаңаны тану араларында шектеу жоқ. Өйткені, екеуінің де қортынды моменттері бар, олар: мақсаттың болуы, қағида, жаңа фактілердің жиынтығы, теоретикалық анализ, практикаға байланысты қорытынды.

Эксперимент арқылы басқа зерттеу әдіске қарағанда әртүрлі процесс компонттерінің байланыс мінездерін және де педагогикалық ықпалдың шарттары мен көптеген факторлардың тиімділігн салыстыру немесе процесс жүйесінің өзгеруін және және де берілген шарттарға ең жақсы үйлесім табу; белгіленген тапсырмалар комплекісін белгілі әдіспен айқындау және де жаңа шарттардағы процестің ерекшелігін айқындау. Мақсатқа байланысты эксперемент танымдық функциясымен қатар практикалық функцияны да атқара алады.

Педагогикалық тәжірибенің объектісі. Педагогикалық тәжірибенің объектісі болып бүкіл педагогикалық процесс арнайы ықпалмен және де арнайы білім беру процесі мен тәрбиелеу және оқушылардың дамыуына мақсатты бағытталған әрекет болып табылады. Педагогикалық тәжірибенің объектісі болып табылады.


  • Педагогикалық процестегі білімдердің, қабілеттердің және дағдылық, іс-әрекет тәсілі (оқу-танымдық, коммуникативті, операциялық-әрекетті т.б.) пайда болуы.

  • Белгілі шарттар процестегі білімдердің, қабілеттердің және дағдылық, іс-әрекет тәсілі (оқу –танымдық, коммуникативті, операциялық-әрекетті т.б.) пайда болуы.

  • Белгілі шарттар мен бағыттардағы мұғалімнің қызметі (оқушы қызметін құрастырудағы жаңа тәсілдерді белгілі пән бойынша білімдерді, дағды мен білікті басқару, әртүрлі дидактикалық амалдар арқылы оқушыларда өз бетімен жұмыс істей алуға дағдыландыру)

  • Оқушылардың барлық түрлеріндегі әрекеті (қызмет түрлері, мінез, бағытталуы, дегейлері т.б.). Жеке оқушының жүріс-тұрыс нормасы, жұмысқа қарым-қатынасы, айналадағы заттарға қатынасы, адамдарға, тәрбиеге, үйретуге деген ықпалы, білім алу және дағдылану жолдары. Оқушылар коллективті (жүйе, бағытталу, топтық жұмыс, жеке адамдар арасындағы іс-жөніндегі қарым-қатынасы);

Педагогикалық тәжірибенің функциясы болып, тұжырымдаманы педагогикалық жүиелердің ықпал етуі мен қорытынды әр элементтің байланысымен тексерілді. Сондықтан, ізденуші –педагогқа ең алдымен тұжырымдаманың теориясымен ғылыми танымның формасы ретінде білуі керек.

Болжам бұл дәлелденбеген тезис, сұраққа мүмкін болатын жауап бере алатын, ізденуші өз алдына қойған және зерттеліп жатқан оқиғалармен фактілер арасындағы болжанған байланыстан тұрады. Тұжырымдамада екі момент қосылады: кейбір ереженің шығуы, содан кейін логикалық және практикалық дәлел пайда болды. Тұжырымдамада іздену жолындағы белгілі бағыттап, жұмысқа керек дәл материалдпрды жинақтауды ұйымдастырады. (Кыверялт А.А.) Ғылыми болжамдарға қойылатын талаптар мыналар:

1 эмперикалық тексеру

2. теоретикалық негіздеме

3. логикалық негіздеме

4. болжау

Педагогикалық болжамдар суреттелетін және түсіндірілетін деп бөлінеді. Суреттейтін болжамдарда тәжірибе қортындысымен сапаларының педагогикалық дидактикалық және әдістемелік, құрал тәсілдерді бір-бірімен байланыстырады. Түсіндіррмелі болжамдарға ішкі механизм шарттарымен себеп салдары мен зерттеу қортындылары ашылады. Ғылыми болжамдарда заттардың мазмұны, құрылымы , функциялары және айтылу формалары көрсетіледі. Заттардың мазмұнында оқу тәрбие процесінің байланысы және ғылыми ойлардың жетістіктерінің тәжірибеге енгізу ппрцесінің байланысы және ғылыми ойлардың жетістіктерінің тәжірибеге енгізу процесінің ерекшеліктерін көрсетіледі.


Педагогикалық тәжірибенің зерттеу әдістерінің жүйесіндегі орны. Педагогикалық құбылыстың зерттелуі көптеген өзара байланыстарда әртүрлі зерттеу әдістемелер жүйесінде дұрыс жолын табу қажет, әдістің жіктелуін, түрлерін , типтерін, топтары туралы нақты түсінігі болуы қажет, Ғылыми әдіс ол күнделікті құбылыстарды тану тәсілдері, олардың бір-бірімен дамуы. /3,60б/ Ортақ дәрежесі бойынша педагогикада әдістердің үш категориясы белгіленеді:

  1. дидактикалық әдістеме (жалпы әдістеме, барлық ғылымда оның кезеңімен ғылыми жұмыстың сатыларында қолданады).

  2. ғылыми танымның жалпы әдісі.

  3. жеке ғылыми әдістеме

Ғылыми зерттеулердің әдістерін шартты категория деп қарастыру қажет, ол зерттеу процедураларының ортақ моделі мен ғылыми ойдың пішінін осымен қоса зерттеу іс- әрекетінің жасау әдіс-тәсілдерін де біріктіреді.

Б.Г.Ананьев ұсынған әдістемелер классификациясы жаңадан бастаған зерттеушіге қызықты болып табылады. (қазіргі кездегі адамтану проблема-М; 1997 ж) Ол зерттеу әдістерін төрт үлкен топтарға бөлген:

1. ұйымдастыру

2. эмперикалық

3. берілгенді талдау

4. түсінік беру

Ортақ бағытты зерттеулердің барлық кезеңдегі бағытын анықтайтын ұйымдастыру әдістемелерінде салыстырмалы, логитюдті және комплексті әдістер жатады. Салыстырмалы әдіс педагогикалық ықпал етудің тиімділігін зерттеуге әдістемесін оқыту жолының білім ұғыну деңгейін салыстыру жолын т.с.с. тәсілдері қолданылады. Салыстырмалы әдіс көлденең тексеру ретінде білім сапасын, шеберлігін, жеке тұлға қасиеттерін белгілі бір оқыту кезеңінде, көрсету мақсатында қолданылады.

Ғылыми деректерді табудағы және оны табу жолын анықтайтын эмперикалық әдістерге жататын: бақылау, өзін-өзі бағалау, диагностикалық, праксиометриялық, библиографтық әдістер және тәжірибе.

Диагностикалық әдістер оқулықтың тәрбиелілігі мен оқу деңгейін анықтауда, психиканың даму дәрежесін анықтауда жеке тұлғаның қасиеттері мен жағдайын, пікірін зерттеу, олардың қатынастарын (интервью, анкета, сұрақ, тест) үлгерім арқылы зерттейді.

Праксиометриялық әдіс әр түрлі мінез-құлық актілерін зерттеуде, оқу қызметіндегі құрылымын бейнелеуде, оқу қызметінің сараптамасында (бақылау жұмысы, реферат, шығарма) қолданылады. Тәжірибе зерттеу құбылысы арасындағы байланыс пен тәуелділігін ашу мақсатымен қолданылады. Берілгенді сараптау әдістемесі эмперикалық нәтижелердің анализдердің сапалы әдістемесін санын сараптау жатады. Сандық әдістемесі педагогикалық құбылыстың әр түрлі жағының сипаттауын сан ретінде көрсетуін және олар арасындағы байланысты білдіруге мүмкіншілік береді, ал сапалық әдістер зерттелген бірлестіктің бағалаудың критерийлердің негізінде олардың талдаудағы қатынасы мен типтік емес жағдайын классификациялау, диференттеу және бейнелеу жатады.