ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.05.2024
Просмотров: 253
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Әдебитке салыстырмалы-тарихи жасау әдісі
Бұл әдіс әдебиет мәселелерін, оның тарихын зерттеуді көздейді, бұл ретте барлық көзқарастарға талдау жасалады.
Ең алдымен ғылымда бұл проблема жөнінде не жинақталғанын оқып зерделеу қажет (негізгі ғылыми идеялар, зерттеулердің негізгі принциптері, т.с.с.) Бұл үшін зерттеу тақырыбы бойынша әдебиетті ұқыпты түрде таңдап алу керек, бұған бірінші кезекте көңіл бөлген жөн. Барлық әдебиетті мынадай өлшемдер бойынша талдау қажет:
1) әр түрлі ғалымдар проблеманың мәнін, зерттеу мәселесін қалай түсінген;
2) зерттеу субъектісіне қандай анықтама берген, қандай белгілерді мәнді деп санаған, т.с.с.;
3) белгілі бір ғалымның пірінше, осы проблеманың мәні неде, оны немен түсіндіруге болады;
4) осы проблеманың жалпы ғылым жүйесіндегі, оқыту (тәрбие) теориясындағы, практикадағы орны қандай;
5) осы құбылыстың басқа да төркіндес құбылыстармен байланысы қандай – негізгі және жанама;
6) ғалымдардың пікірінше, осы немесе басқа процесс, осы немесе басқа құбылыс қандай жағдайларда қалайша өтеді;
7) зерттеліп отырған процестің немесе құбылыстың ішкі қозғаушы күштері, тетіктері, динамикасы қандай.
Талдау ғалымдардың жалпы тұжырымдары мен аяқталады; бұл тұжырымдар зерттеу жұмысында арқа сүйейтін тіректер болуға тиісті. Осыған дейін істелген істің барлығына сыни тұрғыдан баға беру, оған өзіңнің субъективтік көзқарасыңды білдіру қажет. Қолдағы әдебиетке сыни тұрғыдан талдау жасау өзіңнің жеке көзқарасыңа емес, логикалық, құрылымдық, фактологиялық талдауларға сүйенуге тиісті. Сынау, пікір таластыру, айтысу үшін осы проблема бойынша жақсы базалық білім болуға тиісті.
Проблема бойынша әдебиетке сыни талдау жасаудың маңызы: ақиқатты табу, адасушылықты, жетіспеушілікті айқындау, зерттеу нәтижелерін дәлелдеу, зерттеу міндеттерін белгілеу.
2. Модельдеу әдісі
Бұл әдістің мәні схемалардың, чертеждердің, қысқаша сөздік сипаттамалардың, кейде матрицалардың, символдардың математикалық формулалардың т.с.с. көмегімен зерттеліп отырған процестер мен құбылыстарға көркем бейнелі сипаттама беру болып табылады.
3. Себеп-салдарды талдау әдісі
Бұл әдіс көрсетілген себепті түсіндіруге және зерттелуші құбылыстың немесе өзгерістің мәнін терең зерттеуге мүмкіндік береді.
4. Педагогикалық бақылау
Педагогикалық процесті табиғи жағдайларда тікелей және мақсаткерлікпен қабылдау. Ол қатаң түрде жоспарлануға, бақылауларды тіркеу нысандарын көздеуге тиіс. Бақылаулар тікелей және жанама, ашық және жабық, үздіксіз және дискреттік (үзіліспен), монографиялық болуы мүмкін. Зерттеуші бақыланушы объектініңіс-әрекетіне тікелей белсене қатысса (оқушылармен бірге), бақылау тиімді болып шығады. Сырттай (құпия) бақылау айналы (әйнекті) қабырға арқылы немесе телекамераның көмегімен жүзеге асырылады.
5. Әңгіме
Сұрақ-жауап тұрғысындағы әңгіме және осының ез-келген үлгісі алдын-ала жоспарланған мәселелер бойынша, белгілі бір мақсатпен өткізіліп, мұнда барлығы да тіркеледі: жауаптың нысаны, әңгімеге көзқарас, мінез-құлық және т.с.с.
6. Сауалдама және сұхбат
Бұл жерде мынадай талаптарды сақтау қажет:
- зерттелуші құбылысты неғұрлым дәл көрсететін және сенімді ақпарат беретін дәл және нақты сұрақтарды ұқыппен талдау;
- жауаптарды нақтылауға мүмкіндік беретін тікелей және жанама сұрақтарды пайдалану және олардың шынайылығын анықтау;
- берілген сұрақтарды пайдалану және олардың шынайылығын анықтау;
- берілген сұрақтардың мәні мен маңызы және оларды дайындау кезінде ешкімнің араласпауы;
- ашық (кейде жауап беруші өзінің жеке пікірін айтуға болады), жабық (жауаптарының шектеулі нұсқаларымен) сауалдамаларды пайдалану;
- дайындалған сауалдаманы сынақтан өтушілердің шағын тобында тексеру, қажетті түзетулерді енгізу;
- балмен бағалау арқылы қарама-қарсы сауалнамаларды пайдалану.
7. Социометриалық әдіс
Жеке бастың қарым-қатынастары зерттеледі.
8. Рейтинг және өзіндік бағалау әдісі
Бұл әдіс білікті қазылардың (сарапшылардың) іс-әрекеттің қандай да бір жақтарын бағалау кезінде пайдаланылады. Сарапшыларға белгілі талаптар қойылады: олар шығармашылық міндеттерді шешуге қабілетті, білікті болуға, сараптамаға оң қабақ танытуға, әділ, объективті, өзін-өзі сыни тұрғыдан қарауға тиісті. Рейтинг үшін қарама-қарсы сауалнамалар пайдалануы мүмкін. Өзіндік бағалау әдісін де пайдаланған орынды.
9. Рангілік бағалау әдісі.
Мұндай әдіс кезінде анықталған себептер олардың көрініс дәрежесіне немесе кему тәртібімен арналастырылады, немесе осындай не басқа бір белгілер (құбылыстар) бағалауды жүзеге асырушының ұстанған бағытына, байланысты оның мәніне қарай өсу (мысалы, сыналушылар үшін ұсынылған ілімнің себептерінің мәніне қарай орналасуы) орналастырылады.
10. Тәуелсіз сипаттамаларды қорыту әдісі
Бұл әдіс тұжырымдардың объективтілігін арттырады. Оның мәні зерттеушінің әр түрлі көздерден алынған ақпараттарды өңдеуімен көрінеді.
Мысалы, оқушының жеке басын зерттей отырып, мұғалім ол туралы ата-аналардан, басқа мұғалімдерден, дәрігерлерден, ұжымнан мәмәліметтер алады.
11. Педагогикалық консилиум әдісі
Оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін ұжымдық талқылау тұжырым жасау арқылы арнайы бағдарламалар бойынша жүргізіледі
12. Құжаттаманы зерттеу және талдау әдісі
Іс-әрекет нәтижелері өнімдері қорыту үшін нақты және көлемді материал жинауға (дәптерлерді, сынып журналын, суреттер мен оқушылардың басқа да жұмыстарын зерделеу т.с.с.) мүмкіндік береді.
13. Озат педагогикалық тәжірибені зерделеу мен қорыту
Бұл педагог-зезерттеушіге, педагогикалық ғылымға өте құнды материал береді.
14. Статистикалық әдіс.
Оның шеңберінде мынадай нақты әдістемелер қолданылады:
Тіркеу- белгілі сыныптың белгілі бір сапасын анықтау және осы сапаның барлығын немесе жоқтығын сан бойынша білу;
Ранжирлеу – жиналған деректердің белгілі бір жүйемен орналасуы, объектілердің осы қатардағы орындарын анықтау;
Шәкілдеу- зерттеу сипаттамаларына балдар мен басқа цифрлық көрсеткіштер беру.
Шәкілдердің негізгі орналасу реті:
-
аталым шәкілдері (номиналды); -
тәртіп (немесе рангілік) шәкілдері; -
арақашықтық шәкілдері; -
қарым-қатынас шәкілдері.
Аталым шәкілдері- ең “әлсіз” шәкілдер. Оларда сандар мен басқа да белгіленімдер таза символдық түрде пайдаланылады. Объектілердің аталымдарын білдіреді. Бірден-бір математикалық сипаттама- объектілердің неге жататындығы: зерттеу объектісі сол сыныпқа жата ма… Мысал мамандар тізімі, оқушылар мінездемелерін саралау. Тәртіп шәкілдерінде шама тәртібі, “үлкен” мен “кішінің” қарама-қатынасы, жалпы иерархия белгіленеді. Олар қолданудың мысалы ретінде “бойы сұңғақтау” “бесеуден көбірек”, т.с.с. типтегі ранжирлеу қызмет етеді.
“Күшті” шәкілдер- арақашықтық және қарым-қатынас шәкілдері болып саналады. Арақашықтықшәкілі шәкілдегі жекелеген сандардың арасындағы белгілі бір арақашықтықты көздесе, ал қарым-қатынас шәкілінде нөлдік нүктенің өзі де анықталып қойылған. Мысалы: термометрлер, вольтметрлер шәкілдері және басқалар.
15. Педагогикалық эксперимент
Аталған эксперимент осы күнгі педагогикалық құбылыстарды зерделеуге мүмкіндік береді; нақтылаушы эксперимент кезінде болфактілерді констатациялау және қайта електен өткізу негізінде жаңа педагогикалық құбылыстар анықталады және олардың ақиқаттылығы тексеріледі; бақылау эксперименті өткізілген қалыптастырушы экспериментті оң (немесе теріске шығаруға) бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ететіндіктен, болжамды растауға (немесе теріске шығаруға) мүмкіндік береді.
А.Н. Новиков методологияны іс-әрекетті ұйымдастыру туралы ілім ретінде қарастырады. ОЛ операция-әдістерді, іс-әрекет әдістерін бөліп алады.
Мұндай көзқарас әдісті анықтауға қайшы келмейді: біріншіден, әдіс дегеніміз қандай да бір мақсатқа жету, нақты міндетті шешу тәсілі; екіншіден, әдіс тәсілдердің немесе шындықты практикалық яки теориялық меңгеру операцияларының жиынтығы.
“Әдіс- зерттеу нәтижелерінің маңыздырақ, нәрсе, өйткені, жаңа әдіспен бұрынғыдан да жоғары нәтижелерге жетуге болады” деп есептейді академик Л.Д. Ландау. Зерттеу әдістерін таңдауға И.П. Павлов та ерекше назар аударады. “Жақсы әдіспен онша талантты емес адамның өзі көп жұмыс тындыра алады. Ал жаман әдіспен данышпан адамның өзі түк бітіре алмауы мүмкін” деп жазды ол.
Сонымен, зерттеу әдістерін мынадай топтамада қарауға болады:
1) теориялық әдістер: әдістер- дәйекті іс-әрекеттер: қарама-қайшылықтарды анықтау және шешу, проблема қою, болжам жасау және т.с.с. операция- әдістер: талдау, сүзгілеу, салыстыру, абстрактылау және нақтылау, т.с.с.;
2) эмпирикалық әдістер: әдістер- танымдықіс-әрекеттер: зерттеу, мониторинг, эксперимент және т.с.с; операция-әдістер: бақылау, сұрау салу, тестілеу және т.с.с.
Зерттеуді өткізу уақыты екі кезеңнен тұрады: теориялық кезең (әдеби деректерді талдау және жүйелеу, түйсік аппаратын жетілдіру, зерттеудің теориялық бөлігінің логикалық құрылымын жасау) және эмпирикалық кезең- тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізу.
Ғылыми жұмысқа қойылатын мңызды талаптар- бұл қолданылатын терминологияның қатаңдығы, нақтылығы, бір мәнділігі.
Кез-келген педагогикалық зерттеу жалпы қабылданған методологиялық өлшемдерді анықтауды көздейді. Оларға зерттеудің проблемасы, тақырыбы, объектісі және мәні, мақсат, міндеттері, болжам және қорғалатын ережелер жатады. Педагогикалық зерттеу сапасының негізгі өлшемдері объектінің өзектілігі, жаңашылдығы, теориялық және практикалық маңыздылығы болып табылады.
Зерттеу бағдарламасы, әдетте екі бөлімнен: методологиялық және рәсімдік бөлімнен тұрады. Бірінші тақырыптың өзектілігін негіздеуді, проблеманы қоя білуді, зерттеудің объектісін және мәнін, мақсаттары мен міндеттерін анықтауды, негізгі түсініктерді (категориялық аппаратты) негіздеуді, зерттеу объектісін алдын ала жүйелі талдаудан өткізуді және жұмыс гипотезасын ұсынуды қамтиды. Екінші бөлімдезерттеудің стратегиялық жоспары, сондай-ақ бастапқы деректерді жинау және талдаудың негізгі рәсімдері мен жоспары қамтылады.
Зерттеушілік ізденістің логикасы мен динамикасы эмпирикалық, гипотезалық, эксперименттік-теориялық (немесе теориялық), болжамдық кезеңдерді іске асыруды көздейді.
Эмпирикалық кезеңде зерттеу объектісі туралы функционалдық түсінік алынады, нақты білім беру практикасының, ғылыми білімдердің деңгейі мен құбылыстың мәнін ашуға деген қажеттіліктің арасындағы қарама-қайшылықтар айқындалады, ғылыми проблема негізделеді. Эмпирикалық талдаудың негізгі нәтижесі, заңдылығы зерттеудің күнбұрынғы тұжырымдамасын тексеру мен растауға мұқтаж болып отырған басты болжамдар мен рұқсат етулердің жүйесі ретіндегі зерттеу гипотезасы болып табылады.
Гипотезалық кезең зерттеу объектісітуралы шынайы түсініктер мен оның мәнін ашу қажеттілігінің арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуге бағытталған. Ол зерттеудің эмпирикалық деңгейінен теориялық (немесе эксперименттік-теориялық) деңгейіне көшуге жағдай жасайды.
Теориялық кезең зерттеу объектісі туралы функционалдық және гипотезалық түсініктер мен ол туралы жүйелі түсініктер қажеттілігінің арасындағы қарама-қайшылықты жоюға арналады.
Теория құру болжам жасау кезеңіне өтуге мүмкіндік береді, ол зерттеу объектісінің тұтас білім беру объектісі екендігі және оның жаңа жағдайларда дамуын алдын ала болжап айтып берудің қажеттілігі туралы алынған түсініктердің арасындағы қарама-қайшылықты шешуді талап етеді.
Зерттеудің соңғы кезеңі оның нәтижелерін сынақтан өткізу, оның әдеби рәсімделуі және жариялануы болып табылады. “Сынақтан өткізу” деген латын сөзі “мақылдау”, “бекіту” деген ұғымды білдіреді. Сынақтан өткізу көпшілік алдында баяндамалар жасау, сөз сөйлеу, пікір сайыстар өткізу, сондай-ақ жазбаша немесе ауызша рецензиялау нысандарында жүзеге асырылады. Сынақ нәтижелері бойынша зерттеуші туындаған мәселелерді, оң және теріс бағалауды, қарама-қарсы пікірлер мен кеңестерді ой елегінен өткізеді, ескереді.
Дәстүрлі арнайы-тарихи әдістер.