Файл: Тіл атынас ралы. аза тілі аза халыны лтты тілі, Рны мемлекеттік тілі. Тіл туралы за.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 111

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

  1. Тіл – қатынас құралы. Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі, ҚР-ның мемлекеттік тілі. Тіл туралы заң.

Тіл -қоғамдық құбылыс. Қоғамның өмір сүруі үшін,адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін тіл қаншалықты қажет болса,тілдің өмір сүруі үшін қоғам да соншалықты қажет. Тіл адам баласы қоғамында қатынас құралы,сөйлесіп,пікір алысудың құралы ретінде өте ерте замандарда пайда болып,өзінің даму барысында ру тілі,тайпа тілі, халық тілі деген сатылардан өтті . Тіл тек қарым-қатынас құралы,сөйлесіп,пікір алысудың құралы ретінде өте ерте замандарда пайда болып,өзінің даму барысында ру тілі,тайпа тілі,халық тілі,ұлт тілі деген сатылардан өтті.Тіл тек қарым-қатынас жасаудың құралы ғана емес, ойлаудың,ішкі сезім мен эмоцияны жеткізудің,адам ақыл-ойының жемісі-рухани құндылықтарды жасаудың,сақтаудың,жалғастырудың да баға жетпес құралы болды. Қазіргі кезде,соңғы деректер бойынша,дүние жүзінде алты мыңға жуық тіл бар деп есептеледі. Солардың ішінен əлем халықтары бір-біремен 651 тілде қарым -қатынас жасайды екен. Олар:қытай ,ағылшын ,орыс ,испан,француз,араб тілдері.Қоғамдағы атқаратын қызметі мен мəрбиесіне қарай тілдер ұлтаралық тілдер,мемлекеттік тілдер,ресми тілдер деген топтарға бөлінеді. Тіл білімі дүние жүзіндегі барлық тілдері туыстығы мен шығу тегі ,даму жағдайларының ортақтығына қарай ( гинекологиялық жүйелеу бойынша)ірі-ірі 60 шақты тілдік отбасыға топтастыра,құрылымы мен құрылысына қарай (типологиялық жүйелеу бойынша)4 типке бөледі. Қазақ тілі алтай тілдік семьясының түркі тобына,қыпшақ тармағына жатады.Типі жағынан агглютинативті (жалғамалы ) тіл.Алтай тілдік семьясынан тараған, қазақ тіліне жақын туыстас тілдер:өзбек тілі, әзербайжан, қырғыз, түрікмен,алтай , шалқар, башқұрт,гагауыз,қарайым,қарақалпақ,қарашай,құмық, ноғай,орыс,татар,қырым татарларының,түрік,ұйғыр,хакас,чуваш,гор,якут,қырымшақ, тува,болған.

Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі, ҚР-ның мемлекеттік тілі. Тіл туралы заң.

Қазақ тілі қазақ халқының ұлттық тілі. Қазақ тілі тарихи тамыры тым əріден,қазіргі қазақ ұлтының негізін құрайтын ертедегі үйсін,қаңлы т.б.рулық -тайпалық одақтардың қолданған тілінен (б.з.д.II-I) бамбук алып, түркі әлемінің өркендеу дəуірі Түрік қағанатының құрылуымен (б.зIV-IXғ.)өз əліпбиін,алғашқы жазба тілін жасап,кейінгі дəуірлерде өзара туыстас рулық-тайпалық одақтардың бірігуінің жəне соның негізінде қазақ халқы мемлекеттігінің құрылуының нəтижесінде XV-XVII ғасырларда қалыптасқан.


Қазіргі қазақ əдеби тілінің алғашқы арнасын салған--халқымыздың көрнекті ағартушы ақын-жазушылары Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин.

Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі, ҚР-ның мемлекеттік тілі. Тіл туралы заң.

Қазақ тілі қазақ халқының ұлттық тілі. Қазақ тілі тарихи тамыры тым əріден,қазіргі қазақ ұлтының негізін құрайтын ертедегі үйсін,қаңлы т.б.рулық -тайпалық одақтардың қолданған тілінен (б.з.д.II-I) бамбук алып, түркі әлемінің өркендеу дəуірі Түрік қағанатының құрылуымен (б.зIV-IXғ.)өз əліпбиін,алғашқы жазба тілін жасап,кейінгі дəуірлерде өзара туыстас рулық-тайпалық одақтардың бірігуінің жəне соның негізінде қазақ халқы мемлекеттігінің құрылуының нəтижесінде XV-XVII ғасырларда қалыптасқан.

Қазіргі қазақ əдеби тілінің алғашқы арнасын салған--халқымыздың көрнекті ағартушы ақын-жазушылары Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин.

Тіл ұлттық байлығы. Əр ұлт өз тілін қадірлейді,сыйлайды жəне болашаққа келешек ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп отырады. Тіл ғасырлар бойы əр ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы жинақталған бағасы жоқ мəдени байлығы. Біздің отанымыздың тілі-қазақ тілі.

Қазір қазақтілі-қазақ халқының ұлттық тілі. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі-республикадан тыс елдерде тұрып жатқан қазақтардың тілі.

Қазақ жазуы 1929жылға дейін араб графикасын,ал 1929 жылдап 1940 жылға дейін латын алфавитін қолданған.1940 жылдан бастап кириллица «орыс » жазуы қолданылып келеді.

1989 жылы «Тіл туралы заң» қабылданып,қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін алды.Кейін 1993жылдың 28 қаңтарыңда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бекітілді.

Мемлекеттік тіл-мемлекеттік рәміздердің бірі болып табылады.Мемлекеттік тіл-Қазақсатан Республикасының әрбір азаматынан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жазуын талап етеді.Әрбір ұлттық мемлекетте мемлекеттік тіл –ол елдің мақтанышы.Өйткені мемлекеттік тілде мемлекеттік дәрежеде маңызы бар құжаттар жазылады.

Қазақстан –егеменді ,тәуелсіз ел.Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз-бүгінгі жастар.Олардың міндетті-елінің намысын қорғап,оны әлемге таныта білу.Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын,,тілін жетік білуі керек.

Тіл туралы заң.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі.

Қазақ тілі –батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жаталы,бұл тармаққа кіретін тілдер –қарақалпақ,ноғай,бабашқұрт,қырғыз,қырым татары,қарашай,балқар,құмық және т.б тілдер.Қазақ тілі-өзіндік әдеби ,ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл.



Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастап кешкен қазақ халқының тарихымен байланысты.Оның қалыптасуға бет алуы 11-12 ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып,15 ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді.

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту –бүгінгі таңдағы өзекті мәселе.Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді.Өйткені тіл- біздің ана тіліміз-Туымыз,Ел таңбамыз,Ән ұранымызбен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады.

Қазақстан Республикасының 1997 жылы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай мемлекетті ктіл болып-Қазақ тілі белгіленеді.

Осы Заңның 4 бабында «Мемлекеттік тіл –мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару,заң шығару,сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.Үкімет ,мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді,яғни қазақ тілін барынша дамытуға ,оның халықаралық беделін нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тілін сақтау мен дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті деп көрсетілген».

Тілдің дамуы мемлекеттік тілдің басымдығын және іс-қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне кезең-кезеңмен көшіруді көздейтін лауазымдардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

Мемлекеттік тіл тек қазақтың тілі емес,Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың ұлтаралық ортақ тілі.

  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері- Гюнель

Қазақ тілі оқыту мақсаттары үш топқа біріктіріледі.

1. Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас құралы екендігіне көздерін жеткізу; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар¬дың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру; оқушылар¬дың тіл мәдениетін қалыптастыру; өздігінен сөйлей, жаза білуге жол ашу.

2. Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқа-расын қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; тілдің жан-жақты дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу; оқушылардың салт-дәстүр сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында еңбек тәрбиесін уағыздап, еңбек ардагерлері жайындағы мағлұматтар арқылы еңбекке баулу.


3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу; оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету; тіл фактілеріне, құбылыстарына жан-жақты, жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен тіл фактілерін талдау іскерлігін қалыптастыру.

Қазақ тілі пәнінің міндеттері: 1) Толық сауатты адамдар даярлау; 2) оқушылардың творчестволық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Қандай адамды толық сауатты дейміз? Тілдің өзі мен оның грамматикалық құрылысы туралы білімдердің белгілі бір жиынтығын меңгерген адамды; ана тілінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана алатындай болып қаруланған адамды; әдеби тілмен дұрыс сөйлеудің, мәнерлеп оқудың дағдысын игерген, грамматикалық және стилистикалық тұрғыда ауызша, жазбаша тіл ұстартуды жақсы игерген адамды толық сауатты адам деп есептейміз. Қазақ тілін оқыту міндеттерін мектептің ойдағыдай жүзеге асыру жағдайлары, қазақ тілін оқытудың қиын да күрделі міндеттерін шешу мына сияқты шарттарға (мектептің жалпы материалдық базасынан басқа) тікелей байланысты: бір жағынан мұғалімнің теориялық және практикалық даярлығы дәрежесіне, тәжірибесіне, екінші жағынан мұғалімнің қолында қазақ тілін оқытуды жақсы жолға қою үшін қажетті құралдардың болуына байланысты. Мұндай құралдардың қатарына мыналар жатады: а) бағдар¬ламалар (түсінік сөзі бар) - оқылатын материалдың мазмұны мен көлемін анықтайды, материалды сынып-сыныпқа бөлуді реттейді; ә) оқулықтар мен оқу құралдары (көрнекі құралдар) - мұғалімнің жәрдемімен оқушылар сыныпта пайдаланады, өздігінен жұмыс істеу үшін сабақта және үйде пайда¬ланады; б) ғылыми талданған мектептің, үздік тәжірибесін ескеріп жасалған пәнді оқыту әдістемесі.

  1. Фонетика, оның зерттейтін мәселелері. Дыбыс. Әріп. Алфавит. Тіл дыбыстарын жасаудағы сөйлеу мүшелерінің қызметі.

Фонетика - (грек. φωνητῐκός – дыбыстық, дауыстық) — тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.


Тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілеті үн дыбыс деп аталады. Дыбысты айтамыз және естиміз. Қазақ тіліндегі дыбыстар дауысты және дауыссыз болып екі үлкен топқа бөлінеді. Дауысты дыбыстар — дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауаның кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстар фонациялық ауаның көмейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады. Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында. Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралған: а, о, е, ы, і, о, ө, ұ, ү. Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай: ашық — қысаң, еріндік — езулік, жуан — жіңішке болып бөлінеді.

• Жуан дауыстылар — тілдің кейін жиырылуы арқылы жасалатын дауыстылар: а, о, (у), ұ, ы

• Жіңішке дауыстылар — тілдің ілгері созылуы арқылы жасалатын дауыстылар: ә, е, (и), ө, ү, і

• Ашық дауыстылар — тілдің таңдайға қарай төмендеп барып көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар, оларды айтқанда жақ кең ашылып, иек төмендейді. Қазақ тіліндегі ашық дауыстылар: а, ә, е, о, ө.

• Қысаң дауыстылар — жақтың кең ашылмай, тілдің таңдайға қарай жоғары көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар. Қазақ тіліндегі қысаң дауыстылар: ы, і, (и), (у), ү.

• Еріндік дауыстылар — айтылуда еріннің алға қарай сүйірленуі арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: о, ө, ұ, ү, (у). Бұлар орыс тіліндегі әдебиеттерде "Лабиализованные гласные" деп те айтылады.

• Езулік дауыстылар — айтылуда еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуы арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: а, ә, е, э, ы, і, (и).

Дауыссыз дыбыстар - тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді. Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялық мүшелермен соктығысады. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, һ, ф, х, ц, ч, ш, у, Бұлардын ішінде һ дауыссызы кейбір шығыс сөздерінде, в, ф, х, ц, ч дауыссыздары негізінен орыс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде, қалған 19 дауыссыз қазақтың байырғы сөздерінде қолданылады.

Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді: