Файл: Тіл атынас ралы. аза тілі аза халыны лтты тілі, Рны мемлекеттік тілі. Тіл туралы за.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 115
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Иек төмен түссе, ауыз қуысы кеңейеді, тіл тік қалыпта болады да дауыс кедергісіз, ашық шығады, ашық дауыстылар жасалады. Оларға: а,ә,о,ө,е дыбыстары жатады. Иек жоғары көтерілсе керісіңше ауыз қуысы тарылады да дауыс қысылып шығады, қысаң дауыстылар жасалады. Қысаң дауыстыларға ы,і,ұ,ү,и,у дыбыстары жатады.
-
Дауысты дыбыстар еріннің қатысына қарай еріндік езулік болып бөлінеді. Екі еріннің дөңгелектеніп алға қарай созылуын жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауысты дыбыстар дейді. Оларға: о,ү,ұ,ө,у дауыстылары жатады. Дауысты дыбыстар жақпен тілдің түрліше қалпы арқылы айтылып, олардың жасалуында ерін бейтарап қалатын болса, ондай дауыстыларды езулік дауыстылар дейді. Оларға: а,ә,е,ы,і (и,э) дауыстылары жатады.
-
Грамматикалық талдау, оның түрлері.- Казбекова Жайна
Граматика –«гректің grammatike-жаза білу өнері,gramma- әріп деген сөздерінен алынған термин» тіл білімінің ең көлемді де күрделі саласы.
Грамматикалық талдау жалпы түрде де,белгілі бір тақырыпқа байланысты жеке де сондай ақ ауызша да жазбашада жүгізіледі. Ауызша талдауда балалар бұрын оқығандарына тоқталады, сөйлемдегі грамматикалық формаларды көрсетеді,оқытушының сұрауларына жауап береді,өз бетімен мысалдар келтіреді.Жазбаша талдауда балалар жазылған мәтінен грамматикалық формалардың астын сызады немесе оларды айырып жазады, тиісті формаларын көрсетеді сұраулар қояды т.б.Граматикалық талдау мазмұны жағынан фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік немесе аралас талдау болып бөлінеді.Көлемі жағынан толық немесе ішінара талдау талдау болады.
Синтаксистік талдау да балалар оқу жазуға үйренгеннен кейін ақ басталады.Талдау үнемі тек фонетикалық,морфологиялық,синтаксистік түрде жүргізілмейді. Қажетіне, мақсатына қарай тақырыптың сипатына сай,талдау аралас та қолданыла береді.Талдау әсіресе балалардың білімін есепке алғанда жиі жүргізіледі. Белгілі бір мәтінде неше сөйлем бар екенi,сөйлемде кім я не женiнде айтылып тұрғаны, сөйлемдердің түрі (хабарлы,сұраулы, лепті) анықталады. Тиiстi сұраулар бойынша бастауыш пен баяндауыш, тұрлаусыз мүшелер ажыратылады. Жазбаша талдауда окушылар бастауыштың астын бір, баяндауыштың астын екi сызады. Өзара байланысып тұрған сөздерді теріп жазады, берілген бастауыш я баяндауыш бойынша сөйлемдер құрастырады және дәптерлеріне жазады, мәтіннен хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді терiп жазады, сөйлемнiн бiр түрiн басқа түрге айналдырады. Бiрыңғай мушелi сейлемдердi схемамен көрсетеді.Бастауыш сыныптарда сөздер құрамы жағынан талданғанда әуелі түбір, сонан сон косымша, оның ішінде жұрнақтары мен жалғаулары анықталады. Ал сөз табы жагынан сөйлемдегі сөздер бiрiншi сезден бастап соңғы сөзге дейiн ретімен талданады. Сейлем мүшелеріне қарай талданған әуелі тұрлаулы мүшелер (баяндауыш, бастауыш), олардын сұраулары, сонан кейін бастауышпен байланысатын тұрлаусыз мүшелер ажыратылады. Сөйлемдегі сөздерді топтау барысында бастауыш пен баяндауыштын сөйлем құрайтынын ескертіп отырған жөн, мысалы: құстар жылы жаққа ұшып кетті дегенде, құстар ұшып кетті - сөйлем, ал жылы жакка-сөз тiркесi болады.Талдауға берілген сөйлемдер, мәтіндер құрылысы жағынан да, мүшелерiнiн формасы жағынан да әр түрлі сыныпта бағдарламага сай болуы керек.
Синтаксистік жаттығулаға әдетте пунктуациялық жаттығуларға да косылады: мәтіндегі қойылған тыныс белгілерін талдау, койылмаған тыныс белгілерін кою, өздері карастырган сөйлемдер мен мәтіндерге кажеттi тыныс белгiлерiн койып, түсіндіру.
-
Тіл дыбыстары, оның түрлері. Дауыссыз дыбыстар, оның үн қатысына және жасалу тәсіліне қарай түрлері
Тіл дыбыстарының сапалық жақтан ажыратылып әлеуметтік мәнге ие болуы- сөйлеу аппаратының қызметіне байланысты .Дыбыстардың арасындағы сапалық айырмашылық дыбыстау мүшелерінің дыбыс жасауға әртүрлі дәрежеде қатысуының нәтижесінде пайда болады. Дыбыстау мүшелеріне: өкпе, тамақ, көмей, дауыс желбезегі, тамақ қуысы, ауыз қуысы,мұрын қуысы,тіл,кішкене тіл, таңдай, тіс, ерін тағы басқалары жатады. Дыбыстау мүшелері негізгі үш саладан тұрады: 1. Тыныс мүшелері, 2. Тамақ, 3. Қуыс мүшелері.
1.Тыныс мүшелері- ауа ағымын туғызып, тыныс жолы мен ауыз қуысында орналасқан дыбыстау мүшелерін әрекетке келтіретін басты мүше. Сөйлеу кезінде өкпеден шығып, дыбыс шығаруға қатысатын ауа ағыны фонациялық ауа деп аталады.
2. Тамақ және дауыс желбезегі. Тамақтың ішкі жағына дауыс желбезегі орналасқан. Өкпеден шыққан ауа дауыс желбезегін тербелтіп, үн пайда болады да ол үн кедергіге ұшырамай, бірақ ауыз қуысындағы тіл, тіс, ерін сияқты дыбыстау мүшелерінің әртүрлі қалпына қарай түрлі сападағы дауысты дыбыстар болып сыртқа шығады. Үнді дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстардың жасалуында дауыс желбезегі сәл керіліп тұрады да діріл пайда болады. Яғни, дауыссыз дыбыстардың бұл тобының жасалуында белгілі дәреже де үннің қатысы болады.
3. Қуыс мүшелеріне ауыз қуысы мен мұрын қуысы жатады. Ауыз қуысында тіл, тіс, таңдай, кішкеңе тіл, иек орналасқан. Мұрын жолы арқылы М.Н.Ң үнді дауыссыз дыбыстары жасалады. Тіл дыбыстарының жасалуындағы дыбыстау мүшелерінің қызметі артикуляция деп аталады. Артикуляция әртүрүлі халықтардың тілінде түрліше қалыптасады.
Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.
Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:
- дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары;
- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда – үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде - бәсең үн болады;
- дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы – таза салдырдан тұрады деуге болады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды;
- дауыссыз қатаң және ұяңдарды - көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше – көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады;
- дауыссыздардың үн сапасында - жаңғырық болмайды;
- дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш.
Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына және жасалуына қарай өзара бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді. Олар:
- үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң, ұяң және үнді дауыссыз дыбыстары;
- айтылу жолына қарай: шұғыл, ызың және діріл дауыссыз дыбыстары;
- жасалу орнына қарай: ерін және тіл дауыссыз дыбыстары.
1. Қатаң дауыссыздар
Тек салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз.
Қатаң дауыссыздарға мыналар жатады: к, қ, п, с, т, ш
2. Ұяң дауыссыздар
Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздарда үннен гөрі салдыры басым болады.
Ұяң дауыссыздарға мына дыбыстар жатады: б, г, ғ, д, ж, з.
3. Үнді дауыссыздар
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан гөрі үн басым болатын дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз.
Үнді дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай екіге бөлінеді:
- ауыз жолды: й, л, р, у;
- мұрын жолды: м, н, ң.
4. Ерін дауыссыздары
Сөйлеу мүшелері: қос еріннің түрліше қызмет атқаруы нәтижесінде жасалған дауыссыз дыбыстарды ерін дауыссыздары деп атаймыз.
Ерін дауыссыздарына мыналар жатады: б, м, п, у.
5. Тіл дауыссыздары
Сөйлеу мүшесі болып табылатын тілдің түрліше қызметі арқылы пайда болатын дауыссыз дыбыстарды тіл дауыссыздары деп атаймыз.
Тіл дауыссыздары тілдің қатысына қарай үшке бөлінеді:
- тіл алды: д, ж, з, й, л, н, р, с, т, ш;
- тіл ортасы: г, к;
- тіл арты: ғ, қ, ң.
6. Шұғыл дауыссыздар
Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында толық тосқауылға ұшырауынан пайда болатын дауыссыз дыбыстарды шұғыл (тоғысыңқы) дауыссыздар деп атаймыз
Шұғыл дауыссыздарға мыналар жатады: б, г, ғ, д, к, қ, м, н, ң, п, т.
7. Ызың дауыссыздар
Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында саңылау өткелі арқылы өтуінен пайда болатын дауыссыз дыбыстарды ызың (жуысыңқы) дауыссыздар деп атаймыз
Ызың дауыссыздарға мыналар жатады: ж, з, й, л, с, у, ш.
8. Діріл дауыссыз
Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында дыбыстау үзілісі мен тосқауылға ұшырауынан пайда болатын дауыссыз дыбысты діріл дауыссыз деп атаймыз.
Ол р дыбысы болып табылады
-
Көшіріп жазу, оның түрлері. Грамматикалық тапсырмасы бар көшіріп жазу.-Алия
Көшіріп жазу- оқушылардың көру сезімі арқылы қабылданған әріп, буын, сөз, сөйлем және текстерді жазбаша формада өрнектеп беруі. Балаларға көшіріп жазу әрекетін әліппені оқу кезеңінен бастап жүргізеді. Сол әу бастан олар әріп элементтерін, оның тұтас түрін каллиграфиялық жағынан дұрыс өрнектеп үйренуі тиіс. Өйткені әріптердің жазылуын, олардың сөз ішінде тәртіппен орналасуын ұқыпты орындау- дұрыс жазу дағдалыраны меңгерудің әліппесі іспетті маңызы бар мәселе. Оқушы жазудың каллиграфиясын сақтап, көркем жазуға қаншалықты ынта-жігер жұмсап әдеттенсе ол сауатты жазу дағдысына соншалықты тез төселеді. Себебі жақсы жазудың өзі емлелік қате жібермей, дұрыс жазу процесіне тиімді әсер етеді. Құнтты ойланып таза, көркем жазатын бала сауатты да жаза алады. Сондықтан оқушылардың каллиграфиясына баса назар аудару керек. Сонымен қатар балалар жаттығу материалын көшіргенде, ұқыпты түрде зейін қойып, бір жазғанын қайта түзетпей, сөзден әріп тастамай не оларды бір-бірімен алмастырмай, тыныс белгілерін де өз орнына қойып қатесіз жазатын дағдыға әліппе кезеңінен-ақ үйретілуі тиіс.
Оқушыларды дұрыс жазу дағдысына үйрету үшін, оларға көшіріп жазу жұмысында ескерілетін нұсқау- ережелер түсіндіріледі. Ең әуелі балалар көшіріп жазатын метериалды түгел оқып шықсын. Әр сөйлемдегі сөздерді буынға ажыратып әрі ол буындарды іштен айтып ескерсін. Соңынан өзі жазған жұмысын тиісті текстің материалымен салыстырып, дұрыс-терісін байқасын. Көшіріп жазу жаттығулары қай класста да әр түрлі емлелік тапсырмаларды орындату мақсатымен жүргізіліп отырылады. Сабақ мақсатына орай көшіріліп жазу жұмысы алдында дайындық жасалады. Жаттығуда кездесетін (белгіленген) орфограммалар бар сөздер айтылады, ол сөздің неліктен солайша жазылатындығы талқыланып дәлелдетіледі. Өтіліп жатқан
ережеге жататын орфограммалар текстен таптырылып, саны анықталады.
Оқыту практикасында көшіріп жазу жұмысына грамматикалық лексикалық және сөз жасау мәнді тапсырмалар ендіріліп,- комплекстік сипат беріледі. Оның өзі балалардың емлелік дағдыларын қалыптастыруда теориялық негіз болып табылатын грамматика, емле, сөз жасау жөніндегі білімді қаншалықты меңгергенін анықтауға мүмкіндік береді. Ондай комплексті жаттығу тапсырмаларының үлгілері мына сияқтылар:
- Көп нүктенің орнына керекті әріпті, буынды не сөзді қойып көшіріп жазу. Керекті обьектілер текстің соңында беріледі. Оқушы жұмысты орындауымен бірге, тиісті орфограмманның жазылу ережесін түсіндіреді.
- Көшіргенде, сөздердің түбірін және қосымшаларын ажырату, соған байланысты түбірлес сөздерді тану. Осы мәндес міндетті орындауға 2-класс қазақ тілінде мынандай тапсырам берілген.
Мына сөздерді қөшіріп жазып, қосымшалардың астын сызыңдар:
етікші малшы бастық
етікті малға баста
етікке малда бастау
етіктің малдың басына
Дегенмен бұл тапсырма міндетінде түбірлес сөздер жайында ештеңе айтылмаған. Ал тапсырмадағы 12 сөздің етік, мал, бас деген үш қана сөзден өрбіп тұрғанын салыстыру, бақылау әдістерімен балаларға ұғындыруға әбден болады. Осыдан түбірлес сөздер деген ұғымға қарай оқушыларды бейімдей түсеміз.
- Жаттығу тексінің оң жағына немесе астына тізілген қосымшалардың, сөздердің орнын тауып, сөздердің байланысын дұрыс келтіріп көшіріп жазу. Бұл жұмысқа лайық тапсырманы 2-класс оқулығына келтіріледі.
Бағанның оң жағындағы жалғауды қай сөзге жалғаса ондағы сөздер дұрыс байланысады?
Тырна түлкі қонаққа шақырады. -ға
Тырна түлкі ьамақ береді. -ты
Құмыра түлкінің басы сыймайды. -ні
Тырна құмырадағы тамақ өзі жеп қойды -ге
Теріп көшіру. Мұнда сөздердің құрамы, сөз таптарына қарай іріктеп теріп жазылады. Сөздерді мағыналық тобына қарай саралап көшіру де осы тапсырмаға жатады. Мысалы, 1-класс қазақ тілінде мынандай жұмыс бар.
Тапсырма. Сөздерді оқыңдар. Туыстықты білдіретін сөздерді бір бөлек, қызметті білдіретін сөздерді бір бөлек жазыңдар:
Шопан, ата, әже, тракторшы, апа, қарындасым, инженер, сіңілім...
Бұл тәріздес тапсырманы орындау арқылы жас шәкірттердің зат тану ұғымы кеңіп, сөздік қоры жүйелі қалыптаса бастайды.
Осы мәндес көшіріп жазу тапсырмасы басқа класстарда да баршылық. Мысалы, 3-класс қазақ тілінде дара етістіктерді бір бөлек, күрделі етістіктерді бір бөлек теріп жазыңдар деген тапсырма берілген.