Файл: Тіл атынас ралы. аза тілі аза халыны лтты тілі, Рны мемлекеттік тілі. Тіл туралы за.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 113

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
болады. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген шылаулар арқылы байланысса, жалғаулықты қарсылықты салалас деп аталады. Мысалы: Ауырғанда жаным көзіме көрініп барады, бірақ анамды қинағым келмейді. Жалғаулықты салалас құрмаластардың арасына үтір қойылады.

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем жалғаулық шылаусыз іргелес тұрып байланысса, жалғаулықсыз қарсылықты салалас деп аталады. Мысалы: Балықшылар ауды бірнеше рет салды, – балдырдан басқа ештеме ілінбеді. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемнің баяндауыштары көбіне антоним сөздерден және болымды-болымсыз формадағы сөздерден жасалады. Мысалы: Атаның баласы болма, – адамның баласы бол. Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың аражігі үтір мен сызықша арқылы ажыратылады. Мысалы: Көктем шықты, – ауада суық ызғар бар.


  1. 1-4 сыныптардағы еңбек сабағын бір пәнділік, әр пәнділік жүйе бойынша жоспарлау, сабақтарды өткізу ерекшеліктері- Айтолы

ШЖБМ ерекшелігіне байланысты қалыпты мектептерде қолданылып жүрген жоғарыда аталған сабақ түрлерінен басқа оларды қамтитын мынадай сабақ түрлері бар: бір пәндік, әр пәндік және бір тақырыптық сабақтар.

Бір пәндік сабақ дегеніміз әр біріктірілген сыныптарда бір ғана пән өткізу . Бұл сабақты өту кезінде мұғалім бір салада жұмыс істегендіктен, ол назарын бір сыныптан екінші сыныпқа оңай көшіруге септігін тигізеді.  Әр пәндік сабақтар дегеніміз математика сабағын басқа бастауыш сынып пәндерімен біріктіріп өткізуге болатын сабақтар. Кейбір әдіскерлер пәндерді екі топқа бөледі де, бірінші  топқа математика, қазақ тілі, орыс тілі, еңбек, бейнелеу өнері, яғни өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға үлкен мүмкіндіктері бар пәндерді, ал екінші топқа дүниетану, ана тілі, ән-күй, дене шынықтыру сабақтарын жатқызады. Сабақ кестесін құрастырған кезде бірінші топты екінші топ пәндерімен біріктіруге болады. Қазақ тілі мен математиканы оқытуда өзбетінше жұмыс істеуді кеңінен қолдануға болады, өйткені оқу, дұрыс жазу, санай білу және дұрыс есептей білу дағдысын дамыту көп жаттығу жұмыстарын жүргізуді талап етеді, бұлардың нәтижелі болуы көбінесе оқушылардың өздігінен жұмыс істей алу қабілетіне байланысты. Ал екінші топқа жататын ана тілі, табиғаттану пәндері жөнінде іс басқаша. Бұл пәндерді оқыту балалардың сабақта өзбетінше жұмыс істеуін керек етпейді емес, қайта бұл пәндер бойынша оқушылардың білімін оқулық бойынша пысықтауды өте-мөте керек етеді. Бастауыш мектеп жасындағы балалармен аталмыш пәндерді оқытқан кезде мұғалімнің ауызекі әңгімесін, көрнекті құралдарды көрсетуін, т.б. басқаша айтқанда, балалармен тікелей жұмыс істеуді талап етеді. Сабақ  кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп  жасауға да болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру, диктант,  қызықты тапсырмалар,  дидактикалық ойындар жүргізуге болады.  Бір тақырыптық сабақтар дегеніміз қатар өткізілетін сыныптарда мүмкіндігінше бірдей тақырыптарды таңдау қажет болатын сабақтар. Бір тақырыптық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыстарын да тиімді басқаруға болады. Жалпы оқытушының ортақ әңгімесін оқушылар ықыласпен тыңдап, өз ойларын айтып, сабаққа белсенді қатысуға тырысады, сонымен бірге бір пәндік, бір тақырыптық сабақтар ретінде біріктіріп өткізуге де болады. Мұндай ортақ сабақтардан оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, сабақтың сапасы артады. Оқушылармен бірге отырып, көрнекі құралдар, кестелер, суреттер т.б. қарауға болады.


 Бастауыш сыныптарда өтілетін еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың орындайтын жұмыстары қаншалықты қарапайым әрі оңай болғанымен еңбек жөніндегі тәжірибесі аз балаға оны орындап шығу қиынға соғады.  Бұл  жұмыстар алғашқы күннен бастап мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылып отырады. Сондықтан алғашқы сабақтан бастап түрлі жұмыстарды жүйелі түрде орындай білуге оқушыларды дағдыландырсақ, іске төселдірсек олардың қандай істі болса да атқара алатындығына сенімдері арта түседі. Ондай кездерде оқушы бойында еңбекке деген құштарлықтары, сабаққа ынтасы, ықыласы да арта түседі. Бастауыш сынып мұғалімдері жаңа оқу жылы бас кезінде әрбір жекелеген сыныптар үшін бөлінген сағат сандары бойынша бағдарлама талаптарына сәйкес атқаратын тапсырмаларды енгізе білуі тиіс. Еңбек сабағының  блоктық бөлімдеріндегі жұмыс түрлерін,  тапсырмаларды орындауға ыңғайлы оқу кезеңдерінің жыл мезгілдеріне байланысты рет-ретімен жоспарлай білуі тиіс.  Біріншіден, бастауыш сынып мұғалімдері еңбекке баулу сабағының тақырыптарының негізгі оқу мақсатын, сабаққа қойылатын негізгі талаптарды орындай білуі керек. Екіншіден, күнделікті өтілетін әрбір сабақты сапалы әрі жауапты түрде өткізе білуі тиіс. Аталған еңбек сабағының негізгі талаптарын орындай білуін мұғалім өз-өзінен және оқушылардан талап ете білуі шарт.

Мәселен, бастауыштың жоғары сыныптарындағы балаларға тәрбие беруде балалар еңбегін ұйымдастыруға төмендегідей міндеттер қойылады:

- үлкендер еңбегіне ынта-ықылас қойып қарау, анасының үйдегі, әкесінің даладағы еңбек нәтижелерінің әсемдігінен эстетикалық ләззат алу (техникалық қол еңбегіне, ауыл шаруашылық және гүл өсіру, өзіне-өзі қызмет көрсету еңбегі бойынша);

- асқа, шайға өздігінен дастархан әзірлеп, оның таза, ұқыпты болуына көңіл аудару (аспаздық жұмыстардың түрлері бойынша);

- қол еңбегі кабинетін, еңбек құралдарын, заттарын, тазалықта сақтау, заттарды, еңбек құралдарын үйлесімді, әдемі орналастыра білуге дағдылану;

- жеке басының тазалығы мен ұқыптылығына көңіл аудару, мәдени-гигиеналық дағдыларды бойында қалыптастыру.

Бастауыш мектеп жасындағы оқушылар еңбегін ұйымдастыруға қойылатын бағдарламалық талаптар.

- үлкендер еңбегімен бірге, ұжымдық еңбектің нәтижелеріне қуана білуге және оны бағалауға үйрету;

- аспаздық жұмыстар бойынша өздігінен дастархан әзірлеуге, оны жинауға, тазалық сақтауға дағдыландыру;

- қоғам пайдалы еңбекте мұғалімнің немесе үлкен сыныптың оқушылары көмегімен

мектеп ауласын жинастырып, тазалауға қатысу, өз еңбегінің нәтижесін көріп қуануға, еңбекке қызығушылыққа тәрбиелеу.


  1. Құрмалас сөйлем, оның түрлері. Сабақтас құрмалас, оның түрлері.

Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдер құрмалас сөйлем деп аталады. Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: 1) Салалас құрмалас сөйлем;

2) Сабақтас құрмалас сөйлем;

3)Аралас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен сабақтаса байланысқан құрмаластың түрі. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысады. Мысалы: Қасым төре түрегеліп, күміс қынды сапысын шешіп, Кенесарының алдына қойды (І.Есенберлин). Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі басыңқы келіп, негізгі ойды білдіреді, қалғандары бағыныңқы болады да басыңқыдағы ойды айқындап, іс-әрекеттің орындалу шартын, себебін, мақсатын, мезгілін, амалын, т.б. қатынастарды білдіреді.

Сабақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай төмендегіше бөлінеді:

  1. Шартты бағыныңқылы іс-әрекеттің орындалу шартын білдіреді, -са, -се жұрнағы арқылы жасалады.

  2. Қарсылықты cабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы ойға қарама-қарсы мағыналық қатынаста болады. Мысалы, Май құйған шам сөнсе де, Шамшырақ сөнбес дүниеде. (Жамбыл)

  3. Себеп бағыныңқылы сабақтас;Мысалы, Соны Ербол біліп қоймасын деп, Әзімбай әдейі үндемеді. (М.Әуезов)

  1. Бастауыш шағын жинақталған мектептегі педагогикалық үрдістің ерекшелігі, жұмыстың тиімділігі мен кемшілігін анықтау- Балнұр

Сабақ туралы айткан кезде онын мынандай негiзгi белгiлерiн атап кетуiмiз керек:

.-оку-тәрбие үдерiсiнiң белгiлi бiр шектелген уақыт (35 не 40минут) iшiнде етуi;

. - сынып деп аталатын жас шамалары бірдей балалардын тұрақты құрамынан тұруы;

. - катан бекітілген сабақ кестесiнiң болуы;

. -өтілетін материалдардын барлық балаларға бірдей болуы;


. - әр түрлі оқыту әдiстерiн пайдалана отырып, окушылардын iс-әрекетін ұйымдастырудың ұжымдық, топтық, ұжымдық-үлестiрiмдiлiк, жеке-дара формаларымен iске асырылуы.Әрбір сабактын максаты, мiндеттерi, түрi, колданылатын көрнекі құралдары, әдіс-тәсілдері анықталуы тиiс және сабактын кезеңдерi көрсетiледi.

Оқытудың мiндеттерiне сәйкес сабактын да төрт түрлi мiндеттерi бар:білімділік,дамытушылық,тәрбиелік,практикалық.

Кәсіптік педагогиканын пәндiк зерттеу нысандары мыналар:

1. Кәсiптiк мектептердегi тәрбиенiн максаты мен өзiндiк ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы педагогика арасында сабақтаса жүргiзiлудiң тиiмдiлiгiн зерттеу.

. 2. Кәсiптiк бiлiм мазмұны.

. 3. Жеке тулгага гылыми-техникалык бiлiмiн және кәсіптік біліктілік

дағдыларын қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктерін меңгерту. . 4. Кәсіптік білім беретін оқу орындарында оку-тәрбие үрдісін басқару. Жоғарыдағы аталған мәселелердi тұжырымдай келе,

кәсiптiк педагогика саласына мынадай аныктама беруге болады.Қазіргі заман талабына сай педагог

Білікті педагог, өз iсiнiн бiлгiр маманы болу ушiн, гылымды игеру жеткiлiксiз, оны практикалық тұрғыда өмiрге колдана бiлiп, кәсiптiк әлемдік денгейiне дейiн жеткiзiп, накты iске асыра бiлетiн жан-жакты кәсiп иелерi болуымыз керек.Қазірге дейін жұмысшылар мен мамандарды даярлау мәселесi олардың кәсiптiк бiлiктiлiктерiне сипаттама беру тұрғысынан негiздеу кен сипат алып келді. Кәсіби дайындау деңгейiн, оның сапалық дәрежесiн бiлiктiлiк сипаттама емес, профессиограмма аныктап бере алады. Қазіргі ғылымның дамуы оны дифференциялау және интеграциялау үрдiсiмен сипатталады.Болашақ кәсіптік оқыту оқытушынын даярлығында «Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәні бойынша меңгерілетін әдістемелік бiлiмдер үлкен рел атқарады. Пәнді оқыту студенттердің кәсiби, мақсатты, бағытталған, әдістемелік даярлығын қамтамасыз етедi. Кәсіби педагогиканың әлеуметтік, қоғамдық маңыздылығы, технологияны оқытушының әдістемелік мәдениетінің мазмұны, кәсiби педагогиканың басқа ғылымдармен байланыстарының мәнi жәнiнде түсінік бередi.

  1. Төл сөз бен автор сөзі, олардың орын тәртібі мен тыныс белгілері.

Сөйлеуші өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін дәл сол күйінде, ешбір өзгеріссіз беруі төл сөз деп аталады. Мысалы: «Мал жұтайды, өнер жұтамайды», – деген Абай. Осы сөйлемде «мал жұтайды, өнер жұтамайды» деген Абайдың сөзі ешқандай өзгеріссіз айтылған күйінде беріліп тұр.

 Төл сөз тек біреудің айтқан сөзі ғана емес, 
ойлаған ойы, айтуға оқталған сөзі түрінде де беріледі. Мысалы: Айбала: «Еркем», – деп қала жаздап, аузын жиып ала қойды. «Түнімен осы суретті қалайда бітіруім керек», – деп ойлады қарт суретші. 

Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі автор сөзі деп аталады. Жоғарыдағы мысалдағы деген Абай, Айбала ... деп қала жаздап, аузын жиып ала қойды, деп ойлады қарт суретші – автор сөзі. Төл сөз бен автор сөзі «де» көмекші етістігінің деді, деп, деген, дейді, дегендей, дей жаздады, деген екен тұлғасындағы түрінің бірімен байланысады.

Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібіне, төл сөзді сөйлемнің хабарлы, сұраулы, лепті болуына қарай төл сөздің тыныс белгілері де әр алуан болады.

1. Төл сөз автор сөзінен бұрын орналасса, төл сөз бас әріппен жазылып, тырнақшаға алынады не алдынан сызықша қойылады. Егер төл сөз хабарлы сөйлем болса, соңына үтір, сұраулы сөйлем болса, сұрақ белгісі, лепті сөйлем болса, леп белгісі қойылып, автор сөзінің алдынан сызықша қойылады. Мысалы: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар деген нәрселермен озады», – деген ұлы Абай.

– Бекбергеннің қызын неге алып қашпақ болдыңдар? – деп сұрады үй иесі менен.

2. Төл сөз автор сөзінен кейін тұрса, автор сөзінен кейін қос нүкте қойылып, төл сөз не тырнақшаға алынады, не алдынан сызықша қойылады. Мысалы: А.Жұбанов былай деген: «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті». Әйел бір төбенің басына шығып алып былай деді: – Менің атым – әйел, мына қыздың анасымын.

3. Төл сөз автор сөзінің ортасына орналасса, автор сөзінен кейін қос нүкте қойылып, төл сөздің алдынан не сызықша қойылады, не төл сөз тырнақшаға алынады да, төл сөзден кейін не үтір, не сұрақ белгісі, не леп белгісі қойылады. Мысалы: Әйтілес қарт: – Аттың құлағында ойнайтын жас кезіміз, – деп бастады әңгімесін.

4. Автор сөзі төл сөздің ортасына орналасса, төл сөз тырнақшаға алынып немесе алдынан сызықша қойылып, автор сөзінің алдынан да, соңынан да сызықша қойылады да, төл сөздің екінші бөлігі кіші әріппен жазылады. Мысалы: «Осы бір тегін адам болмаған шығар, – деді Жалпақ балуан, – түнейік осы молаға».

Төл сөздің әрқайсысы жеке сөйлем болып айтылса, бас әріппен жазылып, автор сөзінің алдынан үтір (сұрау не леп белгісі) мен сызықша қойылып, автор сөзінен кейін