Файл: Тіл атынас ралы. аза тілі аза халыны лтты тілі, Рны мемлекеттік тілі. Тіл туралы за.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 102

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатгы сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.

Ертегілерді оқуда мыналар ескерілуі қажет:

1. Ертегіні оқу барысында "бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді" деудің қажеті жоқ, балықтың, жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегідегі оқиғаға сеніп, оның кейіпкерлерінің іс-әрекетіне бірде қайғырып, бірде куанып, киял көгіне көтеріледі, көңілденеді, қиялдау оларды армандауға үйретеді.

2. Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретуде де ертегілердің пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне берілетін мінездеме әдетге бір-екі айқын белгілерді көрсетсе де анық түсінікті болып келеді.

3. Қара сөзбен жазылған ертегілер мәтінге жақын үлгімен мазмұндалады. Кейде ертегіні оқымай-ақ, мұғалім оның мазмұнын қызықты етіп, қысқаша айтып береді. Егер артистердің орындауындағы фонохрестоматияны пайдаланса, тіпті жақсы.

4. Ертегі оқушыларды жоспар жасауға үйрету үшін де өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, кандай суреттер салуға болатынын анықтау т.б. осындай жұмыстарды 2-3 сынып оқушылары орындай алады. Ал 4 сыныпта ертегіге өз беттерімен жоспар жасау тапсырылады.

5. Жануарлар туралы ертегілерді оқығанда дайындықтың онша керегі жоқ.

6. Кейбір ертегілерді пъесаға айналдырып, куыршақ жасатып, сыныптан тыс сабақтарда балаларға орындатуға болады.

7. Ертегінің композициялық ерекшеліктерін қарапайым түрде бақылау жүргізіп үйрету жүмыстары да үнемі іске асырылып отырғаны жөн.

8. Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда-ақ игереді. Сондықтан бірқатар ертегілерді оқығанда жалпы идеясын ғана әңгілеп, мазмұнын үйден оқуға тапсыруға да болады.

Мысал жанрының ерекшеліктерін бастауыш мектеп оқушыларына терең таныту – шығармаға эстетикалық талдау жасауға байланысты. Мұнсыз бастауыш мектепте әдебиеттік оқу пәнінен оқушыларға терең де сапалы білім беру мүмкін емес. Оқушылардың әдеби білімі көркем шығарманы оқи және оған талдау жасай білуінен айқын байқалады. Көркем шығарманы талдай білген оқушы – әдебиетіміздің болашақ мәдени оқырманы. Ондай іскерліктер мен шеберліктер қалыптасқан оқушы әдеби шығармаларға ой жүгірте алады, өзінің талғамын, түйсік-сезімін еркін білдіреді, шығарманы жан жүрегімен, зердесімен қабылдайды. Міне, сондықтан да шығармаға эстетикалық талдау жасау – басты проблема.

Мысал ¬– аллегориялық жанр. Айтылатын ой ашық берілмейді. астармен, меңзеумен беріледі. Көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма.Жануарлар әлемі, құс, өсімдік, тағы басқа мысалдар бас кейіпкер ретінде алынады. Өткір сын да, ащы сатира да, байсалды юмор, келемек, мысқыл да осы мысал жанрында.Кейіпкерлерді сөйлестіру – диалог тәсілі жиі қолданылады. Баяндауы ширақ, жинақы, тілі қарапайым келеді. Жанры жағынан ғибратты, уағыздық сарындағы дидактикалық әдебиетке жатады, кейде мысқыл-сықақ үлгісіне ауысады.
Аллегорлау, аллегория (көне грекше: allёgorіa – пернелеп айту), пернелеу – оқырманның не көрерменнің санасына, қиялына ерекше әсер ететіндей, образ жасаудың бейнелеуші құралы, көркемдік тәсіл. Аллегорлау көркемдік тәсілдердің ең көнесі, бастауын мифтен алып, фольклорда ерекше дамыған. Түлкі – қулық, арыстан – зорлық, қасқыр – қастық, қоян – сужүректік, есек – ақымақтық, аққу – адалдық, махаббат т.б. түрінде бейнеленетін персонаждарда адамдарға тән мінез пернелеп айтылса да, бірден санаға, қиялға әсер етіп, көз алдыңа елестейді. Әлемдік сөз өнерінде ғасырлар бойы қалыптасқан типология ортақ бейнелер Аллегорлау арқылы беріледі.
Аллегория қазақ әдебиетінде ескі заманнан келе жатқан поэтик тілдің бір түрі екендігін қазақтың «төрт түлік мал және әр түрлі жануарлар туралы» айтылатын ескі ой-сананың сәбилік дәрежесінде туған әртүрлі ертегі, әңгімелерде айқындайды.

  1. Етістік. Болымды, болымсыз, салт, сабақты етістіктер, олардың жасалуы.

Заттың қимылы мен амалын , жай-күйін білдіреді сөздердің тобы етістік деп аталады. Іс-әрекеттің болу -болмауы болымды және болымсыз етістік деп аталады.

Болымды етістік: ма-,ме-,па,пе-,ба-,бе жұрнақтары қосылу арқылы жасалалы.

Болымсыз етістік :өткен шақтың етістіктегі есімше түріне алған жоқпын, алған емеспін , білген жоқ ,көргенім жоқ.

Сабақты етістік: табыс септікті қажет ететін етістік.М: Ол сөйледі.Ол кетті.

Салт етістік: табыс септікті қажет етпейтін етістік.М: кел , жүр.( табыс септікте тұрмайды)

  1. Жазу жұмыстарына қойылатын талаптар.- Гүлнұр

а)әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;

ә) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы етпей, тегіс, бірдей жазу;

б)әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай,сәл көлбете (45) жазу;



в)әріптердің, сондай-ақ сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап (сөздер бір-бірінен м әрпінің көлеміндей қашықтықта болуға тиіс) отыру;

г)бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу.

Бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс.

Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті гигиеналық талаптар:

а) дәптер партаның үстіне, баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып, сәл көлбетіле (оңға 65) қойылады;

ә) бала басын оңға не солға, иықтарын, кеудесін алға не артқа қисайтпай, аяқтарын қатар қойып, алдына түзу қарап отырады. Бұл олардың омыртқалары, көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет;

б)балалар табандарын еденге (партаның табан тақтайына) еркін басып отырады. Тізені қатты бүкпей, бір аяқты екінші аяқтың үстіне қоймай, аяқтарын я алға, я артқа сілтемей отырғаны дұрыс;

в)партаға кекіректі тіремеу керек. Өйткені бұл тынысты тарылтады жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады;

г)қаламды ұстағанда саусақ қаламұштан үш сантиметрдей жоғары тұратындай болып және қаламның жоғарғы жақ ұшы оң иықтың тұсына дәл келетіндей жағдайда болғаны жөн;

д)жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы қашықтық 25—30 см сақталуға тиіс.

Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек. Өйткені ұзақ уақыт бір-екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе, бала шаршайды да, сабаққа зейін қоюдан қалады, сондықтан үш — бес минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп, сонан соң құрамында үйреніп отырған әрпі бар сөздерді жазуға көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды.

Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде ұстап жазуға үйренулері қажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы арқылы (жазба таңбасы) берілген сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады, ал сауат ашу аяқталғаннан кейін, баспа таңбалы әріптер жазылған текстер көшіртіледі. Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа, буынға талданады.

  1. Етіс категориясы, оның түрлері, жасалуы.

Етіс – етістіктің ерекше категориясы. Әдетте етіс қимыл, іс-әрекеттің, субъекті мен объекті арасындағы (семантикалық-синтаксистік сипаты) әр түрлі қатынасты білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістік категориясы деп анықталады.


Етістің түрлері:

Өздік етіс

Ортақ етіс

Ырықсыз етіс

Өзгелік етіс

Етіс – етістіктің ерекше категориясы. Әдетте етіс қимыл, іс-әрекеттің, субъекті мен объекті арасындағы (семантикалық-синтаксистік сипаты) әр түрлі қатынасты білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістік категориясы деп анықталады.

Өздік етіс қимыл, іс-әрекеттің орындаушысына (иесіне), субъектіге қарай бағытталып, сабақты етістікке -ын,-ін, -н қосымшасы қосылып жасалады: ки-ки-ін-ді, тазала-тазала-н-ды, көр-(дәрігерге) көр-ін-ді, шеш-шеш-ін-ді, тара-тара-н-ды, сұра-сұра-н-ды, сүрт-сүрт-ін-ді т.б.Сонымен бірге өздік етіс көрсеткішіне құранды (күрделі) қосымша -лан,-лен, -дан,-ден, -тан,-тен, де жатқызылады: ой-лан, намыс-тан т.б. Бұл құранды қосымша сөзжасам -ла, -ле, -да, -де, -та, -те қосымшасы мен өздік етіс -н қосымшаларынан құралғанын көру қиын емес.

Ырықсыз етіс деп қимыл, іс-әрекеттің өздігінен орындалатын мән үстеп, қимыл, іс-әрекеттің тура обьектісі оның грамматикалық бастауышы болу қызметін атқарып, тек сабақты етістіктерден -ыл -іл, -л қосымшасы, түбір құрамында л дыбысы болса, -ын, -ін, -н қосымшасы арқылы жасалатын етістің түрін айтамыз. Мысалы, кітап оқы-л-ды, үй тазала-н-ды, астық жина-л-ды, сөз сөйле-н-ді, хат жаз-ыл-ды т.б. оқу қимылының, іс-әрекетінің тура объектісі – кітап, тазалаудың тура объектісі – үй, жинаудың тура объектісі – астық, сөйлеудің тура объектісі – сөз, жазудың тура объектісі – хат, ал ырықсыз етіс қосымшасы (-л, -н, -ыл) жалғану арқылы, біріншіден, оқу, тазалау, жинау, сөйлеу, жазу іс-әрекеттері өздігінен болғандай, көрсетілген тура объектілері бұл сөйлемшелерде грамматикалық бастауыш қызметін атқарып тұр, соның арқасында, екіншіден, ырықсыз етіс тұлғалы етістіктер салт етістік болып тұр, яғни ырықсыз етіс қосымшалары сабақты етістікке жалғанып, оны (сабақты етістікті) салт етістікке айналдырып тұр.

Өзгелік етіс қимыл, іс-әрекеттің тікелей субъектінің өзі арқылы емес, екінші бір субъекті (ол екінші субъекті, қимылды, іс-әрекетті тікелей орындап, іске асырушы субъекті агенсдеп аталады) арқылы істелетінін, іске асатынын білдіріп, сабақты етістіктен (кез келген етістіктен емес) белгілі қосымшалар арқылы жасалатын етіс категориясының түрі болып, табылады.

Ортақ етіс қимыл, іс-әрекеттің бір емес, бірнеше субъекті арқылы іске асатынын білдіріп, -ыс, -іс -сқосымшасы арқылы жасалады. Біріншіден, ортақ етісті қимыл, іс-әрекеттің субъектілері қимылға ортақтығы бірдей де, бірдей де емес болуы мүмкін (субъект көптік тұлғадағы бір зат атауы, немесе бірыңғай бастауыштар, немесе біреуі грамматикалық субъект те, екіншісі -грамматикалық жанама объекті болуы мүмкін т.б.,екіншіден, ортақ етіс қосымшалары салт етістікке де, сабақты етістікке де жалғанып, ортақ етіс жасай береді: олар хат жаз-ыс-ып тұрады, қонақтар жайғасып отыр-ыс-ты, ол бізге үй сал-ыс-ты т.б.


  1. Бастауыш сыныпта әңгіменіоқыту, жоспар жасау, ондағы жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.- Сымбат

Бастауыш мектеп балалары өте қарапайым түрде әңгімелейді және тек жай сөйлемдермен немесе көмекші сұраққа бір сөзбен ғана жауап береді. Сондықтан мұғалімнің бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгені жөн. Әңгімелеуге үйретуде мыналарды ескеру қажет:

1. Балалардың қойылған сұраққа дұрыс, толық жауап беруі.

2. Мұғалім қолданған күрделі сөйлемдерді қайталатқызу.

3. Өздеріне сөйлемдер құрату.

4. Сөйлемге қажетті сөздерді ойлап тауып айтуға үйрету.

5. Сөз жасау, сөзге түрлі жалғау-жұрнақтар қосып айтуға үйрету.

6. Суретті көрсете отырып және суретсіз (белгілі оқиға) әңгіме құрату.

Оқылған шығарма мазмұнын бір рет қана әңгімелету жеткіліксіз, оны бір-екі аптадан қайталаған жөн. Алғашқыда шығармаға арналған суреттер бойынша, ал келесі сабақта оны әңгімелету керек.

Әңгімелесу сабақтарында бала әңгімесінің мазмұнын бақылап, оның қандай сөздерді, сөйлемдерді қолданғанын бақылау керек. Оның лексикалық қатесін түзетіп, сөйлеуінің даму ерекшелігіне қарай дұрыс әңгімелеуге бағыт беріп отыру қажет.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.

Қазақ тілін деңгейлік оқыту технологиясы» - кеңінен қолданылып жүрген технологиялардың бірі. Бұл технология оқушылардың ізденушілік, өзіндік жұмыс істеу, білімді сапалы қабылдау,шығармашылықтарын арттыра түсуге бағыттайды, мәселені тиімді шешудің жаңа мүмкіндіктерін анықтайды. В.П.Беспалько оқу материалын меңгерудің 4 деңгейін ұсынады:

1.Оқушылық

2. Алгоритмдік

3. Эвристикалық

4. Шығармашылық

Ғалым оқушылық деңгейден бастап шығармашылық деңгейге дейінгі даму кестесін былай көрсетеді. Оқушылық деңгейде білімнің берілуі,деңгейлік тапсырмалардың іске асырылуы бағдарлама талабына сәйкестігінебайланысты. Алгоритмдік деңгейде оқу материалдарының түсініктілігі,мазмұны деңгейлік тапсырмалардың күрделене түсуінен аңғарылады. Эвристикалық деңгейде білімнің берілуі жүйелілігі, сабақтастығы іздендірушілігі басым болып, деңгейлік тапсырмалардың танымдық жағынан жетілуіне, тереңдетілуіне айрықша назар аударылады. Шығармашылық деңгейдебаланыңдарындылығы,таланты тапсырмаларды орындаудағы ізденімпаздығы танымдық, рухани интелектуалдық шеберлікке ұштасады. Сонымен, оқыту технологиясы бұрыннан келе жатқан педагогика жетістіктерін пайдалана отырып, оны жаңа әдістермен байытып, білім алуды оқушының өзіндік іс-әрекеттері арқылы ұйымдастыруды талап етеді. Егер аз уақыттың ішінде оқушы көп тапсырма орындап үлгерсе,ол оқушының іскерлігі, шеберлігі, белсенділігі мен қабілеттілігі жоғары. Оқушының осындай зеректігін одан әрі дамыту үшін де деңгейлік тапсырмалар қажет. Мұғалім деңгейлік тапсырмалар арқылы сабақта оқушының танымдық ойын, белсенділігін, икемдігін арттыру жұмыстарын шеберлікпен жүргізе алады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. Деңгейлік тапсырмалар үш деңгейде жүргізіледі. Әр сыныпта оқушылардың өз бетімен жүргізген жұмыстары тоқсандық қорытынды жұмыстары, бақылау жұмыстары есепке алынады