Файл: Тіл атынас ралы. аза тілі аза халыны лтты тілі, Рны мемлекеттік тілі. Тіл туралы за.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 117
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзіне-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе көрсеткендей «қиын балада» өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Соған орай дұрыс ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш-қайратына сенімнің орнауына жағдай туғызады.
2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасқан.
3. Балада әртүрлі көркемөнер әркеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін жіне қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.
4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік, эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыста бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоциялық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.
5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.
Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтайды. Нақтылы іске, сыныпқа, мұғалім жағдайының ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін.
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Анықтауыш. Толықтауыш. Олардың түрлері.
Сөйлем мүшелері- құрылымдық семантикалық жағынан сөйлемнің дербес бөлшектерін құрайтын толық мағыналы сөздер мен сөз тіркестері.
Р.Әмір сөйлем мүшесіне мынадай анықтама береді: «Сонымен пікірдің құрамына сай сөйлемнің құрылысвнда да тиісті едницалар болады.Олар -сөйлем мүшелері.Сөйлем мүшелері -сөздің сөйлем құрамындағы негізгі қызметін функциялық қатынасы тұрғысынан зерттеудің нәтижесі.
Сөйлем мүшелері тұрлаулы және тұрлаусыз мүше болып екіге бөлінеді.сөйлемнің тұрлаулы мүшелері -бастауыш пен баяндауыш болып табылады.Ал тұрлаусыз мүшелер- анықтакыш, толықтауыш, пысықтауыш тұрлаулы мүшелердің маңына топталып не анықтап, не пысықтап, не толықтап тұрады.Сөйлемге негізгі материал болатын сөз және сөз тіркесі сөйлем құрамына енгенде жаңа сипатқа ие болады. Олар сөйлемде белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрады.
Қазақ тіл білімінде сөйлем мүшелері жайлы нақты, оң әрі дәл тұжырым жасаған – А.Байтұрсынов. Барлық сөйлем мүшелерін өте ыңғайлы терминдермен атап, қысқаша сипаттап беріп кеткен. Сөйлем мүшелері жасалу құрылысына қарай дара және күрделі болып бөлінеді.Толық мағыналы бір сөзден болған мүшені дара мүше; ал күрделі сөзден, тұрақты тіркестен ,шылаулы тіркестен болған мүшені күрделі мүше дейміз.
Сөйлем мүшесінің басты белгілері:
-
Толық мағыналы сөз болуы керек; -
Сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек; -
Сөйлем мүшесінің бірінің сұрауына жауап беруі керек;
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері: сөйлемдегі тұрлауы мүшелердің маңына топтасып ондағы ойды пысықтап, толықтап, анықтап тұратын сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп айтамыз.
А.Байтұрсынов өзінің еңбегінде сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы былай дейді: « Сөйлеудің асыл мағынасы – біреуге білдірейін деген ойын айту.Ойын түсіндіру үшін соған керек сөздерді алу қажет.Сондықтан сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері: 1)анықтауыш мүше; 2) толықтауыш мүше; 3)пысықтауыш сөздер болып үшке бөлінеді.
Профессор Қ.Жұбанов тұрлаусыз мүшелерді біріктіріп, « Сөйтіп жаңа грамматикаларда анықтауыш,толықтауыш деген категориялар мағынасына қарай жіктеуден ғана емес, сөздердің бір-бірінен байланысу амалына, сыртқы белгісіне ғана қарай жіктелгеннентуған топтар» -деп, оларға айқындауыш деген толық атау берді.Айқындауышты жалғаулы толықтауыш, жалғаусыз анықтауыш жеп екіге бөледі.Ал пысықтауышты ескермейді.
С.Аманжолов сөйлем мүшелерінің жасалуы мен олардың қалыптасу мәселелері туралы да сөз қозғайды.Тұрлаусыз мүшелерді анықтауыш деп атайды.Бір ғана анықтауыш мүшелерге толықтауыштың да, пысықтауыштың да түрлерін жинақтап берді.
Анықтауыш- сөйлемде зат есімнен немесе заттық ұғымда жұмсалған басқа да сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық,сандыщ ,иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені айтады.Ол қандай? Қай? Кімнің? Ненің? Қанша? Неше? Нешіншң ? деген сұрақтарға жауап береді. Анықтауыш құрамына қарай дара ,күрделі және үйірлі болып бөлінеді.Дара анықтауыш: Осы қызыл шүберекті кеше әжем сатып алған. Күрделі анықтауыш: Бір жұрттың үлкен бір оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда қасынан бір жарлы кісі өтіп бара жатып, оқымыстыға сәлем береді.Өз ішінде шартты түрде бастауыш пен баяндауышқа жіктелетін немесе сын есімдер немесе есімше тұлғаларына аяқталатын анықтауыш үйірлі анықтауыш деп аталады.Мысалы: Ал анасы бесікте жатқан інісін тербетіп отыр.
Толықтауыш- өзі бағынған сөзбен грамматикалық байланысқа түсіп, барыс, табыс, шығыс, көметкес кейде жатыс жалғауларының бірінде жұмсалып, сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын сөйлем мүшесі толықтауыш деп аталады.Олар атау мен ілік септіктен басқа септіктің сұрақтарына жауап берелі, сонымен қоса атау тұлғалы сөз туралы, жөнінде, жайында септеуліктерімен тіркесіп келіп те толықтауыш бола алады.Толықтауыш кімді? Неге? Кімнен? Неден? Кімде? Неде? Кіммен? Немен? Кім (не) туралы? Не тақырыпты? Деген сұрақтарға жауап береді.Толықтауыш тура және жанама деп екіге бөлінеді.Тура толықтауыш: табыс септігінде тұрып, тікелей обьектіні көрсететін мүшені айтады.Жанама толықтауыштар барыс,жатыс,шығыс,көмектес септігінде келіп, іс-әрекеттің жанама көрінісін береді.Толықтауыш құрамына қарай үшке бөлінеді: дара толықтауыш, күрделі толықтауыш, үйірлі толықтауыш.
-
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, ұйымдастырылуы- Р.Гүлдана
Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақытта, баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіруін қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасайтын, оқытушының оқушылармен әртүрлі іс-әректтерін ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыс – оқу бағдарламаның шеңберіне кірмейтін және оқу кестесінен тыс мектеп өткізетін әртүрлі тәрбиелік- оқытушылық іс-шаралар.Оның түрлеріне:
Танымдық іс-әрекет.Сыныптан тыс танымдық іс-әрекет шеңбері оқушылар сабақта алған білімдерін кеңейтетін,қоршаған өмірге қызығуын дамытатын мәселелерді қозғайды.Танымдық іс-әрекетте ұжымдық және жеке жұмыс формаларын бөліп қарауға болады.Ұжымдық сыныптан тыс танымдық іс-әрекетте балалар ұжымы мүшелерінің алдына жалпы танымдық міндеттер қойылады.Сабақтан тыс уақытта оқушылар жаңа білімдерді бірлесе алады, тәжірибе жұмыстарының, қарапайым модельдер дайындаудың нәтижесіне жетеді,түрлі мамандықтар жөнінде мағлұматтар алады.Өз еркімен түрлі ұжымдық-танымдық іс-әрекеттерге қатынасып, оқушылар іс барысындағы тәуелділікке, жауапкершілікке,өзара көмек қатынасына тартылады. Оқушылардың сыныптан тыс танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалім балалардың түрлі жас кезеңдеріне байланысты топтарының танымдық қызығу ерекшеліктерін білуі керек.Бастауыш мектеп жасындағы балаларды қызықтырмайтын нәрсе жоқ. Бұл жастағы балалардың қызығуы шашыраңқы болады. Мысалы, 6-7 жасар балалардың қоятын сұрағы заттар және құбылыстармен алғашқы танысуға байланысты болса,8-10 жастағылардың сұрақтарынан деректерге, құбылыстарға, олардың мәнін тануға қызығуды көріуге болады. Бұған қосымша бұл жастағы балалар сұрағынан олардың санасына шешімі табылуға тиісті мәселе туындағанын көруге болады. Олар бұл мәселені өздігінен шеше алмауы мүмкін, сондықтан олар үлкендерге иек артады.
Еңбектік іс-әрекет .Мектептің бастауыш сыныптарының өзінде оқушылардың олардың түсінуіне мүмкін мамандықтармен таныстыру басталады. Олар түрлі материалдармен жұмыстың қарапайым тәсілдерін меңгереді, оқу-көрнекі құралдарын жөндейді, мектепке, балабақшаға,үйге қажетті түрлі бұйымдарды дайындайды.
Ойын.Ойын бастауыш мектеп жасындағы оқушылар үшін әрі өз бетіндік іс-әрекеттің түрі, әрі барлық іс-әрекет түрлерінің міндетті элементі.Ойынның алып күшін кезінде Ян Амос Коменский атап көрсеткеніндей,ойында балалар өз өмірінің ең маңызды жақтарын бейнелейді. Балалар ойынына Н.К.Крупская аса зейін қойып қарады.Бастауыш мектепте балалар ойынына аса зейін қою керек.Себебі, тек ұжымдық ойындарда ғана мақсатқа тиянақты ұмтыла алатын басқаларды соңынан ерте алатын ұйымдастырушы,басшылық ететін балалар тәрбиеленеді.
Спорттық іс-әрекет. Бұл іс-әрекет баланың денсаулығын бекітуге және күш қуатын шынықтыруға бағытталады. Қазіргі мектептің негізгі міндеттерінің бірі – денсаулығы зор жас ұрпақты тәрбиелеу. Бастауыш мектепте оқушылардың спорттық іс-әрекет үйірмелер жұмыстарын, қимыл ойындарын, оқушылар қатарларының байқауын, т.б. өткізуге лайықты гигиеналық жағдай жасаумен байланысты.
Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері. Сыныптан тыс жұмыстың көпшілік және жалпы түрлерін бөліп қарайды. Тәрбиенің міндеттерін шешу үшін сыныптан тыс жұмыстың жалпы түрлерін пайдаланады. Тәрбиенің белгілі бір бағытының өзіндік ерекшелігін бейнелейтін сыныптан тыс жұмыстың арнайы түрін анықтайды. Педагогика ғылымында сыныптан тыс жұмыстардың түрлерін топқа бөлу айқын қалыптасқан жоқ. Дегенмен, мектеп тәжірибесінде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру түрлерінің жүйесі айқын көрінеді.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру-
Бастауыш мектеп жасындағы балалармен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырып, өткізуге жетекшілік рөл – мұғалімдікі. Ол ата-аналардың, жұртшылықтың, еңбек ұжымдарының, қамқоршы оқушылардың күшін біріктіреді. Сыныптан тыс жұмыстар бұл кезде оқушылар ұйымдарының іс-әрекетімен тығыз бірлікте жүргізіледі. Оқушылардың қоғамдық мәнінің әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға, жасампаздық қабілеттері мен дарындарының дамуына мүмкіндік береді.
Сыныптан тыс жұмыстардың жалпы түріне үйірме жұмысы жатады. Үйірме жұмысы балаларды пәндік, техникалық, спорттық секцияларға біріктіреді. Бастауыш сыныптардағы үйірме жұмыстарының мақсаты – оқушыны ғылым мен техника әлеміне енгізу, жасампаздық қабілеттері мен дарындарын дамыту, оқушылардың тәжірибелік білігі мен дағдыларын қалыптастыру, үйірме жұмыстарында алған білімдерін сабақтарда пайдалануға үйрету. Бастауыш сыныптарда балалардың іске қызығуы тұрақты болмайды. Үйірме жұмыстары оқушылардың әр түрлі және кездейсоқ қызығуына да жауап беруі керек. Үйірме жұмысы жеке пән негізіндегі білім ғана емес, білімнің сан алуан аясын қамтиды.
Барлық үйірмелерде де балалардың белсенді тобы, бастаушылары болады. Үйірме арнайы жоспармен жұмыс істейді.Ол жоспарда I-IV сыныптардың оқу бағдарламалары, балалардың қызығуы, жалпы дамуы еске алынады. Үйірме жұмысының ұзақтығы 30-40 минуттай болғаны, ең кемінде айына бір рет өткені жөн. Нәтижеге жету үшін жұмысты мұқият дайындау керек.Әдетте бастауыш сынып оқушыларының бәрі үйірме жұмысына қатынасқылары келеді. Мұғалім әрқайсысына тапсырма тауып беріп, ұжымдық іске, қызығуына қарай балалар тобына қосуы керек. Мысалы, «Табиғат және қиал- ғажайыптары» деген үйірменің жоспарына «Алтын күз байлығы » атты мәжіліс өткізу кірді делік.Оқушылар күз туралы өлеңдерді жаттап алу, үйрену, музыкалық шығармаларды орындау, егінжай, бау-бақша өнімдерінен көрме ұйымдастыру, адамдардың күзгі еңбегі түрлері жөнінде әңгіме дайындау, осы жыл мерзіміндегі жануарлар өміріндегі ерекшеліктер туралы, күз туралы балалар әдебиеті көрмесін, балалар салған суреттер көрмесін ұйымдастыру сияқты тапсырмалар алады.Үйірме отырысын өткізуге дайындық барысында тек әр оқушының қоғамдық мәнін ғана емес, сыныптың оқушылар ұжымын қалыптастыруға ықпал жасайтын барлық балаларын түрлі іс-әрекетке қатынастыруға болады.
Бастауыш сынып оқушыларын, әсіресе, аға ұрпақ өкілдерімен байланыстыратын үйірмелердің жұмысы ерекше қызықтырады.
Музыкалық, хореографиялық , хор, драма, қуыршақ театры үйірмелері де еркше орын алады. Мектептерде бұл үйірмелер әрдайым бола бермейді.Оны ұйымдастыру бастауыш сынып мұғалімі, ата-ана, жұртшылық, қамқоршы өндіріс орны жастары өкілдерін, жоғары сынып оқушыларын тартқаны жөн.
Сыныптан тыс жұмыстардың жалпы түріне экскурсиялар жатады. Арнайы дайындықпен, ерекше жоспармен өткізілген экскурсиялардың тәрбиелік құны жоғары болады. Мектеп мұражайларының жұмыстары да сыныптан тыс жұмыстардың жалпы түріне жатады. Олардың ішінде дәстүрлі орын алғаны аға ұрпақтың өмірімен қызметіне, халықтың жауынгерлік және еңбек даңқына ұйымдастырылған мұражайлар. Балалар мұражай жұмыстарын ұйымдастыруға, кезекшілікке, экспонаттарды баяндауға, іздеу топтарына қатынасады.
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне бастауыш сынып оқушыларының мерекелері: «Әліппені шығарып салу », «Ойын және ойыншықтар», дәстүрлі халық мерекелері жатады. Бірсыпыра түрлері фестиваль, турнирлер өткізу. Ойлап тапқыштар, әзілқойлар турнирлері. Сыныптан тыс оқуға байланысты викториналар