Файл: Гидропоника сімдіктерді топырасыз, жасанды ортада оректік заттарды судаы ерітіндісінде сіру дісі. Гидропониканы артышылыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Гидропоника – өсімдіктерді топырақсыз, жасанды ортада – қоректік заттардың судағы ерітіндісінде өсіру әдісі.
Гидропониканың артықшылығы:
Топырақ болмағандықтан қопсыту жұмыстары жүргізілмейді, арамшөптерден тазарту жұмыстарынан арылады, суару, топырақта болатын зиянкестермен күресу жұмыстары жүргізілмейді. Сонымен қатар гидропоникамен өсірген кезде көп орын алмайды.
Гидропониканың кемшіліктері:
Кемшіліктеріне келетін болсақ гидропоникалық әдістердің кемшіліктері өте аз, бірақ олар мыналарды қамтиды: Жүйенің жоғары құны. Бір қарағанда, дайын өнім сатып алу әлдеқайда арзандай көрінуі мүмкін. Процестің ұзақтығы мен күрделілігі.
Егер сіз осы мәселені шешуге байсалды шешім қабылдасаңыз, гидропоника үшін қажет барлық нәрсені алдын-ала дайындаңыз. Әрине, құрал-жабдықтар көп ақша жұмсайды, бірақ өсімдіктер жылдамырақ өсіп, аз қамқорлықты талап етеді, сондықтан ол шығынан өзі өтейді.
Керекті құрал – жабдықтарды да табуға болады, яғни қолжетімді.
Керекті құрал – жабдықтар: үлкенірек ыдыс, немесе күнделікті қолданылатын пластикалық бөтелкелер де қолдануға болады, керамзит немесе оны алмастыратын басқа субстрат, гүл отырғызатын ыдыстар, компрессор немессе пластикалық трубкалар қолдануға болады, ерітінділер.
Мен практикалық жұмысқа қияр мен баклажанды өсіріп көргім келді. Бір ыдысқа қияр, екінші ыдысқа баклажанды өсіруді ойладым. Үлкенірек ыдыстың түсі қара болған жақсы, себебі жарық түсіп тұрмауы керек.
Гүл ыдыстарының түбінде тесіктер бар болды мен ыдыстарының жандарынан да тескізіп алдым. Себебі гүл ыдысы суға түсіп тұрғанда тесіктері арқылы су ыдысқа келіп тұратындай. Енді суға ауа келіп тұратындай мен компрессор алдым. Егер компрессор болмаса пластикалық трубкалар қолдануға болады. Шырын ішуге арналған пластикалық трубкаларды қолдануға болады.
Ал ерітіндіге дүкендерде сататын дайын ерітіндіні алуға болады. Енді гүл отырғызатын ыдысқа минералды мақтаны пайдалана отырып тұқымдарды салдым. Үстіне керамзит салдым. Ыдысты суға салдым.
Қорытынды:
Көкеністерді жыл бойы өсіру үшін жылыжайларды да қолдануға болады. Бірақ жылыжай үшін жер керек. Жылыжайда өсіру үшін экономика жағынан да тиімсіз . Жыл бойы көкеністірді өсірудің ең тиімді жолы гидропоника деп ұйғардым. Әдебиеттермен танысып, интернет желісінен мәліметтер жинадым. Таныса келе керекті құрал – жабдықтар қол жетімді екенін анықтадым. Осы жұмыс барысында мен мынадай қорытындыға келдім: гидропоника (топырақсыз өсімдіктерді өсіру) әдісі – қазіргі уақытта планетамыздың керекті ресурстарын, яғни су мен топырақты үнемдеуге қолайлы. Осы әдіс арқылы қыс уақытындағы суық тию ауруларында және көктемгі авитаминоз кезінде дәрумендерге бай көкеністермен қамтамасыз етіп, адам иммунитетін көтеруге көп ықпал етер еді.
Өз жұмысымды аяқтай келе мынадай шешімге гидропониканың болашағы зор. Ресурстардың шығынын азайтып қысқа уақытта көп өнім алуға болады. Құрал – жабдықтары қолжетімді, ең негізгісі көкеністермен жыл бойы қамтамасыз етуге болады.