ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.05.2024
Просмотров: 35
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Вопросы:
№1
Әлеуметтану – бұл:
-
жалпы қоғамның ерекше жұмыс істеуі мен дамуының әлеуметтік заңдылықтары туралы ғылым -
табиғат, қоғам, мемлекет және ойлаудың жалпы даму заңдары туралы ғылым -
саяси құбылыстардың пайда болуы мен дамуы, заңдылықтары туралы қоғамдық ғылым -
адамның объективтік шындықты түйсіну, қабылдау, сезіну формаларын зерттейтін ғылым -
қоғамның материалдық және рухани дамуындағы жетістіктерді зерттейтін ғылым
№2
Әлеуметтанудың ғылым ретінде негізін салған ғалым
-
О.Конт -
Г.Спенсер -
И.Кант -
Аристотель -
Платон
№3
Әлеуметтану өз алдына ғылым ретінде мына ғасырда пайда болды:
-
19 ғасырда -
15 ғасырда -
14 ғасырда -
17 ғасырда -
16 ғасырда
№4
«Социология» (әлеуметтану) терминін алғаш қолданған ғалым:
-
О.Конт -
Аристотель -
Н.Макиавелли -
К.Маркс -
И.Кант
№5
Микроәлеуметтанудың зерттейтіні:
-
адамдардың күнделікті өмірдегі жүріс-тұрысын, өзара әрекеттерін -
қоғамды біртұтас жүйе, организм ретінде -
қоғамның әлеуметтік құрылымын, процестерін -
қоғамдағы адам топтарын, таптарын, жіктерін -
ұжымдық әдеттер мен ережелерді, нормаларды
№6
Макроәлеуметтанудың зерттейтіні:
-
қоғамды біртұтас жүйе ретінде, оның әлеуметтік құрылымын, әлеуметтік институттарын -
қоғамдағы адамдардың жүріс-тұрысын, байланыстарын, -
мемлекетті және мемлекеттік құрылысты, биліктің қызмет етуін -
қоғамның моральдық нормаларын, салттары мен дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын -
қоғамдағы адамдардың өзара әрекеттерін, қатынастарын
№7
Әлеуметтанудың объектісі:
-
тұтас жүйе ретіндегі қоғамға тән адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстар және қатынастар -
қоғамда болып жатқан экономикалық процестер және оның даму заңдылықтары -
әлеуметтік қауымдастық және адам топтары, олардың саяси қызметі -
қоғамдағы адамдардың қызметі және мінез-құлқы, көзқарастары, діни наным-сенімдері -
біздерге сезіммен берілген объективтік нақтылық (шындық), рухани ақиқат, рухани байланыс
№8
Адамдардың қызметімен байланысты туу, өлім-жітім және көші-қон мәселелерін зерттейтін әлеуметтанудың тәсілі:
-
демографиялық -
психологиялық -
мәдениеттанулық -
ұжымдық -
интеракционистік
№9
Қоғамда әр түрлі топтардың пайда болуын зерттейтін әлеуметтанудың тәсілі:
-
ұжымдық -
интеракционистік -
мәдениеттанулық -
демографиялық
психологиялық
№10
Қоғамдық ережелер мен құндылықтар сияқты мәдениеттің элементтері негізінде адамдардың мінез-құлқын талдауға көмектесетін әлеуметтанудың тәсілі:
-
мәдениеттанулық -
психологиялық -
интеракционистік -
демографиялық -
ұжымдық
№11
Қоғамдық өмірді адамдардың өзара қарым-қатынас жүйесі ретінде зерттейтін әлеуметтанулық тәсіл:
-
интеракционистік -
психологиялық -
ұжымдық -
мәдениеттанулық -
демографиялық
№12
Көптеген мектептерді, теорияларды, бағыттарды көрсететін, қоғамдық даму ерекшелігін өз ұстанымдары тұрғысынан түсіндіретін әлеуметтанулық деңгейдің аталуы:
-
теориялық әлеуметтану -
макроәлеуметтану -
микроәлеуметтану -
қолданбалы әлеуметтану -
эмпирикалық
№13
Нақты әлеуметтанулық зерттеулермен байланысқан әлеуметтанудың деңгейі:
-
қолданбалы әлеуметтану -
теориялық әлеуметтану -
макроәлеуметтану -
әлеуметтік инженерия -
микроәлеуметтану
№14
Қоғамдық қатынастарды жақсартатын және жетілдіретін әлеуметтанудың функциясы қалай аталады:
-
гуманистік -
болжамдық -
әлеуметтік бақылау -
ақпараттық -
дүниетанымдық
№15
Ақпаратты жинауды, жүйелендіруді және топтастыруды іске асыратын әлеуметтанудың функциясы:
-
ақпараттық -
әлеуметтік бақылау -
болжамдық -
дүниетанымдық -
гуманистік
№16
Қоғамның барлық саласында мақсатты бағытталған саясат жүргізу үшін әлеуметтанудың мәліметтерін атқарушы билік органдарына, әртүрлі саяси партиялар мен қозғалыстарға пайдалануға мүмкіндік беретін функция:
-
әлеуметтік басқару -
гуманистік -
қайта құрушылық -
ақпараттық -
болжамдық
№17
Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыратын саласы
-
экономикалық сала -
әлеуметтік сала -
саяси сала -
рухани сала -
мәдени сала
№18
Бұл саланың міндеті -қоғамдағы әлеуметтік тәртіпті қатамасыз ету, қақтығыстарды тоқтату, билікті қорғау және т.с.с.:
-
саяси сала -
әлеуметтік сала -
экономикалық сала -
рухани сала -
мәдени сала
№19
Жаңа білімдер ашу, оларды келесі ұрпаққа жеткізу, көркемдік құндылықтарды жасау қай саланың міндеті болып табылады:
-
рухани сала -
әлеуметтік сала -
экономикалық сала -
саяси сала -
мәдени сала
№20
Адамның қоғамдағы әл-ауқаты үшін жауап беретін сала – бұл:
-
әлеуметтік сала -
экономикалық сала -
саяси сала -
рухани сала -
мәдени сала
№21
Кезуші аңшылар, көсемдер, мал щаруашылығы мен жер шаруашылығы, неолит революциясы, ежелгі мемлекеттер, аграрлық қоғам, қазіргі заманғы қоғам – бұл:
-
қоғам дамуының сатылары -
қоғам түрлері -
қоғам дамуының кезеңдері -
қоғам дамуының жолдары -
қоғам дамуының кезеңдері
№22
Әр түрлі қоғамдық бірлестіктердің ұқсас белгілері:
-
қоғамның даму типтері -
қоғамның даму формалары -
қоғамның даму кезеңдері -
қоғамның дамуы жолдары -
қоғамның даму сатылары
№23
Қоғамның пайда болған уақыты:
-
40 мың жыл бұрын -
50 мың жыл бұрын -
30 мың жыл бұрын -
20 мың жыл бұрын -
10 мың жыл бұрын
№24
Қоғамның өзіндік жетілгендігінің басты белгісі:
-
экономикалық -
мәдени -
саяси -
рухани -
әлеуметтік
№25
Қоғам жөніндегі басқа ғылымдармен салыстырғанда әлеуметтанудың өзіндік ерекшеліктері мынадан көрінеді:
-
оның қоғамды зерттеуінен, оның элементтерінің өзара байланысы мен әрекетін зерттеуінен -
оны тарихи тұрғыдан зерттеуден, тарихи кезеңдерін сипаттаудан -
ондағы «әлеуметтік» және «қоғамдық» ұғымдарының теңестірілуінен -
оның зерттеу объектісінің, зерттеу пәнінің күрделілігінен -
әлеуметтанудың арнайы зерттеу әдісі мен методологиясының болуынан
№26
Әлеуметтік институттың басты артықшылығы:
-
алдын-ала болжам жасау, сенімділік, тұрақтылық -
неғайбылдық, күтпеген шешім жасау -
эксперимент мүмкіндігі, болжам жасау -
кездейсоқтық, тосыннан шешім жасау -
ретсіздік, тұрақсыздық, шиеленіс
№27
Институт алдымен мынаған негізделеді:
-
ара қатынастарды әлеуметтік реттеушілікке -
мүдделердің сәйкестігіне -
қажеттіліктер деңгейінің бірдейлігіне -
міндеттемелерді әлеуметтік реттеушілікке -
тәжірибе алмасуға, оны қолдануға
№28
Институттардың тиімділігін арттыруда не мүмкіндік туғызады:
-
еңбек бөлінісі және кәсібилік -
материалдық мүдделілік -
моральдық мүдделілік -
санкциялар, жазалаулар -
жеке жауапкершіліктің жоғарғы деңгейі
№29
Төменде көрсетілген әлеуметтік институттендірілген байланыстардан формальды еместерін бөліп көрсет:
-
достық -
шаруашылық қызмет -
ғылыми ізденіс -
білім -
нарық
№30
Адамдардың бірлескен қызметін ұйымдастырудың тарихи тұрғыдан қалыптасқан тұрақты формалары бұл:
-
әлеуметтік институт -
әлеуметтік ұйым -
әлеуметтік топ -
әлеуметтік жүйе -
әлеуметтік басқару
№31
Әлеуметтік мәртебелер мен ролдерді, нормалар мен ережелерді анықтау және бекіту үрдісі –бұл:
-
институционалдандыру -
үйрену -
интериоризация -
өзіндік сала -
өзін-өзі реттеу
№32
Әлеуметтік институттардың қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынастарын реттейтін қызметі:
-
реттеушілік -
біріктірушілік -
трансляциялау -
коммуникативтік -
қоғамдық қатынастарды бекіту және ұдайы өндіру
№33
Әлеуметтік топ мүшелерінің топтасуын, өзара тәуелділігін және өзара жауапкершілігін қамтамасыз ететін функцияны атаңыз:
-
біріктірушілік -
қоғамдық қатынастарды бекіту -
коммуникативтік -
реттеушілік -
трансляциялау
№34
Келер ұрпаққа тәрбиені жеткізетін функцияның аталуы:
-
трансляциялау -
біріктірушілік -
коммуникативтік -
реттеушілік -
қоғамдық қатынастарды бекіту
№35
Қоры шектеулі және тең бөлінбеген құндылықтарды иемдену үшін индивидтер, топтар немес қауымдастықтар арасындағы күрестің аталуы:
-
бәсекелестік -
кооперация -
бейімделу -
мәміле -
келісім
№36
Жаңа ортаның мәдени нормаларын, құндылықтарын және әрекет эталондарын индивидтің немесе топтың қабылдауы - бұл:
-
Бейімделу -
Кооперация -
Шыдамдылық -
Бағыну -
Келісім
№37
Жаңа мақсаттар мен тәсілдерді толық немесе жартылай қабылдау жолымен индивидтің немесе топтың өзгерген жағдайлар мен мәдениетке келісуін білдіретін бейімделу формасы:
-
Мәміле -
Шыдамдылық -
Бағыну -
Келісім -
Бейімделу
№38
Әлеуметтік құрылым – бұл:
-
әлеуметтік жүйедегі элементтердің тұрақты байланысы, әлеуметтік байланыстар мен қатынастар -
әлеуметтік позиция және мәртебелер -
қоғамдағы индивидттердің жиынтығы -
қоғамдағы құбылыстар мен процестердің жиынтығы -
элементтердің жиынтығы
№39
Маркстік теория бойынша әлеуметтік құрылымның өзегі:
-
таптар -
әлеуметтік қауымдастықтар -
әлеуметтік жіктер -
әлеуметтік топтар -
әлеуметтік институттар
№40
П.Сорокиннің теориясына сәйкес әлеуметтік стратификацияның үш түрі бар. Олар:
-
экономикалық, саяси, кәсіби -
туыстардың жағдайы, білім, этникалық шығу тегі -
байлық, престиж, билік -
білім, билік, табыс -
кәсіп, табыс, этникалық шығу тегі
№41