ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.10.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Іш сүзегі. А және В парасүзектері.
Анықтамасы. Іш сүзегі – Salmonella typhi бактерияларымен қоздырылатын, фекальды-оральды механизмімен берілетін, ащы ішектің лимфоидты аппаратын зақымдануымен өтетін, клиникасы айқын интоксикациямен, жоғары түрақты қызбамен, розеолезді бөртпемен, бауырдың, көкбауырдың ұлғаюмен сипатталатын жедел антропонозды жұқпалы ауру.
Этиологиясы. Қоздырғышы - Salmonella typhi -ішек тұқымдастығына, сальмонелл тегіне, серологиялық Д тобына қатысты. Бактерия барлық анилин бояуларымен боялады, олар кәдімгі құнарлы ортада өседі. Salmonella typhi - Грам (-) аэроб. Лимфотропты қасиетімен сипатталады. Қоздырғыш ыдырағанда эндотоксин бөлінеді. Эндоксиннің әсері іш сүзегінің клиникалық және лабораторлық белгілерін түсіндіреді. Олар: айқын интоксикация, қызба, салыстырмалы брадикардия, ішектің парезі, метеоризм, лейкопения.
Өт қосылған коректі орталарда жақсы өседі. Сыртқы ортада сүзек-парасүзек бактериялары біршама тұрақты. Су мен топырақта олар бірнеше күннен бірнеше айга дейін сақталуы мүмкін. Бактерия үшін жағымды орта азық-түлік өнімдері (сүт, қаймақ, ірімшік, ет фаршы), мұнда олар тек сақталып қоймай, сонымен бірге көбейеді. Микробтар қыздыруда тез жойылады (60°С-30 мин, ал 100°С -тіптен тез). Дезинфекциялық ертінділерге сезімтал.
Эпидемиологиясы. Іш сүзегі мен тек қана адамдар ауырады. Бұл таза антропоноз. Инфекцияның көзі - науқас адам немесе бактериятасымалдаушы.
Сүзек-парасүзек қоздырғыштары әсіресе азық-түлік өнеркәсібінде, көпшілік тамақтандыруда және балалар мен сауықтыру мекемелерінде істейтін қызметшілердің арасында қауіпті.
Жұғу механизмі фекальды-оральды. Аурудың жұғу жолдары: су арқылы, азық-түлік өнімдері арқылы (алиментарлы) және тұрмыстық - контактілі.
Ауруға барлық адамдар сезімтал. Ауруды бастан кешкеннен соң тұрақты иммунитет дамиды.
Патогенезі. Іш сүзегінің патогенезі - циклді процесс. Патогенез сатылары қоздырғыштың адам организміне енү, тропты тіндерде көбею, қанға өту, қаннан барлық ағзаларға таралу және қоздырғыштың организмнен бөліну кезеңдеріне сәйкес болып келеді.
Іш сүзегінің патогенез сатылары:
1. Жұқтыру сатысы.
2. Біріишілік регионарлы инфекция сатысы.
3. Бактериемия және токсинемия сатысы.
4. Паренхиматозды - диссеминация сатысы.
5.Қоздырғыштың элиминация және аллергиялық өзгерістердің даму сатысы.
6.Иммунитет қалыптасу және айығу сатысы - реконвалесценция кезеңіне сәйкес келеді.
Аурудан кейін тұрақты және ұзақ иммунитет қалыптасады. Іш сүзегінің қайталануы сирек кездеседі.
Клиннкалық көріністері. Іш сүзегі кезіндегі жұқпалы ауру процесінің ағымында келесідегідей кезеңдер ажыратылған: жасырын,бастапқы, өршу және реконвалесценция, немесе аурудың нәтижелері.
Жасырын кезең орташа 10-14 күн (7-23 күнге дейін болуы мүмкін). Аурудың типтік түрінде ауру біртіндеп баяу басталады. Күн сайын дене температурасы 1°С жоғарлап (баспалдаққа шыққан сияқты), аурудың 4-5 күндері ол ең жоғарғы шекке жетеді. Ауру жедел басталады.
Аурудың бастапқы кезеңінде науқастарда жалпы сырқатты хал, бүкіл дененің шаршағандай сезімде болуы, бас ауыруы, ұйқы мен тәбеттің нашарлауы, еңбекке қабілеттің төмендеуі, субфебрилитет байқалады. Бастапқы кезең бір аптаға жуық созылады. Дене қызуының көтерілуімен қатар улану нышандары да үдеп, ішкі мүшелер зақымданады: тері жабындылыарының бозаруы күшейіп, бас ауыруы, брадикардия. Іштің қатуы немесе өтуі мүмкін. Бастапқы кезеңге аса тән нышандар: қызба, әлсіздік, бастың айқын ауруы, ұйқының бұзылуы.
Аурудың өршу кезеңінде аурудың барлық нышандық жинақтары дамиды. Өршу кезеңінің ұзақтығы 1-2 апта. Дене қызуы әрқашан жоғары қалыпта сакталады. Науқастардың көбінде сүзек статусы дамып, розеолдар білінеді, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, жүрек-тамыр жүйелері, ішектер, тыныс алу мүшелері де зақымға ұшырап, олардың қызметтері де бұзылады.
Аурудың негізгі нышаны - қызба. Өршу кезеңінде дене температурасы 39-40°С. Қызбаның сипаты - тұрақты. Таңертенгі температурамен кешкі температураның айырмашылығы 1°С аспайды. Сондықтан науқаста қалтырау, тершеңдік белгілері болмайды. Науқас тек қызып жатады. Айқын интоксикация дамып Status typhosus қалыптасуы мүмкін. Бастың айқын ауруы, үйқының қашуы науқастарды қатты мазалайды.
Организмнің интоксикациясы дамығын кезде жүрек-қантамыр жүйенің зақымдануы міндетті түрде қалыптасады. Іш сүзегіне аса тәң бұзылыстарға салыстырмалы брадикардия, пульстың дискротиясы, гипотония, миокардиодистрофия, миокардит жатады.
Негізігі патологиялық процесс ас қорыту жүйесінде дамиды. Науқастарда
фулигинозды (сүзектік) тіл симптомы пайда болады. Тіл ісініп, калың қоңыр түсті жабындымен жамылып, тістердің іздерімен сипатталады.
Аурудың келесі маңызды нышаны метеоризм - іштің кебуі. Науқастарда ішектің парезі дамығаннан соң дәреті тоқтап қалуы мүмкін, кейде диарея даму мүмкін. Оң жақ илео-цекальды аймақта іштің ауру сезімі, шырылдауы анықталады, салыстырмалы перкуссия жүргізгенде оң жақ мықын аймағында перкуторлы дыбыс туйықталады (Падалка симптомы). Гепатомегалия және спленомегалия дамиды.
Іш сүзегінің маңызды диагностикалық белгілеріне бөртпе жатады, морфологиялық сипаты - розеола (көлемі 2 мм дейін, майда дақ). Бөртпенің денеге шығу мерзімі: аурудың 8-10 күндері. Бөртпенің орналасатын жері - қарынның алдыңғы қабырғасы, кеуде. Розеолалардың саны 1-5-10. Пайда болған розеолалар 1-5 күн аралығында із қалдырмай жойылып кетеді.
Іш сүзегінің типтік және атиптік ағымы ажыратылған. Реконвалесценция кезеңі қызбаның жойылуымен және мүшелердің барлық қызметтерінің біртіндеп тұрактануымен сипатталады.
Іш сүзегінің клиникалық жіктелуі
-
Типтік түрі :
-
жеңіл -
орташа ауыр -
ауыр
Атиптік түрі :
-
абортивті -
амбулаторлы көмескі
Сирек кездесетін түрлері:
-
менинготиф -
пневмотиф -
колонотиф -
нефротиф
Бактериятасымалдаушылық:
-
транзиторлы -
жедел -
созылмалы
Асқынулары:
-
Арнайы
-
ішектен қан кету -
ішек перфорациясы, перитонит -
инфекциялық-токсикалық шок
-
арнайы емес-
пневмония -
менингит -
пиелит -
паротит -
тромбофлебит
-
Диагностикасы.
Іш сүзегін танып - білу үшін клиникалық мәліметтерден басқа, зерттеу лабораториялық әдістерінің нәтижелеріне, эпидемиологиялық анамнезге сүйену керек.
Салыстырмалы диагнозды қызбамен сипатталатын барлық жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен жүргізу қажет: жедел респираторлы аурулармен, өкпе қабынуымен, милиарлы туберкулезбен, туберкулезды менингитпен, бруцеллезбен, безгекпен, мононуклеозбен, лептоспирозбен, сепсиспен және т.б.
Шешуші диагностикалық белгілер:
1.Қаннан ауру қоздырғышын табу (қанды өт сорпасына немесе Раппопорт ортасына себу).
2.Сүзек-парасүзек ауруларынын диагностикасы үшін, ең үлкен маңызды алғашқы 5-6 күнде келесідегідей клиникалық мәліметтер алады: жоғары тұрақты қызба, айқын интоксикация, "сүзектік тіл", гепатолиеналды синдром, метеоризм, Падалка «оң» нышаны.
3.Гемограммада іш сүзегіне тан өзгерістер: лейкопения, анэозинофилия, таяқша ядролы нейтрофилдердің жоғарлауы.
Диагнозды растау үшін бактериологиялық және серологиялық әдістерді қолданады. Өт қосылған қоректі орталарға науқастың қанын (гемокультура), зәрін (уринокультура), нәжісін (копрокультура) міндетті түрде себеміз. Өтті (биликультура) бактериотасымалдаушылардан ғана алып себеміз.
Емдеуі. Іш сүзегінің ағымы мен нәтижесі дұрыс күтімге, диетаға, этиотропты және патогенетикалык ем жүргізу тәртібіне байланысты. Іш сүзегінің емдеуі комплексті болуы керек.
Науқасты тыныштықта, жайлы төсекте күту керек. Маңызды мәнді ауыз қуысы мен теріні күту жағдайы алады. Төсекте жату режимін 6-7 күнге дейін сақтаған дұрыс. Ал 7-8-ші күндері науқастың отыруына рұқсат етіледі, 10-11 - күндері дене қысымы тұрақтанса, жүріп - тұруға рұқсат беріледі. Науқастарға №4 және 4б, сосын 4в, 2 диста тағайындалады. Іш сүзек-парасүзек аурулары кезінде антибиотиктердің ішінен ең тиімдісі - левомицетин болып табылған. Соңғы жылдары фторхинолондар тиімді препараттар болып табылды.
Ішектен қан кеткенде қатаң төсек режимі керек, шалқасынан 12- 54 сағат бойы жатқызу. Қарынға суық басып, 10-12 сағат аралығында тамақ ішуге тиым салынып, ішетін сұйықтықтың мөлшері 500 мл дейін шектеледі.
Науқастарды ауруханадан дәрігер-инфекционистің бақылауы және рұқсаты бойынша шығарады. Қосымша ауруларды емдеу мақсатқа сәйкес жүргізіледі.
Алдын алу шаралары. Сүзек-парасүзек ауруларымен күрес бойынша шаралар былай бағытталуы керек: жүқпалы аурулардың көзін зиянсыз ету; берілу жолдарын қиып өту; жалпы тазалық шараларын жүргізү; сумен жабдықтаудың сапасын жақсарту, көпшілік орынды таза ұстау, канализацияларды тазалау, шыбындармен күрес. Наукастар ауруханадан шыққаннан кейін диспансерлік бақылауда 3 ай бойы болады. Науқастың нәжісі, дәреті, өті бактериологиялық бақылаудан өтеді. Сүзек-парасүзек ауруларына қарсы иммунизация жоспарлы тәртіпте, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша іске асылады.
А және В парасүзектері.
А және В парасүзектерінің морфологиялық, иммунологиялық, эпидемиологиялық, патогенетикалық және клиникалық көріністері іш сүзегімен ұқсас, бірақ та кейбір өзгешеліктері бар.
А парасүзегі коздырғышы – Salmonella paratyphi А. Жасырың кезеңі іш сүзегіне қарағанда қысқа келеді, оның мерзімі 8-10 күн шамасында. Ауру көбінесе жедел түрде басталады, бастапқы кезеңінде кейде тұмаумен араласып, жөтел де қосылады. Науқастарды тексергенде беті қызарып, көздің айналасы да қызарып, ерінге герпестік бөртпелер шығады. Температуралық қисыстары типті мінездеме бермей, кейде ремиттерлеуші болады. Қалтырап қозудың арты тоңуға ауысады, сосын бірқалыпты болады. Кезінде теріге бөртпелер шығып, олар полиморфты (дақты, дақты папулезді) болады, денеде бір мезгілде пайда болады. Бөртпелер қызарыңқырап, қызылшаға ұқсап, болмаса қанталап тұрады. Улану занды түрде баяу жүріп, іш сүзегіндей статуста өтпейді. Қан анализінде нормоцитоз, кейде лейкоцитоз, лимфомоноцитозбен кездесетіні белгілі болады. Ауырған адамдардың көпшілігінде бұл дерт орта ауыр жағдайда, кей жағдайда ауыр түрінде өтеді. Ішектен қан кетуіне, өкпенің қабынуына т.б. асқынуларына ауыспайды. Бұл аурудың қайталануы жиі болады.
В парасүзегі қоздырғышы – Salmonella paratyphi B. Жасырын кезеңі 5-10 күннен тұрады, кейде бұдан ұзақ болуы мүмкін.
Ауру көбінесе жедел басталып, адам тоңып дірілдейді, бұлшық еітері ауырсынады және тер бөліне бастайды. Дерттің бастапқы кезеңінде улану жағдайымен бірге қосарланып жедел гастроэнтерит өршиді. Мұндайда дене қызуы ұзақ болмайды да, көбінесе ауытқып қайталанып тұрады. Бөртпелер дерттің бастапқы кезінде көрінеді де, өзінің полиморфтығымен көрінеді. Кейбір жағдайларда дерті ауыр жағдайда өтеді. Ол іріңді менингитке, менингоэнңефалитке, септикопиемияға айналады. Қан анализінде нейтрофилді лейкоцитоз байқалады. Дерттің қайталануы мүмкін.
Дизентерия (шигеллез)
Аныктамасы. Бактериальді дизентерия (синонимі - шигеллез) - шигеллалармен шақырылатын, фекальді-оральді жұқтыру механизммен, интоксикация белгілерімен және тоқ ішектің дистальді бөлігінің зақымдалуымен, іште толғақ тәрізді ауру сезімінің пайда болуымен, шырыш және қан аралас жиі іш өтуімен, тенезмалармен сипатталатын ішек инфекцияларының аурулар тобына жататын антропонозды ауру.