ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.10.2024
Просмотров: 12
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыптың өзектілігі. Дизентерия дүние жүзінде кең таралған ауру. Бактериальді дизентерия Қазақстанда әлі де маңызды проблема болып қалып жатыр. Ішек инфекциялар тобында дизентерияға 50- 60% түседі. Шигеллездың маңыздылығы оның кең таралғандығына, аурушылдығының эпидемиялық түрінде болуына, клиникасының ауыр түрінде өтуінің мүмкіншілігіне байланысты, асқынулар ретінде инфекциялық-токсикалық және гиповолемиялық шоктардың даму мүмкіншілігіне байланысты.
Тарихи мәліметтер. «Дизентерия» термині Гиппократ дәурінен бері белгілі. ол Ертеде дизентерия кең таралған және эпидемияпық сипатта болған. Әскери дәрігер А.В.Григорьев дизентериядан өлген адамның организімінен Грам - теріс микроорганизмдерді бөліп алып, қояндарға тәжірибе жасау арқылы олардын морфологиясын және патогенділігін зерттеді. 1889 ж. жапон ғалымы К.Шига осы қоздырғыш туралы кейбір жаңа мәлеметтер ашты.
Этиологиясы. Бактериальды дизентерияның қоздырғышы - шигелла туыстығына жататын қозғалмайтын Грам-теріс микроорганизмдер. Қазіргі жіктелуі бойынша шигеллалар 4 түрге бөлінеді:
1) Sh. Disenteriae - бұған Григорьев-Шига, Штуцер-Шмитц және Лардж-Сакс бактериялары кіреді.
2) Sh. Flexneri - бұл түрдің ішіне Sh. Newcastle кіреді,
3) Sh. Boydii,
4) Sh. Sonnei.
Шигеллалардың құрамында эндотоксин бар, ол интоксикация белгілерін тудырады. Шигеллалардың экзотоксин түзу қабілеттігі бар, олардың ішінде энтеротоксин және цитотоксин бар. Энтеротоксин ішек құысына су мен электролиттің түзілуіне себеп болады, ал цитотоксин ішектің эпителиальды жасушаларының мембраналарын зақымдайды.
Дизентерия бактериялардың құбыр суларда 25-30 тәулік, топырақта жыл мезгіліне орай бірнеше айлар өмірін сақталынады. Қоздырғыш тұрмыстық заттарда: жиһаздарда, төсек орныда, ойыншықтарда, ыдыстарда, есік тұтқасында т.б. заттарда ұзақ сақталуы мүмкін. Сондықтан, шигеллездің негізгі берілу жолы контактілі-тұрмыстық («лас қолдың ауруы» деп аталады). Шигеллалар дезинфекциялық заттар әсерінен тез тіршілігін жояды, тікелей күн сәулесінде 30 мин. дейін, ультракүңгі сәуледе 10 минутқа дейін тіршілік сақтайді.
Эпидемиологиясы. Инфекция көзі болып жедел және созылмалы дизентериямен ауыратындар және бактериятасымалдаушылар болып табылады. Тағамдық өнеркәсіпте жұмыс істейтін адамдар ауруын жасыруы нәтижесінде қазіргі кезде дизентерия ауруының негізгі көзі болып табылады.
Шигеллез фекальді - оральді механизмен берілетін ауру. Аурудың берілу жолдары: тұрмыстық-қатынасу, тағам , су арқылы. Берілу факторлары болып залалданған су, тағамдар, жуылмаған көкөністер, жеміс жидектер, залалданған тұрмыстық заттар, есік тұтқалары, лас қол табылады.
Шигеллез барлық жас топтары қабылдауға бейім инфекция, бірақ балалар жиі ауырады.
Патогенезі. Шигеллез кезіндегі патологиялық процестің даму механизмі төтенше күрделі және толық анықталмаған. Дизентерия қоздырғышының кіру қақпасы ауыз куысы арқылы. Ауыз қуысынан қоздырғыш асқазанға түседі, онда тұз қышқылы, ас қорыту ферменттері, лизоцим әсерінен жартылай өліп, эндотоксин бөлінеді. Қалган бактериялар ащы ішекке өтіп энтеротоксин, цитотоксин боледі. Тоқ ішекке жетіп қоздырығыштар эпителиальді жасушалардың ішіне енеді. Тоқ ішектің шырышты қабатының зақымдалуы жедел дизентерияның колиттік вариантымен сипатталатын негізгі симптомдарына себеп болады.
Бактериалардың ыдыраған кезінде тоқ ішектің шырышты қабығында әртүрлі морфологиялық өзгерістер және жүйелік зақымданулар тудыратын көптеген токсинді өнімдер бөлінеді.
Тоқ ішектің гипермоторлы дискинезиясы, шырышты кабықтың серозды ісінуі дамиді, капиллярлық гемодинамика бұзылады және онда деструктивті процесстер туындайды, ішек микрофлорасының сапалық және сандық құрамы өзгереді. Жергілікті өзгерістермен қоса дизентернялық эндотоксині витамин және белок алмасуын бұзады, гемостаз өзгеруін шақырады. Қан құрамындағы токсиндер аурудың организміне әсер етеді соның ішінде перифериялық және орталық жүйке жүйелерінің интоксикация синдромының клиникалық көрінісі түрінде әсер етеді. Сирек жағдайда патогенетикалық маңызы жоқ қысқа мерзімді бактериемия байқалуы мүмкін. Дизентерияның патогенезіне бактериемия тән емес. Дизентерия жергілікті инфекция.
Шигеллез патогенезінде аллергиялық фактор белгілі роль атқарады.
Шигеллез кезінде иммунитет түр-тұқым және тіпті типі арнайы болады, оның ұзақтығы 1-3 айдан 2 жылға дейін ауытқып тұрады.
Патанатомиясы. Дизентерия кезінде патоморфологиялық өзгерістер ток ішектің дистальді бөлгінде табылады. Тік ішек пен сигма тәрізді ішектің шырышты қабығы гиперемияланған, көбінесе ісінген, кейде майда қан қүйылулар байқалады.
Клиникасы. Клиникалық ағымына байланысты дизентерияны жедел және созылмалы деп бөледі. Жедел дизентерия бірнеше күннен 3 айға дейін созылады, 3 айдан ұзаққа созылатын дизентерия созылмалы деп есептелінеді. Ауру жиі жедел тұрде отеді.
Дизентерия жедел түрі циклді процесс. Аурудың ағымында 4 кезеңді бөлу керек: жасырын, бастапқы, өршу және реконвалесценция (немесе аурудың нәтижелері).
Аурудың жасырын кезеңі 1-7 күн (көбінесе 2-3 күн).
Жедел шигеллездың колиттік варианты: ауру әдетте кенеттен басталады. Ауруда іштің төменгі жағындағы ауру сезімі, дефекация актісіне сәйес келетін сигма тәрізді ішек аймағында, кейіннен тік ішек аймағында тартып тұратын ауру сезімді тенезмалар пайда болады. Нәжісте патологиялық қосындылар (шырыш, қан) болады. Дәреттің жиілігі аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты, бірақ кобінесе өте жиі аз мөлшерлі болады. Аурудың жеңіл ағымы жеңіл интоксикациямен және әлсіз колиттік синдромымен сипатталады. Дәреттің жиілігі тәулігіне 3-5 реттен 10 ретке дейін, нәжістің сипаты шырыш қоспасы, кейде қан араласқан болады. Дене қызуы субфебрильді. Ректороманоскопия жүргізгенде катаральды немесе сирек катаральды-эрозивті проктосигмоидит анықталады.
Созылмалы дизентерия. Қазіргі ауқытта 0,5-1% жағдайда кездеседі. Жедел дизентериямен ауырғаннан кейін 2-5 айдан соң рецидив болуы мүмкін.
Диагностикасы. Клиника-эпидемиологиялық мәліметтерге негізделеді.
Аурудың колиттік түрінде негізгі симптомдарға сол жақ мықын аймағында толғақ тәрізді ауру сезімі, жиі іш өту, шырышпен қан аралас аз мөлшерлі нәжістің пайда болуы, дене қызуының 38-39°С көтерілуі, тығыздалған ауру сезімді сигма тәрізді ішектің анықталуы жатады.
Лабораторлық диагностикасы:
а) копрологиялық зерттеу нәжіс жағындысын микроскоп арқылы тексергенде лейкоциттерді, эритроциттер, эпителиальды жасушаларды, шырыштың ошақтарын анықтауға болады. Лейкоциттердің 80% нейтрофильдер құрайды.
б) RRS - ректороманоскопия: тоқ ішектің дистальды бөлігін (тік ішекпен сигма тәрізді ішекті) ректоскоп арқылы зерттеу. Жедел дизентерия кезінде катаральды, катаральды-эрозивті, катаральды-жаралы, фибринозды-некрозды проктосигмоидит, ал созылмалы дизинтерия кезінде ішектің шырышты қабықшаларының әлсіз қабынуымен бірге атрофия ошақтары, крипталардың деформациясы анықталады.
в) бактериологиялық зерттеуге алынады: нәжіс.
г) серологиялық зерттеу: дизентериялық антигенмен ТеГАР (РНГА), жұпты сарысу.
Салыстырмалы диагностиканы өткізу қажет: салмонеллезбен, тағамдық токсикоинфекциялармен, тырысқақпен, амебиазбен, балантидиазбен, лямблиозбен, жедел хирургиялық және гинекологиялық аурулармен.
Емдеуі. Индивидуальды, кешенді, патогенетикалық болу керек. Ауруханаға жатқызу клинко-эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша жургізілу керек. Ең алдымен орташа аурулықтағы және ауыр түрлі дизентериямен ауырған науқастарды, қосымша ауыр аурулары бар науқастарды, балаларды, жоғары эпидемиологиялық қауіпі бар адамдарды (тағам өндірістігінде істейтін адамдар, т.б.) ауруханаға жатқызады. Дизентериямен ауыратын науқастарды үйде емдеуге болады, ошақты бақылау учаскелі дәрігерге тапсырылады, ол инфекционистің консультациясы арқылы емдік және профилактикалық шараларды іске асырады.
Дизентерияның кез-келген түрін емдеу үшін міндетті компонент емдік тамақтану болып табылады. Мұнда ішекке тітіркендіргіш әсері бар тағамдар мүмкіндігінше аз пайдаланады. Ауруларды кәдімгі тамақтануға 1-2 ай мерзімде клиникалық симптомдар жойылғанша көшіріледі.
Энтеросорбенттердің ролі маңызды: смекта, тагансорбент.
Жергілікті емді реконвалесценция кезеңінен бастап қолдануға болады: қызыл май қосылған ректальды свечалар.
Алдын алу шаралары. Инфекция көзін табу үшін берілу жолын қиюға, организмнің резистенттілігін көтеруге бағытғалған шаралар жиынтығы қажет. Ерте диагнозды анықтау және адекватты дұрыс емдеу маңызды. Алдын-алудың бір әдісі санитарлық-гигиеналық тәртіпті сактау. Өнеркәсіптерге қатаң санитарлық бақылау қою, әсіресе сүт және сүт өнімдері қолданатын өнеркәсіптер. Санитарлық-ағарту жүмыстарын жүргізу өте маңызды орын алады.