ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.10.2024
Просмотров: 3
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Полимерлену реакциясы
11 сынып
пән мұғалімі: Шаку З.
Мақсаты:
10.4.2.20 полимерлеу реакциясының физикалық мәнін түсіндіру;
10.4.2.21 химиялық реагенттерге қатысы бойынша пластиктердің салыстырмалы инерттілігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу;
- Полимерлер
- Макромолекула
- Мономер
- Құрылымдық буын
- Полимерлену дәрежесі.
Білім тексеру сұрақтары:
Сұрақ –жауап:
1.Алкендерге қандай физикалық қасиеттер тән?
2. Этиленнің қолдану аясы көп, не себептен деп ойлайсыздар?
Жоғары молекулалы қосылыстар немесе полимерлер — молекула құрамында өзара химикалық немесе координаттық байланыстармен қосылған жүздеген, мыңдаған атомдары бар және өздеріне ғана тән қасиеттермен ерекшеленетін заттар тобы. (грекше πολύ- — көп, μέρος — бөлік, бөлігі
Полимерлер.Макромолекула
Полиэтилен макромолекуласының
фрагменті
Ең қарапайым органикалық полимер - полиэтилен, ол этиленнің полимеризациялануынан түзіледі. Полимер синтезделетін кіші молекулалы зат мономер деп аталады, ал мономердің n молекуласы қосылса, полимер түзіледі («поли»- көп деген сөз).
nН2С = СН2 → [-CH2- CH2-]n
Полимерлену дәрежесі (n ) жоғары молекулалық қосылыстың молекулалық массасымен (Мn) мынандай қатынаста болады:
n= М/Mm
мұнда, m – буынның молекулалық массасы.
Полимерлер.
Мономерлердің негізгі бөлігінен тұратын топтар буындар деп, ал буындардан құралған үлкен молекула - макромолекула деп аталады.
Макромолекудағы қайталанып келетін буынның саны полимерлену дәрежесі деп аталады.
Полиэтилен макромолекуласының
фрагменті
Полимерлену реакциясының жүру механизмі
Полимерлену механизмі
Полимерлердің түрлері
Жоғары молекулалы қосылыстар
Синтетикалық
Табиғи
Жасанды
Полимерлердің түрлері
Табиғи жоғары молекулалы қосылыстар биосинтез барысында тірі организм клеткаларында түзіледі.
Табиғи жоғары молеулалы қосылыстар
Нуклейн қышқылдары
Ақуыздар
Полисахаридтер
Табиғи шайырлар
Полимерлердің түрлері
Синтетикалық жоғары молекулалы қосылыстар мономерлерді поликонденсациялау, полимерлеу арқылы алынады.
Синтетикалық полимерлерге: полиэтилен, полипропилен, полистирол, полиамид, фенолды шайыр т.б жатады
Жасанды (талшықты) полимерлер - табиғи полимерді химикалық реактивтермен әрекеттестіру кезінде алынады.(ксантогенат,нитрат,целлюлоза ацетаты)
Полимерлер 4 түрге бөлінеді:
- Конструкциялық пластиктер. Оларды көбіне пластмассалар деп атайды. Басқа полимерлерден айырмашылығы мынадай: пластиктер — бөліну беріктігі 50—200 кг/см2 болатын қатты заттар.
- Эластомерлер. Оған каучук, резеңке және осыларға ұқсас материалдар жатады. Эластомерлерге атына сәйкес жоғары (эластикалық) иілімділік, созылғыштық тән, деформациялығы қайтымды.
- Талшықтар мен жіптер. Бұларға осы талшықтардан тоқылған маталар жатады. Бұл материалдардың қасиеттері молекулаларының үш өлшемінің қайсысын негізге алуға байланысты бір-бірінен айқын ерекшеленеді.
- Қабыршақтар, лактар, бояулар және басқа қорғағыш, әсемдегіш жабындар (пленкалар). Бұл заттарда қасиеттердің анизотропиялығы өте айқын байқалады. Лак, бояу материалдарының олар жабатын негізбен берік байланысында — адгезияның да маңызы зор.
- Лактар мен бояулар
- Талшықтар мен жіптер
- Эластомерлер
- Конструкциялық
пластиктер
Полимерлерді қолдану аясы
Полимер материалдарының құрылыста кең тарауы ешкімді таңдандыра қоймас. Мәрмәр, кварц және басқа тау жыныстарының керамика, цемент сияқты минералдарды байланыстырушы заттардың полимерлі табиғатын ескермегеннің өзінде дүние жүзінде салынған үйлер мен құрылыстардың тең жартысынан астамы ағаштан, жалпы айтқанда органикалық полимерден жасалған. Кейінгі кезде құрылыс жұмыстарына жасанды полимерлер көптеп пайдаланыла бастады.
Мұнда асфальт пен рубероидтың алатын орыны ерекше. Асфальт дегеніміз – битум мен минералды заттардың (әк, құм, тас) қоспасы. Құм, қиыршық тас араластырылған асфальт жол салуға, өнеркәсіп құрылыстарының еденіне, гидродинамикалық материал ретінде пайдаланылады. Рубероид – битум сіңірілген картон қағаздың бетіне асбест не тальк жабыстыру арқылы жасалады. Ол үй шатырын жабуға және басқа гидроизоляциялық мақсаттарға қолданылады.
Сұраққа жауап беріңіз
?
Мономер дегеніміз не?
Құрылымдық буын дегеніміз не?
Полимерлену дәрежесі дегеніміз не?
Тапсырмалар: Барлық тапсырмаларды жұмыс дәптерлеріңізге орындаңыздар.
1.тапсырма: https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/organikalyq-ximiya/polimerler/lesson/polimerler-zhane-olardyng-qasietteri. Мына ссылкамен өтіп 2 тапсырманы орындаңыздар.
2 тапсырма:Тетрафторэтиленнің полимерлену реакциясын жазыңыздар.
3 тапсырма: Жоғары және төмен қысымда өндірілген полимерлердің қандай айырмашылықтары бар
Оқулықтан 93 беттергі § 72 №4 тапсырма.
.
Оқу тапсырма:
Назарларыңызға
рахмет!!!