Файл: Шарбаты жалпы орта білім беретін мектебі 11сынып бойынша трбие жмысыны жылды есебі 20212022 оу жылы Масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.10.2024
Просмотров: 7
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Шарбақты жалпы орта білім беретін мектебі
11сынып бойынша тәрбие жұмысының жылдық есебі
2021-2022 оқу жылы
Мақсаты: Мектеп ережесін түсіндіру, тәрбиенің алғашқы қағидаларынмен таныстыру; Сыныптағы тәрбие жұмысын жан-жақты ұйымдастыру; Болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене білетін, рухани ойлау дәрежесі биік, Отанын сүйгіш, еңбекқор, қабілетті адам даярлауға бағыттау.
Міндеттері:
-
Дұрыс, әдемі сөйлеуге, ізетті болуға тәрбиелеу; -
Оқу-құрал, кітапты күтіп ұстауға, кешікпей, сабақтан қалмауға дағдыландыру; -
Оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуге ықпал ететін тәрбие жұмысын құру; -
Оқушылардың қазіргі кездегі өмірге деген көзқарастарын мағыналы түрде аша білуге және кәсіби тұрғыда қажет маңызды тұлға болып жетілуіне ықпал ету; -
Оқушының кез-келген жұмыс барысында өзін-өзі көрсете алуына, қоғамдық жұмыстарға араласуына ықпал ету; -
Мемлекеттік рәміздерді құрметтей алатын, әдептілік ережесін, тыйым сөздерді білетін, отбасы ұғымының мағынасын түсіндіре алатын оқушы дайындау; -
Өз Отанын сүюге, құқықтары мен бостандықтарын сүюге тәрбиелеу.
Биылғы 2021-2022 оқу жылында тәрбие жұмысының жоспарын 8 бағыт бойынша жұмыс жүргізілді.
Оқушылардың дамуында әлеуметтік жағдайының динамикасын талдау:
Барлық 11 оқушының 3 қыз, 8 ұл.
Көп балалы отбасынан - 3 бала /Айтимов Алихан, Қизат Аружан,
Сакен Ақжол/.
Аз қамтылған отбасынан: 2 бала /Жастлеков Елдос, Сапожник Мадина/
Сынып ұжымы дамуына талдау:
Сыныпты жалпы зерттегенде сыныпта белсенді бірнеше оқушылар бар. Сыныптағы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы өте жақсы, қалыпты. Сыныптың топ басшысы Қизат Аружан және бірнеше сынып белсенділері бар. Үздік оқитын оқушылар: жоқ, екпінді оқушылар – 4 / Жастлеков Елдос, Қизат Аружан, Капшаева Жансая/.
Сыныптың рухани-психологиялық ауа-райы, оқушылардың қарым-қатынастық мінезі – қыз балалар өзара да, ер балалармен де сыпайы қарым-қатынаста. Қыз балалар сынып ішінде шешім қабылдағанда басымдылық көрсетеді.
Сынып оқушылары мектепте өтетін әртүрлі үйірмелерге қатысады.
Оқушылар апталықтарда, мектептің түрлі іс-шараларында қатысып, белсенділік таныта біледі.
Жыл бойы өткен тәрбие жұмысының бағыттары бойынша талдау:
1.Жаңа Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Мақсаты: жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жкмқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру. Осы бағыт бойынша өткізілген тәрбие сағаттары:
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сынып сағаты «Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім» /Білім сабағы/, 195 жыл (1826) Баянауыл құрылған күннен бастап «Қазіргі және болашақ: әр бала үшін қорғалған шақ» /Пікірталас/, 1 желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президенті күніне «Асқақтай бер, тәуелсіз, егеменді елдігім!» /Жыр эстафетасы/, «Отты жылдан оралғандар» Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу, 1 наурыз – Алғыс айту күні «Патриотизм –ұлттық рухтың асқақ белгісі» /Танымдық сабақ/, 9 мамыр-Жеңіс күні «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар!» Б.Момышұлы. /Танымдық сабақ/.
2.Рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты: тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтары-мен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру. Осы бағыт бойынша өткізілген тәрбие сағаттары: «Еңбек ардагері – ел құрметтісі» /Зейнеткер ардагермен кездесу/, «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» /Өзін-өзі басқару/, «Рухани жаңғыру. 100 жаңа есім» /Жоба қорғау/, «Имандылық – ізгілік негізі» /Дін қызметкерлерімен кездесу/, 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күніне «Білімді ұрпақ -біздің келешегіміз» /Дөңгелек үстел/.
3.Ұлттық тәрбие
Мақсаты: тұлғаның жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностармен этикалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету. Осы бағыт бойынша өткізілген тәрбие сағаттары: «Тіл-ұлттың жаны» /Сыр-сұхбат/, «Толеранттылық - достық пен бірлікке апарар басты жол» /Пікірталас/, 16 -17 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне «Аталар мұрасы – халық қазынасы» /Зерттеу сабағы/, «Әл Фараби – әлемнің екінші ұстазы» /Ізденіс сабағы/, 21, 22, 23 наурыз-Наурыз мейрамы «Наурыз – құт, береке, молшылық!» /Мерекелік кеш/.
4.Отбасылық тәрбие
Мақсаты: ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық педагоги-калық құзіретті-ліктерін және жауапкерші-ліктерін арттыру.
Осы бағыт бойынша өткізілген тәрбие сағаттары: «Тәрбиенің мекені - отбасы» /Танымдық сабақ/, Стресс пен кикілжіңдерді шешуге психологиялық қолдау /Психолог кеңесі/, «Отбасы – аялы алақан мекені» /Пікіралмасу/.
5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты: тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту. Осы бағыт бойынша өткізілген тәрбие сағаттары:
6.Полимәдени және көркем эстетикалық тәрбие
Мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңестік құру. Осы бағыт бойынша өткізілген тәрбие сағаттары: «Әртүрлі дәуірлердің кездесуі» /Арт-салон/, «Ынтымағы жарасқан қазақ елі» /Өзге ұлт өкілімен кездесу/, «Қазақ елі – достықтың мекені» /Дөңгелек үстел/.
7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты: білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестен-діруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлілігін дамыту. Осы бағыт бойынша өткізілген тәрбие сағаттары: «Мен едім от жүректі Қасым ағаң!» /Танымдық сабақ/, «Абай – дана, Абай – дара қазақта» /Танымдық сабақ/, «Мәңгі өшпес жарық жұлдыз» Ш. Уалихановқа 185 жыл /Танымдық сабақ/.
8. Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру
Мақсаты: салауатты өмір салты, дене дамуы және психоло-гиялық денсаулық сақтау дағдылары, оған зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату. Осы бағыт бойынша өткізілген тәрбие сағаттары: «Мен өз денсаулығыма жауаптымын» /Пікір сайыс/, «Нашақорлық – ғасыр дерті» /Дөңгелек үстел/, «Зиянды әдеттерден аулақ бол» /Пікіралмасу/.
Қорытынды: Қорыта келгене 2021-2022 оқу жылына құрылған тәрбие жұмысы белгіленген жоспарға сай орындалды. Жоспарлаған бағыттар бойынша барлық тақырыптар қамтылды. Оқушылар әр-бір іс-шараға белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсете білді.
Сынып жетекші: Жумабаева Г.С.
Шарбақты жалпы орта білім беретін мектебі
-
сынып бойынша тәрбие жұмысының жылдық есебі
2020-2021 оқу жылы
Мақсаты: Мектеп ережесін түсіндіру, тәрбиенің алғашқы қағидаларынмен таныстыру; Сыныптағы тәрбие жұмысын жан-жақты ұйымдастыру; Болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене білетін, рухани ойлау дәрежесі биік, Отанын сүйгіш, еңбекқор, қабілетті адам даярлауға бағыттау.
Міндеттері:
-
Дұрыс, әдемі сөйлеуге, ізетті болуға тәрбиелеу; -
Оқу-құрал, кітапты күтіп ұстауға, кешікпей, сабақтан қалмауға дағдыландыру; -
Оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуге ықпал ететін тәрбие жұмысын құру; -
Оқушылардың қазіргі кездегі өмірге деген көзқарастарын мағыналы түрде аша білуге және кәсіби тұрғыда қажет маңызды тұлға болып жетілуіне ықпал ету; -
Оқушының кез-келген жұмыс барысында өзін-өзі көрсете алуына, қоғамдық жұмыстарға араласуына ықпал ету; -
Мемлекеттік рәміздерді құрметтей алатын, әдептілік ережесін, тыйым сөздерді білетін, отбасы ұғымының мағынасын түсіндіре алатын оқушы дайындау; -
Өз Отанын сүюге, құқықтары мен бостандықтарын сүюге тәрбиелеу.
Биылғы 2020-2021 оқу жылында тәрбие жұмысының жоспарын 8 бағыт бойынша жасалды.
Оқушылардың дамуында әлеуметтік жағдайының динамикасын талдау:
Барлық 11 оқушының 3 қыз, 8 ұл.
Көп балалы отбасынан - 3 бала /Айтимов Алихан, Қизат Аружан,
Сакен Ақжол/.
Аз қамтылған отбасынан: 2 бала /Жастлеков Елдос, Сапожник Мадина/
Сынып ұжымы дамуына талдау:
Сыныпты жалпы зерттегенде сыныпта белсенді бірнеше оқушылар бар. Сыныптағы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы өте жақсы, қалыпты. Сыныптың топ басшысы Қизат Аружан және бірнеше сынып белсенділері бар. Үздік оқитын оқушылар: жоқ, екпінді оқушылар – 4 /Мырзабай Алихан, Жастлеков Елдос, Қизат Аружан, Капшаева Жансая/.
Сыныптың рухани-психологиялық ауа-райы, оқушылардың қарым-қатынастық мінезі – қыз балалар өзара да, ер балалармен де сыпайы қарым-қатынаста. Қыз балалар сынып ішінде шешім қабылдағанда басымдылық көрсетеді.
Сынып оқушылары мектепте өтетін әртүрлі үйірмелерге қатысады.
Оқушылар апталықтарда, мектептің түрлі іс-шараларында қатысып, белсенділік таныта біледі.
Жыл бойы өткен тәрбие жұмысының бағыттары бойынша талдау:
1.Ұйымдастыру шаралары және талдау диагностикалау қызметі:
«Сынып картасы» (оқушылармен танысу), Менің сабақтағы үлгерімім /сауалнама/, «Телефонмен сөйлесу мәдениеті» /дәріс/,
2. Қазақстандық патриотизм және азаматтық. Этникалық мәдениет:
«Мен өз елімнің патриотымын», «Терроризм және оның зардаптары» /дәріс/, Оқушының негізгі құқықтары мен міндеттері, Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш /сұрақ - жауап/, «Бала құқығын қорғау» /дәріс/, Менің тұңғыш Президентім /дәріс/, «Тәусіздіктің көк туы желбіресің» /әдеби монтаж/, "Ауғанстан- жүректегі жара" /дөңгелек стол/, «Ұлыстың ұлы күні» /әдеби монтаж, «Қазақстан рәміздері» /әдеби монтаж/,«Бейбіт болсын болашақ» / әдеби монтаж /«Ұранды ердің - ұрпағы қайсар» /әдеби монтаж/,«Ұлы Жеңіс күні!» /әдеби монтаж/, «Куғын- сүргін
құрбандары» /әдеби монтаж/.
3. Рухани-адамгершілік тәрбиесі:
«Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя» /сайыс/, «Тілге құрмет, елге құрмет» /әдеби монтаж/, әдеби кеші«Күз мереке, күз береке», «Ата-баба дәстүрі әдептілік негізі» /әңгіме/, Ұлттық ойындар/салт- дәстүр/,
«Сыпайылық туралы сырласайық»/әңгіме - диалог/, «Тапқыр болсаң, озып көр» /сайыс/, «Ана гүл, ана өмір шуағы»/әдеби монтаж/, Салт-дәстүрлер /әңгіме/,«Талеранттылық -бейбітшілікке апаратын жол» /әңгіме/.
4. Өзін - өзі тану, өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру:
Мектептегі ережелерді сақтау, Сынып белсенділерін сайлау «Сөйлесу сәлемнен басталады»
/ Пікір алмасу/, Әр оқушымен жеке дара әңгіме жүргізу Спорт - өмір көркі. /Жарыс/, «Өмір қымбатсын маған.» /Психолог/, Жүрекке жол тапқан – мейірімдіСара Алпысқызы! /корме/, Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері, Мен ризамын бәріне!!! /дөңгелек стол/, «Бала құқығы» /әңгіме/, Менің-мінезім қандай? /сауалнама/, «1 Маусым - Халықаралық балалар күні» дөңгелек стол.
5. Еңбек және экономикалық тәрбие:
Кезекшілік қызметтін сыныпта орындау, Таза жұмалық, Сенбілікке қатысу , Таза- сынып,өз орнын/тазалық жұмысымен айналысу/.
6. СӨС дағдыларын қалыптастыру:
Абайландар,балалар! /қауіпсіздік ережелері/, Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама /дөңгелек стол/, Күзгі кездегі қауіпсіздік ережесі, Денсаулық зор байлық /Мақал сайысы/, «ЖҚТБ - ХХІ ғасыр дерті» /дәріс/?, Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері, «Тазалық-денсаулық кепілі» /әңгіме/, Оқушының гигиенасы,күн тәртібі, Денім сау болсың десең... /дәріс/, «Қауіпті судан сақтан!», Туберкулездан сақтану жолдары /дәріс/, Дені сау ұрпақ – елімнің болашағы /дөңгелек стол/, Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
7. Жанұялармен әрекеттесу:
Ата-аналар жиналысын өткізу «Жаңа оқу жылының басталуы» /дәріс/, Ата-аналармен жеке әңгіме жүргізу /І жарты жылдық қорытындысы/, Мектеп мерекелеріне қатыстыру, «Сіз қандай ата-анасыз?» сауалнама , Ата-аналар жиналысын өткізу /жылдық қорытынды/, Ата-аналармен жеке жеке әңгіме, Менім отбасымдағы міндеттерім! /әңгіме/, Жазғы демалыс әңгіме.
8. «Тәуекел топ» оқушыларымен жұмыс:
Жеке жұмыс қыздармен, Жеке жұмыс Ұлдармен, Оқушылардың қоғамда өздерін ұстай білуі /әңгіме/, Қыздармен жеке дара әңгіме жүргізу, Ұлдармен жеке дара жұмыс, Оқушымен жеке әңгіме.
Қорытынды: Қорыта келгене 2020-2021 оқу жылына құрылған тәрбие жұмысы белгіленген жоспарға сай орындалды. Жоспарлаған бағыттар бойынша барлық тақырыптар қамтылды. Оқушылар әр-бір іс-шараға белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсете білді.