Файл: з тілі бірлік шін, зге тілі тірлік шін ткізген Джамгырбаева у сынып 9 .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Ж.Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ

Тақырыбы:

«Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін»

Өткізген: Джамгырбаева У

Сынып: 9 «Ғ»

2022-2023 оқу жылы

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп қазақ атам айтып кеткендей, бүгінгі дамыған дәуірімізде көптілді меңгеру – заман талабы. Өз ана тіліміз Мемлекеттік тілді білу парызымыз болса, өзге тілдерді үйрену дамыған елдер арасында бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуға мүмкіндік береді. Кемеңгер келешегі, жарқын болашағы бар өсіп келе жатқан жас ұрпаққа, бүгінгі күні айтарлықтай бар жағдай жасалған.
Адамның өз ана тілін жетік білуімен қатар өзге ұлттың тілін сауатты игеріп, сол ұлт азаматтарымен өзара түсінісе алатын болса, ол үлкен біліктіліктің белгісі деуге болады. Көп тілді меңгерген өз өмірін қалай да мағыналы өткізетін айтулы тұлға болып жетілері анық. Бүгінгі таңда елімізде «көптілділік» мәселесі көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады.
Үш тілде оқыту – заман талабы. Ал оның негізгі мақсаты – бірнеше тілді меңгерген, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Ең алдымен, өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.
Қазіргі уақытта аталып отырған көптілділікті дамыту аясында нормативтік негізде-мелерге сәйкес көптеген шаралар қолға алынып отыр. Яғни, білім жүйесін модернизациялау бойынша атқарылып жатқан тапсырмалардың бірі – балабақшадан бастап үш тілде оқыту. Ал осы көтеріліп отырған мәселені әркім өзінше топшылайды. Бірі балаға ағылшын тілін ерте жастан оқытқан тиімді десе, екіншісі ағылшын тілін ерте жастан бастау ұлттық тілімізге нұқсан келтіреді деген күдікті алға тартады.
Қазір балабақшалар мен мектептерде бастауыш сыныптан бастап ағылшын тілі оқытылуда.Танымы мен ой-өрісі әлі толық қалыптасып бітпеген, ана тілінде жөнді сөйлей алмайтын бүлдіршіндерге шетел тілін тықпалау қаншалықты қажет?
Иә, заман талабына сай ұлы ғұламамыз Әбу Насыр әл-Фараби ойшылдарымыздай жастайынан бірнеше тілдерді жетік меңгеру керек. Көп тілді үйреніп, шет мемлекеттерге шығу арқылы қазақ халқын әлемге танытуға өзге тілдің тілін меңгерген дұрыс. Дегенмен, оң мен солын айыра алмайтын, әріп тануға келген балаға түсініксіз өзге тілді меңгерту дұрыс па? Жақында осы жөнінде Президент Қ.К.Тоқаев «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Сондықтан, ағылшын тілін оқытуды 2-3-ші сыныптан немесе 5-ші сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деп санаймын» деген өнегелі ой айтқан болатын. Ал, менің пікірімше, қазақ тілінен басқа өзге тілдерді балабақшадан емес, жас баланың ой-өрісі мен ойлау қабілетінің қалыптасқан кезінен бастап үйрету керек. Әріп танып, өз тілінде оқып-жаза алғанда ғана өзге тілді оқытса, нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын.

Мысалы, әлемдегі ең озық елдердің бірі Жапонияның тілдерді оқыту тәжірибесіне көз жүгіртейікші. Жапондықтардың балалары 6 жастан мектепке барып, 6 жылға созылатын бастауыш сыныпта тек жапон тілінде білім алады. Шет тілі ретінде ағылшын тілін бала орта мектепке өткен кезде, яғни он екі жастан бастап қана оқиды. Көріп отырғанымыздай, шет тілін 12 жастан бастап үйренуі олардың ұлы экономикалық державаға айналуына еш кедергі келтірмей отыр. Керісінше, қазір жапон рухын бойына сіңіріп өскендер аса білімді, асқан патриот ұлт ретінде әлемге қанатын жаюда.
А. Байтұрсынов атамыз «Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген, ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген, қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, әрине ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз» деген салиқалы ойды біздерге арнап кеткен. Тіл ұстазының бұл сүбелі ойын қоғам қайраткерлері ескерсе екен.
Дәл осы тұста халқымыздың көрнекті қайраткері, ұлты әзірбайжан болса да жүрегі қазақ деп соғатын Асылы Османның мына бір сөзін мысалға келтіре отырып мақаламды аяқтағым келіп отыр: «Жалпы «Үштұғырлы тіл саясатындағы қазақ тілі ғана биік тұғырында тұруы тиіс. Ал қалған екі тіл қос қанаты ретінде самғап ұшатындай Самұрық құс табиғатымен үйлескені абзал», — деген еді. Шынымен де, бұл тамаша ойлы пікірді мен де тілімнің жанашыры ретінде ерекше қолдаймын.