ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.10.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2022-2023 оқу жылына Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебінің 3 «А» сыныбының Тізбектелген сабақтар бойынша бір сабаққа рефлексивтік есеп
Оқушылардың өздігінен білім алып,ізденушілік қабілеттерін дамытып,
қызығушылықты арттыруға атсалысу және үлгерімі төмен оқушыларды үлгерімі
жақсы оқушылардың санатына қосу, Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана
материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу
материалын қосатын”көпірді салуға” негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін
мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс.Бағдарламаның модульін
кіріктіре отырып, негізге алып « Қазақ тілі» пәнінен қысқа мерзімді жоспар құрдық.
Күні:
Сыныбы:3»А» сынып
Пәні:Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелеріінің байланысы
Жалпы мақсаты:
Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау.
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Амандасу» тренингі арқылы бір-біріне жылы сөздерін жеткізді.
2.Өткен тақырыпқа шолу, жаңа тақырыпты ашу «Ұлттық ойындар» ойынымен өтті: «Кубизм» әдісі
1)Ұлттық ойындар туралы түсінік беріп өтті.
2) «Асық» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексерді.
3)Сөйлем мүшелері туралы сұрақтар қойып өтті.
Белсенді қатысқан оқушылар:
Бекбосын Нұрай
Елтайқызы Айзере
Жанғас Арайлым
3- тапсырма
Мәтінді түсініп оқып,сұрақтарға жауап берді.Оқушылар сабаққа белсене қатысты.
Мұғалімнің тапсырмаларға қойылған бағалау балы.
- Мәтіннен алған ақпаратпен бөліседі, пікірін білдіреді -1 балл.
- Сызба арқылы сұрақ қойып, өзара байланысқан сөздер тобын табады-1 балл.
- Мәтіндегі қарамен жазылған сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшесіне талдайды-2балл.
Екі бағандағы сөйлемдердің баяндауышын тауып, оларға сұрақ қояды, салыстырады-2балл.
4-тапсырма
ЕБҚ «Тапсырма» тәсілі жүзеге асты
Кейбір оқушыға:
Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жаз.
1. Боран, аппақ, соғады, далада, қыстыгүні.
2. Аққала, соғады, балалар.
3. Қайрат аға, алдында, есік, күреп жүр, қар.
5.Сергіту сәті
(Т, Д) 2-тапсырмада дәптермен жұмыс жүргізді
6. Топпен жұмыс
1-топ (Бәйге)
2-топ (Көкпар)
3-топ (Аламан)
Көп нүктенің орынна тиісті сөздерді қой.
1. Әсел есепті . . . шығарды.
2. Суретші . . . табиғатты бейнеледі.
3. Ұшақ . . . көтерілді.
Достары Айбекті . . . құттықтады
Кері байланысты жүргізді
Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?
Үйге тапсырмасы:
31-жаттығудағы сызбаға сай сөйлемдер құрастырып жазып келіңдер.
Оқу тәжірибесіне «субъект- субъект» қатынастың енгізілуі оқушы мен мұғалім арасында сенім мен ынтымақты нығайты. Енді мен оқушыларыма бұрынғыдай тек механикалық түрде білім алушылар ретінде қарамай, керісінше сыныбымда жағымды қарым-қатынас, жылы әрекет, бір-біріне көмек, құрмет, сенім орнатуға тырыстым. Балалардың қызығушылығын ояту үшін және сабақ басында өзін-өзі реттеу үшін сабағымды «Мен-сіздер» психологиялық тренингтен бастадым. Мұнда «Екі аяқ не үшін керек?» деген сұраққа оқушыларым «Шетте жүрсен туған жерге жету үшін керек», деп жауап берді. Сонда бұл тренингті өткізудегі мақсатым- балалардың ойын сабақ тақырыбымен байланыстыру, «Бабалар өмірі- ұрпаққа өнеге» атты бөлімнің мазмұның тереңірек ашу. Сонымен қатар тез, жылдам оқу дағдыларын дамыту, сабақтың басында барлық назарларын оқуға аударту, жинақылыққа машықтандыру. Осы жұмысты жүргізу барысында балалар оқуға дайын, білем деген ынтасы жоғары екенін байқадым. Мұғалім ынтымақтастық атмосфераның қалыптасуына көшбасшылық жасап бағыттап отырса, тұлғаның бойындағы бар қасиеттерін зерттеуде көп жетістіктерге жетумен қатар нәтижесі де мол болмақ деп ойлаймын. Сондықтан еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпаққа дұрыс бағыт беру ұстаз біздің абройлы міндетіміз екенін естен шығармау бүгінгі күннің басты мақсаты. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 29 бет).
Қару мен батырлардың суреттерін таңдап алу арқылы екі топқа бөлінді. Осы жерде орындарына кім тез орналасса сол топ «тамаша» смайлигіне ие болады дегенді айтқанда «қарулар» тобы оқу құралдарын дайындап «Алақан- алақанда» әдісімен тез-ақ көрсете қойды. Бұл жерде де мен балаларды өзін-өзі реттеуін және оларда ынтымақтастық атмосферасы бұрынғысынан да тереңдеп , бір-біріне деген мейірімділік, қайырымдылық сезімдері одан әрі жанданды. Көп сөйлемейтін тұйық оқушылардың тасада қалып қоятын оқушы болмай барлығы да жұмыс жасап ынтымақтастық атмосферада қалыптасты. Жоспарланған шараларда оқушылар арасында қызығушылық тудырған мәселелер туындаған сайын мен өзім берген бағытым тұлға бойына тереңірек толғандыратын дұрыс, маңызды әрекет деп түсіндім. Себебі ол өзіне деген сенімі тапсырма барысында іздемпаздығы, қырағылығы, шығармашылығы, сөйлеу және ойлау қабілеті қалыптасады.
Педагогикалық тәжірибемді саралай келе сыныбымда ынтымақтастықты орнату үшін педагогикалық стратегияларды тиімді таңдап оқу және оқыту барысында пайдалану қажет деген ойды түйдім.Ынтымақтастық педагогика- да бірнеше бағытты өзіме бөліп алдым.
Маған барлығынан жақыны жеке- адамгершілік тіл табу идеялары.
Тұлғаны тәрбиелеу үшін, оқу-тәрбиелеу үдерісті жаңаша жеке бағыттау үшін бала - адами тұлға, бала- жеке қабілеттер мен қасиеттерге ие, тұлғаның басым сапалары – махаббат, мейірім, сана, азаматшылық, көңіл, жақсылық және т.б). Педагогикалық қатынастың адамгершілігі (педагогикалық балажандық, балаға оптимистік сенім, міндеріне шыдамдылық, басымдық салмақты стимуляция).Баламен қатынасты демократиялануы (Бала құқығы конвенцияның сақталуы).Қыспақтан бас тарту (қыспақты жылы көңілмен ауыстыру, дербестікке және өнерпаздыққа ұтыс тігу, ұжым арқылы жанама талаптарды пайдалану).Жеке тіл табу (оқытуды орташа оқушыға бағыттамай, тұлғаның пайдалы ,ұтымды сапаларын іздеу, психолого-педагогикалық диагностиканы қолдану,жүргізу).«Мен» тұжырымдамасын құру (Мен ұнаймын, Мен алғырмын, Менің қолымнан келеді, Мен -пайдалымын).
Мен өз сыныбымда ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру үшін балаларымды басқа мектептерде осы бағытта қалай жұмыс істейтінімен таныстырдым. Оларға қатты ұнады, себебі олар бір-біріне көмектесу, тен болу, ролдерді бөліп алу, бір-бірін бағалау сияқты жұмыстар оларға ұнайтының айтты. Содан бірігіп отырып біз топ ережелерін шығарып алдық. Бұны мен «жаңаша» оқудан жалығып кетпесін деген мақсатпен ұйымдастыр-дым. Топтағы серіктеспен сыпайы жіне жайдарлы аралас, кез келген кластасымен жұмыс істеуге дайын бол, топта жауапкершілікті тек өзіне ғана емес, басқаларға да сезін, топтағы бірлескен жұмыс жауапты және тиянақты еңбек екенің ұмытпа. «Үш болмайды»-ны бұзба. Олар,
- "Барлығы айтылды" деп айтуға болмайды;
- Топқа өзінің пікірінді хабарлаудан тартынуға болмайды ( көрінген сылтау айтып);
- Өз ойынды айтқанда өзінің жаман көңіл-күйінді көрсетуге болмайды.
Осы алдын –ала жұмыстарының нәтижесі сабақ басында да көрініп көзге түсіп жатты.
Сабақта оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруі, пікір алмасуы диалогпен жүзеге асты. Топтық әдісті қолданғанда оқушылардың бір- бірімен ақылдасуы, оны топтан біреуінің шығып айтуы, ал болжау әдісін қолданғанда оқушылардың мәтінде не туралы жазылуы мүмкін екендігі туралы өз ойларын да диалог арқылы көрсете білді. Себебі мен сабақтарымды диалог құру арқылы жүргіздім. «Мұхтар Әуезов» атты кластер толтырып, екі топ бір-бірімен алмастырып , қателерін тауып жатты. Бір-біріне сұрақтар қойып, өз ойларын еркін дәлелдеуге тырысты. Бірақ, бұл жұмыста нашар оқитын оқушылар тапсырманы орындауды жақсы оқитын оқушыларға итермелеп отырды. Ал бағалауға келгенде өздеріне жоғары баға қойғандарын байқадым.
Бастауыш класс оқушылары сурет салуды қатты ұнатады. Үйге «Әбілмансұр» мәтіні бойынша сурет салу берілді. Ол суреттерді көрсету және мәтіннің қай жерін бейнелегенін түсіндіруін «сыртқы және ішкі шеңбер» әдісі арқылы тексерілді. Ішкі шеңберде орналасқан оқушылар орындарын ауыстырып, айтқандарын басқа балаларға айтқандарын толықтырып отырғаның байқадым. Жұмыс аяқталған соң оқушыларға «Кімнің суреті сендерге ұнады?» деп сұрақ қойғанда жас ерекшеліктеріне сәйкес Лана мен Жанель деген оқушым «Өзімдікі» деп жауап берді. Ал бірін-бірі бағалағанда да қалған оқушылар жоғары смайликті осы балаларға берді.
Өткен сабақтағы білімді тексеруге «Карта ойнау» әдісін пайдаландым. Бұл жерде оқуы төмен 3 оқушымды ортаға шығарып «Сабалақ, Әбілмансұр, Абылай» сөздері жазылған парақшаларды басына кигізіп класс оқушылары қимыл арқылы оларға түсіндірулері керек болды. Ал тақтаға шыққан оқушылар олардың қимылдарын қарап басында жазылып тұрған мәселерді табу керек болды. Бұл жаңа тәсіл арқылы оқытуда білім дайын күйінде берілмейді, ол тек белсенді әрекеттер арқылы ғана игеріледі, оқушылар өзара қоян- қолтық қарым -қатынаста болып, бірлесе әрекет жасады. Оқушы сыни тұрғыдан ойлана бастады, өзіме де сыни тұрғыдан ойлауым керектігін түсіндім. Сабақта оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруі, пікір алмасуы диалогпен жүзеге асты.
Топтық әдісті қолданғанда оқушылардың бір- бірімен ақылдасуы, оны топтан біреуінің шығып айтуы, ал болжау әдісін қолданғанда оқушылардың мәтінде не туралы жазылуы мүмкін екендігі туралы өз ойларын да диалог арқылы көрсете білді. Себебі мен сабақтарымды диалог құру арқылы жүргіздім. Оқушыда сабаққа деген қызығушылық пайда болды. Талдау барысында тақырып төңірегінен шыға алды. Өз ойын, пікірін айтып атсалысты. Онда оқушының ойын ұштаудағы, тиімді білім берудегі және құзыретті тұлға қалыптастырудағы тиімді тәсіл. Себебі диалог мынадай қарым-қатынасты негіздейді: «мұғалім мен оқушы» және «оқушы мен оқушы», «мұғалім мен класс», «оқушы мен класс». Бұл үрдіс менің бұрынғы сабақтарымда да орын алған. Алайда өткізген дәстүрлі сабақтарымда үстіртін ғана сұрақ-жауап ретінде жүріп отырғанына көзім жетті. Өйткені оқушылар «иә» немесе «жоқ» деген жауаптар арқылы қысқа жауап беріп отырды. Себебі диалогті бұлай қолдану оқушының терең ойлауына, алған білімін талдап, сараптауына мүмкіндік бермегенін түсіндім. Егер оқушы ортада өз пікірін еркін жеткізе алмаса, ол білімін толықтырып, жетілдіре алмайды. Сондықтан диалогтік қарым-қатынас жоғары деңгейде болу керек. Балаларға бір слайдқа қазақтың батырларының есімдерін жазып көрсеттім. Соның ішінде Райымбек деген сөзді қызыл түспен ерекшелеп жаздым. Олар «Фото- қөз» әдісі бойынша оларды көзбен суретке түсіріп, еске түсіргендерін айту керек. Оқушыларым естеріне түскен есімдерді айтып жатты. Мен олардан «Осы сөздердің ішінде ерекше көзге түскен сөз бар ма?» деген сұрақ қойдым.
Сонда орташа оқитын Қуат Ұлан Райымбек батыр деген сөз қызыл түспен жазылғаның айтып, сабақ тақырыбын және мақсатын анықтап алдық. Райыбектің суретін көрсетіп «Бұл суреттегі адам туралы не айта аласыңдар?» деген сұрақ қойдым. Егер оқушы ортада өз пікірін еркін жеткізе алмаса, ол білімін толықтырып, жетілдіре алмайды. Сондықтан диалогтік қарым-қатынас жоғары деңгейде болу керек.Осы мақсатта диалогті жаңаша қырынан қарап, алғашқы бетпе- бетте алған білімімді жинақтап, талдай отырып түрлендіре отырып сабақтарымда қолдандым.
Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта айтылғандай Александер `(2004) оқытудағы әңгімелесу – қарым- қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар және мұғалімдер нәтижеге жету үшін күш- жігер жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, ол бірлескен зерттеу барысында анықталады. Топтық әңгіме оқушыларға топтық тапсырма беру барысында жүзеге асты. Топтағы оқушылар берілген тапсырманы ақылдаса отырып талқылап, ортақ шешімге келді. Бұл тәсіл сыныптағы баяу, енжер оқушының сабаққа қатысуына жол ашты. Себебі ол достарымен бір топта жұмыс істеп, сұхбаттасты. Тапсырмаларды орындап белсенділік танытты. Топ жұмысына үлес қосып, бір қырынан көрінді.