Файл: Пніаза тілі Сабаты таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


    Зерттеушілік әңгімеде оқушыларға сыни тұрғыда ойлауға тапсырма берілгенде топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылды. Сабақ барысында тақырыпқа байланысты пікір айтып, талқылай алды.

   Ғалымдардың зерттеуі бойынша нәтижелер дәлелдегендей, сабақта диалогтің орны бөлек.  Оқушылар осы әдіс арқылы сабаққа қызығушылықпен қатысатын болды.  Оқытудың қай технологиясымен жұмыс жүргізсем де диалогтік  тапсырмаларды қамтуға тырыстым.  Жұптық және топтық жұмыстарды міндетті түрде жүргізіліп отырды. Мысалыосы  сабағымда «Оқып-оқытамын» әдісін қолдану арқылы оқушылардың арасында диалог өрбіді. Бұл әдістің тиімділігі оқушы өзі оқып, өзгеге де түсіндіре білуінде болды. Бұл әдісте оқушының тілі дамиды, сөздік қоры молаяды және қорытынды тұжырымды ой айта алатындығында болды. «Оқып –оқытамын»  әдісін қолданғанда оқушыда қызығушылық пайда болды. Сол әдістегі бөлінген қызмет түрлеріне қызығып, мәтінді өздері оқып  түсінгендерін білмей де қалды.  Мәтіннің мазмұнын түсінбей қалды деген оқушы болмады, бірақ сабақ барысында топтағы енжар, баяу оқушылардың өзі соңғы бақылаушының айтқанынан түсінгенін айтып жатты. Бүркітпай Арман топтық жұмыс кезінде сабаққа қатыспай отырғанының салдарынан түсінбегенін байқатты. Бірақ соңғы бақылаушының айтқандарынан ұққанын айтып қуанып жатты.

  Ой толғаныс – сабақты қорытындылау кезеңі. Осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін үйренеді. Мысалы, бұл жерде балалардың түсінгенін бақылау мақсатында «Спринт-оқу» әдісін пайдаландым. Мұнда әр балаға сұрақ беріліп, олар көзбен оқу арқылы белгілі уақыт ішінде өз сұрақтарына жауап табу керек болды.Өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, түйгендерін анықтайды. Бұл әдістің нәтижесі көп.  Ой – пікірін ашық, еркін айтты, бір-бірінің сабақ барысында қателіктерін түзеді. 

  Ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды тиімді пайдалану мақсатында сабақ барысында барлық ақпаратты презентациялар арқылы көрсеттім. Яғни, ақпараттық технологиялардың білім беруде маңызы зор. Өйткені ол оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді. Бұл баланың ой өрісін кеңейтіп қана қоймайды, білім деңгейін көтеруге үлкен үлесін қосады.

   Ізденуші мұғалім бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсуіне жағдай туғызуы керек, көмектесуі қажет. Бұл үшін, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудың таптаулары сүрлеуінен арылуы тиіс. Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн. Мұғалім  шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, «оқи алуға үйрету керек». Дарынды және талантты балаларды оқытуда сабағымда «Автор орындығы» тәсілін қоландым. Мұнда  «қонаққа» келген Райымбек батырға оқушы өз ойын айтты.  Сонда бұл оқушылар қазірден бастап өз ойын сенімді  жеткізе алады, қай тапсырма болсада белсене қатысып, оны орындау үшін алгоритм құрып қасындағы барлығын сол іске жұмылдыра алатынына көз жеткіздім.


   Сабақтарымды жоспарлаған кезінде оқушыларымды бағалау әдістерін көп іздедім және ойландым. Содан өзіме тәжірибе кезінде негізгісі болып «Смайликтер» арқылы бағалауды алдым.  Танымдық белсенділік көрсеткен үшін оқушы ой әрекетінің көлеміне және терендігіне  қарай лайықты  смайлигін  алады.(1- 5 ұпайға дейін).  Жинаған смайликтер "жалақы"  ақырында дербес өмір бастайды. Оқушы оны сарапталған ұпайдың жиынтығын бағаға  айырбастай алады, жинақтау үшін сақтай алады, айырбастай алады,  сыйлай алады   т.б. Біріқ ,тек қана баланың жауабын ескеру менің мақсатым болған жоқ, керісінше дәстүрлі  оқытуда көбінесе ұмытылып қалатын психологиялық  заңдарды жұмыс істеткім келді.

  Біріншіден, бағаны заттай сезіну, смайликті алу, оның құнын білу.

  Екіншіден, баланың әрекетін еркін қылу,баға алуға  қызығушылықты ояту. Ол үшін 1 ұпай- жарайсың, 2 ұпай – тамаша, 3ұпай –бәрекелді, 4 ұпай – озатсың, 5 ұпай – 5 есе жарайсың !!! Балаларда дұрыс емес жауап берем деген, дұрыс емес әрекет жасаймын, дұрыс емес қимылдаймын деген  қорқыныш кете бастады.

Үшіншіден, байқалмаған қол мен жауап қысқартылды, балалар белсенділік таныта бастады. Мұғалімнің уақыты да үнемделе бастады: журналға аландау қажеттілігі, әділдігі  жоғарлады. Ал бастысы бұл өлшемдер баланы білімге ынталандырады. Балаларды ойы үшін немесе ойды айтуға даярлығы үшін, білімге немесе білімді көрсету үшін бағалауға болады. Мысалы, сабақтағы бірінші жауапты бағаладым , ол дұрыс болса да, дұрыс болмаса да.