Файл: Азаматты патриотты Трбие беру жйесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
болатынын баса айта отырып, “Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндеттеріміз - Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеу. Олай болса, осы міндетті орындау жолында тәрбие мәселесін қолға алып, ұрпақтарды аздырмай-тоздырмай қазіргі сауда-сатықтың, алдау-арбаудың ықпалына жібермей, етегіне сүйретпей еліміздің болашақ өркениетті дамуын алға бастыртатын адамдарын тәрбиелеуіміз керек” деген екен.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Тарих толқынында” деген еңбегінде негізінен түркі тектес халықтардың, оның ішінде түркі мәдениетіне, қазақ топырағында түрлі діндердің болғанын айтқан. Бұл еңбек қазақстандық ұлттық, ұлтаралық татулықтың, қазақстандық патритизмнің темірқазығы іспеттес.

«Қазақстан жолы» – Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл - Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді.

Бүгінгі күні ата-бабалар, одан кейінгі ұрпақтардың салып кеткен жолымен жүріп, сол жолды ары дамыту, өмір жаңалығын ескеру, ескімен жаңаны ұштастыру Қазақстан халқының міндеті.

Елдің тәуелсіздігі көп нәрсеге ой салдырады. Мұнда тарихи сананы ояту, жоғалғанын өзіне қайтару, өрлеу дәуіріне жол ашу деген мағына, сондықтан қазақстандық патриоттық тәрбие деген ұғым тек қана айтыла салатын дерексіз ұғым емес, ол ең алдымен нақты, өз ұлтына, сонда тұрып жатқан халықтарға берілген, адал еңбек ете алатын, жалпы халықтық, әлеуметтік мәдениетті түсініп, білетін соның нұсқаларын өз халқының қажетіне жарата алатын, басқалары түсіне білетін нағыз адам сүйгіштік, қазақстандық патриоттық рұхтағы белсенді адамдарды тәрбиелеу үшін керек.

Таза біржақты ұлттық тәрбие-ұлтаралық аразға соқтыруы мүмкін. Әсіресе патриоттық тәрбиеде бұл ерекше білінеді. Әрине, ұлттық тәрбиені әркім әртүрлі түсінеді. Кейбіреулер “ұлттық нақыштар сол күйінде болса екен” десе, ал кейбіреулер “ұллтық тәрбие қазіргі өмірмен байланысты болса екен”, дейді. Шындығында ескінің жаңамен қауышып жатқаны өміршең келеді.


“Ұлттық тағылым деген ұғым әр халықтың ғасырларға ұласып жатқан тәрбие үлгісі, бала тәрбиесіне қолданылатын әдіс-тәсілі, үлгі-өнегесі, сондықтан да ұлттық тәрбие деген сөздің мағынасы әлдеқайда кең”. Себебі ол бүкіл ұлтқа тән қасиеттердің бәрін қамтиды. Оған әлеуметтік, тұрмыстық, шарауашылықтық, салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрлер, тағы басқа ұғымдар кіреді. Жалпы ұлттық тәрбие арқылы жастарды, кейінгі буынды патриотизмге, ұлтаралық татулыққа баулуымыз керек.

Бүгінгі Егеменді Қазақстанның жағдайында патриотизм, ұлтаралық татулық жаңа мағынаға ие болып отыр. Себебі, Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір Қазақстан азаматы Қазақстанды сүйіп, соның азаматы болу, Қазақстанды қорғау, Қазақстанның дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосу міндетті. Мұны, әсіресе, қазақ ұлт өкілдерінен басқа ұлт өкілдері жақсы ұғынуы тиіс. Қазақстанның патриоты қандай болу керек екенін белгілесек, онда оның ерекшеліктері мынада:

1. Қазақстанда 130 – дан астам ұлт өкілдері тұрады. Көп ұлтты мемлекет. Барлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарайды, шын ниетімен қадірлейді. Қазақстан азаматының Конститутциялық құқығын сақтайды. Әрбір ұлттың Қазақстанды ортақ үйіміз деп санай білуі.

2. Қазақстанда тұратын барлық халықтар ұлтына қарамай Отанды қорғауға дайын болуы. Қазақстан халықтары ассамблеясында қабылданған барлық шешімдердің іске асуына өз септігін тигізуі.

3. Бұл әрбір азаматтың тек өзінің конституциялық борышын өтеуі ғана емес, сонымен бірге оның жеке басының қалыптасуы және тәрбиелеу мектебінің қалыптасуына ықпал етуі.

4. Қазақстан халықтарын ұлы державалық патриоттық сезімге ұмтылғызу мақсатында қазақстандық ғажайыпқа сендіру, оны мақтаныш еткізу.
5. Қазақстан Республикасының азаматының Отанын қорғауға деген оң көзқарасын қалыптастырып, Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскер қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімін тудыру.

6. Қазақстан Республиканың әскери доктринасына сай Қазақстан халқының мүддесін көздеуде патриоттық сезімдерін ояту.

Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттер, құлықтылық үлгілері бар. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие - ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізін замандар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен құлықтылық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір – салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды. Ұлттық тәрбие – адам өмірінің алтын арқауы. Ұлттық тәрбие жалпы – адамзаттық рухани құндылықтарды жоққа шығармайды, қайта солармен үндесіп жатады. Бұлар бір-бірін байытып, құнарландырып отырады. Ұлттық тәрбиеден тереңдеп нәр алған адам – рухани бай адам. Ондай адам жалпы адамзаттық тұрғыдан мәдени және рухани құндылықтарды бойына тезірек сіңіреді, сөйтіп, толық әрі кәміл адам дәрежесіне тезірек жетеді. Ұлттық менталитет – тұнып тұрған рухани қазына. Халықтың тілі мен мәдениеті болсын, салт-дәстүрі мен наным-сенімі болсын – мұның бәрі де әрбір халық үшін асыл да қымбатты рухани дүниелер. Әсіресе, наным-сенімнің әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше.



Осы мәселеге байланысты қазақ азаматтарына келетін болсақ, олар қазақстандық патриотизм, ұлтаралық татулықтың көш бастаушысы болуы тиіс. Солай болмақ та.

Қазақстандық патриотизмнің негізі - ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз, ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері - қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады.

Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтың әдіснамасы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тарихи еңбектерінде.

Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтыққа тәрбиелеудің жолдары мен құралдары - ол түрлі іс-шаралар, тәрбие сағаттары, гуманитарлық пәндердің мазмұны.

Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік ұстайды. Сондықтан қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу - білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Толық жетіліп қалыптасқан ұлттың сана - қабілетінде, түсінік - талғамында, мінез - құлқында, өзіне тән ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дәлелдеген.

Патриоттық тәрбие берудің басты бағыты - Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен еліміздің мемлекеттік нышандарын: Әнұранын, Туын, Елтаңбасын оқушыларға үйрету және орындату мәселелері. Еліміздің Конституциясын бұлжытпай орындау, мемлекеттік нышандарға құрметпен қарап орындау, құқықтық- саяси және этикалық әдет- ғұрып мәдениетін тәрбие беруді оқушы бойына сіңіруді қалыптастырады.

Мектепте оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізгі міндеттері төмендегілер болуы тиіс:

Қазақстан Республикасының Коституциясын, мемлекеттік рәміздерін (Елтаңба, Әнұран, Туы) құрметтеуге тәрбиелеу;

Жас ұрпақты қазақстандық патриотизм мен интернационализм рухында тәрбиелеу;

Адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік пен халықтар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;

Оқушылар бойында мінез - құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір - біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту;

Мемлекетіміздің ұлттық тілін, мәдениетін, салт - дәстүрін білу;

Өз өлкесінің мәдени құндылықтарын, тарихын, оның дамуына үлес қосқан адамдардың өмірі мен қызметін білу;

Мектепте өз өлкесінің тарихын насихатау мақсатында мұражай жұмыстарын жандандыру.


Оқушылар арасында мемлекет пен заңдарға зор құрметпен қарау сезімдерін қалыптастыру;

Мемлекет пен құқық жайлы білімдерді меңгерту;

Құқық білімінің алғашқы негіздеріне сай мектеп Жарғысына, оқушылардың мінез –құлық ережелерін енгізу;

Құқықтық жаппай оқуды оқу – тәрбие үрдісіне енгізу;

Оқушылардың мінез - құлықтарымен жүріс – тұрыстарын заң талабына сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет – ғұрыпқа тәрбиелеу;

Азаматтық белсенділігін қалыптастырып, заңды және тәртіпті бұзушылыққа қарсы күресу;

Оқушылардың өзін - өзі тәрбилеуіне басшылық жасау .

Әр мектепте оқушыларға азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікті арттыратын, патриоттық тәрбие беретін іс - шаралар жоспарлы түрде болуы тиіс .

Сонымен қатар оқушылармен тәуелсіз еліміздің жаңа Конституциясы мен мемлекеттік нышандарын оқыту кезеңдерінде адамдардың құқықтарға заңды түрде баянды ету, өз елінің толыққанды азаматы азаматы екендігін, олардың алған құқықтық білімдерін қолдану тұрақты өмірлік принциппен идеялық- сенім бағытында тәрбиелеу- мектеп мұғалімдерінің басты міндеті.

Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің бастапқы қадамы — ол оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін ояту болып табылады. Әр елдің тәуелсіз ел, мемлекет екенін білдіретін ең басты үш белгісі бар. Олар: Елтаңба, Туы және Әнұраны. Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ мемлекет дербес, тәуелсіз бола алмайды. Осы мемлекеттік белгілер Қазақстан Республикасы тәуелсіз деп жарияланысымен көп ұзамай 1992 жылы қабылданды. Мемлекеттік белгілерде Республикамыздағы ел - жұрттың, алдымен тұрғын халықтың төл тарихының ұшқындары мен мемлекеттің, барлық халықтың мүддесіне сай келетін бейбітшілікке деген ұмтылысы бейнеленген. Сонымен қатар әлемдік өркениетке қол созған ақ пейіліміз аңғарылған.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негізі - шаңырақ. Шаңырақ - мемлекеттің түп негізі, отбасының бейнесі. Шаңырақ - Күн шеңбері. Айналған Күн шеңберінің қозғалыстағы суреті тәріздес. Шаңырақ - киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар - дала дүлділі, ер - азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар - қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол- өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату- тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп- өркендеуін, раухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет- бейнесін паш етеді. Бес бұрыш жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жұлдызы бар.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран баейнеленген. Ағаш сабы бекітілген тұста - ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою - өрнек - алтын түсті. Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Тудың түсі аспан тәріздес көк түсті болып келеді. Көк түсті құрметтеу халқымыздың көне тарихынан белгілі. Тілімізде «көгеру», «көктеу», «көк шықты» деген сөздер мен сөз тіркестері бар. Олар өмір сүру, жаңарып- жасару, гүлдену, мақсатқа, мұратқа жету дегенді білдіреді. Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған. Бұлармен қатар, тудан қазақтың ою- өрнегін байқаймыз. Мұның өзі Тудың ерекшелігін- қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді. Осының бәрі жаңа даму жолына түскен тәуелсіз Қазақстанның оның халықтарының барлық жағынан гүлденіп, өркендеп, мақсатқа жетуіне көк түсті Ел Туы сәттілік тілеп тұрғандай сезімге бөлейді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің белгісі. Әнұран- тек салтанатты музыка мен сөз ғана емес, бұл ерекше музыка және дана сөз. Әнұран сөздері мен әні айтушыны жігерлендіріп, өз Отанына деген мақтаныш сезімін ұялатады. Әнұранда қазақ халқының ерлігі, даңқы, намысы, еліміздің кеңдігі, бірлігі, достығы туралы айтылған.

Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің 2006 - 2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын зерделеуге ерекше мән берілуі тиіс екені айтылған.
К.Д.Ушинский айтқандай: «Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс» - дейді, яғни әрбір ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын сақтап, сол рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін ескерткен. Сондықтан да осы айтылғанды ескере отырып жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге, елжандылық пен ерлікке тәрбиелеу - біздің басты міндетіміз болмақ. Әр оқушы бойына намыс, ар, сүйіспеншілік сезімдерін ұялатып, туған жер табиғаты, ана тілі, салт - дәстүрі, тарихи ата - бабаларымыздың ерлігі - Отанға деген сезімнің шынайы қайнар көзі екеніне өз іс - әрекеттеріміз, іс - шараларымыз арқылы көз жеткізуіміз қажет.

2.2. Электронды әдістемелік нұсқау арқылы тұлғаның