ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.10.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
патриоттық құндылығын қалыптастырудың
әдістемелік жолдары
Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықты айқындауда жоғарыда патриотизмге берiлген анықтамаларға және құндылық, адамгершiлiк құндылық ұғымдарын философия, педагогика, психология ғылымдары тұрғысынан саралайтын болсақ, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық дегенiмiз - елi мен туған жерiн, Отанын сүю, мемлекеттiң тәуелсiздiгi мен бейбiтшiлiгiн, әлемдік тыныштықты сақтау үшiн күресу, өзінің ана тілін, дінін, салт дәстүрін бүгінгі заман талабына сай ұлттық мүдде негізінде жетілдіру, қоғамдағы iзгiлiк қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейрiмдiлiктi, ұлтаралық мәдениеттi дамыту.
Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың негізгі көзі – отбасы, әулет, әлеуметтік орта, аймақ, мемлекет, әлемдік кеңістік болса, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық - қазақ патриотизмі, ұлттық патриотизм, Қазақстандық патриотизм, жалпыадамзаттық патриотизм арқылы көрініс бере отырып, тұлғаның бойында құндылықтың жоғары көрсеткіштері -мемлекет және ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық сана, және ұлттық тарихқа, салт-дәстүрге деген сүйіспеншіліктері қалыптасады. Психологиялық тұрғыда патриоттық құндылықтар сапаға айналып, iс-әрекет (тұлғаның “Менi”) тұрғысынан көрiнiс береді.
Біз, “Қазақстандық патриотизм“, “ұлттық патриотизм“, “патриоттық құндылық“, “ұлтжандылық“, “жалпыадамзаттық патриотизм“ ұғымдарына берілген анықтамалар негізінде бүгінгі мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің мазмұны төмендегі тұрғыда қарастырылады: әрбір азаматтың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну; мемлекет рәміздеріне, мемлекеттік тілге, тарихқа, мәдениетке құрметпен қарау; барлық отандастарды ұлты мен конфессиясына қарамастан, олардың салтын, дәстүрін, тарихы мен мәдениетін, тілін құрметтеу; елiмiздегi бейбiтшiлiкті, бiрлiк пен тәуелсiздiктi сақтау және әлемдiк дамудың тыныштық пен бейбiтшiлiкті сақтау үшiн барлық күш жiгерiн жұмсау. Ұлттық мәдениет пен өркениеттiк даму үрдiсiн өзара сабақтастыра отырып тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастыру патриотизмді қатынастар жүйесі тұрғысынан - тұлғаның мемлекетке қатынасы (мемлекеттік рәміздер мен атрибуттардың ту, елтаңба, әнұран,т.б.) маңызын түсінуі, мемлекеттік тілді, тарихи-мәдени мұраларды, дәстүрлерді білуі және оған деген құрметі, өз мемлекетіне пайдалы іс-әрекеттер жасауға деген ұмтылысы); өз халқына қатынасы (халықтың негізгі менталитетін, құндылық бағдарын, патриоттық және ұлтжандылық көріністерін бағалай білуі, өз халқы үшін патриоттық іске бару қажеттілігін түсінуі); патриот ретінде өзіне-өзінің қатынасы (азамат ретінде құқығы мен міндеттерін білу, патриоттық сезімнің көрініс беруі) арқылы айқындалды.
Тәрбиенің заңдылықтарына сүйене отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру жүйесі “ мектеп - отбасы - әлеуметтік ортаны“ кіріктіре отырып, сабақ үрдісіндегі және сабақтан тыс уақытта, мектептегi оқушылардың бастамасы бойынша құрылған қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар мен мектептен тыс тәрбие мекемелерiнде ұжымдық және жеке-дара тәрбие, отбасы және әлеуметтік ортамен тығыз байланыста жүргiзiлді.
Қорытынды
Патриоттық тәрбие берудегі өткен тарихымыздың алар орнын айқындалды;
Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негізін қарастырылды;
Қазақстандық патриотизмнің даму жолдары қарастырып, жас ұрпақ бойындағы ұлтжандылықты қалыптастырылды;
Тұлғаның патриоттық құндылығын қалыптастырудың нәтижесін айқындалды;
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудiң мазмұнын ғылыми-педагогикалық тұрғыда саралағанда төмендегiдей қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:
1. Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында патриотизм, патриоттық тәрбие ұғымдарына, ғылыми теориялық тұрғыда талдау жасай келе, “Патриоттық тәрбие”, “Қазақстандық патриотизм”, “Ұлттық патриотизм” ұғымдарына ғылыми-педагогикалық тұрғыда анықтама берілді. Тұлғаның бойындағы патриотизм - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, халықтардың мәдениетіне құрметпен қарайтын, халықтар арасындағы достықты нығайтатын, Отанды қорғауға, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге өз үлесін қосатын патриот азамат тұрғысынан қарастыралады.
2. Тұлғаның бойында патриоттық құндылығын қалыптастырудың теориялық-тұжырымдамалық негіздері және патриоттық құндылықтар жүйесі, жалпы (қазақстандық патриотизм), айрықша (ұлттық патриотизм), бiрегей (қазақ патриотизм) тұрғыда қарастырылғанда патриот тұлғаны қалыптастыруға болады. Бiрлiгiн сақтап қалатын патриот-азамат тәрбиелеуге толық мүмкiндiктердің бар екендiгі анықталды.
Патриоттық тәрбиенің жүйелілік сипатына келетін болсақ, ол ең алдымен, тәрбие мен патриоттық сана-сезімнің жүйесі арқылы айқындалады.
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудiң педагогикалық және психологиялық негiздерiн Қазақстан, алыс және жақын шетел ғалымдарының еңбектеріне теориялық тұрғыда талдау жасай отырып, тұлғаның бойындағы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру қазіргі қоғамның әлеуметтiк даму жағдайына негізделіп жүйеленді.
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беруге арналған электронды әдістемелік нұсқау арқылы тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға болатыны дәлелденді.
Қорыта келгенде, ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық тәрбие және патриоттық тәрбие беру оқушы бойындағы сана-сезiмдi, намысты, парызды қалыптастырумен қатар егемен елiмiздiң тәуелсiздiгiн, ынтымағын патриоттық сана тұрғысынан алғанда, патриоттық тәрбие тәрбиенің идеялық-саяси, адамгершілік, құқықтық, эстетикалық және т.б. элементтерінсіз өмір сүре алмайды, патриоттық сана Отанды өркендету мен қорғауға ішкі даярлық пен қабілетті қалыптастыруға білгілі бір әлеуметтік- саяси бағыт береді. Сөйтіп, патриоттық тәрбие басқа тәрбиенің барлық негізгі бағыттарымен бірге жүзеге асырылады. Патриоттық тәрбиенің соңғы нәтижесі ретінде патриоттық сана өз Отанын өркендету жолындағы күресте, оны нығайту және қорғау жолындағы қызметті көрініп, өлшенеді, сөйтіп, сол арқылы тиісті ерлік, жауынгерлік және ұлттық дәстүрлер түзе отырып, олар кейіннен тәрбиелеуші факторға айналады. .
Патриоттық тәрбие қоғамдық-саяси қызметтің күрделі, салыстырмалы дербес жүйелерінің барлық белгілеріне ие болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
Назарбаев Н. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, 2014 -
Нысанбаев Ә., Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы, -Алматы: Жазушы, 1909-720 б. -
Қалиұлы С., Қазақ энциклопедиясының теориялық негіздері мен тарихы (Оқу құралы). –Алматы: Білім, 2003-280 б. -
Бегалин С., Шығармалар жинағы, -Алматы: Жазушы,1966 -
Кенжалин Ж. Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз. – Алматы, 2005. – 46-47 беттер. -
Жанайдаров О. Менің елім – Қазақстан. – Алматы: Балауса, 2003.. -
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негiздерi. Оқу құралы. –Алматы: Бiлiм, 2001. -
С.Қалиев Адамгершiлiк сабақтары. Оқу құралы. –Алматы: Бiлiм, 2001. -
«Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы». Қ.Р. Президентінің Жарлығы Астана, Ақорда, 2006 ж. қазанның 10-ы. №200 -
А.Құсайынов Білім және Реформа . Алматы 2006. -
Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика: Оқу құралы. Жалпы редакциясын басқарған Құдиярова А.М. – Алматы: Дарын, -2004.