Файл: Сабаты таырыбы Кинематика негіздері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 3

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақтың тақырыбы:  Кинематика негіздері

Сабақтың мақсаты:

1) Қозғалыстың әр түрлі түрлесімен және қозғалысты сипаттайтын физикалық шамалар туралы түсінік.

2) Дененің кеңістіктегі орнын анықтап үйрену, оқушылардың ойлау жүйесін кеңейту;

 3) Оқушылардың өз бетімен ізденуге тәрбиелеу, физика пәніне қызығушылығын арттыру;

“Кинематика”  бойынша бірнеше тақырыптар алып кейс технологиясы бойынша зерттеп, талқылау. Кейс технологиялардың  негізгі  ерекшеліктеріне келетін болсақ, ең алдымен, практикалық  жағдайларды зерттеу, болған жағдайларды  баяндау, оқушылар мәселелермен танысып, оны шешудің  жолдарын  іздейді. Негізгі  мақсаты: оқушылардың  бойында  жаңа  қасиеттер  мен   іскерліктерді   қалыптастыру, әр түрлі проблемаларды  талдау  және  оларды  шеше білу  қабілетін   дамыту, ақпаратпен  жұмыс   жасауды  үйрету болып табылады.

Сабақтың әдісі: кейстік технология

Сабақтың типі: кабинеттік

Көрнекі құралдар: механикалық қозғалыс заңдарына демонстрациялық тәжірибеге арналған жинақ. Компьютерлік бағдарлама, диапроектор.

Тәрбиенің түрі: эстетикалық-экологиялық тәрбие. Ғылыми жұмыстарға өз бетімен ізденуге тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: математика, геометрия

Сабақтың барысы: жоспары

Ұйымдастыру кезеңі (2-3 минут).

«Кинематика негіздері» тарауын қайталау:

Ойлы орталық

«Табыстыр» ойыны

Сенуің керек, бірақ міндетті түрде тексер

«Қозғалыс түрлері»

FILA – кестесі.

Қорытынды.

Жаңа сабақ түсіндіру.

А) Дәптерлеріңе өз ойларыңша үйден мектепке дейінгі өз қозғалысының траекториясын сызыңдар.

Б) Өз суреттеріңе қараңыздар да, қозғалыс жөнінде не білесіздер бәрін  естеріңізге түсіріңіздер.

Мұғалім: тарау бойынша сөйлейді. Осы уақытта оқушылар «Білемін», «Білгім келеді», «Мен жаңадан білдім» картасының графасын толтырып отырады. Бұған 3 – 4 минут уақыт беріледі.

Жаңа сабақ түсіндіру.

А) Дәптерлеріңе өз ойларыңша үйден мектепке дейінгі өз қозғалысының траекториясын сызыңдар.

Б) Өз суреттеріңе қараңыздар да, қозғалыс жөнінде не білесіздер бәрін  естеріңізге түсіріңіздер.

Мұғалім: тарау бойынша сөйлейді. Осы уақытта оқушылар «Білемін», «Білгім келеді», «Мен жаңадан білдім» картасының графасын толтырып отырады. Бұған 3 – 4 минут уақыт беріледі.


Ойлы орталық:

1. Біз қозғалыстың қалай пайда болатынын білеміз бе? Ол қозғалысты пайда болдыратын факторларды айта аламыз ба? Ендеше осы туралы ойланып, физикалық ұғымдарды еске түсірейік.

2. Мына ұғымдардың атауларын анықтау үшін «Табыстыр» ойынын қолданамыз. Төмендегі кестеде ойынның мысалдары көрсетілген.

«Табыстыр» ойыны

1

Траектория

Массасы қарастырылып отырған дененің массасына тең геометриялық нүкте.

2

Жылдамдық

Қозғалыс жылдамдығының өзгеруiнiң осы өзгерiс болып өткен уақытқа қатынасы

Материалдық нүкте

Кез-келген бiрдей уақыт аралығында қозғалыс жылдамдығы сәйкес бiрдей шамаға өзгерiп отыратын қозғалысты

3

Үдеу

Қарастырылып отырған материалдық нүктенің қозғалыс кезінде із қалдыруы

4

Материалдық нүктенің орын ауыстыруы

Дененiң белгiлi уақыт аралығында жасаған орын ауыстыруының уақытқа қатынасы

8

Бiр қалыпты айнымалы қозғалыс

Дененің бастапқы орнын оның келесі мезеттегі орнымен қосатын түзудің бағытталған кесіндісін айтады

3. Сыныпты екі топқа бөліп «Қозғалыс түрлері» деген тақырыпта пікір-сайыс ұйымдастырып, физикалық шамаларды логикалық ойлау әдісін қалыптастыру.

Әрбір топ өздеріне сәйкес атын, эмблемасын қояды.

Бірінші топтың аты - «түзу сызықты қозғалыс», ал екіншісі «Қисық сызықты қозғалыс» болып бөлінеді.

4. Тапсырма: FILA – кестесі.

Фактілер

Идеялар

Сұрақтар

Іс-әрекет жоспары

1. Нүкте

2. Сызықпен қозғалу

3. Машинаның жүруі

4. Жылжамдық

Салынған сызықтың із қалдыруы.

Табиғаттағы қозғалыс мысалдары

Қозғалыстың болу себептері

1. Механика деген не?

2. Жол мен уақыт арқылы нені өрнектеуге болады? Неге?

1. Қозғалыс түрдеріне мәліметтер жинау.

2.Жол, траектория, жылдамдық, үдеуді анықтау.

3. Бiр қалыпты айнымалы қозғалыс і туралы слайд дайындау.

FILA нәтижесі:

  • Іс – әрекет жоспарын жасақтайды;

  • Мәтінді түсініп оқиды;

  • Ойлау қабілеті дамиды;

  • АКТ – мен жұмыс жасайды;

  • Ізденуге жетелейді, қызығушылығы артады;

  • Мәтінді толық талдайды;

  • Түйін жасай біледі.


Физика – эксперименттік ғылым болғандықтан, онда теорияны практикамен ұштастыру мақсатында кейбір тақырыптардан кейін зертханалық жұмыстар өткізу қажет.

Оқытуды ұйымдастыру әдістері жүйесіндегі кейс әдісінің маңызды ерекшелігі,  оның басқа әр түрлі оқыту әдістерімен тиімді үйлесуі болып табылады. Білім беру үрдісін ұйымдастырудың әр түрлі әдістері  кейс — әдіспен сәтті үйлесім табады. Кейс стади әдісі интерактивті әдістің  бір түрі ретінде оқушылар үшін өте тиімді әдіс болып саналады. Бұл әдістің көмегімен оқушылар өз беттерінше теорияны меңгере отырып, практикалық дағдыларға да үйренеді, сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады. Оқушы мәселеге талдау жасау арқылы  болашақ маман ретінде қалыптасып, сабақты қызығып оқуға тырысады .