ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.10.2024
Просмотров: 4
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім: Отбасы және демографиялық өзгеріс. Синтаксис Күні: Мектеп: Н.Нұрмақов атындағы мектеп-лицейі Пәні:қазақ тілі Мұғалімнің аты – жөні: Наурызбаева А.Б Сынып: 9 Қатысқандар: Қатыспағандар: | ||
Сабақтың тақырыбы: | Отбасы- ұлт құндылығы | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 9.1.3.1 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу; 9.2.1.1тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу 9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану | |
Сабақ мақсаты | 1.Мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу 2.Тұтас емес мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу 3. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу және қолдану | |
Бағалау критерийі | Білім алушы:
-тұтас емес мәтіндердегі мәліметтерді салыстырады;
| |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: - Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты анықтай алады. Тақырыпқа сай сұрақтарға жауап береді. Ұлттық құндылықтар туралы өз пікірлерін айта алады. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс қоя алады. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: -Стратегия, демогафия, гендрлік теңдік. Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: -Стратегиялық бағыт, демографиялық бағыт, гендрлік теңдік саясат. | |
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік Ел» құндылығы:
| |
Пәнаралық байланыс | Адам. Қоғам. Құқық-«Неке және отбасы заңы» Өзін-өзі тану- «Мерейлі отбасы» Геогафия- халық санағы | |
Алдыңғы білім | Отбасы жайлы хабарлары бар. Ойды тұжырымдай алады. | |
Сабақ барысы | ||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы 10 минут Білім деңгейі: Білу | Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал орнату. Бүгінгі сабақты жақсы көңі-күймен бастау «Сандықшадағы сиқырлы айна» әдісі Мақсаты: Жағымды ахуал қалыптастыру. Өту қадамы: Сиқырлы айнадағы адамды бір сөзбен бағалайсыз. Мысалы: сұлусыз, ажарлысыз, тамашасыз. Топқа бөлу: Білім алушылар «Пазл» әдісі арқылы берілген суреттерді құрастырып, үш топқа бөлініп отырады. Мақсаты: тыңдаудағы дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру. Өту қадамы: берілген бөліктерді біріктіру арқылы сурет шығарады І топ: «АТА-ӘЖЕ» ІІ топ: ӘКЕ-АНА | «Сиқырлы айна» әдісі |
| ІІІ топ: БАЛАЛАР Білу «Зымыран» әдісі арқылы үй тапсырмасы еске түсіру . Мақсаты: алдыңғы білімін бекіту, қайталап еске тусіру. Өту қадамы: әрбір топқа 5 сұрақтан беріледі. ҚБ «Жапондық бағалау» әдісімен бағалау. | |
Сабақтың ортасы 20 минут түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау | Түсіну «Мерейлі отбасы» бейнеролигін көрсету. Сұрақтарды топқа қоя отырып талқылау. І топ: Бейнебаяннан не ой түйдің? ІІ топ: Еліміздің ең басты ұлттық құндылығы туралы өз пікірлері? ІІІ топ: Осындай отбасылар кездесе ме? ҚБ «Қол шапалақ» әдісі арқылы бағалау Қолдану ТЖ 1-тапсырма.«Ойлан, жұптас, бөліс!» әдісі арқылы тапсырма орындайды. Мәтінді оқып, диаграмманы толықтырыңыз Бағалау критерийі: -мәтін мазмұнын ашады ; -диаграмманы толықтырады; -негізгі ойды анықтайды;
-диаграмманы толықтыра алады; -негізгі ойды анықтай алады; -ұлттық құндылық туралы өз пікірлерін айта алады ҚБ «Ауызша мадақтау» әдісі арқылы бағалау (Жарайсың! Тамаша! Керемет!) Талдау 2-тапсырма. ЖЖ Деңгейлік тапсырмалар. «Сиқырлы конверт» әдісі арқылы деңгейлік тапсырмаларды зерделей отырып беру. Мақсаты: оқушылар деңгейін анықтау, жазылым, айтылым дағдысын қалыптастыру. Өту қадамы: оқушыларға берілген деңгейлік тапсырмаларды орындайды, өзара талқылайды. 1-деңгей Оқылым мәтініндегі негізгі ойды танытатын 3 сөз бен 3 сөйлем жазыңдар. 2-деңгей Оқылым мәтініндегі сөйлемдерді түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемге айналдыр. 3-деңгей Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін қойып, қойылу себебін түсіндіріңдер. 1. Мектеп директоры мынаны еске салады оқушыларды ерте бастан ғылыми еңбек жазуға | Бейнеролик https://www.youtube.c om/watch?v=juIrkHC AZt4 http://armanpv.kz/?bo ok=162 http://armanpv.kz/?bo ok=162 |
| баулу қажет.
-мәтіндегі негізгі ойды жазады; -сөйлемдерді түсіндірмелі салалас құрмаласқа айналдырады; -құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін қояды, себебін түсіндіреді Дискриптор: -мәтіннен негізгі ойды жаза алады; -сөйлемдерді түсіндірмелі салалас құрмаласқа айналдыра алады; -құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін қояды алады; -себебін түсіндіре алады ҚБ «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалау Жинақтау ТЖ 3-тапсырма. «Рөлдік ойын»әдісі Мақсаты: жазу дағдысын қалыптастыру. Өту қадамы: Топта арнау сөз жазады. Мысалы: Отбасы күніне арналған Елбасының халыққа арнау сөзі жазу. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді ажырату. Бағалау критерийі: -арнау сөзді жазады; -сөйлемдерді түсіндірмелі салалас құрмаласқа ажыратады Дискриптор: -арнау сөзді жаза алады; -сөйлемдерді түсіндірмелі салалас құрмаласқа ажырата алады ҚБ «Смайлик» әдісімен бағалау Жинақтау ТЖ 4-тапсырма. «Джигсо» әдісі Мақсаты: алған білімдерін жинақтау Өту қадамы: оқушылар сөздерді анықтамаларымен қосады | | ||||
| Сөз | Сіздің ойыңызша, оның мағынасы қандай | Сөздіктегі анықтамасы | Сөзді пайдалана отырып құрылған сөйлем | ||
Отбасы | | | | |||
Ұлт | | | | |||
Құндылығы | | | | |||
Мерейлі | | | | |||
ұрпақ | | | | |||
Әке | | | | |||
Бала | | | | |||
Бағалау критерийі: - сөзді жазады; |
|
-кестемен жұмыс жасай алады ҚБ « Бес саусақ» әдісі арқылы бағалау | | ||
Сабақтың соңы 10 минут | Рефлексия «Жетістік бастпалдағы» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз білімдерін бағамдап, стикерге жазып, жетістік баспалдағына жабыстырады. КЕРІ БАЙЛАНЫС «Ақылдың алты қалпағы» Де Бонн әдісі арқылы шеберлік сағатына кері байланыс жасайды. Ақ қалпақ - Жаңа ақпараттар Сары қалпақ -Алған әсеріңіз қандай? Қызыл қалпақ - Эмоциялық көңіл- күйін білдіру Қара қалпақ - Ұсыныстар не баға беру Жасыл қалпақ - Жағымды тұстары Көк қалпақ - Өзіне түйген құндылық Үй тапсырмасы 8-тапсырма, 110-бет | | ||
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||
Ықшамсабақты жоспарлау кезінде оқу бағдарламасы, ұзақ мерзімді жоспар және саралаудың 12 түрі негізге алынып жасалынады. Ықшамсабақтағы тапсырмалар ең бірінші оқу бағдарламасында берілген мақсатқа сүйене отырып, оңайдан күрделіге қарай сараланып, яғни, Д.Брунердің спиральды қағидаты негізінде жасалынады. Ықшамсабақтың жоспарын құруда тапсырмалар нақтылы, өлшемді, қолжетімді SMART мақсатқа негізделген және дағдының 4 түрі ескерілген. Қарым-қатынас формалары бойынша саралау "Сандықшадағы сиқырлы айна" арқылы оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасын орнату. Мақсат бойынша саралау сабақты жоспарлаудан бастау алып, оқушылардың көпшілігі, басым бөлігі, кейбір оқушылар үшін деңгейлік тапсырмаларды орындауға бағытталады. Әрбір оқушыға саралау әдістері мақсатқа жетуге көмегін тигізеді. Тапсырмалар | Оқудың ажырамас бір бөлігі- бағалау. Білім алушының білім меңгеруде, дағдыларының қалыптасуына, деңгей жайлы ақпарат алу, оқу үдерісін түзету, кері байланыс ұсыну, оқушылардың уәжін көтеру үшін бағалаудың маңызы өте зор. Сондықтан ықшамсабақта қалыптасытырушы бағалаудың «Жапондық бағалау», «Қол шапалақ», «Ауызша мадақтау», «Бағдаршам», «Смайлик», «Бес саусақ» әдістері қолданылады. Басты мақсат- зейінін тұрақтандыру, келесі тапсырманы орындауға деген қызығушылығын арттыру, өзін және өзгені әділ бағалауға дағдыландыру. «Жетістік бастпалдағы» әдісі арқылы рефлексияда оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз білімдерін бағамдап, стикерге жазып, жетістік баспалдағына жабыстырады. «Ақылдың алты қалпағы» Де Бонн әдісі арқылы шеберлік сағатына кері байланыс жасайды. | Ықшамсабақты жоспарлауда қауіпсіздік техникасы мен денсаулық сақтау қауіпсіздігін сақтау бірінші орынға қойылады. Сабақтың әр бөлігінде осы ережелер сақталып отырады, нақтырақ тоқталсақ психологиялық ахуал орнатуда, топқа бөлуде, жұптық жұмыс және АКТ қолданғанда қатаң сақталады. Оқушыға ыңғайлы қолайлы оқу ортасы алаңсыз білім алуға мүмкіндік жасайды. | ||
оқушылардың деңгейіне қарай алынған. Ең бастысы Б.Блум сатысымен жүзеге асып отырады. «Зымыран»әдісі, «Ойлан, жұптас, бөліс!» әдісі, «Сиқырлы конверт» әдісі бойынша тапсырма орындауда түрлі деңгейде жауап күтіледі және қабылданады. Бұл "Нәтиже немесе жауап бойынша саралауда" көрініс табады. Оқушылардың барлығы тапсырманы орындау кезінде өз ойларын ортаға салып, тақырыпқа сай пікірлерін жеткізеді. Жұптық жұмыс жасау кезінде оқушының дербестігі мен жауапкершілігі бойынша саралау барысында оқушылардың бір-бірімен жұптасып жұмыс жасауына қолдау көрсетеді. Тапсырма бойынша саралауда «Рөлдік ойын» әдісі , «Джигсо» әдісі арқылы оқушылар топта шығармашылықтарына сай кесте толтырады. Кейбір оқушылар кесте толтыру барысында нақты дәлелдермен ойларын қағаз бетіне түсіреді. Саралаудың осы түрін қолдану өте тиімді, себебі баршаға бірдей тапсырмалар дайындалады. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізеді, топта талқылайды және соңында оқушылар жұптарының жұмыстарын тексере отырып бір-бірін бағалайды. «Диалог негізінде саралау» барысында мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбатқа мән бере алады. «Зымыран» әдісімен тапсырма орындағанда көрінбек. Қабілеті төмен оқушы ақпаратты қарапайым тілмен түсіндіруді қажет етсе, деңгей жоғары оқушы мазмұны күрделі диалогта жауап бере алады. | Алынған бағалау түрлерінің барлығы оқушылардың оқу мақсатына сай оқу жетістігіне жеткізеді деп күтілуде. | |