Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым Министрлігі Д. Серікбаев атындаы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


-геоморфология – жер бедерінің типтері мен формалары;

-геология – грунттардың физико-механикалық қасиеттері;;

-гидрогеология – грунтты суларының жағдайы мен құрылысы;

-геологиялық процестер – жер бетінің эволюциясының ішкі және сыртқы білінуі.

Жер ресурстарын ұтымды пайдалану терең зерттеу мен бағалаусыз жүргізілмейді. «Баға» ұғымы философиялық мағынада салыстырмалы құндылықпен байланысты. Құндылықтың объективті жағы болып объектінің немесе заттың шыңайы қасиеттері болады. Жер құндылығы оның адамның қоғамдық тұрмыс сферасына еңумен сипатталады, әлеуметтік қатынастардың тасымалдаушысы болды. Жер әртүрлі өндіріс сферасында бірдей емес қызмет атқарады. Ауыл мен орман шаруашылығында – өндіріс құралы ретінде (еңбек заты мен еңбек құралы), өнеркәсіп пен көлік байланысында – жер кеңістікті базис, қорықтыр мен үлттық парктерде ол рекреациялық мәні бар. Мынадай сұрақ туындайды, - қай позиция жағынан оны бағалау керек? Жерді бағалаған кезде оны қоғамдық өндірісте қызметін ескеру керек, ауыл шаруашылық талаптарын қарастыру қажет, онда ол белсеңді рөл атқарады, өндірістің бастапқы құралы ретінде, оның басқа рөлдерін ойдан шығармау.

Жер өндірістің барлық табиғи жағдайларын алады (топырақты, климатты, кеңістікті). Сондықтан «жер» ұғымы «топырақ» ұғымынан кеңірек, себебі топырақ жердің маңызды бөлігі. Сол себепті, бағалауға жер толық мағынада жатады, тек топырақ қана емес өзінің табиғи факторларымен, ауыл шаруашылығына әсер ететін.

Оның сапасы қасиеттерімен сипатталады, мысалы құнарлығымен немесе орналасу жерімен. Құнарлылық жердің жоғарғы қабатына қатысты – топыраққа, жер шаруашылығында қолданылатын. Ол мәні бар қасиетті сипаттайды, топырақтың сапалы қасиеті мен жер шаруашылығында өндірістің маңызды факторы болады. Орналасу жері адамның қоғамдық өмірінде маңызды рөл атқарады. Сондықтан, еңбекпен қозғалмаған жер, яғни, бағасы жоқтар болмайды: топографиялық, геологиялық, топырақты түсірістер, биологиялық, экологиялық зерттеулер – қоғамдық қажетті шығындар, жер еңгізілген. Басқаша айтқанда, жер тек қана тұтынушылық бағасы ғана емес, сонымен бірге құны болады.
2.2 Бастапқы берілгендерді жүйелеу және өңдеу

ИГЖ сандық көрсеткіштері, зерттеу дәрежесінің диапозоны мен тереңдігінің шынайлығы, сенімділігі, нақтылығы қойылған мақсатқа тәуелді. Құрылыстағы бірінші кезең іздестірулері үшін қарапайым мақсаттар құрамына кіреді: құрылыс болатын аудандағы объектілердің орналасуының варианттарын бағалау және салыстыру; Бас жобаның сұлбасын құру; жұмыс көлемін және бағасын анықтау; ИГЖ әр түрлі құрылыс және шаруашылық мақсаттарына тәуелді бағалау. Бұл есептер жерді кадастрлық есептеу қажеттеліктеріне, талаптарына толық мәнде жауап беретін, аймақтық инженерлік-геологиялық зерттеулер кезінде шешіледі. Екінші кезеңде таңдап алынған құрылыс алаңының өзіндік есептері шешіледі.


Кадастрлық мақсаттар үшін іздестірудің бірінші кезеңінің нәтижелері жеткілікті дәлдікпен масштабы 1:10000 болатын топографиялық негізінде және масштабы 1:5000 болатын 12 жер бағалаулық аудандық орналасу сұлбасында көрсетіледі.

ИГЖ жер-кадастрлық берілгендер жиынтығын белгілі және еселілігі берілген, координаталық сызықтар қиылысында, яғни «түйіндес нүктелер» бойынша құру керек. Жердің физикалық жағдайының белгілеріне, өзгеруліктің орташа дәрежесінің сипатына сай, тордың өлшемі 500х500 м оптималды деп есептеуге болады, сәйкесінше «түйіндес нүктелердің» координата мәні - 500 еселік.

Аса күрделі жағдайларда тығыздылықты 100х100 деп алуға болады, бірақ бұл жағдайда көптеген көрсеткіштер бойынша тордың нығыздалуы нәтижесінде алынған қосымша ақпараттың дәлдігі мен сенімділігі жоғарылайды. Бұл көптеген көрсеткіштердің бастапқы берілген нүктелер арасындағы интерполяция немесе экстрополяция жолы арқылы анықталуы қосымша Ж-да көрсетілген.

2.3 Геоморфологиялық көрсеткіштер

Елді-мекен жерлерін кадастрлық бағалау үшін инженерлі-геологиялық жағдайлардың негізгі факторлары келесідей 4 топ көрсеткіштеріне бірігеді:

- жер бедерінің типтері және пішіні (геоморфология);

- грунттың физикалық-механикалық қасиеті (геология);

- грунт суларының құрамы мен жағдайы (гидрогеология);

- жер беті эволюцияның сыртқы және ішкі көріністері (геологиялық процестер).

Кадастрлық есептеулердің ерекшелігі болып, осы факторлардың әсері өз технологиясы бар анық бір құрылыс үшін ғана бағалануы емес, ал учаскелердің құрылыс күрделігінің категорияларын анықтау мақсаты табылады.

Геоморфология - әр типті грунттардың морфологиялық, морфогенетикалық және морфометриялық көрсеткіштермен сипатталатын жер бетінің пайда болуы, жер бедерінің және оның элементтерінің жасы туралы ғылым. Элементтерді тексеру тереңдігі мен тексеру қадамдарына байланысты жер бедерінің бірнеше классификациясы бар. А. Қoсымшасында келтірілген М. Ф. Скрибнoв және А. И. Спиридoновтардың жалпылау классификациясы кадастрлық тапсырмаларының талаптарына жауап бере алады.

Геoмoрфoлoгиялық белгілері бoйынша жер бағалау тапсырмаларының негізі болып жер бедерінің елді-мекен ландшафтының қалыптасуына әсері мен оның элементтерінің құрылыс жағдайына әсер ету дәрежесін анықтау табылады.

Қала құрылысы нoрмасы бойынша неғұрлым қолайлы тұрғылықты жер бедерінің ылдилығы 10%. Өте тік баурайларды тегістеу, террассалау (көбінесе бұл жарылыс жұмыстарымен байланысты), тіреулермен бекіту керек болады. Күрделі жер бедері жағдайында объект эксплуатациясы мен құрылысқа шығындар көлемі өседі.

Геoлoгия - бұл бөлімде тау жыныстарының инженерлі-геологиялық қасиеттері, қалыңдығы, жасы, генезисі, орналасу жағдайлары, таралуына байланысты территорияны аймақтық бағалауға қажет геологиялық мәліметтер зерттеледі. Территорияның инженерлі-геологиялық жағдайын бағалаудың негізі болып грунт механикасы бойынша мағлұматтар табылады.
2.4 Геологиягиялық көрсеткіштер

Бұл бөлімде тау жыныстарының инженерлі-геологиялық қасиеттері, қалыңдығы, жасы, генезисі, орналасу жағдайлары, таралуына байланысты территорияны аймақтық бағалауға қажет геологиялық мәліметтер зерттеледі. Территорияның инженерлі-геологиялық жағдайын бағалаудың негізі болып грунт механикасы бойынша мағлұматтар табылады.

Грунттар негізгі және жерде құрылыс салуға материалдар ретінде тасты, жартылай тасты және тасты емес болып бөлінеді. Грунт классификациясы төзімділігі, деформациясы және фильтрациялау бойынша тау жыныстарының көбірек таралған типтерін, құрамдық байланыстарына байланысты кластарды қамтитын генетикалық топтар, жыныстардың белгілері мен түрлері бойынша әрбір
кластарды сипаттайды, грунттарды категорияларға бөледі.

Грунтттардың құрылымды-тектоникалық сипаттамалары жыныстардың орналасу геометриясы мен жағдайларын және олардың физикалық біркелкісіздігін бейнелейді. Грунттардың табиғаттық құрылымы (олардың байланыс түрлерімен және олардың минералогиялық құрамымен қатар) олардың деформациялық төзімділігінің сипатын анықтайды. Қатты құрылымдық байланысты жыныстар тасты дисперстік емес, ал тасты емес (дисперстік) - ірі сынықты, құмды және балшықты грунттар жатады. Дисперстігі борпылдақ грунт механикасының заңдылықтарын қолданады және оларды физикалық жағдайларға байланысты дифференциалды түрде жүйелейді. Дисперсті емес грунттарды су сіңірілген жағдайында (қаныққан) бір осьті сығуға уақытпен қарсылығына, суда жібуі мен еруіне, жарықшақтық дәрежесіне және дәнді құрамына байланысты бағалайды.

Тау массиві тектоникалық процестер мен сыртқы динамика нәтижесінде сығылуға, жер қыртысының қабаттарында жылжуға ұшыраған. Гранитті-метаморфиялық және шөгінді тау жыныстарынан құралған құрылымдық массивтер төменгі қатардағы геологиялық құрылымдар болып табылады. Әдебиетте бұндай құрылымдарды құрылыстар мен ғимараттардың жерасты бөлігінің негізі болғандықтан беткі салудың құрылымы деп атайды.

Бұл құрылымдардың элементарлы формасы болып қалыптасу жағдайына байланысты қабат табылады. Қабат қалыңдығы оның сапалы параметрлерінің біркелкілігін анықтайды. Қабаттардың әркелкілігі (бөліктерінің шекаралары болуы), қабаттардың бағыттылығы, т. б. деформация жағдайларының пайда болуына немесе бір-біріне қатысты қабаттардың жылжуын анықтайды.

Құрылым пайда болуының маңызды элементі болып массивтік құрылымдар мен жыныс қабаттарының жарылуы мен уақталуынан болған тұтастықтың бүлінуі табылады. Жарылу құрылыстар мен ғимараттар негізінің деформациясының мүмкін болуын анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып келеді. Кадастрлық мақсаттар үшін инженерлі-геологиялық рекогносцировкалау кезінде алынған бұзылулар, табиғи және жасанды жаңартулар екі-үш учаскенің үстінен тегіс орналасқан және сол бұзылулармен шектелген жыныстың көлемі мен ұзындығы, кеңдігі, қоюлығын бағдарлау үшін әр жыныстың типі туралы мәліметтер жеткілікті (құлау бұрышы және орналасқан азимуты).

Жарылудың жайылу азимуты және көлбеулік бұрыш сияқты басқа да сандық көрсеткіштерді қабаттардың жарылуы мен шекаралары анықталған жағдайда бірдей екендігін ескере отырып және металогиялық қабаттардың бағытталуын (жыныстардың құрылымдық төзімділігін) бағалау үшін қолдану қажет.


Жарылған қуыстың коэффициенті кейбір қиылысуда қиылысу ауданының өзіне байланысты жарылу ауданының қатынасымен анықталады, пайызбен.

Сондай-ақ оны эмпиризмдік формуласымен де анықтауға болады:
Кжар≈П/1,5, (1)
мұндағы П - массивтің жарылу қуысы.
(2)
мұндағы - берілген массивтегі бірлесіп дамыған жүйенің әрбір көршілес жарықшақтың аралықтарының және енінің орташа мәндері.

Жыныстардың массивін жарықшақтармен жекелеген блоктарға бөлінуі және қабатты жарықшақтардың бар болуы (қатпарлықпен үйлесетін) олардың структуралық төзімділігін төмендетеді. Ал бұл құрылыс негізінің тұрақтылығын төмендетеді. Жарықшақтардың айқын орналасуында, олардың көбірек таралуында (жарылусудың 4 класы) көшкін, шөгу және құлау қаупі туады.
2.5 Гидрогеологиялық көрсеткіштер

Зерттеудің негізгі объектілері болып жер қыртысының су іріктіш горизонты және жер асты суларының жер бетіне шығуы табылады. Жерасты суларын типіне байланысты (аэрация, карстты, жарылған), орналасу жағдайларына байланысты (жетекші, грунтты, артезиан) жіктеледі. Солардың ішінде кадастрлық бағалау үшін көбінесе грунт сулары қызушылық танытады. Грунт суларының қалыптасуына аэрация зонасының жыныстары және суат жыныстарының құрамы, топырақ және өсімдік жамылғысы, жер беті сулары, жер бедері, климат, атмосфера тікелей әсер етеді. Грунт суларының горизонты - атмосфералыққа теңдес қысымды тұтас гидравликалық беті бар, аймақтық айқындалған, барлық уақытта тұрақты, жер бетінің бірінші деңгейі. Жетекші суларды барлық уақытта тұрақты емес және үлкен емес аудандарда дамыған грунт суларына жатқызуға болады.

Жер асты суларының тәртібі – бұл олардың деңгейінің тереңдігі жайлы, шығынның, температурасының және табиғи немесе жасанды факторлар әсер ету кезіндегі химиялық құрамының өзгеруі. Су іріткіш горизонттың қалыңдығы, тереңдігі, геологиялық жағдайлар және жер асты суларының динамикасы мен тәртібі туралы мәліметтер мезгіл бойынша қабаттардың және гидроизогипс карталарын көрсетеді.

Жер асты суларынң химиялық құрамы табиғи (жынысының литологиялық құрамы, климат, жер бедері, қысым, грунт суларының деңгейі) және жасанды (ағыспен, өндірістік және тұрмыстық қалдықтар мен атмосфераның, топырақтың ластануы) жағадайларға байланысты.

Су сапасын бағалауды екі критерий бойынша жүргізуге болады: жарамдылық дәрежесі бойынша шаруашылық және ішуге қолдану, және әсер ету сипатына байланысты инженерлік құрылыстарға қолдану үшін. Бұл мәліметтерді арнаулы гидрохимиялық карта бойынша анықтауға болады. Онда су сапасының негізгі параметрлері көрсетіледі: жалпы минералдау, химиялық элементтердің болуы, реакция, қаттылық, агрессивтілігін.