Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым Министрлігі Д. Серікбаев атындаы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жалпы минераладау бойынша суды прессті, аз мөлшерді тұзды, аса тұзды, тұзды және тұздық деп бөледі. Су құрамында 2-3 грамм/л – ден көп мөлшерде тұз болса, ол су ішуге жарамсыз болып есептеледі.

Ішуге жарамды мақсаттағы суды химиялық құрамының сапасын бағалау иондар концентрациясы бойынша жүргізіледі.

Сутектік көрсеткіш, РН – бұл сутек иондарының концентрациясы (дәлірек, белсенділік), ол көптеген химиялық және биохимиялық процестердің дамуына әсер ететін ерітінді қышқылдығының сандық сипаттамасы қызметін атқарады. Ерітінді РН <7 болғанда қышқыл, РН>7 – сілтілі, РН=7 – бейтарап болып есептеледі.

Судың қаттылығы Са және Мg қосылыстарымен анықталады, көбінесе қайнатқанда жоғалады.

Судың темірге қатысты агрессивтілігі коррозия түрінде, ал бетонға қатысты – көмірқышқылдық тепе–теңдік бұзылғанда көрінеді, еру жүреді. Сонымен бірге цементтен бос кристалдық әктің сілітіленуі және оның басқа да құрамдас бөліктерінің ыдырауы болады. Судың әр түрлі параметрлері бойынша агрессивтілігінің бағалануы кестедегі келтірілген нормалар бойынша жүргізіледі. Ащы сулар (РН<7) болып есептеледі.

Жер асты суларының динамикасының негізгі есептік көрсеткіші болып грунттың су сіңіруін сипаттайтын фильтрация коэффициенті табылады. Фильтрация коэффициенті грунт нығыздалуының дәрежесі мен кеуектілігіне, сондай–ақ грунт суларының тасқын еңістігіне және күшіне байланысты. Фильтрация коэффициенті – бұл судың м/тәуілігінен грунт тереңдігіне өту жылдамдығы фильтрация коэффициентінің шамамен алынған мәндері кестеде келтірілген.

Судың биологиялық ластануының шекті нормалары кесте 1 келтірілген.
Кесте 1

Судың биологиялық ластануының шекті нормалары

Көрсеткіштер

Нормативтер

Тәжірибе тәсілдері

1

2

3

1 мл судағы микроорганизмдер саны, артық емес

100

МЕСТ 18963 - 73 бойынша

1 л судағы ішек таяқшалар тобындағы бактериялар саны

3

МЕСТ 18963 - 73 бойынша


Судың құрамындағы химиялық заттардың шекті токсикологиялық нормативтері кесте 2 көрсетілген

Кесте 2

Химиялық заттар

Нормативтер, мг / л

Тәжірибе тәсілдері

1

2

3

Қалдық аллюминий (Al)

0,5000

МЕСТ 18165 – 81

Беррилий Be

0,0002

МЕСТ 18294 – 81

Молибден Mo

0,2500

МЕСТ 18308 – 72

Мышьяк As

0,0500

МЕСТ 4152 – 81

Нитраттар NO3

45,0000

МЕСТ 18826 – 73

Қалдық полиакриламид

2,0000

МЕСТ 19355 - 74

Қорғасын Pb

0,0300

МЕСТ 182 693 – 72

Селен Se

0,0010

МЕСТ 19413 – 81

Стронций Sr

7,0000

МЕСТ 23950 – 80

Фтор F




МЕСТ 4386 – 81

Климаттық аудан бойынша

І және ІІ

ІІІ

ІV


1,5000

1,2000

0,7000






Судың органолептикалық қасиеттерінің шекті нормативтері кесте 3 келтірілген

Кесте 3

Көрсеткіштер

Нормативтер

Тәжірибе тәсілдері

200 – 600 С кезінде иіс, бал

2,0

МЕСТ 3351-74 бойынша

200 С кезіндегі дәмі, бал

0

МЕСТ 3351-74 бойынша

Әртүстілігі көп емес

20,0

МЕСТ 3351-74 бойынша

Стандартты шкала бойынша бұлыңғырлығы, мг/л

1,5

МЕСТ 3351-74 бойынша


Ескерту:

Санитарлы-эпидемиялық қызметтерінің органдарымен келісу бойынша судың әртүстілігі 350-ке дейін, бұлыңғырлығы (су тасуы кезеңі) 2 мг/л дейін үлкеюіне жіберіледі.

Судың құрамындағы химиялық заттардың шекті органолептикалық нормативтері кесте 4 берілген

Кесте 4

Көрсеткіштер

Нормативтер

Тәжірибе тәсілдері

1

2

3

Сутегі көрсеткіші, pH

6,0 – 9,0

Шыны электроды кез-келген үлгідегі pH –метрде өлшенеді, өлшеу қателігі 0,1 pH

Темір,(Fe), мг/л

0,3

МЕСТ 4011 - 72

Жалпы тұтқырлық, мг-экв/л

7,0

МЕСТ 4151 – 72

Марганец, (Mn), мг/л

0,1

МЕСТ 4974 – 72

Мыс, (Cu), мг/л

1,0

МЕСТ 4388 – 72

Қалдықты полифосфат,

(PO3-), мг/л

3,5

МЕСТ 18309 – 72

Сульфаттар, (SO4-), мг/л

500,0

МЕСТ 18309 – 72

Құрғақ қалдық, мг/л

1000,0

МЕСТ 18164 – 72

Хлоридтер, (Cl -), мг/л

350,0

МЕСТ 4245 – 72

Мырыш, (Zn2+), мг/л

5,0

МЕСТ 18239 – 72


Ескерту:

Санитарлы-эпидемиялық қызметтерінің органдарымен келісу бойынша суды арнайы өңдеусіз беретін су құбырларына құрғақ қалдықтың бар болуы 1500 мг/л дейін, жалпы тұтқырлық 10 мг-экв/л дейін, темір қоры 1 мг/л дейін, марганец 0,5мг/л дейін жіберіледі.


Ластану дәрежесі бойынша су объектілерінің гигиеналық жіктелуі кесте 5 көрсетілген

Кесте 5




Ластану дәрежелері

Ластанудың бағалық көрсеткіштері


Ластанудың индекстері

Органолептикалық

Токсиколо-гия лық

Бактерио-

логиялық

Иісі, дәмі (балдар)



ШЖКорг


ШЖКтокс

Ішек таяқшаларының саны

1

2

3

4

5

6

Жіберілетін

2

1

1

<1*104

0

Қалыпты

3

4

3

1*104 – 1*105

1

Жоғары

4

8

10

1*105 – 1*106

2

Аса жоғары

>4

>8

100

>1*106

3


7>
2.6 Геологиялық процесстердің көрсеткіштері

Нормативтерге сәйкес іздестіру материалдары немесе арнайы зерттеулер бойынша әрбір «түйіндес нүкте» үшін карст және көшкін құбылыстардың, жағалаудың, жыралардың, жартастардың, жасанды ойықтардың батпақтануының және су басуының, эрозиялық процестердің және сейсмикалық активтілігі бар болуын және параметрлерін анықтайды.

2.7 ИГЖ күрделілік санатын анықтау

Ұсынылып отырылған әдістеменің негізінде интерактивті көрсеткіштерді минималды санмен көрсететін факторлардың жиынтығы бойынша жер учаскелерін бағалау идеясы жатыр. Әр түрлі күрделілік санаттары үшін ИГЖ көрсеткіштерінің 4 факторлары көрсетілген. Әр көрсеткіш күрделілік коэффициент және натуралды өрнек түрінде келтіріледі. Бұл коэффициенттер бірінші санаттың натуралды көрсеткіштерінің келесі қатынастарына әсер етеді. Динамика жағдайының қалыптасқан параметрлері жоқ көрсеткіштер үшін коэффициенттер эмпирикалық жолмен бекітілген: I категория - 1,0; II категория - 0,8; III категория - 0,6; және IV категория - 0,2. Мұндағы көрсеткіштерге литологиялық қабаттың қалыңдығы, жер асты суларының тереңдікте жату сипаты, олардың агрессивтілігі және геологиялық процестері жатады. Бұл коэффициенттер күрделілік дәрежесінің салмақтық параметрлері болып табылады (Кдәреж). Қазіргі шарттарға, зерттелу дәрежесіне, математикалық қамтамасыз ету деңгейі және бағалаудың бөлшектілігінің талаптарына тәуелді, тұтынушылардың сұраныстары бойынша ИГЖ күрделілік коэффициенті және жаңа көрсеткіштерді енгізу мүмкін.

ИГЖ бағалаудағы зерттеудегі басты элементі болып өзіндік салмақты, әр факторлық белгілердің әсерін және факторлардың құрылымдық тобын анықтау болып табылады. Факторлық белгілер тобының салмағы (Кф), К.1 кестеде, қосымша К-да көрсетілген. Ең көп таралған құрылыстар үшін ірге тас негіздерін дайындауға кеткен нормативтік шығындарды және барлық күрделілік санаттар бойынша әр факторлардың әсерін ескеріп басқа да жергілікті жұмыстарын есептейді.
2.8 ИГЖ комплекстік көрсеткіштерді бағалау есебі


Жұмыс дәптеріне әр бір «түйіндес нүктеге» сай оның координаталары мен күрделілік санатының көрсеткіштері анықталып жазылады.

Әрбір Ккат көрсеткішінен интегралданған көрсеткіштердің (Рф ) мәнін фактор аралығында орташа өлшенген алып мына формуламен анықталады:
Рфі=Ккат і х Кni , (4)
мұндағы Кni – группадағы ИГЖ әрбір көрсеткіштердің күрделілігінің


салмақтық коэффициенті (Кni мәндері К.1 кестесінде (қосымша К) келтірілген).

«Түйіндес нүктедегі» ИГЖ күрделілігінің интегралданған көрсеткіші (Rжал) келесі формула бойынша есептелінеді:
Rжал=∑Rфі х Кфі , (5)
мұндағы Кфі – топтағы факторлық белгілерінің салмақтық коэффициенті (Кфі - мәндері К.1 кестеде келтірілген (қосымша К)).

ИГЖ комплекстік көрсеткіштері күрделілік категориясына байланысты шартты турде 4 бағалау топтарына бөлінеді.

Күрделілік дәрежесіне байланысты бағалау коэффициенттерінің мәні берілген). Кестедегі мәндерді пайдаланып, комплексті көрсеткіштерді ИГЖ күрделілік дәрежесіне аударады, содан соң елді-мекен картасындағы координаталық торға тиісті нүктеге табылған мәнді жазады. Күрделілік санатына байланысты ареалдар құрылады, оларды территориялық жер кадастрлық бағалауда қолданады.

Жер-бағалау ауданында ИГЖ күрделілік дәрежесінің көрсеткіштері ауданының маңайындағы «түйіндес нүктелердің» өзіндік салмағы немесе әрбір районның ауданы (Рі) бойынша шекарасында Rжал барлық мәнінде орташа өлшенген мәні ретінде анықталады.

Аудандар бойынша жер учаскесін пайдалану және игеру кезіндегі шығындардың көбеюнің комплексті көрсеткіштері мына формуламен анықталады:

Zигж=Р/∑ Рі х Rжал (6)

мұндағы Р – жер-бағалау районының жалпы ауданы.

Жер учаскесін игеру және пайдалану кезінде шығындар неғұрлым аз болса, ол рентабельді болады, яғни қымбат болады, сондықтан ИГЖ коэффициентінің жер бағасына КИГЖ ықпалы мына қатынастан көрінеді:

КИГЖ = Zигж/ Zигжmax, (7)
мұндағы Zигжі – і жер-бағалау районында жер участкесінде игеру және

пайдалану кезіндегі шығындардың көбею көрсеткіштері;

Zигжmax – шығындардың көбею көрсеткіштердің max-ды мәні.

ИГЖ құнға әсерінің бағалау мағынасы мынада, шарттар төмен жағдайда болса бағалау коэффициенті (Кб) бірге теңеледі және де Кб неғұрлым төмен болса, соғұрлым жер қымбат болады, неғұрлым көп болса, соғұрлым арзан болады, сондақтан Кб есептерде бөлшек түрде көрсетіледі.

ИГЖ көресеткіштері «нүктелердің» арасында сызықты интерполяция тәсілі арқылы анықталады.

ИГЖ бағалау нәтижелері коэффициенттермен көрсетіліп және картада жер-бағалау районының территориясы өндірістік және азаматтық құрылысқа қажеттілік дәрежесін көрсетеді, сондықтан жер ресурстарының басқармасы жүйесінде, территорияны жоспарлауды ұйымдастыруда және де әр түрлі жоспарлауда, әсіресе жобалауды дайындау деңгейінде қолданады.