Файл: 711,6 мы к Халы 7923858 адам. Отстік азастанны кп блігін Шл жне таулы айматар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Оңтүстік Қазақстан

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары кіреді.

1.Аумағы - 711,6 мың км2 .

2.Халқы – 7923858 адам.

3. Оңтүстік Қазақстанның көп бөлігін - Шөл және таулы аймақтар алып жатыр.

4. Ауданның шекарасы батысындаАрал теңізінен басталып, шығысында - Қытаймен 200 км жерде созылып жатыр. Ал солтүстігінде - Бетпақдала мен Балқаш көлінен басталып, оңтүстігінде- Орталық Азия мемлекеттері аралығындағы шекараға дейінгі 700 км қашықтықты қамтиды.

5. Аумағы жөнінен – екінші орын алады. Батыс Қазақстаннан кейін.

6. Аудан аумағының солтүстік бөлігін республикадағы ең құрғақ климат- Құмды шөл. Ал оңтүстігін – Қоңыржай ылғалды климат қалыптасқан.

7. Аудан су ресурсына бай- еліміздегі су ресурстарының 49%-ы осы ауданда.

8. Су энергетикалық ресурстарына бай өзендер- Сырдария, Іле, Талас, Қаратал, Ақсу, Лепсі.

9. Сырдария өзеніндегі СЭС – Шардара.

10. Іле өзеніндегі СЭС – Қапшағай .

11. Республикамыздың ірі көлдері – Балқаш пен Алакөл осы ауданда.

12. Балқаш көлінде балықтың – 25 түрі бар.

13. Жамбыл облысындағы – Қаратау жотасы пайдалы қазбаларға бай.

14. Фосфориттің мол қорлары – Жаңатас, Ақсай, Шолақтау.

15. Полиметалл кені(никель,мыс) – Ащысай, Мырғалымсай, Хантағы, Байжансай.

16. Облыста одан басқа талшықтас,мәрмәр, темір кен орындарының елеулі қоры бар.

17. Алматы облысы Жетісу Алатауында орналасқан – Текеліде полиметалл кені бар.

18. Түркістан өңірінде цемент өндірісінің шикізаты- гипстің мол қоры анықталды.

19. Кентау қаласында – полиметалл кені өндіріледі.

Халқы

20. Республиканың халқының - 38.7% ы осында тұрады.

21. Халықтың 65.8 % ы- Қазақтар, 28.2 % ы орыстар, 5 % ы басқа ұлт өкілдері.

22. Халықтың аумақ бойынша қоныстану тығыздығы – 1км2 қа 8-10 адамнан келеді.

23. Халықтың басым көпшілігі- Тянь-Шаньның, Жетісу Алатауының тау бөктерлері мен Қаратау жоталарында сонымен бірге Сырдария өзенінің бойында қоныстанған.

Шаруашылық географиясы

24. Оңтүстік Қазақстан шаруашылық салаларының ішінде – кен өндіруге, өңдеуге, ауыр,жеңіл және тамақ өнеркәсіптеріне, ауыл шаруашылығына маманданған.

25. Ауданда- хром,никель,мәрмәр,талшықтас,темір,фосфорит,мұнай,қорғасын және мырыш кендері бар.

26. Ал
өнеркәсіп салаларынан – машина жасау мен түсті металлургия,химия,мұнай өңдеу,жеңіл және тамақ өнеркәсіптері жақсы дамыған.

27. Орналасқан орнына байланысты Орталық Азия мемлекеттерімен ұқсастығы- ауыл шаруашылығы ішінде өсімдік шаруашылығы.

28. Техникалық дақылдардан – мақта,қант қызылшасы,сары темекі,күріш және дәнді дақылдар,бау-бақша мен жүзімдіктер өсіріледі.

29. Мал шаруашылығынан – қой және мүйізді ірі қара өсіріледі.

Өнеркәсібі.

30. Түсті металлургия,химия,мұнай өңдеу,машина жасау,металл балқыту,құрылыс материалдары,жеңіл және тамақ өнеркәсіп салалары дамыған.

31. Қаратау және Жетісу Алатауы тау қойнауындағы – Ащысай полиметалл комбинаты орналасқан.

32. Текеліде- қорғасын-мырыш, Шымкентте – қорғасын зауыттары салынды.

33. Қаратау фосфоритіне негізделген- Қаратау кен-химия комбинаты бар.

34. Шымкентте – химия фармацевтика және фосфор тұздары өндірілетін зауыттар бар.

35. Таразда- суперфосфат зауыты жұмыс істейді.

36. Фосфор өнеркәсібінің ірі кәсіп орындары – Қаратау, Химпром, Фосфор, Қазфосфат зауыттары бар.

37. Республикалық маңызы бар Шымкент мұнай синтездеу зауыты- 1969 ж салынған.

38. Зауытқа шикізат Ресейдің Батыс Сібір ауданынан- Омбы-Павлодар-Шымкент газқұбыры арқылы тасымалданады.

39. Мұнайды өңдеу нәтижесінде алынатын өнімдер- Аи-76, Аи-72 жанармайы, жағармай,дизельдік отын,пешке жағатын отын т.б.

40. Машина жасау және металл өңдеу өнеркісібі ауданда – 1950 ж дамыды.

41. Оның негізгі салалары- электротехника,аспап жасау,жол құрылысы машиналары,білдек жасау өндірістері Алматы,Шымкент,Тараз,Кентау қалаларында орналасқан.

42. Алматы қаласындағы ірі машина жасау кешендері- АММЖЗ, Поршень зауыты,Электрқұрал. Шымкентте – Электр аппараттары зауыты.

43. Аудан бойынша шаруашылықтың қосымша саласы- құрылыс материалдары өндірісі күшті дамыған.

44. Республикамыздағы цементтің елеулі бөлігін өндіретін- Шымкент және Сазтөбе цемент зауыттары жұмыс істейді.

45. Оңтүстік Қазақстан облысы- республика бойынша мақта өсіретін бірден-бір аудан.

46. Жеңіл өнеркәсіптің ірі кәсіпорындарына – Алматы,Шымкент мақта тазалау зауыттары мен мақта мата комбинаттары,Тараз бен Қызылорданың былғары аяқкиім фабрикалары,Шымкенттің шұлық және костюм шығаратын фабрикалары жатады.



47. Тамақ өнеркәсібінің ірі кәсіпорындарына- Алматы ет,жеміс-жидек,темекі комбинаттары,шарап жасау зауыты,Тараз бен Талдықорғанның қант зауыттары,Аралтұз комбинаты,Қызылорда күріш тазалау зауыты,Балқаш,Арал және Алакөл балық өңдеу зауыттары жатады.

Ауыл шаруашылығы.

48. Республиканың 70%-дан астамы суармалы егіншілік. Ал 40%-ы аса қой шаруашылығы.

49. Егіншіліктің басты мамандану бағыты- техникалық дақылдар өсіру.

50. Аса маңызды техникалық дақылдар- шитті мақта мен қант қызылшасы.

51. Мақта егісі- Бетпақдаладағы Келес және Арыс өзендерінің аңғарында.

52. Қант қызылшасы- Асы,Талас,Шу,Қаратал өзендерінің бойы,Қырғыз,Іле,Жетісу Алатауларының баурайларындағы суармалы жерлерде егіледі.

53. Ауданда суармалы егіншілікті дамыту мақсатында- Досан,Қарабас,Шәуілдір,Талас-Асы,Қордай және Қаратал суландыру жүйелері,Шу және Қызылорда бөгеттері,Арыс-Түркістан каналы,Бөген суқоймасы салынды.

54. Жүзім шаруашылығымен айналысады- Жамбыл,Арыс пен Келес аңғарында орналасқан елді мекендер.

55. Мал шаруашылығы салаларынан – қой,ірі қара, түйе шаруашылығы дамығын.

56. Республика бойынша қой мен ешкі санынан және жүн қырқу жөнінен алдыңғы орындағы облыстар- Жамбыл,Оңтүстік Қазақстан,Қызылорда обл

57. Республикамыздағы ірі қара тұқымдары- алатау сиыры,талас сиыры, етті-сүтті ақбас сиыры.

58. Қазақы жылқы өсіруге маманданған облыстар- Қызылорда облысының Құланды және Алматы облысындағы Басши жылқы зауыттары.

59. Көшім жылқысы өсіріледі- Алматы облысындағы Дегерес,Алғабас,Қызылағаш және Жамбыл облысындағы Құлан жылқы зауыттары.

Көлік кешені

60. Аудандағы ірі теміржол магистральдары- Орынбор-Ташкент,Шымкент-Мерке-Құлан-Ақтоғай, Алматы-Үрімші.

61. Республикадағы ең ұзын автомобиль жолы- Алматы-Бішкек-Тараз-Шымкент-Ташкент асфальт жолы.

62. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының аумағы арқылы- Мүбәрәк-Ташкент-Тараз-Бішкек-Алматы газқұбыры өтеді.

Қалалары

63. Республика халқының 56% ы қалада тұрады.

64. Қала халқының саны жөнінен миллионер қала- Алматы(1479043).

65. Шымкентте 700 000 халық қоныстанған.

66. Жүзмыңдық қалалар тобына кіреді- Қызылорда,Түркістан,Талдықорған.

67. Шымкент қаласының аса мыңызды кәсіпорындары- қорғасын,химия-фармацевтика және жаныштау жабдықтары зауыттары.

68. Шымкент қаласында- трикотаж,шұлық,тігін фабрикалары және мұнай өңдейтін зауыттар бар.


69. Түркістан қаласы-Қазақ хандығының алғашқы астанасы, бүгінде ол 1500 жылдан аса тарихы бар маңызды мәдениет орталығы.

70. Қаланың көне атауы- Иасы.

71.Зауыттары- мақта тазартатын және май шайқайтын зауыттар,алебастр зауыты, жөндеу механика және малазықтық антибиотиктер зауыты бар.

72. Қалада 1992 жылы Халықаралық Қазақ-түрік университеті ашылған, оның филиалдары Алматы,Тараз,Шымкент,Кентау және Анкара қалаларында бар.

73. Университтетте 22 мыңнан аса студент білім алуда.

74. Талдықорған қаласы- Алматы облысының орталығы.Қазақстанның оңтүстік –шығысында- Жетісу Алатауының батыс жағында орналасқан.

75. Бүгінгі таңда Талдықорған- білім,мәдениет,туризм орталығы және халықаралық,өңіраралық өндірістік қызмет көрсету орталығы ретінде аса тартымда қала.

76. Онда 4 жоғары оқу орны, 12 орта кәсіби білім мекемелері жұмыс жасайды.

77. Талдықорған қаласының- құрылыс индустриясын дамыту,балаларға арналған тағамдар,электр сорғылары,сүт өнімін шығару,керамика-граниттен жасалған плиталар,жұмыртқа және құс етін өндіру әлеуеті қалыптасқан.

78. Қызылорда- облыс орталығы.Қалада күріш жинаитын машина шығаратын Қызылордакүрішмаш АҚ , Құрылыс материалдары мен құрал-жабдықтар комбинаты, эксперименттік механикалық және тәжірибелік жөндеу-механикалық зауыттары,маталар, аяқкиім фабрикалары,сонымен бірге астық өнімдері және азық-түлік,тағам бағытында Береке-нан,Балық, Жайна,Ісмер,Қуат,АҚ жұмыс істейді.

79. Күріш сабаны мен Сырдария өзенінің жағасындағы құрақты пайдаланатын целлюлоза-картон комбинаты салынған.

80. Қазақстанда халық саны 50мыңнан аспайтын- 59 қала бар.Бұл қалаларды ресми түрде кіші қалалар деп атайды.

81. Экономикалық ауданның кіші қалаларына - Талғар,Қапшағай,Жаркент,Есік,Текелі,Үштөбе,Үшарал,Сарқанд,Қаскелең,Шу,Қаратау,Жаңатас,Байқоңыр,Арал,Қазалы,Арыс,Сарыағаш,Жетісай,Шардара,Ленгір жатады.

Экономикалық-экологиялық проблемалар.

82. Оңтүстік Қазақстандағы негізгі экологиялық мәселелер-су ресурстарының жетіспеуі,жайылымдардың деградациясы,атмосфераның ластануы, жер ресурстарының химиялық тыңайтқыштармен ластануы.

83. Аса қауіпті сүзек ауруының деңгей республика бойынша қалыптасқан орта көрсеткішке қарағанда- Қызылорда облысында 50% дан, Оңтүстік Қазақстан облысында 30%-дан асып түсуде.


84. Қалалардың экологиялық проблемалары,негізінен,- халық қоныстанған шағын аумақта көлік және өнеркәсіп кәсіпорындарының шоғырлануынан антропогендік ландшафтылардың құрылуы мен экологиялық тепе-теңдіктің сақталмауына байланысты.

85. Алматы қаласы-Еуразия континентінің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, еліміздің оңтүстік-шығысында орналасқан.Алматыда 1479043 адам тұрады.

86. Алматының ЖІӨ 2013ж 5.3 трлн теңге не 18.8 млрд АҚШ долларын құрап, жан басына шаққанда -23 мың АҚШ долларын,яғни Қазақстанның ЖІӨ-ның 18%-ын ,мемлекеттік бюджет табысының 24%-ын береді.

87. 2012 жылы Алматының бюджеті- 305 млрд теңгені құрады.

88. Алматы қаласының экономикасын құрайды- өнеркәсіп, қызметкөрсету аясы және ауылшаруашылық салалары.

89. Өнеркәсіптегі негізгі салалары- Өндіріс орындары,электр қуатын тарату,су,көгілдір отын және өңдеуші кәсіпорындар.

90. Өнеркәсіп өнімдерінің- 85%-дан астамы өңдеуші кәсіпорындарға тиесілі.

91. Қалада жеңіл және тамақ өнеркәсіптері (38,0%), машина жасау, механикалық жөндеу(15,4%) , целлюлоза-қағаз өнеркәсібі және баспа ісі(10,3%), кен өнеркәсібі(10,3%), құрылыс заттарын өндіру (7,6%) кәсіпорындары қалыптасқан.

92. Еліміздің ғылыми-зерттеу орталықтары мен жоғары оқу орындарының 50%-дан астамы – Алматы қаласында орналасқан.

93. Ел тәуелсіздігің жиырма жылдығы қарсаңында қазақ жеріндегі тұңғыш метрополитен ашылды- 2011 ж Алматы қаласында.

94. Байланыс саласынан кіріс әкелетіні- Телефон байланысы (1,5%), халықаралық байланыс (4,4%), интернет желісі (6,6%), ұялы телефон байланысы(70%).

95. Алматы – әуе қатынасының ірі торабы. Ол әуежолы арқылы Мәскеу,Санкт-Петербург, Ташкент қалаларын байланыстырады.

96. Халықаралық әуежолы арқылы- Алматы-Дели, Алматы-Анкара,Алматы-Нюрнберг, Алматы-Стамбұл қалаларымен байланыс қалыптасқан.

97. Теміржол тармақтары – Түрксіб, Ақтоғай-Достық,Көксу-Текелі.

98. Байқоңыр- Қазақстандағы республикалық маңызы бар қалалардың бірі, ғарыш орталығының әкімшілік ордасы. Қала Сырдария өзенінің оң жақ биік беткейінде орналасқан. 57км2 жерді алып жатқан қала ұзақ жылдар бойы *құпия нысан* болып саналды.

99. Байқоңыр ғарыш орталығы- 1955жылы 12ақпанда Зымыранда жобалау және оны тәжірибелік тексеруден өткізу , зерттеу орталығы ретінде ашылды.

100. Байқоңыр қаласының халқының саны- 60 мың адамды құрайды.

101. Теміржол бекеті