Файл: азастан Республикасыны Оуаарту министрлігі орта мектебі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

      Әдебиеттік оқу 51-сабақ

Бөлім:

Табиғат құбылыстары

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Төрт түсті жер үсті

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу


Сабақтың мақсаты

  • шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтайды;

  • автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдейді.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру

8 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.

Топқа бөлу «Таңдау» әдісімен жүреді.

-Берілген суреттерден біреуін таңдап, топқа бірігіп отырыңдар.

Жаңа оқу материалын жариялау «Ой қозғау» әдісі:

-Сурет бойынша не айта аласыңдар?

- Бүгінгі сабақта «Мамандықтар әлемі» бөлімін бастап, түрлерімен танысып, тапсырмаларын орындайтын боламыз.

Жаттығу жасайды.
Топқа бірігеді.

Өлең оқып, ән айтады.

Сұрақтарға жауап береді.


«Ауызша мадақтау» әдісі:

Жарайсың!

Тамаша!

Жақсы!



4 түрлі жыл мезгілі суреті



Жаңа білім

15 мин


2 мин


Бекіту

15 мин


(Т) 1- тапсырма «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен орындалады.

А) Суретпен жұмыс.

-Жыл маусымдары туралы әңгімелеңдер.

-Жыл маусымдарын, айларын сызба арқылы бейнелеп көрсетіңдер.

Ә) Сөздікпен жұмыс.



Б) Автор туралы мәлімет.

-Автор туралы оқып, әңгімелеңдер.

В) Мәтінмен жұмыс.

-Өлеңді мәнерлеп тізбектей оқыңдар.

Г) Пікір білдіру.

-Атасы табиғат құбылысын кімге ұқсатады?

-Табиғат неге жылайды, неге күледі?

Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

- Жыл мезгілдері туралы мақал-мәтелдер тауып айт.
Сергіту сәті -«Поэзия минуты». Абайдың жыл мезгілдері туралы өлеңдерін еске түсіріп, мәнерлеп оқыту.
(Д, Т) 2-тапсырмада «Ашық микрофон» әдісі, дәптермен жұмыс жүзеге асырылады.

А) Термин сөздермен жұмыс.



Б) Пікір білдіру.

-Шырайлымның сұрағына сендер қалай жауап берер едіңдер?

-Білмеген сұрақтарыңның жауабын қайдан табуға болады?

В) Анықтау.

-Қай табиғат құбылыстарының шартты белгісі берілгенін анықтаңдар.

Г) Қорытынды.

-Атасының Шырайлымға берген жауабының ішінен негізгі ойды білдіретін сөйлемді тауып оқыңдар.

- Тапсырма орындайды.


Өлең оқып сергиді.

-Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді.

Дескриптор:

Жыл маусымы туралы әңгімелейді-1балл.

- Жыл маусымдарын, айларын сызба арқылы бейнелеп көрсетеді-1балл.

-Сөздікті жазып, жаттайды-1балл.

Автор туралы оқып, әңгімелейді-1балл.

Өлең мазмұны туралы пікір білдіреді-1балл.
Дескриптор:

- Пейзаж туралы түсінгенін жазады-1балл.

- Шырайлымның сұрағына өз жауабын айтады-2балл.

Берілген табиғат құбылыстарының шартты белгісін анықтайды-1балл.

Өлеңнен негізгі ойды білдіретін сөйлемді тауып оқиды-1балл.

«Әде-

биеттік оқу» оқулығы

4 сынып

1-бөлім 2019ж







Қорытын-ды

5 мин

Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді.

Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.

Оқу тапсырмасы: өлеңді оқу, Жер ананың адамға ұқсастығы туралы жазу.

Сабақтан түйген ой-пікірін айтады.

ҚБ қойылады.






Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

      Әдебиеттік оқу 52-сабақ

Бөлім:

Табиғат құбылыстары

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қыс бейнесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.8.1 эпизодтар мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру

Сабақтың мақсаты

  • оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдайды және салыстырады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру

8 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.

Топқа бөлу «Таңдау» әдісімен жүреді.

-Қар, боран, бұрқасын, қырау сөздерінің бірін таңдап, топқа бірігіп отырыңдар.

Өткен тақырыпқа шолу:

-Үй тапсырмасын сұрау.

-Бір-біріңе өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, жауап алыңдар.

Жаңа оқу материалын жариялау «Миға шабуыл» әдісі:

- Топқа бөлінгенде берілген сөздерге ортақ сөзді табыңдар. (Қыс мезгілі)

-Қыс мезгілі деген не?

-Қыс мезгіліне тән қандай белгілерді білесіңдер?

-Олай болса, бүгінгі сабақта қыс мезгілі туралы шығармаларды салыстырып, тапсырмалар орындаймыз.

Жаттығу жасайды.
Топқа бірігеді.

Өлең оқып, ән айтады.

Сұрақтарға жауап береді.


«Ауызша мадақтау» әдісі:

Жарайсың!

Тамаша!

Жақсы!

Қар, боран, бұрқасын қырау сөздері

Жаңа білім

15 мин

2 мин

Бекіту

15 мин


(Т) 1- тапсырма «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі:

А) Сипаттау.

-Қысқы табиғат көріністерін атап, сипаттаңдар.

Ә) Автор туралы мәлімет.

-Авторлар туралы оқып, әңгімелеңдер.

Б) Сөздікпен жұмыс.

В) Мәтінмен жұмыс.

-Өлеңдерді тізбектей дауыстап, мәнерлеп оқыңдар.

Г) Сұрақ-жауап.

- «Қызыл шұнақ» өлеңінен қылшылдап, жалаңдап, ысқырып, санын сабалап, аузын ашып деген сөздерді оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

-Өлеңдегі қыс бейнесі қандай?

Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

-Биылғы жылғы қыс қандай болып жатыр?

Сергіту сәтінде «Ертегілер» әнін қосылып айтады.
(Ж) 2-тапсырмада «Ыстық картоп» әдісімен орындалады.

А) Зерделеу, дәлелдеу.

-Өлеңдерді салыстырып, кестені толтырып жазыңдар.



Ә) Қолдану.

-Абайдың «Қыс» өлеңін тыңдап, ілесе айтыңдар.

Б) Пікір білдіру.

-Қазақстанның кейбір облыстарында өлеңдегідей қыс болмайды дегенге сенесіңдер ме? Неліктен?

В) Қорытындылау.

-Өлеңдерге сүйеніп, өз жеріміздегі қысты сипаттаңдар.

- Тапсырма орындайды.

Ән айтып сергиді.
-Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді.

Дескриптор:

Қысқы табиғат көріністерін атап, сипаттайды-1балл.

Авторлар туралы оқып, әңгімелейді-1балл.

- Сөздікті жазып, жаттайды-1балл.

-Өлеңдерді тізбектей дауыстап, мәнерлеп оқиды- 1балл.

-Берілген сөздерді оқығанда қандай сезімде болғанын айтады-1балл.

Өлеңдегі қыс бейнесін сипаттайды-1балл.
Дескриптор:

- Өлеңдерді салыстырып, кестені толтырып жазады-1балл.

- Абайдың «Қыс» өлеңін айтады-1балл.

- Қазақстанның кейбір облыстарында өлеңдегідей қыс болмау себебін анықтайды-1балл.

Өлеңдерге сүйеніп, өз жеріндегі қысты сипаттайды-1балл.

«Әде-

биеттік оқу» оқулығы

4 сынып 2019ж


Қорытын-ды

5 мин

Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді.

Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.

Оқу тапсырмасы: Өлеңнің біреуін жаттау, қар, аяз түрлерінің атауын жазу.

Сабақтан түйген ой-пікірін айтады.

ҚБ қойылады.







Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

      Әдебиеттік оқу 53-сабақk


Бөлім:

Табиғат құбылыстары

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Күн райын хабарлаймыз

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.6.1 кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау;

Сабақтың мақсаты

  • кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалайды.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру

8 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.

Топқа бөлу «Санау» әдісімен жүреді.

-1,2,3,4-ке саналып, топқа бірігіп отырыңдар.

Өткен тақырыпқа шолу:

-Үй тапсырмасын сұрау.

-Бір-біріңе өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып жауап алыңдар.

Жаңа оқу материалын жариялау «Бұрыш» әдісі:

- Бұрыштарда ілінген әріптерден сөз құраңдар. (Күн райы)

-Күн райы деген не?

-Олай болса, бүгінгі сабақта күн райы түрлерімен танысып, шығарма оқимыз, тапсырмалар орындайтын боламыз.

Жаттығу жасайды.
Топқа бірігеді.

Сұрақтар қойып, жауап береді.


«Ауызша мадақтау» әдісі:

Жарайсың!

Тамаша!

Жақсы!


К,Ү,Н,Р,А,Й,Ы әріптері


Жаңа білім

15 мин


2 мин
Бекіту

15 мин


(Ұ,Д) 1- тапсырма «Ашық микрофон» әдісі, дәптермен жұмыс:

А) Орындау.

Карта бойынша жеріміздің бөліктерінің бірін таңдаңдар. Тележүргізуші ретінде ертеңгі күн райына хабарлама жасаңдар.

Ә) Бағалау.

-Өз жұмыстарыңа баға беріңдер.

Б) Сөздікпен жұмыс.



В) Мәтінмен жұмыс.

-Мәтінді тізбектей дауыстап, мәнерлеп оқыңдар.

Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

-Ауа райын болжаудың бұрыннан келе жатқан қандай әдістерін білесің?
Сергіту сәтінде әнге қосылып айтады.
(Т) 2-тапсырмада «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен орындалады.

А) Сұрақ-жауап.

-Атасының «Дарқан даланың сырын ұқ, сырын сезінуге тырыс» дегенін қалай түсіндіңдер?

-Атасы күн райын қалай болжайды? Халықтық болжауға сенесіңдер ме?

Ә) Бағалау.

-Жұмабектің атасы қандай адам?

Б) Дәлелдеу.

-Атасының немересіне айтқан ақылдарынан мәтіннің негізгі ойы болатындай дәлелді сөзді тауып оқыңдар.

В) Білгенге маржан.

Г) Қорытындылау.

-Халықтық болжау қандай жағдайда қажет?

- Тапсырма орындайды.


Ән айтып сергиді.

-Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді.

Дескриптор:

Тележүргізуші ретінде ертеңгі күн райына хабарлама жасайды, өз жұмысын бағалайды-2балл.

Сөздікті жазып, жаттайды-1балл.

-Мәтінді оқиды-1балл.

Дескриптор:

- Атасының сөзін түсіндіреді-1балл.

- Атасы күн райын қалай болжайтынын түсіндіреді-1балл.

- Халықтық болжауға қатысты өз ойын айтады-1балл.

Жұмабектің атасын сипаттайды-1балл.

Мәтіннің негізгі ойы болатындай дәлелді сөзді тауып оқиды-1балл.

- Халықтық болжау қажет болатын жағдайларды атап қорытынды жасайды-1балл.

«Әде-

биеттік оқу» оқулығы

4 сынып 2019ж


Қорытын-ды

5 мин

Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді.

Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.

Оқу тапсырмасы: мәтінді мазмұндау, кешкі күннің батуын көшіріп жазу.

Сабақтан түйген ой-пікірін айтады.

ҚБ қойылады.