ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Келісілді» «Бекітілді»
Алакөл аудандық білім Педагогикалық кеңес Хаттама №1 бөлімінің басшысы: Ынталы орта мектебі мектеп жасына
__________ М.Төлеужанов дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің директоры:
«______»_________2020ж. ___________С.Д.Басканбаева
«______»_________2020ж.
«Ынталы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2020 – 2021 оқу жылына арналған
оқу жоспары
«Ынталы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2020 – 2021 оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспарына түсінік хат
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылдың 12 тамыздағы № 340 бұйрығы және Алматы облыстық білім басқармасының 2020 жылғы 14 тамыздағы №340 бұйрығы және аудандық білім бөлімінің 14.08.2020 жылғы №309-Ө бұйрығы, «Ынталы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесіның 14.08.2020 жылғы №98-Ө бұйрығы негізінде басталады. 2020 - 2021 оқу жылында «Ынталы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектепалды даярлық тобы – 1, бастауыш сыныптар – 4, үйден оқитын 2-сынып 1, орта буын сыныптары – 5, жоғары саты 10-11 сыныптар – 1, барлық сыныптар қазақ тілінде оқытылады.
2020 – 2021 оқу жылына арналған мектепалды даярлық сыныбының жұмыс оқу жоспарына түсінік хат
Мектепалды даярлық тобының оқу жұмыс жоспары төмендегі нормативтік – құқықтық құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы» (2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығымен бекітілген өзгерістер еңгізілген) ;
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығымен бекітілген «Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру» бойынша әдістемелік ұсынымдар;
Үлгілік оқу жоспарлары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 ж. 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» №557 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №195 бұйрығы және ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 қазандағы №556 бұйрығы;
Үлгілік оқу бағдарламары.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министр інің «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы» 2016 жылғы 12 тамыз №499 бұйрығы;
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамыр № 216 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары;
Мектепалды даярлық білім беру бағдарламасы баланың мектепте білім алу даярлығын (әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлығы) қамти отырып, сондай-ақ баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді.
Мектепке дейінгі салада педагогикалық процесті ұйымдастыру:
- мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың құзыреттілік әдісі;
- бес білім беру саласы («Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет») арқылы танымдық іс – әрекеті ұйымдастыруды біріктіру әдісі;
- құзыреттілікті дамыту индикаторларының, яғни мектеп жасына дейінгі баланың тұтастай даму деңгейі, зерттеу және бақылау құралымен әрбір баланың жетістіктерін диагностикалау негізінде қамтамасыз етіледі.
Білім беру процесі бес білім беру саласын «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» кіріктіру арқылы қамтамасыз етіледі, олардың әрқайсысы баланың жас ерекшелігіне байланысты мақсатты бағыттары бар өзіндік тараулардан тұрады.
2020 жылғы 12 мамырдағы №195 бұйрығымен оқу жоспарына өзгерістер енгізілді: «Қатынас» білім беру саласынан «Драма» ҰОҚ 0,5 сағат алынып тасталып, оның оқу мақсаттары 1 сағаттық «Көркем әдебиет» ҰОҚ енгізілді. «Шетел тілі» 1 сағат алынып тасталды. Сауат ашу ҰОҚ 2 сағат берілді.
«Әлеумет», «Таным» білім беру саласындағы «Экология негіздері»ҰОҚ алынып тасталды, 0,25 сағат апталық жүктемесі «Қоршаған ортамен таныстыру»ҰОҚ қосылды, апталық жүктемесі 0,5 сағат құрайды. «Экология негіздері» міндеттері «Жаратылыстану»ҰОҚ шешілетін болады.
«Денсаулық» білім беру саласында балалардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтының ережелерін саналы түрде сақтауын қалыптастыруға, сауықтыру-гигиеналық процедуралар өткізуге эмоциональды-жағымды қатынасқа, қозғалыстарды жетілдіруге, физикалық және мықтылық қасиеттерін дамытуға, балалардың дербестігіне бағытталған педагогикалық жұмыстардың шарттары мен мазмұны, міндеттері белгіленген.
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады:
1) дене шынықтыру
2) қауіпсіз мінез – құлық негіздері.
«Қатынас» білім беру саласында байланыстырып сөйлеуді дамытуды, мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілдік әрекетке жеке қабілеттерін дамыту, мазмұнды диалог пен монолог құра білу іскерлігін, тілдік шығармашылығын көрсетуге бағытталған жұмыстардың мазмұны мен міндеттері қарастырылады.
«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады:
- сөйлеуді дамыту
- көркем әдебиет
- сауат ашу негіздері
- орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын топтарда)
«Таным» білім беру саласында баланың қоршаған ортада бағдарын кеңейту және байыту, қоғамдық өмір, еңбек және ересектердің қызметі, экологиялық мәдениет негіздері туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық жұмыстардың міндеттері, мазмұны мен шарттары айқындалып көрсетіледі.
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады:
- математика негіздері
- құрастыру
- жаратылыстану
«Шығармашылық» білім беру саласы мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды шығармашылық - эстетикалық тәрбиелеуге, бала бойында эстетикалық эмоциялар мен сезімдерді дамытуға, музыка, ән, бейнелеу өнері салаларында қарапайым білім, білік және дағды элементтерін қалыптастыруға бағытталған.
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады:
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- жапсыру;
- музыка.
«Әлеумет» білім беру саласында жеке тұлғаның әлеуметік қасиеттерін дамыту, құрбыларымен және ересектермен тіл табысудың түрлі құралдарын меңгеру, балалар қоғамын қалыптастыру міндеттері шешіледі. Білім беру саласының мазмұнын іске асыру балалардың дербестігін, адамгершілік қасиеттерін дамытуға, олардың өзін-өзі бағалауына ықпал етеді.
«Әлеумет» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады:
- өзін-өзі тану
- қоршаған ортамен таныстыру
Сабақтың ұзақтығы – 25-30 мин, үзіліс – 10 мин.
Вариативтік бөлімінен жастағы шәкіріттердің ой-өрісі, қиял-сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін, еркін пікір алмасу, диалог, монолог түрінде өзара сөйлесу машықтарын қалыптастыру мақсатында 1 сағат «Ойна да, ойла», ертегімен таныстыра отырып, рөлдік образдарды сомдау арқылы, баланың қиялын, қызығушылығын, тілін дамыту мақсатында 1 сағат «Ғажайып әлем», балалардың рухани – адамгершілік дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, азаматтық тәрбие беру, есте сақтау қабілетін қалыптастыру, ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында 1 сағат «Мәнерлеп оқу» вариативтік сағаты берілді.
Мектепалды даярлық тобындағы апталық сағаты – 20. Оның ішінде инварианттық – 17 сағат, вариативтік – 3 сағат.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 20 желтоқсан № 557 бұйрығының 1-қосымшасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 12 мамырдағы №195 бұйрығының 1-қосымшасы
«Ынталы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2020 – 2021 оқу жылына арналған мектепалды даярлық тобының жұмыс оқу жоспары
№ | Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрлері | Апталық оқу жүктемесі | Жылдық оқу жүктемесі |
I | «Денсаулық» | 3 | 96 |
1 | Дене шынықтыру | 2,5 | 80 |
2 | Қауіпсіз мінез-құлық негіздері | 0,5 | 16 |
II | «Қатынас» | 5 | 160 |
3 | Сөйлеуді дамыту | 1 | 32 |
4 | Көркем әдебиет | 1 | 16 |
5 | Сауат ашу негіздері | 2 | 64 |
6 | Орыс тілі | 1 | 32 |
III | «Таным» | 2,5 | 80 |
9 | Сенсорика | - | |
10 | Математика негіздері | 1 | 32 |
11 | Құрастыру | 0,5 | 16 |
12 | Жаратылыстану | 1 | 32 |
IV | «Шығармашылық» | 5 | 160 |
13 | Сурет салу | 1 | 32 |
14 | Мүсіндеу | 1 | 32 |
15 | Жапсыру | 1 | 32 |
16 | Музыка | 2 | 64 |
V | «Әлеумет» | 1,5 | 48 |
17 | Өзін – өзі тану | 1 | 32 |
18 | Қоршаған ортамен танысу | 0,5 | 8 |
| Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің ұзақтығы 30мин | ||
| Барлығы | 17 | 544 |
| Вариативтік компонент (басқа іс- әрекет түрлеріне) | 3 | 96 |
20 | «Ойна да, ойла» | 1 | 32 |
21 | «Мәнерлеп оқу» | 1 | 32 |
22 | «Ғажайып әлем» | 1 | 32 |
| Мектепке дейінгі жастағы балалардың ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің жалпы көлемі | 20 | 640 |
2020 -2021 оқу жылындағы 1-11 сыныптарға арналған оқу жұмыс жоспарына түсінік хат
2020-2021 оқу жылында 1-11сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағдарламаларымен оқытылады.
1-4 сыныптарда білім беру үрдісі келесі нормативтік – құқықтық құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
-
Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы №182 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулары енгізілген ) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 372 бұйрығымен бекітілген өзгерістер еңгізілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; -
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығымен бекітілген «Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру» бойынша әдістемелік ұсынымдар басшылыққа алынды; -
Үлгілік оқу жоспарлары "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығының 1-қосымшасы басшылыққа алынды. -
Үлгілік оқу бағдарламары. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламаларына 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген; -
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары («Өзін-өзі тану» пәні бойынша 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); -
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары («Ақпараттық-коммуникативтік технологиясы» пәні бойынша 2018 жылғы 17 қазандағы № 576 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі №334 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына енгізулер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы;