Файл: Келісілді Бекітілді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1-4 сыныптардағы оқу жоспарларының вариативтік компонетінен таңдау мен белсенді-қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар оқушылардың жеке қызығушылығы және ата-аналардың өтініші негізінде келесі мақсаттармен бөлінді:

Бастауыш 1-4 сыныптарда таңдау бойынша сабақтар:

2-сыныпта білім алушылардың математикалық білім, білік және дағдылардың жүйесімен қаруландырып, түйінді құзіреттерін қалыптастыру мақсатында «Логикалық математика» -1 сағат жүргізіледі.

3-сыныпта оқушылардың математика бойынша ойлау қабілетін дамыту, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Математика ғылымдарының патшасы» -1 сағат оқытылады.

4-сыныпта оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптатыру мақсатында «Логикалық математика» -1 сағат жүргізіледі.

Белсенді-қозғалмалы сипаттағы жеке жіне топтық сабақтар есебінен:

1-сыныпта балалардың әр түрлі жасанды заттарды ойлап тауып, құрастырып, жасауда өз шеберліктерін көрсетуге шақыру. Үйірме арқылы пайдаланушыларды қолөнер түрлерімен таныстыра отырып, шығармашылыққа баулу, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейту және ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіру, өнер саласындағы басылымдарды насихаттау. Оқушыларды білімдерін жүиелеп, шығармашылық қиялын арттыру мақсатында «Икемді еңбек» - 1 сағат жүргізіледі.

1-сыныпта оқушылардың шығармашылығын театр түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан-жақты жетілдіру мақсатында «Қуыршақтар ойнайды» - 1 сағат жүргізіледі.

2-сыныпта оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, рухани жан-дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету, кітап оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында «Сөз өнері» - 1 сағат оқытылады.

3-сыныпта оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілетін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастыру, экология ұғымын қалыптастыруда айналадағы ортаны қорғауға тәрбиелеу мақсатында «Табиғат – ана, біз - бала» -1 сағат жүргізіледі.

3-сыныпта оқушыларды қолөнерге баулу, өнерге деген қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру мақсатында «Шебер қолдар» - 1 сағат жүргізіледі.

4-сыныпта оқушыларға үнемділік пен ұқыптылық , пайда, табыс, оны жүзеге асыру жөнінде білім беруді және еңбек сүйгіштікті мейрімді адам болуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге тән ерекшеліктермен, айналадағы ортамен, өмірі мен, еңбекпен тығыз байланыстыруды үйрету және өнердің барлық түрлері мен танысу арқылы өзіне тән бейнелі түрлі тәсілдермен ,әсемдік әлемін ашу және бала сезіміне әсер ету мақсатында «Шебер қолдар» - 1 сағат жүргізіледі.


Оқушыларға шешендік өнер туралы мағлұматтарын тереңдетіп, оның жан – жақты тарихи екенін таныту. Танымдық ой – өрісін кеңейту сөздік қорларын молайту, өзіндік пікір айта білу қабілеттерін дамыту мақсатын көздей отырып, «Шешендік өнер» -1 сағат оқытылады. 

5-9 сыныптардағы оқу жоспарларының вариативтік бөлігіндегі элективті курстар, жеке және топтық жұмыстар оқушылардың жеке қызығушылығы және ата-аналардың өтініші негізінде келесі мақсаттар үшін бөлінді:

Элективті курстар есебінен:

5-6 сыныпта ағылшын тілінде сөйлейтін мәдениетке тән қарым-қатынас жағдайында білім алушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіру мақсатында «English speaking club» -2 сағат берілді.

5-сыныпта «Ежелгі қалалар»-1 сағат жүргізіледі.

6-сыныпта оқушыларды компьютерлік техникамен жұмыс жасауға бейімдеу, компьютерлік сауаттылықтың элементарлық негіздерін оқып үйрету мақсатында «Информатика әлемі»-1 сағат берілді.

6-сынып бойынша беріліп отырған «Сөз сыры» курсының басты мақсаты – әртүрлі коммуникативтік жағдайларға еркін араласып, ауызекі және жазба тілде сауатты бағдарлай алу қабілетін дамытып, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, шығармашылық ізденіске баулу.

7-сыныпта оқушылардың химия пәніне қызығушылықтарын қалыптастырып, ойлау қабілеттерін арттырып, әртүрлі химиялық заттардың қасиетін анықтауды үйрету мақсатында «Химия пәніне кіріспе»-1 сағат жүргізіледі.

8-сыныпта адам ағзасындағы мүшелер мен мүшелер жүйесі, адам денесінің құрылысы мен мүшелердің физиологиялық қызметі туралы түсінік қалыптастыру, күнделікті өмірмен байланысты, адам ағзасындағы әртүрлі өзгерістер себебіне тоқтала отырып, адам ағзасының ерекшеліктерін білу және зерделеу мақсатында «Биология және денсаулық» -1 сағат жүргізіледі.

8-сыныпта «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында оқушылардың қазақ халқының тарихын игерту, еліміздің шежіресі туралы білімін кеңейту, шежіре арқылы көптеген деректерге қол жеткізу мақсатында «Қазақ шежіресі» - 1 сағат жүргізіледі.

9-сыныпта «Абайтану» факультатив курсы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115
бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы арқылы оқыту жүзеге асырылады.
Курстың білім мазмұны ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты
таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін,


мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы
жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз
129 кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруға бағытталған.
Курсты қазақ тілі мен әдебиеті немесе біліктілікті арттыру және қайта
даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.

9-сыныпта «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы
бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламасы қолданылады:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15
шілдедегі №281 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 9-
сыныбына арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының оқу
бағдарламасы.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын
оқытудың мақсаты:

-
білім алушыларды «зайырлылық» принципін құндылық, яғни мемлекет
баяндылығының басты тұғыры ретінде қабылдауға, дінді зайырлы таным
аясында тануға үйрету;
- діни сенім бостандығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің, жаңа діни
қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен
тыйым салынған діни ұйымдар туралы білім беру;
- білім алушыларды экстремизм, терроризм және діни радикализм
идеологияларын қабылдамауға үйрету, рухани-адамгершілік құндылықтар
негізінде толеранттылық қасиетке тәрбиелеу және олардың гуманистік
дүниетанымын қалыптастыру.

9-сыныпта оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыта отырып,оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, математиканы техникада, өнерде, практикалық қызметте, тұрмыста қолдану біліктілігін дамытуға жағдай жасау, логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында «Мәтінді есептер»- 1 сағат жүргізіледі.

10-сыныпқа арналған оқу жоспарларындағы вариативті компонентінен 6 сағат жеке және топтық сабақтарға бөлінді:

«Абайтану» курсы 1 сағат (ҚР БҒМ 03.04.2013 жыл, №115 бұйрық бойынша өткізіледі).

АӘТД – дан курсы 1 сағат көктемдегі дала жиынына арналған.

Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыта отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, математиканы техникада, өнерде, практикалық қызметте. Тұрмыста қолдану біліктілігін дамытуға жағдай жасау, логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында
«Математикалық сауаттылықты арттыруға арналған есептерді шешу» -1 сағат берілді.

Оқушылардың география пәніне қызығушылықтарын арттыру, келешекте таңдаған мамандығына дайындық жасау мақсатында «Картография негіздері»- 1 сағат берілді.

Оқушыларға физиканың заңдылықтарын, табиғаттағы, заттардағы жүріп жатқан құбылыстарды, денелердің қасиеттерін зерттеуде және оларды макроскопиялық және микроскопиялық тұрғыда түсіндіру: термодинамика заңдылықтарымен таныстыру: пәнаралық байланысты жүзеге асыра отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны жан-жақты және іденімпаздылыққа, заман талабына сай ынталандырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру мақсатында «Молекулалық физика және термодинамика» - 1 сағат берілді.

Өз ісіне, біліміне сенімі күшті, қоғамдағы өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті адам тәрбиелеу. Химиялық үдерістерді, зат пен құбылыстардың арасындағы сандық қатынастарды жүзеге асыра отырып, оқушының өздігінен білім мен білігін толықтыруға бағыттап, ғылыми көзқарасын дамыту мақсатында «Химия есептері мен жаттығулары» - 1 сағат жүргізіледі.
Сыныпты екі топқа бөлу 3-сыныпта 22 оқушы, 4- сыныпта 20 оқушы болғандықтан төмендегі пәндер бойынша жүзеге асырылды:

      1) орыс тілі;

      2) шетел тілі;

      3) цифрлық сауаттылық;

      4) өзін-өзі тану.
Мектеп бойынша вариативтік бөлімінің сағаттары барлығы – 32, таңдау сабақтар - 3, элективті, курстар – 11, белсенді қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар – 19.

1 - 4 сыныптарда барлығы– 10 сағат, таңдау бойынша сабақтар – 3, жеке және топтық сабақтар – 7;

5 - 9 сыныптарда барлығы - 16 сағат, элективті курстар – 11, жеке және топтық жұмыстар – 5;

10-сыныпта барлығы– 6 сағат, жеке және топтық сабақтар -6
Инвариантты сағат саны 1-10 сыныптар – 287, бөлінетін сағаттар -12, вариатив бөлімінің сағаттары- 32, 1-сынып үйден оқыту – 13 сағат, жалпы сағат саны - 344.

МАД тобында – 20 сағат.




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығына 1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына 6-қосымша



«Ынталы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2020-2021 оқу жылындағы бастауыш білім берудің (жаңартылған мазмұнның) жұмыс оқу жоспары



Білім салалары және оқу пәндері

Сыныптар бойынша апталық сағат саны

Жалпы жүктеме, сағат




1

2

3

4

апталық

жылдық

Инварианттық компонент




I

Тіл және әдебиет

10

11

11

11

43

1452

1

Сауат ашу

6

-

-

-

6

198

2

Қазақ тілі

-

4

4

4

12

408

3

Әдебиеттік оқу

-

3

3

3

9

306

4

Орыс тілі (Т2)

2

2

2

2

8

270

5

Шетел тілі (Т3)

2

2

2

2

8

270

II

Математика және информатика

4

4

6

6

20

676

6

Математика

4

4

5

5

18

608

7

АКТ







1

1

2

68

III

Жаратылыстану

1

1

2

2

6

203

8

Жаратылыстану

1

1

2

2

6

203

IV

Адам және қоғам

2

2

2

2

8

270

9

Дүниетану

1

1

1

1

4

135

10

Өзін-өзі тану

1

1

1

1

4

135

V

Технология және өнер

2

2

2

2

8

270

11

Көркем еңбек

1

1

1

1

4

135

12

Музыка

1

1

1

1

4

135

VI

Дене шынықтыру

3

3

3

3

12

405

13

Дене шынықтыру

3

3

3

3

12

405

Инварианттық оқу жүктемесі

22

23

26

26

97

3276

Вариативтік компонент




Таңдауы бойынша сабақтар

-

1

1

1

3

102

«Логикалық математика»




1




1

2

68

«Математика ғылымдарының патшасы»







1




1

34

Белсенді-қозғалмалы сипаттағы
жеке және топтық сабақтар

2

1

2

2

7

236

«Икемді еңбек»

1










1

33

«Қуыршақтар ойнайды»

1










1

33

«Сөз өнері»




1







1

34

«Табиғат – ана, біз - бала»







1




1

34

«Шебер қолдар»







1

1

2

68

«Шешендік өнер»










1

1

34

Вариативтік оқу жүктемесі

2

2

3

3

10

338

Бөлінетін сағаттар







6

6

12

408

Орыс тілі







2

2

4

136

Шетел тілі







2

2

4

136

Өзін-өзі тану







1

1

2

68

Цифрлық сауаттылық







1

1

2

68

Оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі

24

25

35

35

119

4022









Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 8 қарашадағы
№ 500 бұйрығына
53-қосымша

«Ынталы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2020-2021 оқу жылындағы үйде оқитын білім алушыларға арналған бастауыш білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспары




Оқу пәндері

Сыныптар бойынша апталық сағаттар саны

Жалпы жүктеме

2

апталық

жылдық

Инварианттық компонент





Тіл және әдебиет

8

8




1

Әліппе, Ана тілі

-

-




2

Қазақ тілі

2

2




3

Әдебиеттік оқу

2

2




4

Орыс тілі (Я2)

2

2




5

Шетел тілі

2

2






Математика және информатика

3

3




6

Математика

3

3




7

Цифрлық сауаттылық

-

-






Жаратылыстану

1

1




8

Жаратылыстану

1

1






Адам және қоғам

1

1




9

Дүниетану

1

1




Инварианттық оқу жүктемесі

13

13




Оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі

13

13