Файл: арады орта мектебі кмм ыса мерзімді жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Қарақұдық орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

Менің туған өлкем

Педагогтің аты-жөні:

Маренова А.А.

Күні:

12.12.22

Сынып: 2 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Аяулы атамекен

Оқу мақсаттары

2.1.3.1 шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау

2.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, мультфильм) нұсқасымен салыстыру

2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету

ЕБҚЕБ:

2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжайды, мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, мультфильм) нұсқасымен салыстырады, мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табады және түзетеді.

Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжайды, мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, мультфильм) нұсқасымен салыстырады, мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табады және түзетеді, талдайды.

Кейбір оқушылар: шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжайды, мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, мультфильм) нұсқасымен салыстырады, мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табады және түзетеді, талдацды, қорытындылайды.

ЕБҚЕБ:

мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табады және түзетеді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын қадағалау.

2. Психологиялық ахуал қалыптасытру:

Басымызды сипаймыз жақсы ойлау үшін, құлағымызды сипаймыз жақсы есту үшін, көзімізді сипаймыз жақсы көру үшін, алақанымызды сипаймыз жақсы баға алу үшін. Ал, балалар, сендерге бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін.

Алақанды ашайық,

Жылулықты шашайық.

Сәттілік тілеп достарға

Біз сабақты бастайық.

3. Үй жұмысын тексеру. «Миға шабуыл» әдісі.

  • Бейбарыс бүкіл өмірін қай елде өткізді?

  • Кішкентай Бейбарыс қандай болды?

  • Жусан иісі Бейбарыс сұлтанға нені елестеткізді?

4. Сабақтың тақырыбын анықтау.

Ребус арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.

Желкен

Жауабы: Атамекен

5. Сабақтың мақсатын хабарлау.

6. Топқа біріктіру.

1-топ: «Түркістан»

2-топ: «Аңырақай»

3-топ: «Алтынемел»

«Мозайка» әдісі. Пазл құрастыру арқылы топтың атын анықтау, жариялау.

Амандасады, оқу құралдарын түгендейді.
Психологиялық ахуалда берілген іс қимылдарды қайталайды.
Сұрақтарға жауап беру арқылы өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың тақырыбын анықтау үшін ребусты шешеді.
Сабақтың мақсатымен танысады.

Топтарға бірігіп, пазл құрастыру арқылы топ тауын анықтайды, жариялайды.


ҚБ: Сөздік қолдау арқылы бағалау

ҚБ: Үш шапалақ арқылы бағалау


Слайд

Қима қағаздар

Сабақтың ортасы

7. Жаңа материалды меңгерту.

-Ендеше балалар бүгінгі авторымызбен танысу үшін экранға назар аударайық.

Бейнебаян. Мұзафар Әлімбаев.

-Оқушылар біз кіммен таныстық?

-Қазір біз Мұзафар Әлімбаевтың өлеңдерімен танысамыз.

(Т) «Жедел жауап» әдісі. Топтар өз атауларына сәйкес өлеңді оқиды.

1-топ: «Түркістан»

«Ержүректілер, құдіреттілер мекені» дегенді қалай түсінесің?

2-топ: «Аңырақай»

Аңырақай жерінде қандай оқиға болған?

3-топ: «Алтынемел»

Өлеңнің соңғы жолында «Қасиетті бір мүйісі Отанның!» деп қай жерді атап тұр?

Дескриптор:

  • Шығармалардың мазмұнын болжайды.

ЕБҚЕБ: берілген мәтінді бастырып жазады.

Саралау: «Диалог және қолдау» әдісі арқылы жүргізіледі

8. Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмыс.

жоңғар – ерте заманда қазақпен жауласқан халық

тұралата қаусатқан – тізе бүктіріп жеңген

мүйіс – Отанымыздың бір бөлшегі деген мағынада

Дескриптор:

  • мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табады және түзетеді.

ЕБҚЕБ: сөздікпен жұмысты бастырып жазады.

9. Сергіту сәті: «Кубик-рубик»

10. Шығармашылық жұмыс.

Оқушыларға Түркістан, Аңырақай, Алтынемел туралы мәліметтер түсіндіріліп айтылады. Топтарға берілген иллюстрациялық суреттер арқылы қазіргі және бұрынғы түр сипатын салыстырады.

Дескриптор:

  • мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы сипатталған бұрынғы мекендерді қазіргі мекендердің иллюстрациялық суреттерімен салыстырады.

Саралау: «Қорытындылау» әдісі арқылы жүргізіледі.


Бейнебаянға назар аударады.

Автордың өлеңдерін топ бойынша оқиды.
Сұрақтарға жауап беру арқылы шығармалардың мазмұнын болжайды.
Берілген мәтінді бастырып жазады.

Сөздік жұмысты қателіктерін түзей отырып, жазады.

Сөздікпен жұмысты бастырып жазады.

Сергіту сәтін жасайды.

Көркем шығармадағы сипатталған бұрынғы мекендерді қазіргі мекендердің иллюстрациялық суреттерімен салыстырады.


ҚБ: Басбармақ арқылы бағалау
ҚБ: Отшашу арқылы бағалау


ҚБ: Смайликтер арқылы бағалау

ҚБ: Қолдау сөздер арқылы бағалау




Бейнебаян
Оқулық

Дәптер


Кубик

Слайд, суреттер


Сабақтың соңы


11. Кері байланыс: «Адасқан сөздер» әдісі - Word Wall платформасы.

(Т) Топтарға қима қағаздардағы сөздер беріледі. Топ ішінде талқыланып, дұрыс сөйлемді жариялайды. Платформа бойынша тексеріледі.

12. Рефлексия: «Бас, қол, жүрек» әдісі.



Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрастырып, жариялайды, платформа бойынша тексереді.


Стикерлерді экранға жабыстырады.




Әдебиеттік оқу - Привести в порядок (wordwall.net)

Слайд, стикерлер




13. Үй тапсырмасы.

Мұғалім үй тапсырмасын орындау жолын түсіндіреді.

Мақалды жаттап алу.