Файл: Батыс азастан облысы Орал аласыны білім беру блімі Оу сауаттылыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Осындай шеберлердің бірі – Дүйсен ағай. Ол Алматы облысының Кеген ауылында тұрады. Дүйсен ағай – жеке кәсіпкер. Оның ағаштан ұлттық бұйымдар жасайтын бірнеше шеберханасы бар. Оның бірінде төсек, сандық, кебеже жасалады. Оны ағайдың үлкен ұлы Қанат басқарады. Екінші ұлы Санат түрлі ою салынған киіз үй жасайтын шеберхананы басқарса, үшінші шеберханасын өзі басқарады. Онда ұлттық музыкалық аспап домбыра жасалады.

Қазақтың музыка мәдениеті тарихында домбыра ел ішіне кең тараған екі, үш ішекті, шертіп немесе қағып ойнайтын музыкалық аспап ретінде ертеден белгілі болған. Қазақ жерлерінің әр өңірінде тұратын халық шеберлері домбыраны әр түрлі үлгіде жасаған. Домбыра жасауға қайың, қарағай, жөке, шырша, үйеңкі сияқты ағаштар пайдаланылған. Дүйсен ағай да домбыра жасау үшін осы ағаштарды пайдаланады. Ағай домбыраның шанағын бөлшек-бөлшек ағаштардан немесе сом ағаштардан ойып жасайды. Шанақтың қақпағына қос ішектен дыбыс беретін тиек орнатылады. Ал ұзынша мойнына иірген ішектен екі немесе үш оралған пернелер тағылады.

Домбыра – қазақ музыка мәдениеті тарихында ел ішіне ең көп тараған аспап. Ол – қазақ халқының тарихын паш ететін киелі музыкалық аспап. Үй ішінің біреуі домбыра шертпейтін отбасы қазақ арасында кем де кем. Сондықтан да Дүйсен ағайға келушілер саны өте көп. Олар еліміздің барлық аймағынан келеді. Олардың бірі домбыраны өз отбасына арнап жасатса, енді біреулері сыйға тарту үшін әзірлетеді. Тіпті халық арасында кеңінен танылған әнші-күйшілерге арнап жасататындар да бар.

Дүйсен ағайдың отбасы – қонақжай. Ол шеберханасына келген адамды жылы шыраймен қарсы алып, төрге шығарады. Келген қонақты төрге шығару – қазақ халқының салты бойынша құрмет көрсетудің белгісі. Келушілер ағайдың отбасының қонақжайлығы мен шеберлігіне тәнті болады. Тапсырыс берушілер саны да жылдан-жылға артып келеді.

Шеберлер дәстүрі бүгінде жалғасын тауып келеді.

Отандық кәсіпкерлер жасаған ұлттық бұйымдардың сапасы өте жақсы.
1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

А) Киіз үй ағаш шеберханасында жасалады.

В) Жеке кәсіпкерлікпен айналысу – табыс көзі.

С) Отандық өнімдердің сапасы жыл санап артып келеді.

D) Ұлттық бұйымдарды дәріптеу – бүгінгі ұрпақтың парызы.

2. Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.

А) Он саусағынан өнер тамған хас шебер

В) Музыкалық аспаптар – халық қазынасы

С) Ағаштан жасалатын заттардың қолданылуы

D) Қолөнер шеберлерінің әшекей бұйымдарды жасауы
3. Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.


А) Дүйсен ағай – шебер әрі жеке кәсіпкер.

В) Домбыра – қазақ халқының музыкалық аспабы.

С) Қонақты төрге шығару – құрмет көрсетудің белгісі.

D) Төсек, кебеже, сандық жасайтын шеберхананы Санат басқарады.
4. Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.

А) Дүйсен ағайдың отбасы – қонақжай.

В) Ағай домбыраның шанағын тек сом ағаштан ойып жасайды.

С) Ұлттық бұйымдар жасайтын шеберлердің бірі – Дүйсен ағай.

D) Домбыра – қазақтың ән-күй өнері саласындағы ең көп тараған ұлттық аспап.
5. Мәтіннің үшінші азатжолына дәлірек тақырыпшы таңдаңыз.

А) Дүйсен ағай

В) Ұлттық бұйымдар

С) Жеке кәсіпкерлік

D) Домбыра – ұлттық аспап.

10-мәтін

Баянауыл – көрікті аймақ. Ертегілер елі сияқты. Міне, осы өлкені отандық туризмнің орталығына айналдыруға болады. Әр тасының өзі туған өлкенің тарихынан сыр шертеді. Мұндай мекен – отандық, шетелдік демалып келушілер үшін таптырмайтын жұмақ жай. Жасыбайдың жағасында суға түсіп, құмға қыздырынған жан бұл өлкенің сұлу табиғатын ешқашан ұмытпайтыны – ақиқат. Бұл аймақ туралы аңыздар да өте көп.

Солардың бірі – Кемпіртас туралы аңыз. Кемпіртас – Баянауылдың ұлттық саябағындағы ең танымал тас. Ертеде жергілікті тұрғындар бұл жерде ерекше жылқы тұқымын өсіріпті. Бұл аттардың бағасы қымбат болыпты. Оларды ең батыл жігіттер көздің қарашығындай күзетіпті. Алайда соған қарамастан, күнде бір жылқы жоғала беріпті. Түнде күзет қойылса да, бәрі де ұйықтап қала беріпті. Ақыры солардың арасынан жас батыр түнде ұйықтап қалмау үшін білегін кеседі. Түн ортасында жер астынан түрі қорқынышшты кемпір шығады. Ол жылқылардың ішіндегі ең семізін таңдап алып, өзімен бірге жер астына әкетеді. Жас батыр көргендерін ақсақалдарға айтып береді. Ол халқын сиқыршыдан құтқармақшы болады. Жігіт түнде мыстанның келер уақытын күтеді. Кемпір жерден шығады да жігітпен жағаласа кетеді. Жігіт мыстанмен түнімен алысып, әбден шаршайды. Кемпір де әлсірейді. Өйткені таң білінісімен, кемпірдің күші қайтады. Таң атқан кезде мыстан кемпір жердің астына түсіп үлгермейді. Таң арайлап атып, күн сәулесі жер бетіне шашылады. Сол мезетте мыстанның басы мен денесінің жартысы тасқа айналып, қатып қалыпты.

Халық арасында айтылып жүрген аңыздың бірі – осы.
1. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.

А) Баянауыл тастары ертегілер еліне жетелей ме?

В) Баянауыл туралы аңыздарды жинастырып жүрген кім?

С) Шетелдік демалушылар үшін таптырмайтын мекен қайсы?

D) Баянауыл туралы жазылған қандай шығармаларды білесіз?


2. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.

А) Баянауыл – Кемпіртастың ең биік шыңы.

В) Кемпіртас оқиғасын халыққа кең тарату қажет.

С) Баянауыл жылқыларынның бағасы өте қымбат.

D) Баянауыл – демалуға арналған табиғаты сұлу аймақ.
3. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

А) Баянауыл, батыр, жылқы, күзету

В) Баянауыл, аңыз, жылқы, жігіт, құтқару

С) Кемпіртас, табиғат, аңыз, жігіт, шаршау

D) Жасыбай, ақсақал, кемпір, білек, жағаласу
4. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.

А) Баянауыл өлкесіне демалушылар жиі келеді.

В) Ұлттық саябаққа шетелдіктер өте жиі келеді.

С) Баянауыл табиғаты көркем, қойнауы аңызға толы өлке.

D) Баянауыл табиғатының әсемдігін көрген адам естен шығармайды.

5. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.

Аңыз бойынша кім ұрлық жасады?

А) күзетші

В) бір жігіт

С) жас батыр

D) сиқыршы

6. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

А) Белгілі тас – Кемпіртас туралы аңыз баяндалады.

В) Жылқышы жігіттің бастан кешкен оқиғасы баяндалады.

С) Баянауылдың табиғат сұлулығын аңызбен байланыстырады.

D)Ұлттық саябақтағы Кемпіртастың сұлу табиғаты суреттеледі.

7. Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.

А) Кемпіртас – Көкшенің тауы

В) Баянауыл саябағының тарихы

С) Баянауылдағы Кемпіртас аңызы

D) Жасыбай жылқылары туралы аңыз
11-мәтін

Досым Балнұрдың отбасы шағын. Оның отбасында төрт адам бар. Олар: жолдасы, ұлы, қызы және өзі. Жолдасы Ермек – сәулетші. Өзі қаржылық бақылау басқармасының бас маманы болып жұмыс істейді. Ұлы Әлішер – бастауыш сынып оқушысы. Ол сабағын жақсы оқиды. Әлішер мектепке өзі барады. Қызы Нағима балабақшаға барады. Олар Алматы қаласында тұрады. Балнұр мен Ермек мемлекеттік қызметші болғандықтан, жақында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтер алды.

Балнұрдың отбасы өте тату тұрады. Өйткені жақын туыс адамдар сыйлас болады. Жолдасы мен өзінің жалақылары жақсы, жалақыларын уақытылы алады. Олар отбасында күнделікті шығын мен жылдық шығынды үнемі есептеп отырады. Алматы қаласында пәтерақы төлемі қымбат. Балнұр мен Ермек ақшаны есеппен жаратып, тиімді жұмсайды.

Ермектің ата-анасы Шығыс Қазақстан облысының Ақсуат ауданында тұрады. Атасы мен әжесі үнемі қаладағы немерелерін сағынып жүреді. Немерелері де ата-әжелерін қатты сағынады. Атасы мен әжесі Алматыға келген сайын немерелеріне бағалы сыйлықтар ала келеді.

Ермек пен Балнұр балаларын үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелейді. Ұлы Әлішер қарындасы Нағимаға үнемі қамқорлық жасап жүреді.


Балнұрдың отбасы өте қонақжай. Олар өткен сенбі күні қоныстой жасады. Тойға бүкіл туған-туыстары мен дос-жарандары, әріптестері келді. Үй иелері келген қонақтарды төрге шығарып, сый-құрмет көрсетті. Балнұр ұлттық тағамдарды дәмді дайындайды. Ол дастарқанға шәймен бірге жылы-жұмсақ, тәтті дүниелер – қызыл күрең бауырсақ, анасы ауылдан алып келген ақ ірімшік, құрт, тіл үйірер балқаймақ, қазы-қарта, жал-жая, тәтті жент, жеміс-жидектер, тіпті буы бұрқыраған қуырдақ та қоса әкелді. Халқымыздың айран, шалап, қымыз, шұбат секілді дәстүрлі сусындары да қойылды. Дастарқан басында Балнұрдың әкесі бата берді. Өйткені қазақта асқа үлкен кісі бата қайырады. Дастарқанға ас қайыру – үлкен ізеттіліктің белгісі.

Балнұрдың отбасы – үлгілі, қонақжай отбасыларының бірі.

1. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.

А) Жолдасы Ермек аулына қашан барды?

В) Менің досымның отбасында қанша адам бар?

С) Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы қашан пайда болды?

D) Алматы қаласы тұрғындарының күнделікті шығын мөлшері қандай?

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.

А) Ата-әжесі қоныстойға шақырды.

В) Досым Шығыс Қазақстан облысында тұрады.

С) Досымның жолдасы басқарманың бас маманы.

D) Досымның бір ұл, бір қызы бар, олар мектепте оқиды.

3. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

А) отбасы, қонақ, туыс, ауыл, қуырдақ

В) отбасы, қонақ, уақыт, қызмет, әріптес

С) отбасы, қызмет, ата-ана, қоныстой, қонақ

D) сыйластық, қымыз, отбасы, қонақ, қызмет

4. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.

А) Досымның бір ұлы, бір қызы бар.

В) Ақсуат ауданында ата-аналары тұрады.

С) Досымның отбасы шағын болса да, үлгілі, қонақжай

D) Мемлекеттік қызметшілер жалақыларын уақытылы алады.


5. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.

Дастарқан басында батаны кім берді?

А) достары

В) әріптестері

С) Балнұрдың шешесі

D) Ермектің қайын атасы

6. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

А) Үлгілі қазақ отбасы туралы ақпарат беріледі.

В) Қазақ халқының қонақжайлылығы сипатталады.

С) Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу жолдары

D) Қазақ халқының ұлттық тағамдары мен дәстүрлі сусындары туралы.

7. Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.

А) Қоныстой иелері

В) Ұлттық тағамдар

С) Досымның отбасы

D) Мемлекеттік қызметшілер

12-мәтін

Елімізде жеңіл өнеркәсіп жылдан-жылға дамып келеді. Соңғы жылдары, әсіресе, Алматы қаласында жеңіл өнеркәсіп қанатын кеңге жайып келеді. Сондай өнеркәсіп орындарының бірі – Алматы тоқыма фабрикасы. Фабрика жаңа стильдегі жоғары сапалы киім, әртүрлі арнайы жұмыс киімдері мен кәдесыйлар шығарады. Алматы тоқыма фабрикасы – сапалы өнім өндіруші кәсіпорын. Фабрикада тек қой жүнінен ғана емес, мақтадан да түрлі өнім өндіріледі. Мақта өнімдері де жақсы болады. Бұл фабриканың өнімдері тұтынушылардың сұранысына ие. Онда ерлер мен әйелдерге, балаларға арналған тоқыма бұйымдар мен киім-кешектің сан алуан сәнді үлгілері өндіріледі. Қалада Алматы тоқыма фабрикасының өнімдерін сататын дүкендер де өте көп. Бұл дүкендерге түскен тауарлар лезде сатылып кетіп жатады. Өйткені сапалы тауар өтімді болады әрі бұл кәсіпорынның өнімдерін тұтынатын тұрақты тұтынушыларының саны да көп болады.

Мен – Алматы қаласының тұрғынымын. Мен сапасы жоғары тауарларды тұтынамын. Отбасы мүшелеріне керекті киім-кешекті тек қана осы Алматы тоқыма фабрикасының өнімдерінен алуға тырысамын. Қойдың жүнінен тігілген киім жылы болатыны белгілі. Сондықтан қыстық киімдердің қой жүнінен жасалғандарын аламын. Кеше әжеме түбіт шәлі мен жылы шұлық, ініме жылы қолғап пен бас киім алдым. Сәнді бұйым адамға жақсы көңіл-күй сыйлайды. Өзіме кең қалталы шалбар мен ақ түсті сәнді көйлекті таңдадым. Көйлекке түйме қадау да шеберлікті қажет етеді екен. Мен алған көйлектің түймесінің өзі айрықша пішінді, белбеуі өте сәнді көрінеді. Бауырым Арсен мақтадан тігілген жылы күртеше алды. Жаңа жыл қарсаңында осы дүкеннен анама сұр түсті пальто, әкеме жылы кеудеше алғанмын. Алған сыйлықтарым ата-анама қатты ұнады.

Өзі осы Алматы тоқыма фабрикасында жұмыс істеймін. Жеңіл өнеркәсіп жұмысшылары ауысымдық мерзіммен жұмыс жасайды. Мен де ауысымдық мерзім бойынша еңбек етемін. Сапалы тауар арқылы тұтынушы қажеттілігін өтеуге болады. Сондықтан фабрика жұмысшылары өзіміз өндіретін тауарларды сапалы өндіруге бар ынтамызды саламыз. Өнімді жаңа технологиямен дайындаймыз. Тұтынушы қажеттілігін орындау – басты міндетіміз.