Файл: Батыс азастан облысы Орал аласыны білім беру блімі Оу сауаттылыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 18

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


D) Қазақ бейнелеу өнерінің шығармалары XX ғасырда шетелге танылды.

10. Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.

А) XX ғасыр – кәсіби қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу дәуірі

В) Қазақ бейнелеу өнері – күрделі қалыптасу жолынан өткен өнер

С) «Тезек төре» туындысы – Шоқан Уәлихановтың үздік шығармасы

D) Қ.Қожықов XX ғасыр басындағы қазақ бейнелеу өнерін дамытушы

11. Мәтіннің екінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.

А) Шоқан Уәлиханов – қазақ бейнелеу өнерінің алғашқы өкілі

В) «Потанин» - Шоқанды суретші ретінде танытқан туындысы

С) «Алатау көрінісі» Шоқан салған графикалық суреттерінің бірі.

D) Қазақ бейнелеу өнерінің үздік шығармаларының бірі – «Жатақ» суреті

12. Мәтіннің үшінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.

А) Қазақ көркем сурет галереясы – халық мақтанышы

В) Бейнелеу өнерінің алғашқы көрмесі XX ғасырдағы тарихи оқиға

С) Әбілхан Қастеев туындылары – соғыс жылдарының шынайы көрінісі

D) XX ғасыр басындағы қазақ бейнелеу өнерінің өкілдері – кәсіби шеберлер

13. Мәтіндегі ақпаратты жағымды бағалалайтын нұсқаны таңдаңыз.

А) Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бейнелеу өнері дамыды.

В) XX ғасырдың II жартысындағы графика өнері қанатын кеңге жайды.

С) Қазақстан суретшілерінің еңбектері өнер қазынасына қосылған мұра.

D) XX ғасырдың аяғында қазақ бейнелеу өнерінің кескіндеме өнері дамыды.

3-мәтін

Семей қаласында Абайдың өмірі мен ақындық жолына арналған әдеби-мемориалдық мұражай бар. Бұл мұражай Абайдың 95 жылдық мерейтойына орай 1940 жылы 16 қазанда ашылған. Алғашында ол қазіргі Абай көшесіндегі 83-үйде орналасқан. Мұражайдың экспонаттар қоры көбеюіне байланысты мемлекеттік архитектуралық ескерткіш болып саналатын Ленин көшесіндегі 12-үйге көшіріледі. Мұражайдың 13 мың экспонат қоры жеті дербес тақырыптық залдарға орналасқан. Мұражайдың «Абай және оның дәуірі», «Жайлау», «Үш қайнар бұлақ», «Абай шығармашылығы», «Абайдың ақындық өнер айналасы», «Абайтану», «Қазақ халқы атын ардақты» атты бөлімдерінде Абай өміріне байланысты мұрағаттық материалдар, түрлі құжаттар, қазақ халқының тұрмыстық-этнографиялық өмірін бейнелейтін заттар, фотосуреттер сирек кездесетін кітаптар орналастырылған. Мұражайдан 1885 жылы Н.И.Долгополов арқылы Абайдың өзі өлкетану мұражайына тапсырған тарихи экспонаттары
, Абай шығармаларының алғашқы жинақтарын және әлем тілдеріндегі аудармаларын, Абайдың ақын шәкірттерінің шығармаларын көруге болады. Семейдегі Абай мұражайының бөлімшесі ақынның туған жері Жидебайда 1945 жылы ашылған.

Жидебай – Абайдың ата қонысы. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Қарауыл өзенінің жайылмасында жатқан қалың қорық, шұрайлы жер. Жидебайды XIX ғасырдың екінші жартысында Құнанбай иемденіп, қыстау салдырған. Құнанбай қажы Жидебайдан он бес шақырым жердегі Ескітам қонысына медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын оқытқан. Абай сегіз жасынан бастап осы медреседе сауат ашқан. 1880 жылы Абай Жидебайда өз қаражатына жаңа медресе салдырған. Құнанбай қажы дүние салған соң, Жидебай қонысы Құнанбайдың Ұлжаннан туған баласы Оспанның еншісіне көшеді. 1891 жылы інісі Оспан қайтыс болғаннан кейін қыстау Абайдың иелігіне өткен. Абай қыстауға асты-үсті тақтайлы, үлкен терезелі, кең де жақсы қонақжай бөлмелер салдырған. Абай осы қыстауда оңаша кітап оқып, достарымен әңгімелесіп отырғанды ұнататын. Жидебай қонысының табиғаты, Жидебайды мекен еткен халықтың тұрмыс-тіршілігі М.Әуезов шығармасында көркем суреттелген. Бұл қыстау кейін ақынның мұражай-үйіне айналған.

Жидебайдағы қыстау күрделі жөндеуден өткенімен, мұражайдың сәулеттік ішкі-сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініс-келбетін сақтаған. Жидебайдағы мұражай-үйдің бес бөлмесі мен үш залына қойылған мүлік-жиһаздардың көбісін ақынның ұрпақтары мен достары, замандас-жанашырлары әкеліп тапсырған. Мұражай экспозициясында Абайдың араб, парсы, түркі тілдеріндегі және орыс тілінде оқыған кітаптары, мерзімді баспасөз басылымдары, ақынның сол кезде тұтынған тұрмыстық заттары, үш ішекті домбырасы, жиһаздары басты орын алған.

Семей өңіріне жер аударылып келген Абайдың орыс достары Е.П.Михаэлис, С.С.Гросс, Н.И.Долгополов, П.Д.Лобановскийлердің фотосуреттері бар.

Абайдың туып, өмір сүрген жері Жидебай бүгінде тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық, экологиялық аймаққа айналған. Мемлекет қамқорлығына алынған бұл қорықтың жалпы көлемі алпыс төрт шаршы шақырымды алып жатыр. Абайдың мұражай-үйі, Абай, Зере, Ұлжан, Оспан, Шәкәрім, Ахат, Құдайберді, Еркежан және басқа да ақын туыстарының зираттары Жидебай қорығының құрамына енген. Мұражайдың ғылыми қызметкерлері көшпелі көрме ұйымдастырып, Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы дәрістер оқып тұрады. Семей қаласына жолы түсіп барған қонақтар және шетелдік азаматтар Абайдың мұражай-үйіне міндетті түрде барады. Қасиетті Семей жеріне жолым түссе, Абай мұражайына бармай, қайтып кете алмаймын. Ұлы ақынға ұрпақтарының тағзымы осылай басталса керек. Абайдың мұражай-үйлері ұлтымыздың қастер тұтар қасиетті орнына айналған.



3-мәтін бойынша тест тапсырмалары:

1. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.

А) Мұражайға оқушыларды жиі апарады.

В) Мұражайдың қызметкерлері көрмелер өткізіп тұрады.

С) Мен жазда Жидебайдағы Абайдың мұражай үйіне бардым.

D) Абайдың мерейтойы қарсаңында мұражайда жөндеу жүргізілді.

2. Мәтіндегі басты тірек сөзді табыңыз.

А) үй, қорық, Абай, көрме, Семей

В) ақын, әдебиет, тарих, домбыра, мұражай

С) қыстау, қорық, ғұлама, мұражай, қоныс

D) мұражай, Абай, Жидебай, қорық, қыстау

3. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.

А) Мұражайға мүлік-жиһазды ұрпақтары, оқырмандары әкеліп тапсырған.

В) Мұражайдағы мүлік-жиһаздарды ақынның замандас-жанашырлары әкеліп тапсырған.

С) Жидебайдағы мұражайдың бай экспонаттар экспозициясы қалыптасқан.

D) Мұражайдағы мүлік-жиһаздардың көбісін ақынның ұрпақтары мен достары әкеліп тапсырған.

4. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.

Жидебай бүгінде ... айналған.

А) қыстауға

В) экологиялық аймаққа

С) өлкетану мұражайына

D) тарихи, әдеби, мәдени қорыққа

5. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

А) Ұлы ақынның мұражайы туралы ақпарат беріледі.

В) Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндалады.

С) Абайдың туған жері, ұрпақтары, достары туралы айтылады.

D) Абайдың материалдық және әдеби мұрасы жайында мәлімет беру.

6. Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.

А) Абай тұрған үй

В) Ақын туралы естелік

С) Абайдың мұражай үйі

D) Ұлы ақынның мұрасы

7. Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.

А) Ұлы ақынның өмірі мен әдеби мұрасы – ұрпаққа ұлы өнеге.

В) Абайдың мұражайы – халқымыздың ұрпаққа өнеге етер қасиетті үйі.

С) Абай осы қыстауда оңаша кітап оқып, достарымен әңгімелесіп отырған.

D) Жидебайдағы үй Абай өмірі мен оның туыстары жайлы мол мәлімет береді.

8. Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.

А) Жидебай – Абайдың ата қонысы.

В) Жидебай тарихи-мәдени аймаққа айналған.

С) Мұражайда Абайдың орыс достарының фотосуреттері бар.

D) Абайдың және оның балаларының туған үйі – Жидебайда.

9. Автордың пікірін білдіретін ақпаратты таңдаңыз.

А) Мұражай-үйдің бес бөлмесі мен үш залы бар.

В) Абайдың өмір сүрген ортасының шығармашылығына әсері.

С) Қонақтар және шетелдік азаматтар Абайдың мұражайына барады.

D) Ұлы Абайға тағзым ету оның бар мұрасын танудан басталса керек.

10. Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.


А) Абай мұрасы

В) Абай және оның дәуірі

С) Семейдегі мұражай экспонаттары

D) Абайдың Семейдегі өткізген күндері

11. Мәтіннің екінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.

А) Абай ауылы

В) Ақынның ата қонысы

С) Жидебайдың табиғаты

D) Құнанбайдың мұражай үйі

12. Мәтіннің үшінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.

А) Күрделі жөндеу

В) Бүгінгі Жидебай қонысы

С) Ақынның жақын туыстары

D) Мұражайдың экспозициясы

4-мәтін

Мүсінші

Мен бала кезімде мүсінші болуды армандайтынмын. Мектеп қабырғасында жүрген кезімде сазбалшықтан түрлі мүсіндер жасайтынмын. Ауылда мені «мүсінші бала» деп те атайтын. Бұл ат өзіме қатты ұнайтын. «Мүсінші бала» дегенді естіген сайын өзімді мүсіншідей сезінетінмін.

Қолым бос кезде мүсін өнері туралы жазылған кітаптар оқып, түрлі мүсін жасағанды ұнатамын. Мәдениет сарайындағы міндетті жұмысымнан басқа мезгілдің бәрін досым Саматтың мүсінін жасаумен өткізіп жатырмын. Қазандай көгілдір мәрмәр тастың қашай-қашай бөріктейі ғана қалды. Саматтың ойлана алысқа көз тігіп тұрған тұлғасы ойылып та бітті. Енді жұмыстың ең ауыр сатысы қалды. Адам ажарына құбылыс, денеге көркемдік беру керек. Ішкі жан сезімі мен сыртқы бейненің үндестігін, сұлулығын, бірін-бірі толықтырып тұрған қасиетін келтіру керек. Бұның бәрі көз, бет құбылыстары, дене ишараты арқылы айтылу қажет. Бұл - жұмыстың ең қиын тұсы. Бұл үлкен шеберлікті, дарынды қажет етеді. Адамды тек шығармашылық шабыт билейтін сатысы. Бүгінгі жұмыс күндегіден нәтижелі болды. Таңертеңнен үйден шықпай, тас мүсінді айналдырдым. Көптен бері ойымдағыдай шықпай жүрген Саматтың маңдай кейпін айнытпай түсірдім. Қабағын түйгенде пайда болатын маңдайындағы білінер-білінбес қос сызық соншалық дұрыс түсті. Қапелігімдегі шеберлігіме өзім де риза болып қалдым. Тас мүсінге қарап тұрып, досым Саматты көргендей болдым. Соншалық шынайы, соншалық айнымай шыққанына қатты қуандым. Өз жұмысыма өзім сұқтана қарап, сүйсіндім.

Мүсін өнері – өнер біткеннің ішіндегі ең нәзігі.
1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

А) Мүсін өнерінің сыр-сипаты туралы

В) Досының сыртқы келбетін суреттейді

С) Оның балалық шағы жайлы айтылады

D) Мүсінші болуды армандағаны туралы

2. Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.

А) Мүсінші бала

В) Мүсін туралы кітаптар

С) Мүсінші баланың арманы

D) Мүсін өнерінің ерекшелігі

3. Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.

А) Бұл – жұмыстың ең қиын жері.


В) Мүсін – бейнелеу өнерінің бір түрі.

С) Мүсінші бала – менің кездегі атым.

D) Мүсін өнері – барлық өнердің ішіндегі ең нәзігі..
4. Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.

А) Мүсінші бала атым өзіме ұнайтын.

В) Тас мүсінге қарап, өз ісіме риза болдым.

С) Ішкі жан дүниесі мен сыртқы бейнесін үйлестіру қажет.

D) Уақытымның көбін досымның мүсінін жасаумен өткізудемін.

5. Мәтіннің бірінші азат жолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.

А) Менің алғашқы мүсіндерім

В) Мүсінші баланың арманы

С) Менің балалық кезім

D) Білімалған мектебім
5 - мәтін

Қазақта өнегелі өмірі үлгі боларлық аналар көп. Көш басында тұрған Домалақ анадан бастасақ, беріректе Құнанбайдың әжесі Зере әжеміз, ұлт анасындай болған Абай атамыздың анасы – Ұлжан, Шоқанның Айғаным әжесі, батыр атамыз Бауыржан Момышұлының келіні – Зейнеп Ахметова анамыз секілді қазақ әйелдері галереясын тізбектеп шықсақ, қазақта небір дана да дара аналарымыздың болғанын көреміз.Үлгі боларлық аналар, қазақ әйелдері бүгінде аз емес. Әрине, мен осы қазақтың ақылгөй аналарының қатарына өз анамды қосқым келеді. Өйткені менің анам қазақтың қызы, қазақтың қарындасы, қазақтың жары, қазақтың келіні, қазақтың анасы және қазақтың әжесі деген үлкен атты абыроймен, үлкен жауапкершілікпен арқалап келе жатқан аяулы жан.

Анам көп жылдар бойы ұстаздық қызмет етіп, қазір құрметті демалыстағы жан. Еңбек еткен жылдарын, алдынан еліміздің сан түрлі болашақ маман иелерін оқытып, білімді шәкірт тәрбиелеген кездерін қуанышпен сағына еске алып отырады. Әлі күнге дейін анамның мектепте оқытқан шәкірттері келіп сәлем беріп, түрлі мерекелерде құттықтап жатады. Сол кездері анамның қуаныштан жүзі жайнап, шәкірттеріне риза болып отырады.

Менің анам биыл 70 жасқа толды. Наурыз айында үлкен мерекелік мерейтойын ұл-қыздары, немерелері, туған-туыстарының ортасында бәріміз бірге өткіздік. Бір қыз, үш ұлды өсіріп, қазір олардан отыздан аса немере сүйіп отырған жайы бар. Әкеміз өмірден ерте озғандықтан, біз анамыздың тәрбиесінде болдық. Жетпіс жас – бұл «адамның ардақ пен мадаққа ең лайық шағы», - дейді қазақ. Анамның өнегелі өмірі барлық қазақ қызы мен келіндеріне үлгі болса деймін.
1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

А) Дара да дана аналар туралы.

В) Қазіргі кезде үлгілі аналар аз емес.

С) Біз анамыздың мүшелтойын тойладық.

D) Менің анам – «ана» деген үлкен атқа лайық жан.

2. Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.

А) Ер ана