Файл: Батыс азастан облысы Орал аласыны білім беру блімі Оу сауаттылыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
В) Ұстаз ана

С) Анаға құрмет

D) Үлгі боларлық аналар

3. Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.

А) Қазақ халқында үлгілі аналар көп.

В) Анам үшін шәкірттерінің келгені – үлкен қуаныш.

С) Наурыз айында анамыздың мерейтойын тойладық.

D) Менің анам – ұзақ жылдар еңбек еткен, абыройлы, отбасы мен көпшілікке сыйлы, аяулы да ардақты жан.

4. Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты табыңыз.

А) Анам – қазір құрметті демалыстағы аяулы жан.

В) Менің анамның 70 жылдық мерейтойын тойладық.

С) Менің анам – сыйлы, аяулы, ардақты аналардың бірі.

D) Анам көптеген шәкірттерді тәрбиеледі және оларға білім берді.

5. Мәтіннің бірінші азат жолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.

А) Өнегелі өмір

В) Ана мерекесі

С) Аяулы аналар

D) Ардақты ұстаз

6-мәтін

Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халық. ХІХ ғасырдағы қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер қазақ халқының мың ән бес жүз күйі барлығын жазған болатын. Қазақтың музыка мәдениеті дәуірден-дәуірге дамып келеді. Қазақтың жыршылары мен әншілері, ақындары мен жыраулары өлең-жырларды, ұзақ дастандарды домбыраға қосып әнмен айтқан. Эпостық немесе тарихи жырлардың қысқа қайырылатын баяу әндері болады. Қазақтың лирикалық әндері көтеріңкі айтылып, неше түрлі сарынға салынып, құйқылжи айтылады. Қазақ – ән мен күйге аса құмар халық.

Сазгерлердің эпостық, тарихи және түрлі тақырыптарға арналған музыкалық аспаптармен орындауға негізделген шығармалары «күй» деп аталады. Күй – әнге қосылмай, тек музыкалық аспаппен ғана орындалатын туынды. Әрбір күйдің өзіндік тарихы бар. Күйшілер шаршы топ алдында күйді орындарда күйдің шығу тарихын баяндай келе: «Ал енді, осы күйді тыңдаңыздар», - деп күйді жорғалата жөнелген. Қазақ күйлері сан-салалы, онда өзен ағысы, теңіз толқыны, аққу мен бұлбұлдың әні, аттың жүрісі, сан алуан табиғат құбылыстары, адамның сан қырлы көңіл-күйі қамтылады.

Қазақтың ертеден келе жатқан тарихи күйлерінің бірі – «Бозторғай» күйі. Күйде өзінің балапанын жыланнан қорғаған бозторғайдың жан таласы, үрейі ұшқан балапанның шиқылы, жыланның ысылы, ана торғайдың қанатының діріл қағуы, ақырында балапанын қорғап қалу үшін өз жанын қиып, жыланның аузына түскен кездегі оның ақтық рет шиқ еткен даусы домбыраның үнімен берілді.

Қазақтың ежелгі күйлерінің бірі – «Ақсақ құлан» күйі. Бұл эпостық күй ХІІІ ғасырда Шыңғысхан дәуірінде шыққан. Тарихи аңызда айтылуына қарағанда Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы хан аң аулап, жаралы ақсақ құланды қуып жүріп қаза табады. Мұны іштей сезген Шыңғысхан «суық хабар естірткен адамның көмейіне қорғасын құямын» деп жарлық қылады. Ханның қаһарынан қорыққан адамдардың бірде-бірі бұл қайғылы хабарды айтуға бата алмайды. Шыңғысхан одан әрі ашуланып, халыққа қаһарын шашады. Жұрттың ауыр азабын жеңілдетуге ұмтылған найман тайпасының күйшісі Кербұға бұл хабарды Шыңғысханға «Ақсақ құлан» атты шығарған күйімен естіртеді. Шыңғысхан өз жарлығына сәйкес Кербұға күйшінің домбырасының көмейіне қорғасын құяды. Бұл күй ханның қаталдығын, халықтың ауыр азабын, аңшылық өнерді, адамзат баласының сан алуан көңіл-күйін бейнелейді.


Міне, осы сияқты әр күйдің астарында аңыз әңгімелер, тарихи оқиғалар жатыр. Күй – халқымыздың аспаптық пьесасы.


1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

А) Қазақ күйлерінің шығу тарихы баяндалады.

В) Қазақ халқының тарихи күйлері суреттеледі.

С) Қазақтың ән мен күйлерінің тақырыптары сипатталады.

D) ХІХ ғасырдағы қазақ музыкасын зерттеушілері туралы айтылады.

2. Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.

А) Қазақ халқы

В) Қазақтың музыка мәдениеті

С) Ән мен күй – қазақтың рухани байлығы

D) Домбыра – күй орындалатын аспаптың бірі

3. Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.

А) Кербұға – Шыңғысханға суық хабарды домбырамен жеткізген күйші.

В) Қазақтар ұзақ дастандарды домбыраға қосып әнмен айтқан.

С) Қазақ халқының музыкалық мәдениеті жылдан-жылға дамып келеді.

D) Қазақ – әң мен күйге құштар, музыкалық мәдениеті дамыған халық.

4. Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.

А) Күй – қазақ халқының баға жетпес қазынасы.

В) Қазақтың тарихи күйлерінің бірі – «Ақсақ құлан».

С) Жошы – Шыңғысханның тұңғыш ұлы болып табылады.

D) Күй – әнге қосылмай, ұлттық аспаппен орындалатын жанрдың түрі.

5. Мәтіннің екінші азат жолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.

А) Күй – әнсіз туынды.

В) Күй – музыкалық туынды.

С) Күй – сан-салалы туынды.

D) Күй – көп жанрлы туынды.
7-мәтін

Есте жоқ ерте заманда бидай өз бетімен өседі екен. Бір жылы қуаңшылық болады. Тіршілік үшін жанталасқан өсімдік атаулы Ақ бидайды жан-жағынан қаумалап, астындағы суды тартып алады. Кейбір бойшаң бұталар күннің көзіне қасақана тұрып алып, жарық түсірмейді. Сөйтіп, Ақ бидайдың жағдайы күннен-күнге нашарлай бастайды. Ақырында өлер халге жетеді. Содан соң олай-бұлай өткен әр түрлі аңдардан жәрдем сұрайды. Үстінен әрлі-берлі қалықтап ұшып жатқан үлкенді-кішілі құстарға жалбарынады. Бірақ оның өтінішіне, мұң-зарына ешкім құлақ аспайды. Енді өлдім ғой деген сәтте Ақ бидайға садақ асынған, қолында найзасы бар, аң аулап жүрген Адам тап болады. Бидай байғұс көзінің жасын төгіп тұрып, Адамға мұңын шағады. Адам ойланып тұрып, ақырында оның өтінішін қабыл алады. Садағын жерге қойып, найзасын бұтаға сүйей салады да, білегін сыбанып жіберіп, іске кіріседі. Ақ бидайдың айналасындағы шөптің бәрін қолымен отап, тып-типыл қылады. Олардың бидайға ауыз салып жатқан тамырларын найзасының ұшымен қопарып тастайды.

Бұлаққа барып тақиясына толтырып су әкеледі. Әлсіреп қалған Ақ бидай мөлдір суға қанып бой түзеп, құлпырып сала береді. Адам да жиі-жиі келіп, бидайға қамқор болып жүреді. Қаскөй шөп, тікендерді оның қасына жуытпай, мезгіл-мезгіл суарып тұрады. Күзге салым бидай піседі. Баданадай дәндерінің бір түйірін де шашау шығармастан, Адамға тарту етеді. Адам сыйға алған дәнін бір қыс сақтайды.


Көктем шыққанда ол үйшігінің жанындағы тәуірлеу жерді қопсытып, соған әлгі дәнді себеді. Жаз бойы арам шөбін жұлып, мезгілімен суарып, баптап тұрады. Ақырында еңбегі зая кетпей, күзде адам бір дорба бидай алады. Келер жылы бір қап, содан соң он қап, одан соң мың қап, қойшы, адамзат бидайды әлденеше миллион қап етіп алатын болды. Адам мен Ақ бидайдың айырылмас достығы ерте заманда осылай басталған екен.
1. Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.

А) Ақ бидайдың өтініші

В) Ақ бидай туралы әңгіме

С) Адам мен Ақ бидайдың жағдайы

D) Адам мен Ақ бидайдың достығы
2. Мәтіннің бірінші азат жолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.

А) Еңбектің зая кетпеуі

В) Ақ бидай мен Адамның кездесуі

С) Бидайдың Адамға берген сыйлығы

D) Бидайдың адам ағзасына тигізетін пайдасы

3. Мәтіннің екінші азат жолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.

А) Баданадай дән

В) Адамның қамқорлығы

С) Ақ бидайдың Адаммен достығы

D) Ақ бидайдың Адамға берген сыйы

4. Мәтіннің үшінші азат жолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.

А) Адамның көмегі

В) Ақ бидайдың өтініші

С) Адам еңбегінің нәтижесі

D) Бидай мен Адамның кездесуі

5. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

А) Ақ бидай мен қаскөй тікеннің арпалысы

В) Адам мен Ақ бидайдың достығы туралы

С) Адам найзаның ұшымен топырақты қопарады

D) Қуаңшылық жылғы өсімдіктердің тіршілік үшін жанталасы
8-мәтін

Досым Сәлімнің отбасы үлкен. Олар Панфилов ауданындағы Қоңырөлең ауылында тұрады. Сәлімнің отбасында жеті адам бар. Олар: әкесі, анасы, әйелі, қарындасы, інісі және ұлы. Әкесі Мәлік – мектепте мұғалім. Анасы Сара – балалар дәрігері. Әйелі Салтанат – кітапханашы. Қарындасы Ақниет – заңгер. Ол – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Қазір Ұлттық банкте заңгер болып жұмыс істейді. Інісі Әлім – Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің студенті. Ол – президенттік шәкіртақы иегері. Досым Сәлім – байланыс бөлімшесінің меңгерушісі. Оның ұлы Әлішер – бастауыш мектеп оқушысы. Ол – сыныбындағы озат оқушылардың бірі.

Қазақ отбасында ата-ананың орны ерекше. Әкені отбасының тірегі деп есептеген. Сондықтан «Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деп, әкені тауға, отбасының ұйытқысы ананы бұлаққа, баланы өсіп келе жатқан құраққа, шөпке теңеген. Досымның отбасы да ата-анасын ерекше құрметтейді. Сәлімнің әйелі Салтанат атасы мен енесін өз ата-анасындай жақсы көреді. Оларға үнемі шын ниетімен қызмет етеді.


Қазақ – қонақжай халық. Қазақтар дәмдісі мен жұмсағын қонағына сақтайды. Сәлімнің отбасы да өте қонақжай. Үйлеріне келген қонақты сыйлап, құрметтеп төрге шығарады.

Салтанат – шебер аспаз. Ол ұлттық тағамдарды дәмді дайындайды. Салтанаттың пісірген бауырсағын бүкіл отбасы жақсы көреді. Салтанат сиыр сауып, айран ұйытады. Одан құрт-май жасайды. Әкелері Мәлік келінінің жасаған жентін сүйсініп жейді. «Менің Салтанатымның жасаған женті бала күнімдегі әжемнің жентіне ұқсайды», - деп, келінін үнемі мақтап отырады. Отбасындағы ерке қыз Ақниет те жеңгесін ерекше сыйлайды. «Ақ жеңгетай, маған да ас әзірлеуді үйретсеңші», - деп жеңгесінің жанынан қалмайды. Салтанат та өз білетінін Ақниетке үйретуден еш жалықпайды.

Тәні саудың – жаны сау. Отбасы мүшелерінің барлығы спортпен шұғылданады. Олар таңертең ерте тұрып, спорттық жаттығулар жасайды.

6. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

А) Әке мен бала арасындағы татулық

В) Келін мен ата арасындағы сыйластық

С) Үлгілі отбасы мүшелері арасындағы сыйластық

D) Сәлімнің отбасында ата-аналарын ерекше құрметтейді

7. Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.

А) Досымның отбасы

В) Әке – отбасының тірегі

С) Қазақ – қонақжай халық

D) Спорт – дене шынықтырудың кепілі

8. Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.

А) Досымның отбасы үлкен әрі тату

В) Әйелі Салтанат кітапханада істейді

С) Ақниет – отбасындағы кенже ерке қыз

D) Қоңырөлең – Панфилов ауданының орталығы

9. Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.

А) Сәлімнің отбасы үлгілі.

В) Сәлімнің ұлы - оқушы.

С) Қазақ – қонақжай халық.

D) Ата-ананың орны ерекше.

10. Мәтіннің бірінші азат жолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.

А) Досым Сәлім

В) Қонақжайлылық

С) Отбасы мүшелері

D) Отбасындағы сыйластық

9-мәтін

Ағаш пен сүйектен оюлап тұрмыстық, музыкалық аспаптар жасау – халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі өнерлерінің бірі. Сүйектен ойып әшекейлі бұйым жасайтын шеберлерді, ағаш ұсталарын жұрт бұйым жасату үшін алыстан іздеп келетін болған. Қолөнер шеберлері ағаш бұйымдардың бетіне, аттың қамыт-сайман, ер-тұрманына, музыкалық аспаптарға сүйектен ойып өрнек салған.

Ағаштан оюлап жасалатын тұрмыстық заттың көп тараған түрі – ағаш төсек, кебеже, сандық. Халық шеберлері ағаштан түрлі ыдыстар да дайындаған. Олар астау, тостаған, саптыаяқ, ожау сияқты ыдыстар жасаған. Мұндай әшекейлі заттар қазақтың баспанасы киіз үйге ерекше сән беріп тұрған. Көздің жауын алатын әсем оюлар киіз үйдің сүйегіне де түсірілген.