Файл: 1. Информатика пні бойынша сыныптан тыс жмыстар дістемесі. Сыныптан тыс сабатарды ткізу кезедері.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 7
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жоспары:
1.Информатика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар әдістемесі.
2.Сыныптан тыс сабақтарды өткізу кезеңдері.
2.1Тәрбиелік тапсырмаларды оқыту және ұйымдастыру.
2.2Сыныптан тыс тәрбиелік жұмысты дайындау және модельдеу.
2.3Модельдік тәжірибелер жүзеге асыру.
2.4Атқарылған жұмыс талдауы.
3.Семинар/практикалық сабақтарын өткізуге ұсыныстар.
4.Қорытынды.
5.Пайдаланылған әдебиеттер.
Информатика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстың әдістемесі
Сыныптан тыс сабақтарды өткізу кезеңдері
1. Тәрбиелік тапсырмаларды оқыту және ұйымдастыру. Бұл кезең әрбір оқушының және бүтіндей сынып ұжымының ерекшеліктерін зерттеуге, тәрбиелік үрдісті тиімді іске асыру үшін неғұрлым өзекті тапсырмаларды анықтауға бағытталған. Кезеңнің мақсаты – оң аспектілерді (баланың, ұжымның жағымды қасиеттерін) анықтауды, түзетуді, неғұрлым маңызды тапсырмаларды таңдауды және қалыптастыруды қажет ететін педагогикалық болмысты әділ бағалау.
Зерттеу белгілі педагогикалық әдістер арқылы жүргізіледі, олардың ішінде бақылау басымдылық танытады. Бақылау арқылы мұғалім оқушы және ұжым жайлы ақпарат жинайды. Оқушылармен ғана емес, олардың ата-аналарымен, сыныпта олармен жұмыс істейтін мұғалімдермен әңгімелесу ақпараттық тәсілге жатады.
Жеке жұмыс жасау кезінде баламен құрастырылған: суреттердің, боямалардың, өлең шумақтарының, әңгімелердің және т.б. құрастырмалардың маңызы зор. Ұжымды зерттеу барысында социометрия1 әдісі ақпараттық қызмет атқарады, оның көмегімен мұғалім неғұрлым танымал және танылмаған оқушылар жайында, кішігірім топтар туралы, олардың арасындағы қарым-қатынас сипаты жөнінде біледі.
2. Сыныптан тыс тәрбиелік жұмысты дайындау және модельдеу мұғалімнің белгілі бір іс-әрекет моделін құрастырудан тұрады. Дарынды мұғалімнің сыныптан тыс сабақтары да көбінесе өткен дайындығына байланысты болады. Сол себепті әрбір іс-шараны ең алдымен әзірлеп, модельдеп қана өткізген жөн.
Жоспарды мұғалім оқушылардың қатысуымен құрастырады. Жоғарғы сыныптарда оқушылар мұғалімнің басшылығымен өз бетінше де орындайды. Тәрбиелік шараны ұйымдастыру шеберлігі сыныптан тыс әрекет саласындағы мұғалім мен оқушылардың еңбегін ғылыми ұйымдастыру элементі болып табылады.
Модельдеу нәтижелері сыныптан тыс сабақтар жоспарында көрініс табады, олар мына құрылымнан тұрады:
1. Атауы.
4. Өткізу формасы.
2. Мақсаты, міндеттері.
5. Өткізу орны.
3. Материалдар мен жабдықтар.
6. Өткізу жоспары.
Атауында сыныптан тыс сабақтың тақырыбы жазылады. Ол мазмұнды нақты сипаттап қана қоймай, көлемі ықшам, тартымды болуы керек. Дайындықты іс-шаралардың тәрбиелік және білімділік мақсаттары мен міндеттерін анықтаудан, тиісті өткізу формалары мен әдістерін, ұжыммен жұмыс жасау жүйесіндегі орынды таңдаудан бастау қажет. Осы тұста тәрбиеге деген кешенді көзқарас байқалады. Сондықтан көзделген істің тәрбиелік мүмкіндіктерін толықтай анықтап, өткізілетін іс-шара мен оқу-тәрибиелік жұмыс жүйесін құрайтын басқа да құрамдастарының арасында байланыс орнатқан абзал. Іс-шараны дайындау кезінде ұжымдағы оқушылардың өткен сабақтағы тәрбиелік әрекетін және олардың нәтижелерін ескерген жөн.
Сыныптан тыс сабақтың мақсаты дамытушы, түзетуші, қалыптастырушы, тәрбиелік қызметтен тұруы қажет, бұл ретте оқытушылық қызмет міндеттердің бірі болып қалады.
Жаңа білімді игерту сыныптан тыс сабақтың мақсаты бола алмайтыны бәріне мәлім. Тапсырмалар нақты, мазмұнын ашатындай болуы тиіс. Олар әмбебап болмауы тиіс. Сыныптан тыс сабақтың мақсаты мен міндеттері неғұрлым нақты әрі диагностикалық болып тұжырылымдалса, соғұрлым ұстаздың күтілетін нәтижелер туралы ойы айқындала түседі.
Сыныптан тыс сабақтың мақсатына, міндеттеріне, басым қызметтеріне және зерттеу нәтижелеріне сәйкес, мазмұны нақтыланып, нақты формалары, әдістері мен құралдары таңдап алынады.
Сыныптан тыс сабақтың жабдықтарына түрлі құралдар: оқу құралдары, ойыншықтар, бейнефильмдер, бағдарламалық құралдар, әдебиет, ақпараттық ресурстар, әуенмен безендіру және т.б. жатады. Әділқазылар мен командаларға арналған үстелдер мен орындықтарды; ватман, қағаз, қарындаштар мен қаламдарды; тапсырмаларды орындауға арналған тақтаны, бор мен шүберекті және т.б. уақытылы дайындап қойған дұрыс.
Сынып бөлмесін безендіру үшін информатиканы, ақпараттық технологияны және компьютерлік техниканы дамытуға үлес қосқан әйгілі ғалымдардың қанатты сөздері жазылған плакаттарды, ғалымдардың суреттерін, іс жүзінде компьютерді пайдалану суреттері бар плакаттарды, ауызша шешуге арналған, ептілікті, байқампаздықты қажет ететін, ребустар мен сөзжұмбақтары бар тапсырмалар жазылған плакаттарды, ұсынылатын кітаптар мен мақалалардан үзінділержазылған, көркемделіп безендірілген ғылыми-танымал әдебиеттер тізімін («Информатика бойынша не оқу керек?») пайдалануға болады.
Тәрбиелік шараны дайындау кезінде материалды сараптай білу басты орында тұрады. Жұмыс түріне байланысты ол үшін әртүрлі уақыт қажет. Мысалы, диспут, кеш, көрме шараларына материал дайындауға көп уақыт керек: ол уақыт мұғалім мен оқушылардың әдебиеттерді оқуына, оқушылардың алуан түрлі жобалар мен тапсырмаларды орындауына, қажетті деректер жинауға, баяндамалар және т.б. дайындауға пайдаланылады. Аталмыш алдын ала дайындық жұмыстары тәрбиелік және білім беру үрдісінде маңызды болып табылады. Кейде материалды таңдап сараптауға көп уақыт жұмсалмаса да (есептегіш орталыққа саяхат немесе киноға бару), ұстаз баратын нысанмен алдын ала танысуы қажет.
Сыныптан тыс сабақ саяхат, сұрақ-жауап, байқау, олимпиада және т.б. түрінде болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жоспардағы сабақ формасын атауымен біріктіреді, мәселен, «Информатика бойынша сұрақ-жауап», «Бағдарламаушылар турнирі», «Есептегіш орталыққа саяхат», «Компьютерлік карикатуралар туры».
Өткізу орны қатысушылардың санына, іс-шаралар түріне, материалдық базаға және т.б. қойылатын талаптарға сәйкес таңдалады (информатика бөлмесі, мәжіліс залы, спорт залы және т.б.).
Сабақ жоспары мазмұннан және тәрбиелік әдістерден тұрып, жүйелі сценарий немесе тезистік жоспар түрінде болады. Сабақ барысын модельдеу кезінде оның ұзақтығын және құрылымын ескерген жөн. Сыныптан тыс сабақ төменгі сыныптарда 15-20 мин., орта және жоғары сыныптарда 1-2 сағаттан тұруы керек.
Іс-шараны даярлауда ұйымдастырушылық жұмыс деген маңызды элементті де ескерген жөн. Мұғалім оны оқушылардың қатысуымен басқарады. Ол тапсырмалардың таратылуын бақылап, оларды орындауға көмек береді. Жауапты тапсырмалар жалпы сыныпқа, оқушылардан құралған топтарға берілуі мүмкін. Ірі іс-шараларды ұйымдастыруда ұйымдастырушылық комитеттерін құрып, ең үздік дайындық бойынша жарыс өткізген дұрыс. Оқушылардың бастамаларына сүйеніп, мұғалім олардың бойында ұйымдастырушылық дағдылар мен ептіліктің қалыптасуына септігін тигізеді, оларды жауапкершілікке және өздігінен орындауға үйретеді.
Іс-шараның өтуін жариялайтын жарнамалар алдын ала әзірленіп ілінуі тиіс, бір күн бұрын «Сен КВН-ға келесің бе?», «КВН сағат ...-де», «КВН-де жиналайық» сынды еске салу қабырға газеттері ілінеді. Нарықтық экономика заманында демеушілерді тауып, жеңімпаздарға сыйлықтар дайындау қажет.
3. Модельді тәжрибелік жүзеге асыру күнделікті педагогикалық үрдісте ойластырылған тәрбиелік жұмысты орындауға бағытталуы тиіс.
Оқушылардың қызығушылығын және назарын сақтап қалу үшін шара жақсы ұйымдастырылып, қарқынды, үздіксіз өтуі тиіс. Жүргізушілердің шараны өткізуде алатын орны бөлек, олар дайындалған, эрудициялы, жақсы ұйымдастырушы, күтпеген жағдайда дұрыс жол таба біліп, тыңдаушыларын өзіне қаратуы, олармен байланыс орната білуі маңызды. Әлі қалыптаспаған ұжымдарда, оқушылардың жас шамасына қарамастан, мұғалімдер тәрбиелік сабақты өздері өткізеді. Ұжым қалыптасқан кезде басшылық оқушыларды неғұрлым жиі сырттай бақылауға көшеді (белсенділермен ықпал ету арқылы, өздігінен өткізулеріне сүйеніп). Алған тәжірибелеріне қарай, мұғалім оларға сыныптан тыс кейбір сабақ формаларын өздігінен өткізуді тапсырып, жағдайды сырттан бақылап отырады.
Сыныптан тыс іс-шараларды өткізу кезінде мұғалім техникалық құралдар істен шығып кетпеуі үшін көзделген жұмыс жоспары уақытқа сай болуы үшін, оқушылардың барлығының өз орнында болуын қамтамасыз етуі тиіс, өйткені түбегейлі жоспарлаған сабақтың тиімділігі төмен болып шығуы ықтимал.
Күрделі шараларды өткізуге ерекше көңіл бөлінуі тиіс (ұзақ ойын, компьютерлік шығармаларды қарау, информатика апталығы, физмат ғылымдарының айлығы). Олар біртұтас оймен және мақсатпен байланысқан циклден тұруы керек.
Мазмұны мен әдістері әртүрлі жалпы сыныптық сабақтарда тәжірибені тиімді өткізу үшін сабақтың төрт негізгі кезеңдерін ұстану қажет
1. Ұйымдастырушылық кезең (0,5-3 мин).
Педагогикалық мақсаты: оқушыларды сыныптан тыс жұмысқа ауыстыру, олардың қызығушылығын ояту, жағымды әсер қалдыру.
Типті қателіктер: сабақтың басталуын қайталау, созушылық.
Ұсыныстар: оқушыларды сабақтан тыс әрекетке тиімді ауыстыруға ұйымдастырушылық кезеңнің дәстүрлі емес, қызықты материалы септігін тигізе алады: жұмбақтарды, проблемалы сұрақты, ойынды, дыбыс жазуды, оқушылардың басқа бөлмеге ауысуын және т.б. пайдалану арқылы.
2. Кіріспе бөлім (сабақтың 1/5-ден 1/3-ге дейінгі уақыты).
Педагогикалық мақсаты: оқушыларға белсенді жұмыс жасату, оларды тәрбиелік ықпал етуге бұру. Мұғалім оқушылардың мүмкіндіктері, жеке бас қасиеттері, тақырып бойыншаақпараттандырылу деңгейі, эмоциялы жай-күйі, белсенділік деңгейі, қызығушылығы және т.б. қаншалықты шындықпен сәйкес келетіндігін анықтайды. Бұл кезеңде мұғалім оқушылардың көңілін аулап қана қоймай, сабақ барысына өзгерістер енгізу қажет пе және олар қандай сипатта болуы керектігін анықтайды.
Типті қателік – мұғалімнен қорыққаннан, оқушылар мұғалім күткен нәтижеден басқаны айтып немесе істеп қою үрейінен, осы кезеңді ескермеуі. Кіріспе бөлімді мұғалім балалардың белсенділігіне қарап емес, өзіне байланысты құрастырады, сол арқылы кері байланысты ескермей, оқушыларға пассивті тыңдарман рөлін беріп, олардың эмоциялы көңіл-күйіне мән бермейді.
Ұсыныстар: кіріспе бөлім мазмұнға қарағанда кіріспе әңгіме (танымдық, эстетикалық) немесе ширату (викториналар, байқаулар, КВН) түрінде де бола алады.
Бірінші жағдайда сұрақтар, ал екіншіде – тапсырмалар қызықты болып қана қоймай, мұғалімге материалдың дайын екендігі туралы ақпарат беретіндей құрастырылуы тиіс. Кіріспе бөлімде алда өтетін іс-шаралар туралы оқушылардың бастапқы түсініктері қалыптасуы керек (бағалау жүйесімен, іс-шаралар жоспарымен танысу, командаға бөліну). Бағалаудың нақты өлшемлері беріліп, қажетті ережелер түсіндірілуі қажет.
3. Негізгі бөлім уақыт бойынша ең ұзақ болуы керек (жалпы сабақтың 1/3 уақытынан көп).
Педагогикалық мақсаты: іс-шараның негізгі идеясын жүзеге асыру.
Типтік қателіктер: кейбір оқушылардың немесе барлығының енжарлығы кезінде мұғалімнің белсенділік танытуы, көрнекіліктердің жоқтығы немесе құралдар мен әдістердің аздығы, мінез-құлықты қалыптастыру әдістерінің сананы қалыптастыру әдістерінен артық болуы, білім беру сабағына айналуы, ғибратқа, әдепке үйретушілік.
Ұсыныстар: егер оқушылар барынша белсенді болса, сыныптан тыс жұмысты жүзеге асыруда тәрбиелік мәні жоғары. Сыныптан тыс сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін кәдімгі сабақтан ерекше көңіл-күйді көтеретін жағдай туғызу маңызды.
Мұғалім сабақты өткізудің неғұрлым көп әдістерін қолданса, соғұрлым негізгі бөлімнің тиімділігі артады: жаттығу, ойын, тапсырма; олар әртүрлі әрекет түрінен құралады: еңбек, шығармашылық, ойын және т.б.
Алуан түрлі әрекеттерді ұйымдастыру кезінде оқушыларды командаға біріктіру арқылы, мұғалім оларды бір-бірімен еркін әңгімелесуге ыңғайлы етіп, міндеттерін бөлген кезде, оқушы өз атынан емес, ұжымның бір бөлігі ретінде қатысқандай орналастырғаны дұрыс. Тапсырманы орындауға уақыт берген кезде, командаға оны талқылауға, команданың оқушылар таңдаған өкілінен сұрауға бірнеше минут бөлген жөн. Тек осы жағдайда оқушылар әрекетінің ортақ мақсаты, бірігу себептері мен түрлі қызметтері болады.
Сананы қалыптастыру әдістері оқушыларда сенімнің, іс жүзіндегі этикалық түсініктердің қалыптасуына ықпал етеді. Әңгімелеу әдісін тиімді етіп түрлендіруде хабарламаны, оқушының баяндамасын, жиірек пікірталасты қолдануға болады. Сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстың жаппай түрінде оқушыларды пікірталас жүргізу ережелеріне үйреткен дұрыс.
4. Қорытынды бөлім (1/4-ден кемінде 1/5-ге дейінгі уақыт).
Педагогикалық мақсаты: оқушылардың алған тәжірибелерін мектептен тыс өмірінде пайдалануға дағдыландыру және сабақ идеясын қаншалықты жүзеге асырылғанын анықтау. Нәтижесінде, қорытынды бөлім мұғалімнің балаға басқа ортада тәрбиелік ықпал етуге мүмкіндік береді.