Файл: 1. Информатика пні бойынша сыныптан тыс жмыстар дістемесі. Сыныптан тыс сабатарды ткізу кезедері.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Типтік қателіктер: бұл бөлім ескерілмейді немесе «Ұнады ма?», «Жаңа не білдіңдер?» сынды сұрақтармен тұжырымдалады.

Ұсыныстар: тест түріндегі тапсырмалар бастапқы нәтижелерді анықтау үшін оқушыларды қызықтыратын: сөзжұмбақ, мини-викторина, блиц, ойын және т.б. түрінде болғаны дұрыс. Алған тәжірибелерін өмірде пайдалану үшін оқушыларға әртүрлі ұсыныстар жасау. Оны аталмыш мәселе бойынша кітаптар көрсету, сабақта алған дағдыларын, ақпаратты таныта алатын жағдайды талқылау арқылы жүзеге асыруға болады. Алған тәжірибелерін қолдану үшін оқушыларға келесідей кеңес беріледі: өз туысқандарына не айта алады, осы тақырып бойынша не сұрауға болады; қайда баруға болады, неге назар аудару қажет, қай ойынмен ойнауға болады, өздігінен не істеуге болады және т.б. Қорытынды бөлімде сабақ тақырыбы одан әрі ашуды қажет ете ме және оны қалай іске асыруға болатындығын анықтауға болады. Қорытынды бөлімді мұғалім оқушылардың кейінгі іс-шараларды өткізудегі бастамаларын дамыту үшін қолдана алады.

4. Атқарылған жұмыс талдауы – қалыптасқан модельді өмірдегі кейпімен салыстыруға, табысты және проблемалы жағдайларды, олардың себептері мен салдарын анықтауға бағытталған. Алдағы тәрбиелік жұмысқа тапсырмаларды құрастыру элементі аса маңызды. Осы кезең тәрбиелік тапсырмаларды, мазмұнды, формаларды түзетуге және сыныптан тыс жұмысты одан әрі жоспарлауға тым қажет.

Өткізілген тәрбиелік шараның қорытындысын шығару – аса маңызды сәт, бірақ кейде жете бағаланбайды. Мұнда әсіресе білікті қорытынды жасап, атқарылған жұмыстың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалайтын мұғалім мен әдіскердің рөлі аса жауапты.

Іс-шаралар қорытындыларын талдауды жүйелі түрде өткізген жөн, өйткені қол жеткізген жетістіктер арқылы одан әрі алға жылжуға болады, жақсысын бекітіп, кемшіліктерді жоюға болады. Қорытындыны анализдеудің екі негізгі функциясы бар – ұйымдастырушылық және тәрбиелік. Тұрақты анализдеу жұмысты жақсырақ ұйымдастыруға, тапсырылған іске неғұрлым жауапты болуға ықпал етеді, себебі оның қорытындылары мен нәтижесі байқаусыз қалмайды, керісінше, бағалауға ұшырайды. Анализ – бұл байқампаздықты тәрбиелеудің, өзіне сын көзбен қараудың, талап қоюдың, қоғамдық пікірді қалыптастырудың, сынға оң көзқарас танытудың, педагогикалық шеберлікті арттырудың ұтымды мектебі.

Тәрбиелік іс-шараны сараптай отыра, алдымен, оң нәтижелерді белгілеп алған дұрыс, табысқа жеткізген амалдар, шарттар мен әдістерді, сәтсіздік себептерін анықтап алған жөн. Қорытындыны білікті шығару арқылы бұдан әрі бүкіл тәрбиелік жұмысты негізді жоспарлауға және сапасын арттыруға мүмкіндік туады. Әрбір өткізілген шараны мына негізгі критерийлерге сәйкес педагогикалық сараптаудан өткізуге болады: 1) мақсаттың болуы; 2) өзектілігі және тақырыптың заманға сай болуы; 3) оның бағытталуы; 4) оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес мазмұн тереңдігі мен ғылымилығы; 5) мұғалім мен оқушылардың жұмысқа дайындығы, оны өткізуге ұйымшылдығы мен айқындығы.



.
4.5. Семинар/практикалық сабақтарын өткізуге ұсыныстар
Тақырыбы: «Мектепте информатикадан сыныптан тыс жұмыстар»

Мақсаты:

1) оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы сыныптан тыс жұмыстардың мүмкіндіктері мен функцияларын оқып үйрену;

2) сыныптан тыс шараларды дайындау біліктілігін қалыптастыру.
Қарастырылатын сұрақтар:

1. Сыныптан тыс жұмыстардың формалары мен түрлері.

2. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері.

3. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі.
Ғылыми-практикалық конференция

Тақырыбы «Информатиканы оқыту кезеңдері мен деңгейлері»

Қарастырылатын сұрақтар:
1. Информатиканы мектепке дейінгі жүйелер мен жанұя тәрбиесінде оқыту.

2. Информатиканың пропедевтикалық курсы: мақсаты, міндеттері, оқыту әдістемесінің ерекшеліктері.

3. Негізгі мектеп: мақсаты, міндеттері, оқыту әдістемесінің ерекшеліктері.

4. Жоғарғы сыныптар: мақсаты,міндеттері, оқыту әдістемесінің ерекшеліктері.

5. Информатика курсының сабақтастығы.

6. Информатиканы қосымша және коррекциялық оқыту.

7. Арнайы сұраныстағы оқушыларға информатиканы оқыту.

8. Мектеп оқушыларының психологиялық, физиологиялық, жас ерекшеліктері.

9. Информатканы кәсіптік бағдар бойынша оқытудың деңгейлері мен ерекшеліктері.

10. Информатика саласында біліктілікті жоғарылату мен қайта даярлау.

Қорытынды:
Тәрбиелік шараның сапасын оқушылардың әсері арқылы да бағалауға болады. Олардың назары, эмоциялы икемделуі, өтіп жатқанға қызығушылығы, белсенділігі немесе, керісінше, немқұрайлығы көп нәрсені пайымдайды. Оқушылардың іс-әрекетін бақылау, олармен әңгімелесу, сауалнама жүргізу атқарылған жұмыстың тиімділігін тереңнен бағалауға мүмкіндік береді.

Сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың жай-күйі мен нәтижелерін педагогикалық кеңестерде және әдістемелік бірлестіктерде жүйелі түрде талқылаған жөн. Тәрбиелік шараға баға беруде оқушыларды да тартқан дұрыс, сол үшін мектеп радиосын, қабырға газеттерін, көрмелерді пайдалануға болады. Мұндай жұмыс формаларының нәтижелері жарыс, байқау, конкурс, айлық және т.б. сияқты ұжымда кеңінен талқылауды қажет етеді

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Бочкин А.И. Методика преподавания информатики. — Минск: Вышэйшая школа, 1998


2. Қойбағарова Т.Қ., Ельтинова Р.А. Информатиканы оқыту әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. Павлодар: ПМПИ, 2012. – І-бөлім. 195 бет. ІІ -бөлім. 214 бет.


3. Лапчик М.П. и др. Методика преподавания информатики. – М.: Академия, 2001. – 624 с.