ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 37
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қос мән
Қай уақытта 2 санына қарап тұрып, 10 дейміз?
( Сағаттың минуттық тілі 2-ге барғанда 10 минут дейміз)
Су өлшеу
5литрлік және 9 литрлік шелек арқылы өзеннен 3 литр су алуға болады?
( 9л-лік шелекпен толтырып су аламыз, одан 5л-лікке толтырамыз. Түбінде 4л су қалды. Тағы да 9л-лікке су толтырып аламыз. 5л-ліктегі суды төгіп 4л суды құямыз,9л-ліктегі суды 5литрлікте 1 л жетпес суды құямыз.9л-лікте 8л су қалды. 5л-лікті төгіп, 8л-ден 5л-ге құямыз. 3л су қалды.)
1-тарау
Қызықты есептер
Наурыз дастарханына 263 дана алма даярланды. Егер наурыз тойына 86 ұл және одан 2 есе артық қыз бала келсе, барлық балаға алма жете ме?
Оспан көшден көп ақша тауып алды да, күніне 20 теңгеден жаратты. Бір айдан соң, одан 60 теңге қалды. Дәл бір ай алдында оның шешесі 860 теңге жоғалтқан еді. Оспанның тауып алған ақшасы анасыныкі м, жоқ па?
Дәптердің бетінің ұзындығы 20см, ені 15см. Самат сабақта отырып, зеріккеннен дәптердің бетінің 30см-не сурет салып қойды. Егер ол дәптердің бетін түгел дәл осындай суретпен толтыратын болса, дәптердің бетіне неше сурет сияды?
Оқушы үй жұмысын орындау үшін 2 сағат отырды. Ол 20 минут сурет салып ойнады. 40 мин оны өшірумен әлек болды. Қалған уақытта үй тапсырмасын орындады. Егер әр пәнге 20 минут уақыт жіберсе, ол неше пәннен үй тапсырмасын орындайды?
Олжас пен Жандос жасырынбақ ойнады. Олжас кәрі еменнен 12 қадам солға, 5 қадам оңға, қайтадан 4 қадам солға, 11 қадам оңға жүрді. Олжас қайда тығылды?
10 жасар Арман шашын тақырлап алдырып тастады да ойнады. Егер менің шашым айына 1см өсетін болса, 20 жасқа келгенде, менің шашымның ұзындығы қандай болар еді?
Бір патшаның сұлу қызы болыпты. Ол 18 жасқа толғанда, кімнің байлығы көп болса соған қызымды беремін депті. Сонда бір жігіт келіп, менің 27360 сандық алтыным бар, оған жыл сайын 33 сандық қосылып тұрады депті. Патша жігітке 30000 сандық алтын әкелсе қызын беретінін айтыпты. Жігіт 30000 сандық алтын жинағанша қыз неше жасқа толады?
Қайрат пен Талғат бірдей бөлінгішті екі түрлі бөліндігі бөлді. Қайрат 153-ке бөліп еді, бөліндіде 612 шықты. Талғат сол санды 6-ға бөлгенде қандай сан шығаы?
Квадрат тәрізді егінжайдың периметрі – 228 м. Осы егінжайдың ауданы қанда?
Талғат ұзындығы 2м, ені 1м тәтті жеуді армандайды. Қайрат ұзындығы дәл сондай, бірақ ауданы одан 3 есе артық тәтті жеуді армандайды. Қайраттың армандаған тәттісінің ені қандай болмақ?
Ағасында 2 дәптер, інісінде 12 дәптер. Екеуінің дәптері тең болу үшін олар дәптерді қалай бөлісу керек?
Самат 12 маусымда сағат 11-де шаңғы сатып алды да, қар жауғанша күтті. Қар келесі жылдың қаңтарының 25 жұлдызында сағат 9-да жауды.Самат қардың жаууын шаңғы сатып алғаннан бастап, неше сағат күтті?
Велосипедшінің соңынан 3 адам жүгірді. Егер велосипедші 15 км/сағ жылдамдықпен жүріп, 45 км жүрген соң, 1 сағ демалуға отырса, жаяу жүгіргендер 12 км/сағ жылдамдықпен оған жете ала ма?
450 кг жүк көтере алатын лифтке 20 кг-дық екі оқушы, 30 кг-дық үш оқушы және барлық оқушының салмағынан 5 есе кем тартатын мұғалима мінсе, лифт жүре ме?
Бір патшаның үш қызы болыпты. Оның жерінің ені 60км, ұзындығы 70 км екен. Ол үлкен қызына барлық жерінің жартысын беріпті. Ортаншы қызына берген жерінің периметрі 148 км. Қалғанын кіші қызына берді. Ол кіші қызына қанша жер берді?
Екі бала 5 м/сек жылдамдықпен бір-біріне қарама-қарсы жүгірді. Егер жолдың ұзындығы 100 м болса, олар неше секундтан кейін кездеседі?
Қоян қорқынышты түс көрді. Оның түсіне түлкі сағатына 154 км, ал қасқыр одан 2 есе артық жүгіре алады екен. Егер қоян 5 минутта 30 км жүгіре алатын болса, түлкі мен қасқыр оған жете ала ма, жоқ па?
Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар?
Екі адам төрт сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?
Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?
Сағат 12-де Алматыдан Талғарға қарай 80 км-сағ жылдамдықпен жеңіл машина жолға шықты, сол мезгілде Талғардан Алматыға қарай 40 км-сағ жылдамдықпен жүк машинасы шықты. Олар тоқтамастан жүріп отырды. Кездескенде екі машинаның қайсысы Алматыдан қашығырақ болған.
Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар?
Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
Үш метрлік 60 бөренені жарты метрлік шөркелерге арамен бөлу керек: Қанша рет аралап кесу керек?
Үйдің 6-шы қабатына дейінгі басқыштың ұзындығы 2-ші қабатқа дейінгі басқыштың ұзындығынан неше есе ұзын?
Екі адам базарға алма сатуға барды. Әрқайсысының 30 алмасы бар еді. Біреуі екі алманы 1 теңгеден, екіншісі үш алманы 1 теңгеден сатпақшы болды. Бірақ сауда жасар алдында біреуін үйіне шақырып алды, сондықтан ол екінші сатушыға өзінің алмасын сатуға тапсырып кетті. Ол адам 5 алманы 2 теңгеден сатты. Егер ол жеке-жеке сатса, табыстары 10 теңге және 15 теңге, яғни 25 теңге болар еді, 5 алманы 2 теңгеден сатқандықтан, олар 24 теңге алды. 1 теңге қайда кетті.
Кітаптың құны 1 теңге және кітаптың құнының жартысына тең. Кітап қанша тұрады?
Екі дәптер және бір қарындаш 94 тиын тұрады. Екі қарындаш және бір дәптер 80 тиын тұрады. Дәптер мен қарындаштың қайсысы қымбат және қанша қымбат?
Бір айда бес жексенбі бола ала ма?
Қандай да бір айдың үш жексенбісі жұп күндерге тура келді. Осы айдың 20 жұлдызы аптаның қай күніне келеді?
Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шапталдан ауыр. Қайсысы ауыр – алмұрт па әлде шаптал ма?
Қаламсап дәптерден қымбат, ал қарындаш қаламсаптан арзан. Қайсысы қымбат – қарындаш па әлде дәптер мен?
Арман, Ерлан, Нұркен және Мырзатай төртеуі балық аулады. Мырзатай балықты Нұркенге қарағанда көп ұстады. Арман мен Ерланның ұстаған балықтарының саны Нұркен мен Мырзатайдың ұстағандарымен бірдеу. Арман мен Мырзатай Ерлан мен Нұркеннің ұстағандарынан аз. Ұстаған балықтардың санына қарай кім қандай орын алғанын жаз.
7 қарындаш 8 дәптерден қымбат тұрады. Қайсысы қымбат – 8 қарындаш па әлде 9 дәптер ме?
6 табан 10 траннан ауыр, бірақ 5 алабұғадан жеңіл; 10 табан 8 алабұғадан ауыр. Қайсысы ауыр – 2 табан балық па әлде 2 тран балық па?
Әділ мен Арман А-дан В-ға қарай бір мезгілде жолға шықты. Әділ велосипедпен, ал Арман одан жылдамдығы 5 есе артық жеңіл машинамен шыққан еді. Орта жолда жеңіл машина сынып, қалған жолды Арман жаяу жүрді, оның жылдамдығы велосипедтің жылдамдығынан екі есе кем. Олардың қайсысы В-ға бұрын жетті?
Бөлменің төбесінен тік төмен қарай қабырғаны бойлай екі шыбын жорғалап төмен түсті. Еденге түскен соң олар қайтадан жоғары қарай жорғалады. Бірінші шыбын екі жағдайда тұрақты жылдамдықпен жорғалады, ал екіншісі жоғары қарай біріншіге қарағанда екі есе баяу көтерілгенмен, төмен түскенде еке есе жылдам жорғалады. Олардың қайсысы төбеге бұрын жетеді?
Үйден мектепке дейін Буратино жаяу барды, қайтқанда сол жолмен жүрді, бірақ жолдың бірінші жартысын ол итке, екінші жартысын тасбақаға мініп келді. Буратиноның мектепке жаяу барғандағы жылдамдығынан иттің жылдамдығы төрт есе артық, ал тасбақаның жылдамдығы одан екі есе кем. Буратино қай жолы уақытты көп жұмсады – үйден мектепке дейін бе әлде мектептен үйге дейін бе?
Екі жолаушы бір мезгілде А-дан В-ге қарай жолға шықты. Бірінші жолаушы жолға жұмсалған уақыттың алғашқы жартысын 5 км-сағ, содан кейін 4 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Ал екіншісі жолдың бірінші жартысын 4 км/сағ, қалғанын 5 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Олардың қайсысы В-ға бұрын жетеді?
4 қара сиыр мен 3 сары сиырдан 5 күнде қанша сүт сауылса, 3 қара сиыр мен 5 сары сиырдан күнде сонша сүт сауылады. Қандай түсті сиыр сүтті көп береді – қара ма әлде сары ма?
Ініне жету үшін тышқан жолмен 20 адым жасауы, ал мысық сол жолмен тышқанға дейін 5 рет секіру керек. Мысық бір секіргенде тышқан 3 адым жасап үлгереді, мысықтың 1 секіргендегі ұзындығы тышқанның 10 адымына тең. Егер тышқан түзу бойымен мысық пен іннің арасында тұрса, мысық тышқанды қуып жете ала ма?
Бірдей үщ сақинаның біреуі басқаларынан біршама жеңілдеу. Табақшалы таразымен бір рет қана өлшеу арқылы ол жеңіл сақинаны қалай табуға болады?
27 монетаның біреуі жалған және ол басқалардан ауырлау. Табақшалы таразымен гірсіз үш рет өлшеу арқылы жалған монетаны қалай табуға болады?
Бірдей 75 сақинаның біреуі салмағы жағынан қалғандарынан сәл өзгешелеу көрінеді. Ол сақинаның басқаларынан жеңіл немесе ауыр екенін табақшалы таразымен екі рет тарту арқылы қалай анықтауға болады?
Қанша тәсілмен 50 санын он екі бүтін санның қосындысы түрінде келтіріп жазуға болады?
10 санның төрт тақ цифрдің қосындысы түрінде келтіруді неше тәсілмен орындауға болады?
6 санын тақ сан қосылғыштардың қосындысы түрінде неше тәсілмен келтіріп жазуға болады? (1,2,3 есептерде қосылғыштардың орындарымен ғана өзгешеленетін келтіруді беттескен, яғни бірдей деп есептейік)
Жеті теңгеден артық кез келген бүтін ақшаның 3 және 5 теңгемен төлеуге бола ма?
Ұзындығы 102 см сымды ұзындықтары 15 см және 12см болатындай бөліктерге бөлу керек, сонда қиындылар қалмайтын болсын. Осыны қалай орындауға болады? Есептің неше шешімі бар?
Үш таңбалы сан ойланған. Оның 543, 142 және 562 сандарының кез келгенімен разрядтарының бірі дәл келеді, ал қалған екеуі дәл келмейді. Қандай сан алынған?
а) 133; ә) 343; б) 13132 сандарының цифрларының орындарын алмастыру арқылы қанша әртүрлі сан алуға болады?
Шахмат турниріне 7 адам қатысқан. Әрқайсысы бір-бірімен бір партиядан ойнаған. Неше партия ойналған?
Шахмат турниріне қатысқан үш шахматшы барлығы 6 партия ойнаған. Әрқайсысы бірдей сан партия ойнаған. Қанша?2-тарау
Логикалық тапсырмалар
1. Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді? Қасқырды ешкімен қалдыра алмайды, ал ешкіні капустамен қалдыра алмайтыны белглі болса? Шешімі: Ол үшін үшеуін де қадағалаусыз қалмауы керек. Бірінші қатынағанда жолаушы өзеннің ар жағына ешкіні апарады. Екінші қатынағанда жолаушы қасқырды алады, капуста қалады. Өзеннің ар жағына жеткен соң қасқырды қалдырып, ешкіні қайтадан өзеннің бер жағына әкеледі. Үш қатынағанда ешкіні қалдырып, капустаны өзеннің ар жағына апарады. Капустаны қалдырады да, өзі бер жаққа қайта оралады. Төрт қатынағанда ол ешкіні өзеннің ар жағына шығарады.
2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат - ұзын
3. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
4. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
5. Тік төрбұрышты бөлмеге әрбір қабырғасында үш болатындай сегіз орындықты орналастыру керек. Орналастырыңдар. Жауабы:
6. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық
7. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?Жауабы: үш стакан
8. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды? Жауабы: 1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат
9. Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек. Құраңдар.
10. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
11. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? Жауабы: екі сағат
12. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
13. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
14. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
15. Үш литрлік және бес литрлік суды қалай өлшеуге болады? Жауабы: 3+3=6 6-5=1 3+1=4л
16. Бес гномға үш қызыл және төрт көк капюшонды көрсетеді. Қараңғыда үш қызыл және екі көк капюшонды гномдардың бастарына кигізеді. Қалған капюшондар жасырылады. Жарық жағылады. Гномдардың қайсылары өз бастарындағы капюшонның түсін таба алады? Шешімі: екі көк түсті капюшон киген гномдар таба алады. Себебі көк капюшон киген гном алдында үш қызыл және бір көк капюшон киген гномдар түрады. Ал қызыл капюшон саны үш, қалғаны көк. Сондықтан өз басындағы да көк.
17. Үш гном бар. Сол үш гномға үш қызыл және үш көк капюшонды көрсетеді. Қараңғыда үшеуіне екі қызыл және бір көк капюшонды кигізіп, қалғандарын жасырады. Гномдардың қайсысы өз басындағы капюшоның түсін таба алады? Жауабы: ешқайсысы
18. Үш оқушы үш мектептен лагерге келді. Тәрбиеші олардан кім қай мектептен келгендерін сұрады. Оған: Бейбіт: мен 24-шы мектепте, ал Айдын 8-ші мектепте оқиды. Айдын Мен 24-ші мектепте, ал Бейбіт 30-шы мектепте оқиды. Диас: Мен 24-ші 5 Құрастырған: Маженова Жаңагүл, Байназаров Талғат мектепте, ал Бейбіт 8-ші мектепте оқиды деді. Тәрбиеші мына жауаптардан түк түсінбеді. Сосын үш оқушы айтқандарының бірі ғана дұрыс екенін мойындады, ал екеуі өтірік деді. Оқушылардың айтқандарының қайсы рас, қайсы жалған? Кім қай мектепте оқиды? Шешуі: Бейбіттің бірінші айтқанын дұрыс деп алайық, онда екіншісі өтірік. Онда, Айдын 8 метепте оқиды. Онда Айдын мен Диастың бірінші айтқаны өтірік. Онда олардың бірінші айтқандары рас болу керек. Қарама- қайшылыққа әкеледі. Енді Бейбіттің екінші айтқаны рас деп алайық. Онда Айдын 24-те оқимайды. Бейбіт 30-да оқыса, онда ол 8-де оқымайды. Бейбіт 30-да, Айдын 8-де, Диас 24-те оқиды.