Файл: 5 сынып азастан тарихы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 23

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

5 сынып

Қазақстан тарихы

1-тоқсан



«№.... орта мектебі» КММ_
(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары



Бөлім:

5.1. Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Кіріспе сабақ.

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның ежелгі тарихында не оқытылады?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

Ежелгі Қазақстан тарихына жалпы шолу

*Тарихи ойлау дағдысы

*Тарихи концепт

Уақыт пен кеңістікке бағдарлану

Өзгеріс пен сабақтастық

Сабақтың мақсаты

Ежелгі Қазақстан тарихы пәнін оқудың маңыздылығын түсінеді;

Ежелгі Қазақстан тарихы қамтитын кезеңдерді біледі;

Ежелгі Қазақстан тарихындағы дәуір ерекшелігін түсінеді.

Бағалау критерийі

Ежелгі дәуір кезеңдерінің хронологиясын анықтайды;

Еңбек құралдарының маңыздылығын тиісті фактілермен ашып көрсетеді.


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Ұйымдас-тыру
Өткен білімді еске түсіру

7 минут

Жаңа тақырыпқа қадам

3 минут


Қызығушылықты ояту кезеңі. Бастапқы стимул.

1-тапсырма. «Өзгерістерді анықтаңыз».Алдын ала дайындалған кестені тақтаға іліп, оқушылардың суреттерге назар аударуын сұраймын. Бастапқы ынталандырушы материал ретінде тарихи суреттер топтамасын көрсетемін. Оқушылардан жұптық жұмыста тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірінің кемінде 3 басты өзгерістерін анықтап, жауаптарын стикерге жазып, кестедегі әр кезеңнің тұсына ілуі қажет екендігін түсіндіремін. Оқушылар сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен танысады.

Ықтимал жауаптары: еңбек құралдарын жасау, керамикалық ыдыстарды дайындау және малды қолға үйрету

ЕБҚ – оқушыға (есту, көру, есте сақтау қабілеті төмен) қолдау көрсетіледі

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

ЕБҚ оқушы (көру және есту қабілеті төмен) сұрақтарға жауапты жазбаша ұсынады

мадақтау

Тақырыптық суреттер

https://yandex.kz/images/search?source=related-0&text=%D0%B5%D0%B6%D0%B5%D0%BB%D0%B3%D1%96+%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B1%8B&pFa9b%2Fa9b9dd0af27700d5386e13f99a4c94c7.jpg&from=tabbar&lr=10295


Сабақтың ортасы

Жаңа білім

5 минут

10 минут

5 минут


10 минут



Мағынаны тану кезеңі.

2-тапсырма. «Ойлан. Талқыла. Ойыңмен бөліс». Тарих дегеніміз не? Ол не туралы баяндайды?

«Қазақстан тарихы» пәні нені оқытып, үйретеді?

Оқушыларға «Қазақстан - дүниежүзіндегі ең үлкен мемлекеттердің бірі» тақырыбындағы ресурсты көрсетіп, «Біз ұлан-ғайыр территорияға қалай ие болдық?» деген сұрағын қоямын.

Қазақстанның ежелгі тас, қола дәуірі хронологиясын көрсетіп, белгілі бір уақыт аралығы өткеннен кейінгі өзгеріс пен сабақтастықтардың орын алуын түсіндіремін

ЕБҚ – оқушыға (есту, көру, есте сақтау қабілеті төмен) топтық жұмыс жасауда қолдау көрсетіледі

3-тапсырма.

«Диктоглосс» әдісі. Берілген сабақтың тақырыбына сай мәтін дайындалады.

Оқушыларға тарихи деректер - ауызша, жазбаша, археологиялық, этнографиялық және антропологиялық деп бөлінетінін көрнекіліктер, суреттер қолданып түсіндіремін.

ЕБҚ оқушыға (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен, гипербелсенді) тапсырманы сарлау арқылы ұсынып, қолдау көрсетіледі

4-тапсырма.

Мәтінмен жұмыс. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.Оқушыларға өз топтарының атауларына сәйкес шағын мәтін таратылады және тиісті критерийлер бойынша мәтінмен жұмыс жасайды:

  • Деректану

  • Археология

  • Этнография

  • Шежіре

  • Антропология

Төмендегі сұрақтар аясында оқушыларға ойлануға және болжам жасауға мүмкіндік беріледі

ЕБҚ оқушы тапсырманы түрін ажыратады, сипаттама береді

оқушылар негізгі ойларды түртіп отырулары қажет. Алдымен жеке ойланып, содан кейіп топ болып бұл мәтінді қалпына келтіреді.

ЕБҚ оқушыға (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен, гипербелсенді) тапсырманы сарлау арқылы ұсынып, қолдау көрсетіледі

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

«Ең үздік жауап»

«Алақан-жұдырық»

«Жұлдызшалар»


Ақпараттық мәтін

Қазақстан тарихы (көне

заманнан бүгінге дейін). Бес

томдық. 1-том. – Алматы, 2010 ж.

Т.С.Садыков,

А.Т.Толеубаев, Г.Халидуллин, Б.С.Сарсекеев. Ежелгі Қазақстан тарихы, 1-бөлім. Алматы:Атамұра, 2011 ж.


Сабақтың соңы

5 минут



Қорытынды кезеңі.

Кері байланыс. Сабақ мақсатына оралып, қаншалықты түсінгендері туралы сұрап, әңгімелесемін.

«Сұрақтары бар қорап».Кабинетке қорап қойып, оған оқушылардың сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыруцын сұраймын. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.

Сабақтың негізгі бөлімінде, тиісті тапсырмаларды орындауда оқушылар білімін тексеру бағытында қалыптастырушы баағалау жұмысын ұйымдастырамын.

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект


Үй тапсырмасы

Ежелгі Қазақстан тарихы






«№.... орта мектебі» КММ_
(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары



Бөлім:

5.1. Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Алғашқы адамдардың өмірі.

Зерттеу сұрағы: Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

5.1.1.1 алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипаттау

*Тарихи ойлау дағдысы

*Тарихи концепт

Тарихи дерекөздерді түсіндіру

Дәлел

Сабақтың мақсаты

Алғашқы адамдардың даму сатыларын біледі; Алғашқы адамдардың тұрпатын сипаттайды;

ежелгі адамдардың антропологиялық сипаттамаларына сүйене отырып, әр сатыдағы өзгерістерін анықтайды;

Бағалау критерийі

Алғашқы адамдардың даму эволюциясын сипаттайды


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Ұйымдас-тыру


Өткен білімді еске түсіру

7 минут
Жаңа тақырыпқа қадам

3 минут

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Бастапқы ынталандырушы материал

«Ширатпа»

Алғашқы адамдар туралы не білесің?

Адамның пайда болуы туралы қандай кӛзқарастар бар?

«Креативті матрица»

Шарты: Тақтада 3 адамның суреті кӛрсетіледі. Аты - еңбек құралдары - кәсібі –киімі (суретпен беру)

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу


мадақтау

Тақырыптық суреттер

ИТ Слайд 1

«Ежелгі адамдар»

Адамдар ант- ропологиясы, маркер

Сабақтың ортасы

Жаңа білім

5 минут

10 минут

5 минут


10 минут


Мағынаны тану кезеңі.

1-тапсырма. «Суреттерді салыстыр». Презентациядан алғашқы адам мен қазіргі адамның суретін ұсынып, оқушыларға сұрақтар қоямын:

Суреттен не көріп тұрсыз?

Қазіргі адам қандай?

Алғашқы адам қандай болған?

Алғашқы адамды қоршап тұрған әлем қандай болды? Ал қазір не өзгерді?

Бүгінгі сабақта осыдан 2,5 млн жылдар бұрын өмір сүрген адамдар өміріне саяхат жасайтындарын айтамын. Қосымша 1

Ықтимал жауаптары: суреттегі екі адам әртүрлі кезеңде өмір сүрген. Олардың түр келбетінде, құрал-жабдықтарында ерекшеліктер бар.

Зерттеу сұрақтары:

Алғашқы адамдар қоршаған ортамен қалай әрекеттескен?

Алғашқы адамдар өмірінде өзгерістер болды ма?

(Ж)2-тапсырма. «Сипатта».Слайдтан алғашқы кездегі табиғат жағдайын, жойылып кеткен жануарларды, динозаврлар, мамонттармен қатар тіршілік етіп жүрген адамдар тобыры бейнеленген суреттерді немесе бейнематериалдан дыбыссыз үзінді көрсетемін.

(М)Алғашқы адамдардың өмірін сипаттайтын интерактивті материалды ұсынамын.

ЕБҚ оқушы (көру, есту қабілеті нашар оқушыға қолдау көрсетіледі .

3-тапсырма. Оқушылар бейнематериал мазмұнының түрлі фокустарына назар аударуы тиіс:

- бейнематериалдағы адамдардың іс- әрекетін бақылайды;

-еңбек құралдары, олардың қолданылуы туралы ойларын жазады;

-алғашқы адамдардың дене тұрпаты мен бет-әлпетіндегі өзгерістерді байқайды;

-алғашқы адамдардың кәсібін сипаттайды. ЕБҚ оқушы (есту, көру, қабылдау қабыілеті төмен) мәтінді үлестірме түрінде ұсынып, қолдау көрсетемін

4-тапсырма.«Шығармашылық жұмыс»

Оқушыларға шығармашылық тапсырма орындауды ұсынамын.

Мысалы,

«Алғашқы адамдардың бір күндік өмірі» туралы шағын әңгіме жазу;

«Алғашқы адамдардың бір күндік өмірі» тақырыбында макет жасау;

Алғашқы адамдардың өмірін сипаттайтын сурет салу;

Алғашқы адамдардың өмірінен алған білімдерін қолданып, «Елсіз аралда аман қалу» жоспарын құрастыру.

ЕБҚ оқушыға жұмыс жасауда қолдау көрсетемін. Тапсырманы саралау арқылы ұсынады.

Оқушылар суреттерге немесе бейнематериалға мұқият қарап, алғашқы адамдар қоршаған ортамен қалай байланысын, тұрмыс тіршілігін сипаттайды.

Оқушылар өздерінің бақылау қорытындыларын дәптерлеріне жазып отырады. Топтар өздерінің жауаптарымен алмасады, бір-бірін толықтырады.

ЕБҚ оқушы (көру, есту қабілеті нашар) жауабын жазбаша ұсынады

Оқушылар өздерінің Оқушы тиісті тапсырмалардың біреуін таңдап, орындайды.

шығармашылық жұмыстарын сыныпқа таныстырады.

ЕБҚ оқушы позиция таңдайды. Ақпарат бойынша өз ойын жазбаша білдіреді

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

«Ең үздік жауап»

«Алақан-жұдырық»

«Жұлдызшалар»


Ежелгі Қазақстан. Балалар энциклопедиясы. – Алматы: «Аруна», 2002 ж.

Ақпараттық білім ресурстары орталығы.

6 сынып. Қазақстан тарихы. Электронды оқулығы. 2011 ж.

СББР №100. Алғашқы адамдардың өмірі:

http://e-history.kz/kz/scorm/course/141

Ақпараттық мәтін

Қосымша таратпа материалдар

Тақырыптық суреттер

ҚБ парағы


Сабақтың соңы

5 минут



«Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?» тақырып сұрағына қайта оралып, сабақты қорытындылаймын.

Кері байланыс.

Оқушылар алған ақпараттарын қаншалықты түрде түсінгендерін анықтау үшін мына сөйлемдерді аяқтауын сұраймын:

Менің бүгін білгенім...

Менің бүгін үйренгенім...

Менің байқағаным...

Мен келесі мәселелер бойынша көбірек білгім келеді...

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект


Үй тапсырмасы

Алғашқы адамдардың өмірі.





«№.... орта мектебі» КММ_
(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары



Бөлім:

5.1. Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Алғашқы адамдардың өмірі.

Зерттеу сұрағы: Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

5.1.2.1 алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығармашылық түрде көрсету

*Тарихи ойлау дағдысы

*Тарихи концепт

Тарихи дерекөздерді түсіндіру

Дәлел

Сабақтың мақсаты

адамның пайда болуын сипаттайды;

адамдар тобырының тұрмыс-тіршілігін анықтайды;

адамдар тобырын, ру, қауым, тайпа секілді алғашқы бірлестіктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады;

олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдайды

Бағалау критерийі

Алғашқы адамдардың антропологиясындағы 2 ерекшелікті анықтайды;

Алғашқы адамдардың түр келбетіне сипаттама жасайды;

Алғашқы адамдардың кәсібіне сипаттама жасайды;

2-3 дәлел келтіру арқылы алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін талдайды;



Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Ұйымдас-тыру
Өткен білімді еске түсіру

7 минут

Жаңа тақырыпқа қадам

3 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі. Бастапқы стимул.

(Б)Сабақтың басында оқушыларға«алғашқы адамдар жайлы не білесің?» сұрағын қоямын. Оқушылар бастауыш сыныпта алғашқы адамдар туралы танысқан ақпараттарын еске түсіруі қажет. Бұл алдыңғы білімдер арқылы оқушылар жаңа сабаққа ынтасын аударады. Оқушылар сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен (дескипторлармен) танысады.Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу


мадақтау

Тақырыптық суреттер

Алғашқы адамдар, еңбек құралдары, алғашқы тайпалық бірлестіктер суреттері бар слайдтар.

Суреттерге сілтеме:

http://www.kazportal.kz/epoha-kamnya-v-kazahstane

Сабақтың ортасы

Жаңа білім

5 минут

10 минут

5 минут

10 минут



(Ж) Тапсырма 1 - «БББ» стратегиясы

Білемін

Білгім келеді

Білдім










«Қара. Оқы. Жап. Айт» - мәтінмен жұмыс

«Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?»

«Алғашқы адамдар жыртқыш аңдардан қорғану мақсатында қандай құралдар пайдаланды?»

ЕБҚ оқушы (көру, есту қабілеті нашар оқушыға қолдау көрсетіледі .

Тапсырма 3 – «Жоба қорғау»

  1. Не себепті ежелгі адамдар тобырға бірікті?

  2. Алғашқы адамдардың құралдары неден жасалынды?

  3. Рулық қауым мен тайпа бірлестіктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде деп ойлайсың?

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма

«Кеңейтілген тапсырма»

  1. Алғашқы адамдардың айналысқан шаруашылықтарын атаңыз;

  2. Суретті пайдалана отырып, алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігі жайлы әңгіме құрастырыңыз;

«Алғашқы адамдардың тобыр болып ӛмір сүргендерін сипаттаңыз?»

ЕБҚ оқушы (көру, есту қабілеті нашар оқушыға қолдау көрсетіледі .

Оқушылар «БББ» стратегиясы толтырады

Топтық жұмыста алғашқы адамдар өміріне зерттеу жұмыстарын жүргізеді

ЕБҚ оқушы (көру, есту қабілеті нашар) жауабын жазбаша ұсынады

Алғашқы адамдардың шаруашылығы мен түрмысын анықтайды

ЕБҚ оқушы (көру, есту қабілеті нашар) жауабын жазбаша ұсынады

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

«Ең үздік жауап»

«Алақан-жұдырық»

ҚБ «Мен саған, сен маған»

Ақпараттық мәтін

Қосымша таратпа материалдар

Тақырыптық суреттер

ҚБ парағы

Сабақтың соңы

5 минут



Кері байланыс

Жалғастырыңыз:

Маған ... қызықты болды

Бұл ... қиындық туғызды

Осы ... мені ойландырды

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект

Үй тапсырмасы

Алғашқы адамдардың өмірі.





«№.... орта мектебі» КММ_
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары



Бөлім:

5.1. Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің тұрақтары.

Зерттеу сұрағы: Археологтар Қазақстан жерінен тас дәуіріне жататын қандай олжаларды тапты?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

5.2.3.1 қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын білу


*Тарихи ойлау дағдысы

*Тарихи концепт




Сабақтың мақсаты

Ежелгі Қазақстан тарихын зерттеушілерді біледі; Қазақстаннның географиялық құрылымын сипаттайды, картадан көрсетеді

тарихи, географиялық ұғымдарды ажыратады;

Неліктен зерттеушілердің еңбегі жоғары бағанатындығы туралы пайымын интерпретациялайды

Бағалау критерийі

Қазақстандық зерттеушілердің ғылыми жаңалықтарының

маңызын сипаттайды


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Ұйымдас-тыру

Өткен білімді еске түсіру

7 минут

Жаңа тақырыпқа қадам

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Бастапқы ынталандырушы материал

«Шешімі кейінге қалдырылған сұрақ»

Бүгінгі сабақта не туралы әңгіме айтады екенбіз?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу


ҚБ «Мен саған, сен маған»


Тақырыптық суреттер

Сабақтың ортасы

Жаңа білім

5 минут


10 минут
5 минут


10 минут



Мәтінмен жұмыс

«Деректану» - Ежелгі Қазақстан тарихын зерттеушілер;

«Археология» - «Ә.Марғұлан – академик, зерттеуші»;

Этнография» - «География - тарих сахнасы»

«Антропология» - №1 кесте «Толтыр»

Зертте

- Ә.Марғұланның әлемдік деңгейдегі атақты ғалым болып қалыптасуына қандай тұлғалық және адами

қасиеттері көмектесті?Академиктің ғылыми ерлігі неден байқалады?

ЕБҚ оқушы (есту, көру, қабылдау қабыілеті төмен) мәтінді үлестірме түрінде ұсынып, қолдау көрсетемін

«Мозаика»

Суреттер топтамасы ұсынылып, әңгіме құрау ұсынылады. әр дереккөздердің ерекшеліктеріне;

дерек ретінде маңызына назар аударуы керек.

ЕБҚ оқушыға жұптық жұмыс жасауда қолдау көрсетемін. Тапсырманы саралау арқылы ұсынады

Оқушылар топтық жұмыста ақпараттық мәтінге талдау жасайды

Ә.Марғұланның әлемдік деңгейдегі атақты ғалым болып қалыптасуына дәлелдер келтіреді

ЕБҚ оқушы позиция таңдайды. Ақпарат бойынша өз ойын жазбаша білдіреді

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ – «Мадақтау сэндвичі

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»

Тарихи кезең- дер бейнелен- ген суреттер

Сабақтың соңы

5 минут



(Ж) Кері байланыс

«Жақсы сұрақ» әдісі арқылы кері байланыс жасайды.

Неліктен...?

Егер... болса қалай?

Сіз қалай ...?


Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект


Үй тапсырмасы

Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің тұрақтары