Файл: 1 лтты білім беру моделі мені кзарасыммен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 6458

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Расымен, интернет алаяқтарды айыра алмау – қауіпсіздік саласындағы үлкен мәселелердің бірі. Жауапкершілік құқық қорғау органдарының мойнына артылғанмен, бұл да медиасауаттылыққа келіп тіреліп тұр. Осы секілді ақпаратты саралай алмай опық жеген жан қаншама. Бұл, әсіресе, әлеуметтік желі мен интернеттен оқыған кез келген мәліметке сене кететін орта жастан асқан адамдар арасында жиі кездеседі.

Мәселенің өзектілігін анықтадық. Оны шешу үшін не істей аламыз? Дамыған елдердің мысалына зер салсақ, бұл мәселе өткен ғасырдың соңында көтеріле бастаған. Сонда зерттеушілер мен сарапшылар медианың қоғамға теріс әсерін саралай келе, күнделікті тұтынатын ақпараттың қайдан, қалай, қандай мақсатпен тарағанын ажырата білу керек деген тоқтамға келген. Осылайша медиасауаттылық деп аталатын пән Батыста мектеп бағдарламасында оқытылатын болған. Қазір әлемдегі басқа да елдер бұл мәселенің өзекті екенін айтып, көбірек көңіл бөле бастаған. Осында бір қуанышты жаңалықты айтпай кетпеуге болмас. Жақында Қазақстандағы медиасауаттылық бойынша алғашқы оқу құралын мемлекеттік комиссия мақұлдап, білім беру мекемелерінде пайдалануға ұсынды. MediaNet халықаралық журналистика орталығы дайындаған оқу-әдістемелік кешенді еліміздегі оқу орындарында қосымша сабақ ретінде өтуге болады деген сөз. Су жаңа оқулық туралы жоба жетекшісі Алена Кошкинадан сұрастырып білдік.

– Біз алдымен сынап көру үшін оқулықты 2019 жылы орыс тілінде басып шығардық. Оқу құралы Қазақстанның төрт мектебінде, тіпті бір университетте сынақтан өтті. Сонымен қатар, Алматы мен Қарағандыда медиасауаттылық курсының бағдарламасы қабылданды. Мектеп және колледж мұғалімдеріне арналған медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша тренингтер 2019 жылы басталып, әлі де өтіп жатыр. Енді Қазақстанның барлық өңірлеріндегі мұғалімдерді оқу құралына негізделген бағдарлама бойынша оқытуды жоспарлап отырмыз. Оқуға тартылған мектептердің толық тізімі жақын арада келісілетін болады, – деді А.Кошкина.

Мақалаға арқау болған мәселенің осылайша іс жүзінде шешім тауып жатқаны қуантады. Енді тек мектеп басшылары бүгін білімді жас ұрпақ тәрбиелеуде олардың медиасауаттылығын көтеру қаншалықты маңызды екенін бірден түсінсе дейміз. Шетелден келген тағы бір «сәндегі» сөздердің бірі ғана деп қабылданбаса екен.

Жалпы, оқулық жоғары сынып оқушылары мен ересектерге де арналған. Бұл туралы жобаның қазақ тіліндегі редакторы Жұлдыз Әбділда айтып берді. Ол елімізде медиасауат деңгейі төмен екенін, тіпті әріптестерінің арасында кездесетінін алға тартты.


– Өкінішке қарай, бізде медиасауаттылық өте төмен деңгейде. Басқаны айтпағанда, әріптестеріміздің өзі ақпаратты тексеруді, оның рас-өтірігіне көз жеткізіп алмай тұрып жариялауға болмайтынын, оған қоса медиа этиканың бар екенін түсіне бермейді, – дейді Жұлдыз Әбділда. Маманның айтуынша, оқулық ақпарат алу, ақпаратпен жұмыс істеу, киберқауіпсіздік, әлеуметтік желілердің біздің өмірімізге ықпалы, қаупі, кибербуллинг бойынша жан-жақты ақпарат береді.

Балалардың сауатын арттыру мәселесі сәл де болса түсінікті болды. Ал дүниетанымы, белгілі бір көзқарасы қалыптасып қалған, өзгерісті оңай қабылдай қоймайтын, көбіне жалған ақпараттың қармағына ілінетін орта жастан асқан азаматтарға қалай көмектесуге болады. Дәл осы сұрақты журналист, фактчекер, Павел Банниковке қойдық. Ол балалардан гөрі ересек адамдарды үйретудің расында қиын екенін айта келе, жауапкершіліктің бір ұшын БАҚ-қа әкеліп тіреді.

– Адам жасы ұлғайған сайын қосымша білім алуға құштар бола бермейді. Сондықтан БАҚ пен басқа медианың міндеті медиа және ақпараттық сауаттылық туралы жиі айтып, қоғамда медиа сауатты адамның жағымды тұлғасын қалыптастыруы керек. Шешімдердің біреуі осы делік. Одан бөлек ойын түрінде немесе кәсіби тегін курстар ұйымдастыруға болады. Десе де, бұл Қазақстанды ғана емес, бүкіл әлемді алаңдататын сауал, – дейді П.Банников.

Адамзатты басқа тіршілік иесінен ерекшелеп тұратын ақылы мен санасы десек, сол екеуінің ортақ жемісі – сөзге келіп түйіседі. «Ақпаратқа кім ие болса, сол әлемді билейді» деген қанатты сөздің бүгінгі шындыққа қаншалықты сай екеніне күнделікті өмірде көз жеткізіп келеміз. Ендеше осы тұрғыдан келгенде медиасауаттылықты арттыру заманның басты талабы екені сөзсіз.
81 ОҚУҒА ҚҰШТАР ҰЛТ-МӘДЕНИ-ДАМЫҒАН ГҮЛДЕНГЕН ЕЛ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетін болады. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады. Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Оқу мәдениеті оқушылардың нақты және жаратылыстану ғылымдарын, еңбекке үйрету және дене шынықтыру, сондай-ақ басқа да пәндерді табысты оқып білу үшін міндетті ме? Жауабы анық. Әрине, иә. «Оқу мәдениеті - өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы» деген түйін сөз бекер айтылмайды. Оқуды дамытуда әдістемелік әдістерді жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда оқушының дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосады.


            Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болды.

            Оқушының әдеби салада қандай құзыреті болуы керек?

1. Жалпы мәдени-әдеби құзыреттілік - ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде әдебиетті қабылдау.

2. Әлемдік құндылықтар құзыреттілігі - әдебиетте бейнеленген осы  құндылықтарға деген көзқарастарын анықтау және нақтылау мүмкіндігі құндылықтарды түсіну.

3. Оқырман құзыреттілігі - шығармашылық, «автор-оқырман» диалогына қосыла білуі, кейіпкерлермен толғана білу, көркем туындысының тіл ерекшеліктерін түсіну.

4. Сөйлеу құзіреттілігі - қазақ әдеби тілінің нормаларын білу; сөйлеу қызметінің негізгі түрлерін меңгеру.

5. Әртүрлі жанрда әдеби шығармашылық жұмыстар жаза білу қабілеті.

            Жаңа стандарттарда бастауыштағы оқушының оқу құзыретін қалыптастыру үшін әдеби оқу үйрену басымдық болып табылады. Әрине, адамның кітапқа деген қатынасы бастауыш мектеп жасында қалыптасады. Оңтайлы оқуға үйретудің біршама тиімді резервтерін атап айтуға болады.

1. Ұзақтығы емес, жаттығу жұмыстарының жиілігі маңызды.

Бірінші сынып оқушысын кітапты ұзақ уақыт бойы соңына дейін оқуға отырғызып қоюға болмайды. Біріншіден, баланы шаршатып жалықтырады, екіншіден, оның оқуға деген ынтасын жояды. Онан да 5 минуттан бірнеше бөліп оқытса, әлдеқайда тиімді. Осындай жаттығулардың тиімділігі бір сағаттық жаттығуларға қарағанда әлдеқайда жоғары.

2. Ызыңдап оқу. Ызыңдап оқу дегеніміз – бұл бір мезгілде дауыстап сыныптастарына кедергі келтірмес үшін күбірлеп, әрқайсысы өз жылдамдығымен біреуі жылдам, біреуі баяу барлық оқушылардың оқуы. Әрбір баламен 2 минуттай жұмыс жасай алады.

3. Әр сабақ сайын бес минуттық оқу.

Әр сабақтағы бес минуттық оқуды қарастырып көрейік. Мысалы, Әр сабақта бес минут, әр күні 4 сабақ, аптасына 5 күн бар. Бір апталық жаттығу 100 минут көлемінде болады. Дәстүрлі әдістермен 2-3 минутты салыңыз. Жаттығу уақытынын 50 есеге артқаны көрініп тұр. Мұның бәрі де әдістемелік айласыз жүзеге асады.

4. Ұйықтар алдындағы оқу. Бұл жақсы нәтиже береді. Өйткені соңғы оқиғалар эмоционалды есте сақталып қалады, яғни адам ұйықтағанда, 8 сағат бойы сол әсерде болады.

5. Аялауыш тәртіптегі оқу (егер бала оқуды ұнатпаса).

Жеткіншек бір-екі жолды оқиды және содан кейін қысқа мерзімге демалады. Балалары оқып-үйренуді қаламайтын ата-аналарға осы тренингті ұсыныс жасауға болады.

            Оқушылардың оқырмандық іс-әрекетін жүйелі үш кезеңде ұйымдастыру ұсынылады:


1 кезең – сапалы оқу дағдысына жұмыс. (жүгіртіп оқуға тұрақты жаттығу, оқыған шығарманың көлемі мен саны ұлғайту). Оқушыға жүгіртіп оқуға дағдыланбай тұрып басқа барлық пәндер мен бастауыш сыныпта МЖМБС-ты меңгеру қиын болады. Көркем әдеби шығарманың мәтінін меңгеру және одан қажетті ақпаратты алу мүмкіндігін дамыту;

2 кезең –құндылық бағдарларын дамытудағы оқушының іс-әрекеті, танымдық-коммуникативті қабылдау, эмоциялық жауаптылық, толғану, оқылған шығарма бойынша оқырманның пікірі;

3 кезең – кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу, өз бетінше оқуға дағдылану әрекеті.

            Оқырман белсенділігін қалыптастыру үдерісі мектепте заманауи тиімді технологиялар мен оқыту әдістері қолданылған жағдайда тиімді болады. Мектеп оқушысының кітап оқу іс – әрекетін дамыту Қазақстандағы білімді жаңғыртуда басым бағыттардың бірі болып табылады. Ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретіндегі оқылым іс-әрекетіне балаларды және жастарды тарту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасының  үлесі маңызды болмақ.  Кітап оқу - білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын.
82 БУЛЛИНГ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ

Буллинг термині ағылшынның “bully” сөзінен шыққан, қазақша ол “бұзақылық”, “зорлаушы”, “қорқыту” деген мағынаны береді. Басқаша айтқанда, булинг- адамды қорлау. Буллинг қоғамымыздың әр түрлі топтарында, тек мектептерде ғана емес, сонымен қатар жұмыс орындарында, интернет желісінде де көрініс табуы әбден мүмкін. Буллингтің физикалық, психологиялық, экономикалық, жыныстық зорлық-зомбылық тәрізді түрлері болады. Қорлаудың осы түрлерінің бәрін біріктіретін бір қасиет бар, бұл- агрессиялық іс-әрекеттің әлсіз, қорғансыз адамға бағытталуы, жәбірлеуі. Әдетте агрессор (қорлаушы) немесе агрессорлар тобының іс-әрекеттері асқақтық сезімі мен аз да болса биліктің дәмін сезінуге бағытталған.
Буллингке адамдар үш тараптан қатысады: жәбірленуші, агрессор немесе куәгер ретінде. Бұл істің ең ауыр психологиялық зардаптарын бірінші кезекте жәбірленуші шегетінін айтпасақ-та белгілі шығар. Алайда, зерттеулер нәтижесі бойынша, қорлаудың теріс салдарлары куәгерлерге де, түптің түбінде тіпті агрессордың өзіне де келіп тиеді екен. Жәбірленуші үшін буллингің қаупі орасан зор, оның дәлелі ретінде әр түрлі деңгейдегі психологиялық және психосоматикалық аурулардың пайда болуы мен суицидтық ойларды келтіре аламыз. Буллинг жасөспірімдер арасында көптеп кездеседі. Статистикалық мәліметтердің хабарлауынша, 7 мен 15 жас аралығындағы мектеп оқушыларының 44 пайызы  “буллинг-агресситі” болып келеді. Мектептегі қорлаудың жарқын мысалы ретінде Кеңес дәуірінде жарық көрген “Чучело” атты фильмді келтіре аламыз.

Буллингтің жасөспірімдер мен балаларға деген әсері қоғамда қауіпті нәрсе ретінде бағаланбайды, байқалмайды. Мектептегі мұғалімдер буллингті екі жас арасындағы ерегіс, қақтығыс ретінде ғана қабылдайды. Бірақ ерегіс дегеніміз- мүдделері келіспей қалған, дәрежелері тең адамдардың антагонизмі (бәсекелестігі). Ал буллинг- бұл күштінің әлсізге жасаған әлімжеттігі. Кейде ұстаздар оқушылар тарапынан пайда болатын агрессияға көз жұма қарайды және тек физикалық қорлауды ғана ажыратып, тани алады. Әдетте қорлауды болдырмас үшін агрессормен тәрбиелік әңгіме жүргізу және агрессордан жәбірленушіге кешірім сұрату жеткілікті деп саналады. Алайда бұл қате тәсіл агрессордың жәбірленушіге деген ызасы мен көрсететін қысымын арттыруы мүмкін. Оның үстіне, жәбірленушінің жан жарасын агрессордың мәжбүрлі түрде айтылған бос сөзімен жазып, емдей алмайсың.
Не себепті сіздің бауырыңыз, балаңыз немесе жақын адамыңыз буллингке тап бола алады? Бұл сұрақтың нақты жауабы жоқ, себебі көп. Тым толық, тым арық, тым ұялшақ, тым кедей, тым “нашар” киінеді, тым “әдемі”/”ұсқынсыз”, тым ақылды немесе ақымақ, ерекше мінез-құлық, физикалық ерекшеліктер және т.б. Жасөспірімдер кез-келген нәрсе үшін жәбірлеп, қорлық көрсете алады. Осы жерде барлығымыз жәбірленушінің жасалған әрекеттерде ешбір кінәсы жоқ екендігін ұғынуымыз қажет.
Буллигті қалай тануға болады және онымен күресу тәсілдері қандай?
Қорлану кезіндегі жәбірленушіден мынадай белгілерді байқауға болады: киімнің жыртылуы, зақымдануы, денедегі жарақаттар (дененің көгеруі), қымбат заттарының “жоғалуы”, тәбеттің төмендеуі, қорқынышты түстер, серуендеу кезіндегі мазасыздық, сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуден бас тарту, т.с.с. Буллинг құрбанына көмектесу үшін оны кінәламай, қолдау көрсетіп, демеу болу қажет. Жәбірленушіге оның жалғыз емес екендігін барынша көрсеткен дұрыс. Оны мазақ етіп, айтқан сөздерін елемеуге мүлдем болмайды. Сондай-ақ, жәбірленушіден көрген қорлығы мен тәжірибесі жайлы қайта-қайта сұрай беруге тыйым салынады. Жәбірленушіге агрессорлар өздерінің алдында өз құндылықтарын біреуді қорлау арқылы ғана арттыра алатындығын, сол себепті жазықсызға шүйлігетіндігі жайлы түсіндіру керек. Жәбірленушінің өзін мықты тұлға ретінде көрсетіп, күш қолдана алуы буллингті тоқтатуы мүмкін. Бірақ, өкінішке орай, көп жағдайда жәбірленуші бұндай әрекеттерге дайын емес, сондықтан көмекке мұқтаж болып келеді. Егер сізде сіздің жақыныңыз буллингтің құрбаны болуы мүмкін деген күдік пайда болса, дереу онымен осы жайтты талқылаңыз және әңгіме желісіне байланысты әрекет етіңіз. Мәселенің барлық маңыздылығын ескере отырып, жәбірленушінің сізге сенуге деген дайындығын байқаңыз. Жәбірленушіге көмектесу үшін мектеп әкімшілігіне хабарласыңыз, болған жайтты талқылау үшін агрессор мен ата-анасын шақыртыңыз. Осылайша сіз өз жақыныңызды қорғау үшін бәріне баратыныңызды көрсетіңіз. Егер бұл көмектеспесе, баспасөз бен құқық қорғау органдарына жүгінуіңізге болады. Сақтықта қорлық жоқ екенін естен шығармаңыз,  жақындарыңызға жанашыр болыңыз!