Файл: Электромагниттік былыстар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 3

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітемін:

Бөлімі:

Электромагниттік құбылыстар.

Машықтанушы:

Тетебай Қуаныш

Күні:

17.02.2023жыл

Сыныбы:

8

Сабақтың тақырыбы:

Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі. Тогы бар шарғының магнит өрісі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.4.3.2 –магнит өрісінің сипаттамаларын түсіндіру.

8.4.3.3-тогы бар түзу өткізгіштің және соленоидтың айналасындағы өріс сызықтарының бағытын анықтау.

Сабақтың мақсаты:

•Тогы бар түзу өткізгіштің және соленоидтің айналасындағы өріс күш сызықтарының бағытын анықтайды, магнит өрісінің сипаттамаларын түсіндіреді
•Түзу токтың магнит өрісін Эрстед тәжірибесі арқылы түсіндіреді
•Жолақ магнит пен соленоидтың магни өрісі күш сызықтарын салыстыру


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ басы

Сабақтың ортасы

Сабақ соңы

Бағалау

5 минут

Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу Ширату жаттығуы:


«Магнит сөзіне 10 сөз атаңыз» (тұрақты магнит, ток, ток күші, оңтүстік полюс S, солтүстік полюсN,жер,магниттік аномалия,магниттікдауыл,теміртас, құлабыз) Интербелсенді тақта, оқулық

Сөз түйіндері арқылы топқа бөлу. Стикерге жазылған ток, магнит, күш сызықтары сөздері арқылы топқа бөлемін.
1- топ. «Ток», 2-топ. «Магнит», 3-топ. «Күш сызықтары».
Алдынғы білімді еске түсіру «Допты лақтыру» әдісімен сұрақтар беріледі.Допты оқушыларға лақтыра отырып қақшып алған оқушы жауап береді, егер жауап бере алмаса топтағы білетін оқушы жауап бере алады.Бұл әдіс оқушыда сыни ойлау дағдысын дамытады.
1.Болаттан жасалған шарды магниттеуге болама?
2.Тұрақты магниттің қандай қасиеттері бар? 3.Магнит барлық денелерге тартылама?
4. Жердің магнит өрісі барма?
5. Магнит дауылы деген не?
6.Магниттік қасиеттер басқа қандай денелерге тән?
7.Компос не үшін қолданылады?

Уәж туындату. Проблемалық ситуация. Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып проблеманы шешу дағдысы, тәжірибелік дағдысы қалыптасады.
1.Түзу өткізгішті қатырма қағаздан өткізіп , қағаз үстіне темір ұнтақтарын себеміз.Өткізгіш арқылы ток өткенде темір ұнтақтары оның айналасына шеңбер түрде орналасады.
2.Ток өтпеген жағдайда себілген ұнтақ сол қалпында қалады.
Балалар тәжірибеден не көрдіңіздер?
Екі жағдайда қандай айырмашылық бар?


Жаңа материалды игеру.
Топпен жұмыс. "Елші" әдісі.
Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Сондай-ақ бұл әдіс елшінің тілді қолдану шеберлігін көрсетеді, әрі белсенді тыңдаушылар тобын қалыптастырады. Топтық жұмыс арқылы коммуникативті дағды, тәжірибелік дағдысы дамыйды
1-топ.Ток. Оқушыларға оқулықтан Эрстед тәжірибесін оқып меңгеруге тапсырма беру. Түзу токтың магнит өрісін экспериментте жүзінде анықтау. Электр тогы бар мыс өткізгіш орналасқан кеңістікте магнит тілгшені қозғалысқа келтіретін күштер болатынын тәжірибе нәтижесін түсіндіреді.

2-топ.Магнит. «Суретті әңгімеле.» әдісі бойынша түсіндіреді. Оқушыға сурет беріледі, қажет болса әңгіменің жаңа сөздерін алдын ала үйретуге болады. 1.Тогы бар өткізгішті магнит өрісіне қойғанда не байқаймыз? 2.Параллель өткізгіштен бір бағытта және қарама-қарсы бағытта ток өткенде не себепті өткізгіштер тартылады, тебіледі?

3-топ.Күш сызықтары Суреттер бойынша магнит өрісі күш сызықтары бағытын көрсет. Сыни ойлау дағдысы қалыптасады. Егер бұрғыны токтың бағытымен қозғалта бұраса, онда бұрғы тұтқасының айналу бағыты өрістің магниттік күш сызықтарының бағытын көрсетеді Түзу токтың магнит өрісіннің темір ұнтағына әсерін түсіндіреді Бұрғы ережесін түсіндіру.
Жолақ магнит пен соленоидтың магнит өрісі күш сызықтарын түсіндіреді .

Жеке жұмыс.Тапсырма
Оқушыларға интербелсенді тақта үш сараланған тапсырма көрсетіледі парақпен беріледі. Дәптерге орындайды.
Электр өрісінің өзіне тән ерекше қасиеті-қозғалмайтын............... әрекет ету қабілеті болып табылады.(зарядқа) ...........деп электр тогы бар өткігіштердің өзара әрекеттесуін жүзеге асыратын.........түрін айтады. (магнит өрісі,материяның) Магнит өрісінде кішкентай магни тілшелерінің осьтерін бойлай орналасқн сызықтар...........немесе ........деп аталады.
( магнит өрісінің сызықтары, магнит өрісінің күш сызықтары)


Сәлемдеседі. Үй тапсырмасын тексертеді.

Жаңа тақырыпты түсінеді. Сұрақтарға жауап береді

Сұрақтар ауызша оқылады.

мәліметтер мен мағлұмат -тарды оқушылар өздігінен меңгеріп,бірін-бірі оқытып,үйретеді

Эксперимент жасайды. Схемасын сызады, нәтижесін түсіндіреді.

Бірдей бағыттағы ток өтетін екі параллель өткізгіш бірін-бірі тартады, ал қарсы бағыттағы ток өтетін өткізгіштер бірін-бірі тебуін түсіндіреді. Электр тогы өтетін өткізгіштер арасындағы мұндай өзара әрекеттесу магниттік өзара әрекеттесуін атайды


Суреттегі магнит өрісі күш сызықтарының бағытын көрсетеді. Бұрғы ережесін түсіндіреді. Жолақ магнит пен соленоидтың магнит күш сызықтарын салыстырады.

Қажетті сөз тіркестерін табады

Дескриптор:

Үй тапсырмасына жауап береді

2балл

Дескриптор:

Суреті талдайды

4балл

Дескриптор:

Топтық жұмыс орындайды

4балл

Жалпы: 10балл

Ғаламтор


Бағалау

5 минут


Кері байланыс: «Білім қоржыны»

Үйге тапсырма: Жаңа сабақта өткен тірек сөздерді ағылшын, орыс тілдеріне аударып, жазып кел.
Қазақша орысша ағылшынша Магнит Оңтүстік полюс Солтүстік полюс Ток Күш сызықтар Соленоид