Файл: Химия пні бойынша оудістемелік кешен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 196

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Полимерлердің қасиеттері:

  • Полимерлердің жылу өткізгіштігі - полимерлердің жылу өткізгіштігі нашар. Жылуөткізгіштік дегеніміз — жылудың полимердің жылырақ бөлігінен суығырақ жеріне тасымалдануынан температураның теңесу процесі. Полимерлердің қолдану аясын кеңейте түсуге мүмкіндік беретін қасиеттерінің қатарына жеңілдігін, химиялық тұрақтылығын, әсемдігін және т.б. жатқызуға болады. Қазіргі кезеңде жобаланған қасиеттері бар синтездік полимер материалдар алу үшін ғылыми негізделген өңдеу тәсілдері қажет, яғни полимерлердің беріктігін арттыратын, морттығын төмендететін, созылғыштығын жоғарылататын молекуланың қолайлы құрылымын қалыптастыру тәсілдері қажет. Полимерлердің қызмет ету мерзімін арттыру үшін оларға жылу төзімділігін, динамикалық беріктігін және т.б. негізгі қасиеттерін арттыратын арнайы қоспалар қосады.

  • Полимердің келесі маңызды қасиеті — олар механикалық берік келеді, әсіресе кеңістіктік құрылымды полимерлер ерекше берік болады. Беріктік қасиет полимерлердің тармақталу дәрежесі мен типіне байланысты. Тіпті молекулааралық байланыстар үлкейген сайын заттың қаттылығы да арта түседі, серпімділік модулі артып, салыстырмалы деформациялығы азаяды. Торлы құрылымды (кеңістіктік) полимердің қасиеттері алмаз тәрізді кристалл заттардың қасиеттеріне жақындайды. Сонымен полимерлердің беріктігіне әсер ететін факторлар қатарына молекулалық массасы, табиғаты, макро-молекулалардың бағдарлануы, құрылымдарының сипаты, тізбектерінің тігілу дәрежесі және т.б. жатады.

  • Полимердің электр өткізгіштігі, әдетте, өте нашар. Олардың электрлік қасиетіне оған электр өрісін бергенде көрсететін қасиеттері сияқты диэлектриктер, жартылай өткізгіштер және электр өткізгіштер болып бөлінеді. Көптеген полюсті және полюссіз полимерлер диэлектриктерге жатады. Диэлектриктерге өте ұсақталған электр өткізгіш толтырғыштар (техникалық көміртек-графит, ұсақталған металдар) енгізілсе, электр өткізгіш материалдар алынады. Жартылай өткізгіштерге қосарланған байланысы бар және заряд тасымалы бар кешенді жүйелер жатады. Полимерлердің электрлік қасиеттеріне электр өткізгіштік, электрлік беріктілік, диэлектрлік шығын, диэлектрлік өтімділік, электр-реттік эффект, термополюссіздену жатады. Осындай қасиеттеріне байланысты полимер материалдар техниканың маңызды салаларында қолданылады.


Белоктар – молекулалары әр түрлі амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын күрделі табиғи полимерлер. Белоктар — өсімдіктер, жануарлар, адам тіршілігінде аса маңызды.  Клеткалардың протоплазмалары, ядролары, терінің сыртқы қабаттары, ми, нерв, ет, шаш, жүн, тұяқ, мүйіз негізінен әр түрлі белоктардың қоспалары. Осы айтылғандардан белоксыз тіршілік жоқ екенін көруге болады. Энгельстің айтуы бойьшша тіршілік дегеніміз — «белокты заттардың өмір сүру тәсілі». Белоктар тірі организмдердің денелерін түзеді, екінші жағынан әр түрлі физикалық-химиялық процестерді жүргізу үшін энергия көзі болып есептеледі. Организмде белоктардың түрлері өте көп. Олардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады. Организмде жүретін әрбір реакцияның өзіне тән белок — катализаторы болады. Әр түрлі белоктардың құрамына кіретін амин қышқылдарының түрлері де, сандары да әр түрлі болады. Сондықтан белоктардың молекулалық массаларының айырмасы да үлкен. Белок молекулаларының массалары шамамен 100 000-5 000 000.

Витаминдер – ерекше органикалық заттар. Адам  олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ витаминсіз біздің  организміміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер организмнің  тіршілік  қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, организмнің жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдығады. Витаминдер өсімдік  пен жануар өнімдерінен алынатын азық – түліктерде  болады. Адам әр түрлі тағам ішу  арқылы  өзіне қажетті  витаминді  алып отырады. Витаминдерді  латын алфавитінің бас әріптерімен белгіленіп,физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай 2 топқа бөледі:

1) суда еритіндер(С,Р,РР, және В тобының витаминдері);

2) майда еритіндер(А,Д,К,Е) 

Ферменттер жасушаларда синтезделіп, биохимиялық реакцияларға қатысатын ақуыздық табиғаттағы биокатализатор болып табылады. Фермент немесе энзим (лат. fermentum – ашу; грек. en – ішінде, zim – ашытқы; 19 ғ. Ван Гельмонт ұсынған) алғашқыда ашыту үдерістерінде анықталған зат.Ферменттер - барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы ақуыздар. Химиялық реакцияларды жеделдетеді. Реакция түрлеріне сай ферменттер 6 топқа бөлінеді:

  • Оксидоредуктазалар

  • Трансферазалар

  • гидролазалар

  • лиазалар

  • изомеразалар

  • лигазалар.

Энзимология, ферментология – ферменттерді зерттейтін ғылым саласы. Ол басқа ғылымдармен: биология, генетика, фармакология, химиямен тығыз байланысты. Ферменттердің қызметі туралы алғашқы ғылыми еңбекті Кирхгофф (1814) жариялады. Ферменттер өз әсерін өте аз мөлшерде катализаторға ұқсас жүргізеді. Фермент өзінің әсер етуші заты – субстратпен (S) ферменттік реакция жүргенде фермент-субстраттық кешен (аралық зат) түзеді. Бұл кешеннің қызметі өте күрделі, ол субстрат пен фермент молекулалары конформациясы мен энергиясын және химиялық байланыстарын өзгертеді. Реакция өткен соң фермент-субстраттық кешен жаңа қалыпқа ауысып, фермент-реакция өнімі кешеніне айналады. Содан кейін ол фермент және реакция өніміне (Р) жекеленіп бөлінеді: S + E → S•E → EP → E + P Ферменттердің катализдік ерекшелігіне келесі қасиеттері жатқызылады: а) Фермент өздігінен жаңа ре¬акция жүргізбейді.



Адамның өсіп-жетілуіне ең бірінші қажетті  зат – ас. Тағам – адам организімінің  қоршаған ортадан алып, қорек ретінде  пайдаланатын бейорганикалық және органикалық  заттардың жиынтығы. Адам тағамының  негізгі құрамды бөліктері: белоктар, майлар, көмірсулар, сондай-ақ микроэлементтер  мен витаминдер.  Белоктардың тағамдық құндылығы – олардағы аминқышқылдарының  үлкендер үшін 8-і, жас балалар үшін 9-ы – алмаспайтын аминқышқылдары. Олар организмде жеткіліксіз синтезделеді немесе мүлде синтезделмейді. Оларға: аргинин,валин, изолейцин, лейцин, лизин, метионин, треонин, триптофан, ал жас балалар үшін гистидин жатады. Көмірсулар  мен майлардың организімдегі  қызметі, негізінен, энергетикалық  қажеттілікті қамтамасыз ету екенін білесіңдер.

      Микроэлементтер мен витаминдер, т.б. заттармен бірге  зат алмасу процестеріне қатысып, катализдік және реттеуші қызметтерді атқарады. Организмнің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету  үшін тиімді тамақтану қажет. Тағамның құндылығы құрамында жеткілікті мөлшерде  оның негізгі құрам бөліктері болуымен анықталады. Ал бұл аталған заттар тамақ құрамында ет, балық, сүт өнімдері сондай-ақ көкөністер мен жеміс-жидектер болғанда ғана жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етіледі. Егер  адам тамағында осылардың біреуі жетіспесе, адам тоймаған күй кешеді.

      Тағамның  химиялық құрамы біршама дәрежеде қоршаған ортаның да жағдайын көрсетеді.

      Қазіргі кезеңде Біріккен Ұлттар Ұйымында адамзаттың ғаламдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 4 негізгі бағдарлама құрылған:

  • адамзатты тағаммен қамтамасыз ету;

  • энергетикалық қажеттілікті қанағаттандыру;

  • шикізатпен қамтамасыз ету;

  • қоршаған ортаны қорғау.

     Әсіресе ет белоктары жетіспесе, адам ауыр физикалық күш жұмсайтын қимылдарда әлсіздік көрсетіп, ақыл-ой әрекеті төмендеп, организмі жұқпалы аурулармен күресе алмайтын халге жетеді.     Республикада органикалык химия саласындағы зерттеулер 1938 жылдан бастап дамыды. Қазақстанда ТМД көлеміндегі тұңғыш рет поликонденсация реакциясын зерттеп, талшық түзетін полиамидтерді синтездеген академик С.Р.Рафиков болды. Оның ұсынысы бойынша, Қазақстанда мұнай өнімдерінің ауыр қалдықтарын зерттеу және оларды жоғары молекулалық қосылыстарға айналдыру, органикалық қосылыстарды тотықтыру жұмыстары жүргізілді. Ахметжан Шәріпханұлы шәкірттерімен бірге биологиялық белсенді заттардың стереохимиясының теориялық негіздерін дамыта отырып, зерттеулерінің практикада қолданылуы үшін көп еңбек етті. Синтездеп алынған қосылыстардың ішінде медициналық дәрілік заттар, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өнімділіктерін арттыратын биологиялық белсенді заттар мен зиянкестерге қарсы қолданылатын фунгицидтердің бірнеше тобы бар. Солардың қатарында — сынақтан ойдағыдай өткен "Риклокаин" деп аталатын дәрі. Ол тиімділігі жоғары (анестезиялық) жансыздандырушы зат ретінде медицинада қолдануға ұсынылды.


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.

Зертханалық жұмысты орындау бейорганикалық және органикалық химия пәнінен білімдерін бекітуді қамтамасыз етеді, студенттердің эксперимент жүргізу дағдысын қалыптастырады және студенттердің өз беті мен жұмыс істеуін дамытады. Зертханада жұмыс табысты өту үшін, химиялық практикум әдістемесінен және дәрістерінен, оқулықтан теориялық материалды алдын-ала оқып білу қажет. Сонымен бірге эксперимент техникасын сапалы түрде орындау қалыптасады, жасалған жұмыс ойластырылған, түсінікті болады.

Химия зертханасында жұмыс істеуші қауіпсіздік техникасының ережесін сақтау қажет және химиялық құралдар, ыдыстармен жұмыс істеу ережесін қатаң сақтау керек. Химиялық практикумда көрсетілген құралдар мен химиялық реактивтерді қолдану жолдарын үйрену қажет. Берілген нұсқаулар студенттің өз бетімен жұмыс істеуін және инициативасын жоғалтапай, керісінше көрсетілген нұсқау жұмысты орындау жылдамдығын арттырады, құралдардың істен шығуын, ыдыстардың сынуын, реактивтердің бүлінуін ескертеді.

Эксперимент жұмысының табысты орындалуы, жұмыс әдістемесін дұрыс таңдауға, өлшеуді орындау ретіне, өлшеуге және жүйелі түрде нәтижесін дұрыс жазуға байланысты.

Тақырып бойынша теориялық білімін мұғалім тексерген соң, зертханалық жұмыстың орындалу әдісін меңгеріп және тақырып бойынша зертханалық жұмысты жазу журналын дайындаған студент ғана зертханалық жұмысты орындауға рұқсат алады. Зертханалық журналды толтырғанда келесі талаптар қойылады:

  • Зертханалық жұмысты орындау күні;

  • Зертханалық жұмыстын реті;

  • Зертханалық жұмыстын тақырыбы;

  • Зертханалық жұмыстын мақсаты;

  • Зертханалық жұмыстын барысы, байқаулары;

  • Химиялық реакциялар мен есептеулер;

  • Қорытынды.

Зертханалық жұмысты орындап болған соң студент жұмыс орнын ретке келтіріп кезекшіге немесе лаборантқа тапсыру керек. Студент зертханалық журналында жұмыс нәтижесін толтырған соң есебін оқытушыға тапсыру керек.

Бейорганикалық химия курсында көп уақыт химиядан есеп шығаруға бөлінеді. Жұмыстың бұл түрі студенттің өздігінен жұмыс істеуін, дәріс кезінде алған білімін кеңінен қолдануын қажет етеді.


«Химия» пәні бойынша зертханалық жұмыстар мен

практикалық сабақтар жоспары



Тақырыбы

Сағат саны

Нұсқау

1

2

3

4

1.

Молекулалық, атомдық массаларды және химиялық эквиваленттерді анықтау.

  1. Көміртегі (ІV) оксидінің салыстырмалы молекулалық массасын анықтау.

  2. Металдың эквивалентінің молярлық массасын анықтау.

  3. Металдың салыстырмалы атомдық массасын оның молярлық жылу сыйымдылығы бойынша анықтау.

1

/1/, 52-54 бет

/1/, 44-49 бет

2

Химиялық байланыстар.

  1. Калий, фтор атомдары арасындағы иондық байланыстың түзілуі.

  2. Коваленттік бацланыстың:полюсті, полюссіз түрінің айырмашылығы

  3. Ғ , О , СО байланыс түрін, санын, еселігін табу.

2




3

Химиялық реакцияның жылдамдығы.

  1. Химиялық реакцияның жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігі.

  2. Химиялық реакцияның жылдамдығының температураға тәуелділігі.

  3. Гетерогенді химиялық реакцияның жылдамдығы

2

/1/, 99-104 бет

105-106 бет - №2, №3, №4.

4

Химиялық тепе-теңдік.

1. Әрекеттесуші заттардың концентрациясының химиялық тепе-теңдікке әсері.

2. Әрекеттесуші заттардың температурасының химиялық тепе-теңдікке әсері.

1




5

Химиялық реакцияның әртүрлі типтерін құруға жаттығулар орындау. Бақылау жұмысы


2




6

Ерітінділер.

  1. Проценттік концентрациялы ерітінділерді дайындау.

  2. Эквиваленттің молярлы концентрациялы ерітінділерді дайындау.

1




7

Қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы. Тұздар гидролизі.

  1. Қышқылдар мен негіздер ерітінділерінің электрөткізгіштігі.

  2. Қышқылдардың күштерін салыстыру.

  3. Біртекті ионды қосу арқылы әлсіз электролиттің диссоциациясын төмендету.

  4. Индикаторлар арқылы әртүрлі тұздар ерітінділерінің рН анықтау.

  5. Тұздардың толық гидролизі.

  6. Тұздар гидролизінің дәрежесіне әсер ететін факторлар.

1




8

Негізгі және қосымша топ металдары

  1. Калий мен натрийға салыстырмалы сипаттама.

  2. Калий элементінің қосылыстарынан генетикалық байланыс құру, айналулардың химиялық теңдеулерін жазу

  3. Натрий элементінің қосылыстарынан генетикалық байланыс құру, айналулардың химиялық теңдеулерін жазу

  4. Химиялық теңдеулер бойынша есептерді талдап шығару.

2




9

Бейметалдарға жалпы сипаттама.

  1. Көміртек (ІV) оксидін алуға болатын реакцич теңдеулерін жазу

  2. Массасы 80г кремний карбидін алу үшін қанша кг кремний (ІV) оксиді және кокс қажет.

  3. Лабораторияда, өнеркәсіпте азотты қандай жағдайда, қандай заттардан алады.

  4. Химиялық формулалар бойынша есептерді талдап шығару.

2




10

Фосфор және оның қосылыстары

  1. Судың кермектігін жою үшін оған натрий фосфатын қосады. Реакция теңдеуін жазу

  2. Фосфордың сұйылтылған, концентрленген азот қышқылымен әрекеттескендегі реакция теңдеуі

2




11

VІА топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Оттек. Су.

  1. Судың қасиеттері

  2. Оттектің химиялық қасиеті

  3. Оттекті алу жолдары

1




12

Галогендер. Хлор. Хлордың оттекті қосылыстары

  1. Электрондық формуласын жазу

  2. Галогендерге индикатордың әсері

1




13

Органикалық зат және көмірсутек қосылысы. Органикалық химия пәні.

  1. Органикалық заттардың құрылысын жазу

1




14

Қанықпаған көмірсутектер, қасиеті, қолданылуы.

  1. Қанықпаған көмірсутектер, құрылысы, алынуы, қасиеті

2




15

Оттекті органикалық қосылыстарға сапалық реакция

  1. Оттекті органикалық қосылыстар

1




16

Жай және күрделі эфирлер. Қазақстандағы май, қант, целлюлоза өндірісі.

  1. Жай эфирлер, құрылысы

  2. Күрделі эфирлер, құрылысы

1




17

«Аминдер» тақырыбына тест жұмысы

2




18

Синтетикалық жоғары молекулалы қосылыстар

  1. Синтетикалық жоғары молекулалы қосылыстар, маңызы, қолданылуы

1




19

Органикалық қосылыстар: аминқышқылдары, ферменттер, майлар. Тағам құрамындағы органикалық заттар.

  1. Органикалық қосылыстар. Маңызы

2




20

Бақылау жұмысы

2







Барлығы 30 сағат