Файл: Химия пні бойынша оудістемелік кешен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 200

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
мата тоқылады, арқан есіледі, қағаз жасалады. Целлюлозаны гидролиздеу және одан түзілген глюкозаны ашыту арқылы этил спирті алынады. Оның хим. өңдеу жолымен алынған эфирлері жасанды талшық, жұқа пленка, сыр, пластмасса, мылтық дәрісін өндіруде қолданылады.

Синтетикалық талшықты әртүрлі заттарды: мұнай, таскөмір, табиғи газ және ілеспе мұнай газын, ауылшаруашылық және және целюлоза - қағаз өнеркәсібінің қалдықтарын химиялық өңдеу арқылы алады
Мұндай талшықтарға нитро - жібек, вискозалы және ацетатты жібек жатады Бұл заттардан жоғары малекулалы шайыр алынады, олар синтетикалық талшықтарды (нейлон, капрон, лавсан, т. б.) өндіруге қажетті бастапқы материал болып табылады Химиялық талшықтардан иірілген жіпті үш кезеңнен тұратын күрделі технология бойынша алады: Иіру ертіндісін алу, талшықтарды қалыптау және өңдеу. Бірінші кезең - бастапқы материалдардан химиялық жолмен сұйық және жабысқақ иіру массасын алу. Екінші кезең - алынған масса химиялық талшық жасалатын жіп иіру машинасына түседі. Осы машинадағы сүзгілер көмегімен дайын массадан талшықтар түзіледі. Бір машинада 60 - 100 сүзгі болады. Олар өте ұсақ саңылаулары бар шағын металл қалпақша түрінде болады. Сүзгідегі саңылаулар саны 24 - 36мыңға дейін. Үшінші кезең – талшықтарды өңдеу. Алынған жіптер жуудан, құрғатудан, иіруден, термиялық өңдеуден өтеді. Кейбір талшықтарды ағартады, бояйды және жұмсарту мақсатында сабын ертіндісімен өңдейді. Химиялық талшықтарды жасау ерекшелігі сол, оның қалыпталу процесі бір мезгілде оны иіру де болып табылады.
Ацетатты талшықтар - сыртқы түрі әдемі, табиғи маталарға ұқсас келеді. Өңі күңгірт немесе жылтырлау. Мақтаға қарағанда ылғалды жақсы сіңіреді, бірақ төзімділігі жағынан тозуға бейім. Вискозалық талшықтан айырмашылығы - шикізаттың сірке немесе күкірт қышқылымен өңделуінде. Асетум латын тілінен аударғанда – сірке қышқылы, сондықтан талшық ацетатты деп аталады. Ацетатты талшықтардан жасалған маталар табиғи жібекке ұқсас, өте әдемі, өң жағы жылтырлау, созылғыш, қыртыстанбайды, пішінін жақсы сақтайды. Ацетат қатты қызуға төзбейді, 210 С темп. бүрісіп қалуы мүмкін Кемшілігі: ылғалды жағдайда беріктігін жоғалтады(50%); тез отырып, қатты қыртыстанады Ылғалды жағдайда беріктігін жоғалтады; ауаөткізгіштік және ылғалсіңіргіштік қасиеті нашар.


Дәріс:18

Тақырыбы: Аминдер, құрамы, қасиеттері. Аминқышқылдары. Құрамында азоты бар гетероциклді қосылыстар.

Мақсаты:Азотты органикалық қосылыстар, аминдер, аминқышқылдары, қасиеттері туралы білімдерін толықтырады.

Жоспары:

  • Азотты органикалық қосылыстар.

  • Аминдер, аминқышқылдары.

Азотты органикалық қосылыстар - молекулалардың құрамында көміртек тікелей байланысқан азот атомдары болатын заттар. Азотты органикалық қосылыстар дегеніміз молекулалардың құрамында көміртек тікелей байланысқан азот атомдары болатын заттар. Халық шаруашылығында және адам мен жаңуарлар тіршілігінде аса маңызды азотты органикалық қосылыстарға аминде амин қышқылдары, белоктар жатады.

Аминдер – аммиак молекуласындағы сутек, атомдары көмірсутек радикалдарына алмасудан түзілген органикалық заттар деп қарастыруға болатын қысылыстар. Аммиак молекуласындағы көмірсутек радикалдарына алмасқан сутек атомдарының санына қарай амминдерді бірінші реттік, екінші реттік, үшінші реттік деп бөледі. Мысалы, метиламин СН —NН  бірінші реттік амин, (СН )  – NН екінші реттік амин, (СН ) —N үшінші реттік амин. Бірінші реттік аминдердің құрамында аммиактың қалдығы – бір валентті аминотоп — NН болады. Аминдердін, аттарын атау үшін оның молекуласының құрамындағы көмірсутек радикалының атына амин деген жұрнақты қосып айтады, мысалы:

          СН  — NН             СН —СН — NН           СН  — СН

—СН — NН

      метиламин                            этиламин                         пропиламин

Амиңдердің қасиеттері аммиакқа ұқсас. Төменгі молекулалы аминдер газдар, иістері аммиак сияқты жағымсыз, өткір. Аминдердің судағы ерітінділері, аммиак сияқты сілтілік қасиет көрсетеді. Химиялық қасиеттері жөнінен де аминдер аммиакқа ұқсас. Олар аммиак сияқты қышқылдармен әрекеттесіп сәйкес тұздар түзеді. Сондықтан да аминдерді органикалық негіздер деп атайды. Аминдер мен аммиактың химиялық қасиеттерінің өзара ұқсастығы олардың молекулаларының электрондық құрылыстарының ұқсастықтарымен түсіндіріледі:

                            Н                                   Н   Н

                         Н :N                              H : C : N :

                            H                                   H    H

             Аммиак                                Метиламин                                        

Аммиак молекуласындағы азот атомында химиялық байланыс түзуге жұмсалмаған бір жүп электрондар бар. Сондай пайдаланылмаған дайын жүп электрондар метиламин молекуласындағы азот атомындада бар. Аминдерден ароматты амин — анилиннің С Н NH  маңызы зор. Анилинді бензолдағы бір атом сутек аминотопқа алмасудан шыққан зат деп қарастыруға болады. Ол ароматты аминдердің ең қарапайым өкілі. Анилин тұссіз, май тәрізді, суда нашар еритін сұйық. Өте улы зат. Ауада тотығып қоңырқай тартады. Аминотоптағы азот атомының пайдаланылмаған қос электроны бензол сақинасындағы көміртек атомына тартылатындықтан қаныққан аминдерге қарағанда анилиннін, негіздік қасиеттері аз болады.

Дегенмен анилин қышқылдармен әрекеттесіп тұздар түзеді:

С Н NH +НСl—[ С Н NH ] +С1- фениламноний хлориды


Анилин фенол сияқты бром суымен әрекеттесіп триброманйлин түзеді:

С Н NH  + ЗВг →  С Н Вг  + 3НВг

Анилинді алғаш рет орыс химигі Н. Н. Зинин нитробензолды аммоний сульфидімен тотықсыздандыру арқылы алды:

С Н HO  + 3 (NH ) S → С Н  + 3S + 6NН  + 2Н О

Қазіргі кезде анилинді нитробензолды сутекпен тотықсыздандыру арқылы алады: С Н NO  + 6Н → С Н NH  + 2Н О

Анилин – анилин бояуларын, көптеген дәрілер, хош иісті заттар даярлауға қолданылады.

Аминқышқылдар - молекуласында амин (-NH2) және карбоксил (-СООН) топтары бар органикалық қосылыстар: H2N-CH2-COOH (аминсірке қышқылы (глицин). Аминқышкылдарын радикалындағы сутек атомдары амин тобына алмасқан карбон қышқылдарының туындылары ретінде қарастыруға болады. Кейбір аминқышқылдарының құрамында екі аминтобы, гидроксил тобы, тиол тобы — SH, екі карбоксил тобы болады.


Құрамында әр түрлі функционалды топтары болғандықтан, аминқышқылдары гетерофункционалды қосылыстарға жатады. Аминқышқылдары табиғатта көп таралған: ақуыздардың, пептидтердің және т.б. физиологиялық белсенді қосылыстардың кұрамына кіреді және бос күйінде де кездеседі. Тіршілік үшін аса маңызды қосылыс ақуыз молекуласы аминқышқылдар қалдықтарынан құралатындықтан, олардың маңызы өте зор. Белок биосинтезіне жиырма шақты а-аминқышқылдары қатысады. Олардың біразы алмаспайтын аминқышқылдары. Олар организмде синтезделмейді немесе өте аз мөлшерде синтезделеді, сондықтан олардың организмге қажеттілігі тек қана тағаммен қамтамасыз етіледі. Табиғатта аминқышқылдардың 150-ден астам түрі бар. Олардың 20-сына жуығы ақуыздар түзілісінде аса маңызды қызмет атқаратын мономер блок-топшалар. (Аминқышқылдардың ақуыз құрамына енгізілуі тәртібін тектік код есептейді). Аминқышқылдары барлық ағзалардың зат алмасу процесіне қатысып гормондар витаминдер мидиаторлар пуринді және пиримидинді азоттық негіздердің алқолоидтердің т. б. гормондар биосинтезінің негізгі қосылыстарын түзу қызметін атқарады. Микроапалардың көпшілігі өздеріне керекті аминқышқылдарын синтездейді. Адам мен барлық жануарлар аминқышқышқылдарын өздері түзіле алмағандықтан оларды дайын түрінде ішіп-жейтін қорегіне алады. Қазіргі кезде адам және жануарлардың тамағына косылатын аминқышқылдары биотехнологиялықсинтездеуәдісімен (химия және микробиология) игеріледі. Сонымен қатар олар өнеркәсіптік полиамидтер – бояулар мен дәрі-дәрмек шығаруда да үнемі пайдаланылатын өнім. Амин қышқылдары барлық тірі организмдерде жүретін азотты заттар (гормондардың, витаминдердің, медиаторлардың, пурин және пиримидин негіздерінің, алкалоидтардың т.б. заттардың негізгі де бастапқы қосылыстары болып саналады) алмасуына қатысады, жануарлар мен өсімдіктер организмдерінің барлық ақуыздарының (протеиндерінің) мономерлері қызметін атқарады. Жасушалардағы протеиндер биосинтезіндегі амин қышқылдарының ақуыздағы орындарын генетикалық код анықтайды. Микроорганизмдер мен өсімдік организмдерінің көпшілігінде, оларға қажет амин қышқылдарының барлыгы түгелімен, аталган организмдерде түзіледі, ал адам мен жануарлар организмдерінде алмаспайтын амин қышқылдары түзілмейді, олар тек дайын түрінде ғана тамақ пен азықтың құрамымен организмге келеді. Адам организмі қажетті аминқышқылдарының жартысынан астамын өздігінен синтездей алады. Ал сегіз аминқыщқылын адам организмі синтездей алмайды. Олар ауыстырылмайтын аминқышқылдары деп аталады. Организмде синтезделмейтін аминқышқылдарын адам қоректік заттармен қабылдауы керек. Барлық аминқышқылдары мал етінің құрамында болатындықтан, ет аминқышқылдарының негізгі көзі болып саналады. Ал әр өсімдіктің құрамында өзіне тән жеке аминқышқылдары болады. Аминқышқылдары медицинада дәрі-дәрмек, ал ауыл шаруашылығында мал азығына үстеме қорек ретінде пайдаланылады. Өнеркәсіпте синтетикалық талшық(капрон, нейлон) алу үшін де аминқышқылдары қолданылады.