Файл: Талар агробизнес жне менеджмент колледжі Оу сабаыны жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Талғар агробизнес және менеджмент колледжі

Оқу сабағының жоспары


І Бөлім: Өркениет: даму ерекшеліктері

    1. Бөлімше.Өркениет:

зерттеудің теориялары

мен әдістері

Оқытушының аты-жөні: Буйдахан Сая


Күні: «____» ____ 2023 жыл

Курс: ­1

Топтар:


Зем А


То и рем А



Тех А


Электр А


Вет А


Модуль/пән атауы:

Дүниежүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы:

Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты:

Әлемдік діндердің ерекшеліктерін анықтау

Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер

Білімалушылар:

1. Дүниежүзілік діндердің кезеңі мен дамуының өзгешіліктерін сипаттау;

2. Дүниежүзілік діндердің философиялық негіздерін түсіндіру;

3. Дүниежүзілік діндердің жалпыморальдық құндылықтарын айқындау

Қажетті ресурстар

иллюстрациялар, презентация, тапсырмалар, үлестірме материалдар

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақтың басы (5 минут)

Ұйымдастыру сәті. Білімалушылар амандасу. Алғашқы білімдерін еске түсіру (2 минут).

Тақырыпты және сабақ мақсатын таныстыру (1 минут).

Әлемдік діндердің таралу картасын көрсету, діндердің пайда болу уақыты мен негізгі қағидалары туралы сұрақтар қою:

1. Біз қандай әлемдік діндерді білеміз?

2. Діндерді «жастарына» қарай орналастырыңыз, әр дін қай кезде пайда болғаны туралы есіңізге түсіріңіз

• Буддизм;

• Христианство;

• Ислам.

3. Осы діндердің пайда болуы қандай тарихи тұлғалардың есімімен байланысты?

4. Өнерде діни образдарды қалай атайды?

5. Будданы суреттеген кезде қандай канондарды негізге алады?

6. Будданың денесінің қай жерлері ерекше роль атқарады?

7. Дева Мария – ол кім болған?

8. Христостың басындағы нимб нені білдіреді?

9. Неге исламда Мұхаммед пайғамбардың көркем образы жоқ?

(7 минут).

Сабақтың ортасы

Барлық білімалушылар орындайды: Оқушыларға «Әлемдік діндер» тақырыбына сай бейнематериал көрсетемін.

Топтық жұмыс. «Джигсо» әдісімен топтық,мәтінмен постер жұмыс жасайды. 1-тапсырма:

1-топ:Христостың уағызы.

2-топ:Мұхаммедтің қоштасу уағызы.

3- топ: Буддистердің сегізгерлік құтқару жолы.

ДЩШГ




Дескриптор:

білім алушы- -«Әлемдік діндер» тақырыбына сай бейнематериал көреді; -Мәтінді топпен оқиды, талқылайды, келесі топқа барып айтады;

-Христиан дінінің моральдық құндылықтарын анықтайды;

-Ислам дінінің моральдық құндылықтарын анықтайды;

-Будда дінінің моральдық құндылықтарын анықтайды;

«Бас бармақ» әдісімен

2-тапсырма Мына кілт сөздерді пайдалана отырып,секуляризация,модернизация,экуменизм, Реформаторлар,консерваторлар,христиандық,ислам,шағын эссе жазады.

Дескриптор:

- Секуляризация ұғымының мәнін ашады

-Модернизация ұғымының мәнін ашады –

Экуменизм ұғымының мәнін ашады

-Реформаторлар сөзінің мәнін ашады

-Консерваторлар сөзінің мәнін ашады

3-тапсырма Басым бөлігі орындайды:

«Кім жылдам» әдісі. Жұптық жұмыс. Оқушының орындау қадамы: Кім жылдам әдісі арқылы әлемдік діндердің қай мемлекеттерде дамығандығын көрсетеді.

Дескриптор:

-Кескін картадан діндердің пайда болып,дамыған мемлекеттерді көрсетеді,белгілейді.

4-тапсырма: Будда,ислам,христиан діндерінің

ерекшеліктерін,ұқсастықтарын анықтап салыстырыңдар;


Діндер

Ерекшеліктері

Ұқсастықтары

Ислам







Христиан Будда







Будда







Дескриптор:

білім алушы-

-Берілген мәтінді оқып, түсініктеме береді;

Ислам,Христиан,Будда діндерінің ерекшеліктерін анықтап салыстырады;

-Ислам Христиан,Будда діндерінің ұқсастықтарын анықтап салыстырады;

5-тапсырма Кейбір оқушылар орындайды:

Жеке жұмыс

Деструктивті діни ағымдар мен ұйымдар туралы мәліметтерді кестені толтыру арқылы сипаттап, бағалаңыз

Деструктивті діни ұйымдар мен қозғалыстар

Құрылған жылы

Орын алған мемлекет

Мақсаты

Қоғамға әсері

Ислам революциясы













Талибан қозғалысы













Дескриптор:

-Ислам революциясы жөнінде біледі;

-Талибан қозғалысы жөнінде біледі;

Сабақтың соңы



Діннің ерте түрлері: Анимизм; Фетишизм; Тотемизм; Магия.

Тотемизм (Algonquin «тотемнен» - бұл түрі) бір кездері «тотем» деп аталатын табынуға негізделген өте кең таралған және қазіргі кездегі діни-әлеуметтік жүйе.

Анимизм (латынның анимасынан, анлустан - «жан» және «рух» деген сөздерден) - жан мен рухтың бар екеніне сену, барлық табиғаттың жануына сену. Анимистік көріністер барлық діндерде кездеседі.

Діни фетишизм - бұл нәрселерге жалған тәңірлерге табыну немесе жалған тәңірлерге табыну арқылы көрінетін жансыз заттарға табыну.

Ерте замандағы діндер бүгінгі күнге дейін тайпаларда сақталып, қазіргі заманғы өркениетпен тығыз байланысты.

Сабақ бойынша рефлексия

Кері байланыс. «Қошемет» әдісі

1.Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң,3 рет шапалақта

2.Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң,2 рет шапалақта 3.Егер сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып,мұғалімнің көмегі қажет болса,1 рет шапалақта

Үйге тапсырма:Тақырып бойынша жылдармен жұмыс Смайликтер

жасау. Сабақты қорыту соңғы 2 минут әдісі Оқушылар сабақта нені білгендігі әрі не нәрсені түсінбегендігі жайлы рефлексия жасайды.


Директордың ОЖЖ орынбасары: Дүйсеқожа А.К


Оқытушы: Буйдахан С.