Файл: Торайыров университеті "Жаратылыстану ылымдары".docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Атмосфералық ауаның ластануы негізінен «Қазақмыс» Корпорациясы мен жергілікті қазандықтардың өндірісімен байланысты. Балхаш мыс балқыту зауытында күкірт қышқылы өндірісін іске қосу 2007 жылы 592,08 мың тоннадан 2012 жылы 73,18 мың тоннаға дейін күкірт диоксидінің шығарылуын азайтуға мүмкіндік берді. Шығарындылардың айтарлықтай бөлігі көмірді, сапасыз шикізат пен ауаның ластануын бақылауға арналған тиімді жабдықтардың болмауымен байланысты.

Айта кетейік, жағдай жылдан-жылға жақсарып келеді. Мысалы, егер 2004 жылы шығарындылар 1,380 мың тонна ластаушы заттар болса, олардың жартысынан көбі емделусіз шығарылды, қалғандары тазарту қондырғысына жіберілді. Балқаш атмосфералық ауасына шамамен 800 мың тонна ластауыш шығарылды. 2008 жылдан бастап ахуал жақсара бастады. Тазарту мекемелеріне 1000 мыңнан астам тонна жіберілді, нәтижесінде атмосфераға 400 мың тоннаға жуық ластаушы заттар жіберілді. Бұл үрдіс осы күнге дейін жалғасуда [12].



Батыс Балқаштың иондар мазмұны, мг/дм³
Зерттелген жылдары Батыс Балқашта кальций иондарының максимумы 2008, 2009 жылдары 42 мг/дм³-ге, минимумы 2006 жылы 37 мг/дм³-ге тең болған, ал магний иондарының максимумы 2009 жылы 89 мг/дм³-ге және минимумы 2005 жылы 85 мг/дм³ мәнге тең болған. 2006 жылы хлор иондарының максимумы 285 мг/дм³-ге, 2005 жылы минимумы 197 мг/дм³ мәнге және сульфат аниондарының максимумы 2006 жылы 519 мг/дм³-ге, минимумы 2007 жылы 457 мг/дм³ мәнге ие болған.


Шығыс Балқаштың иондар мазмұны, мг/дм³
Зерттелген жылдары Шығыс Балқашта кальций иондарының 2007 жылы 36 мг/дм³, минимумы 2005 жылы 25 мг/дм³ тең болған. Магний иондарының максимумы 2009 жылы 242 мг/дм³, ал минимумы 2008 жылы 78 мг/дм³ және хлор иондарының максимумы 2007 жылы 896 мг/дм³, ал минимумы 2006 жылы 604 мг/дм³ тең болған. Сонымен қатар, 2007 жылы сульфат аниондарының максимумы 1680 мг/дм³ және минимумы 2008 жылы 1062 мг/дм³ мәнге ие болған.


Батыс Балқаш көлінің ауыр металдар көрсеткіштері, мкг/дм³
Зерттелген жылдары Батыс Балқаш көлі бойынша мырыштың максимумы 2005 жылы 27,1 мкг/дм3-ге, ал қорғасынның максимумы 2005 жылы 14,3 мкг/дм³-ге және кадмийдің максимумы 4,3 мкг/дм³-ге тең болған. 2006 жылы мырыштың минимумы 9,1 мкг/дм³, ал қорғасын және кадмий металдарының минимум мәндері көрсетілмеген.



Шығыс Балқаш көлінің ауыр металдар көрсеткіштері, мкг/дм³
Шығыс Балқаш көлі бойынша мырыштың максимум мәні 2005 жылы 25,6 мкг/дм³, ал минимумы 2007 жылы 7,6 мкг/дм³ мәнге тең болған. Қорғасын металы 2005 жылы 26 мкг/дм³ және кадмий 2005 жылы 12,1 мкг/дм³ байқалған.

Балқаш көлі — Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. 2005–2009 жж. жүргізілген гидрохимиялық бақылаулар нәтижесі көрсеткендей, Балқаш көлі өте ластанған. Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, Шығыс Балқашқа қарағанда Батыс Балқашта ластану деңгейі жоғары. Балқаш көлі — экологиялық ірі мәселе. Балқашты біртұтас су айдыны ретінде сақтап қалуды, олардың экологиялық, экономикалық жағдайларын нашарлатпауды, су деңгейін төмендетпеуді қамтамасыз ету қазіргі уақытта басты мәселелердің бірі.

Зерттелген жылдары Балқаш көлі бойынша иондарға байланысты ең жоғарғы мән Шығыс Балқашта сульфат анионында 2007 жылы 1680 мг/дм³ тең болған. Ал ауыр металдар мәндері бойынша Батыс Балқаш көлінде мырыш металында байқалған. Яғни, 2005 жылы 27,1 мкг/дм3 тең болған.
2.3 Қауіп төндірген Балқаш
Қоршаған ортаның жанашырлары “Балқаш көлі Арал тағдырының кебін киюі мүмкін” деп дабыл қағып отыр. Балқаш өңірі аясының кеңдігі мен онда халықтың тығыз қоныстануы аталған проблеманы одан бетер ушықтырып отыр. Ғалымдардың пікірінше, Балқаш аймағының проблемасы ең алдымен, Қытай Халық республикасының Іле өзенінен суды мол ала бастауына байланысты туындап отыр.

Қоршаған ортаның жанашырлары “Балқаш көлі Арал тағдырының кебін киюі мүмкін” деп дабыл қағып отыр. Балқаш өңірі аясының кеңдігі мен онда халықтың тығыз қоныстануы аталған проблеманы одан бетер ушықтырып отыр. Ғалымдардың пікірінше, Балқаш аймағының проблемасы ең алдымен, Қытай Халық республикасының Іле өзенінен суды мол ала бастауына байланысты туындап отыр.Балқаш көлі Арал тағдырының кебін киюі мүмкін. Қоршаған ортаның жанашырлары осылай дабыл қағып отыр. Балқаш өңірі аясының кеңдігі мен онда халықтың тығыз қоныстануы аталған проблеманы одан бетер ушықтырып отыр. Бұл аймақта 3 миллионға жуық қазақстандық тұрады. Сондықтан бұл шаруа жедел түрде шешімін табуды қажет етеді. Бұл жөнінде бейсенбі күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақова және “Табиғат” экологиялық қорының жетекшісі Мэлс Елеусізов құлағдар етті. Осы ретте қыркүйектің аяғында Балқаш өңірінің экологиялық мәселелеріне арналған екінші халықаралық форум өтпек. Айта кету керек, бірінші форум осыдан бес жыл бұрын өткен болатын. Айткүл Самақованың айтуынша, алдағы форумда талқыланатын маңызды мәселенің бірі-Қытай жағы тарапынан аймақтағы тұрақты даму бағдарламасына қатысты шешім қабылдау болмақ.


24:06 Қытай жағы бүгінде қаншама өндіріс өндіріп жатыр. Суды өздеріне алып, қалдықтарын жіберіп, сол суды ластап жатқанннан біз бекеротырмай қарап жатырмыз.

Балқаш көлі- ұзындығы 700 шақырымға жуық қайталанбас табиғи су қоймасы. Балқаш суының 80 пайызын Іле өзенінен алады екен.Ғалымдардың пікірінше, Балқаш аймағының проблемасы ең алдымен, Қытай Халық республикасының Іле өзенінен суды мол ала бастауына байланысты туындап отыр. Бұл өз кезегінде орташа тереңдігі 6-ақ метр Балқаш көлінің тартылып, түбіндегі тұздың ауаға ұшуына, сөйтіп жақында орналасқан тау мұздықтарының еруіне және көлдің айналасында мекендейтін халықтың денсаулығына кері әсерін тигізетін болады, дейді “Табиғат” экологиялық қорының жетекшісі Мэлс Елеусізов 28:00 жалғыз олардан емес, біз жақтан да көп мәселелер туып жатыр. Орман, су, балық, ауылшаруашылық қалдық су қалдығы соның бәрі бар. Соның бәрін дұрыс шешу керек. Екіншіден дүние жүзінің халықтарын көтеріп Қытайға қысым жасамаса болмайды.Балқаш көлі кезінде сазан балығымен аты шыққан болатын.Одан жылына 11-12 тонна балық ауланатын. қазір бұл жүйе түбегейлі өзгерді. Көл суының тартыла бастауы, су тұздылығының артуы, жем қорының азаюы сияқты тікелей және жанама факторлар Балқаш -Іле алқабындағы балық қорының дағдарысқа ұшырауына теріс әсерін тигізбей қоймайды. Басқосуда қоршаған ортаны қорғау министрі жуырда өтетін Балқаш форумында осы көлге қатсты мемлекеттік бағдарлама қабылданатынын да жеткізді.Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қаншалықты қаражат керек екенін де жасырмады. Іле-Балқаш өңірі мен Балқаш көліндегі экологиялық мәселелерге қоғам назарын аударту және көлдің экожүйесін сақтап қалу дәл бүгінгі таңда елімізге қажетті-ақ.

Ерекшелігі

Оның жіңішке бұғазбен жалғасып жатқан батыс пен шығыс бөліктерінің минералдарының екі түрлі болып келетіндігінде. Батыс бассейні бұрын суы көп болған Іліден толығатындықтан су тұщы болады да, шығыс бөлігі – ащы. Қазір көлге Іле, Қартал және Лепсі өзендері құяды. Кей жылдары қатты тасыса Аягөз өзенінің суы жетеді. Бұл көл төрт облысты – Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын тоғыстырып тұр. Батысында ең сусыз және тіршілік иелері аз кездесетін Бетпақдала жерімен шектеседі.

Балқаштың табиғаты өте таңғаларлық және оның қарама-қайшылықтары да өте көп. Климаты – күрт континентальды. Жазғы және көктемгі, күзгі маусымдарда ағып құйылған су түгелге жуық буланып кетеді де, көлдің деңгейі 12 текше километрден 200 текше километрге дейін ауытқып отырады.


Іле – Балқаш бассейнің биологиялық тіршіліктің түр-түрін, бағалы балықтарды өсіру сияқты балық шаруашылығы тұрғысынан алып қарағанда да маңызды су қоймаларының бірі болып табылады. Ихтиофаунаға жататындар ішінде сазан, Амур балығы, шабақ балық, каяз балығы, шұбаржон балық, ақбалық, ақмарқа, табан, жайын және басқаларын атауға болады. Көлден жыл сайын 8-10 мың тонна балық ауланады. Балқаш ақбалығы мен оның алабұғасы Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. Аралда өліп қалған шабақ балықтар мен Арал каязы тек осында ғана сақталған. Оңтүстік Балқаш жағасындағы қамыс тоғай арасында, өзен жағалауларында жыл сайын мыңдағын түрлі құстар мекендейді. Солардың арасында Қазақстанның Қызыл кітабына жазылған жиырмадан астам құс түрі бар. Бұл жерде қабандар мен ондатралар, киіктер көптеп саналады.

Көлдің солтүстік жағалауында отандық өндірістің алыбы, әлемдік кәсіпорынның алдыңғыларының бірі – “Балқашмыс” АҚ орын тепкен. Көлдің оңтүстік жағалауын құнарлы жайлымдар мен егістік алқаптар алып жатыр.

Балқаш көлі демалыс пен саяхат үшін аса бірегей орын. Мұнда жыл сайын еліміздің әр түкпірінен мыңдаған адам келіп демалады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Балқаш көлі әлемдегі материкішілік ірі су қоймаларының қатарына жата отырып, аумағында адам өмір сүруге қолайлы климат қалыптастырады, елді мекендердің шаруашылық жүргізуін қамтамасыз етеді, әрі елімізде атқаратын стратегиялық маңызы жоғары болып табылады. Көлдің табиғи байлығымен бірге бұл ауданда бұрыннан қолданылып келе жатқан минералдық шикізаттың мол қоры бар. Сондықтан Балқаш көлін сақтап қалу тек мемлекеттік проблема болып қоймай барлық әлемнің негізгі міндеті болуы тиіс. Бұл аймақта Арал теңізінің тағдыры қайталанбауы тиіс. Ол үшін аумақта бүгінігі таңда қалыптасып отырған гидрологиялық жағдайға дұрыс баға берілуі керек.

Курстық жұмыста Балқаш көлінің экологиялық жағдайы зерттеліп, аймақта қалыптасып отырған экологиялық жайттарға баға берілді. Климаттық жағдайдан басқа Қапшағай бөгенін толтыруға, егістік алқапты суаруға және басқа шаруашылық қажеттер үшін жұмсалған су көлемі өзендер ағындысын кемітіп, Балқаш көліне құятын су көлемін кемітіп отырғаны анықталды.

Балқаш көлінің тарихи деңгейлік режимі оқылып, қазіргі қалыптасып отырған гидрологиялық режимге баға берілді. Өткен тарихи кезеңде климаттың біржақты өзгермегендігі ескеріліп, Балқаш көлінің деңгейіне алапта қайтарымсыз пайдаланған су көлемінің артуы көл деңгейінің күрт төмен түсуіне әкеліп соқтырып отырғаны анықталды.


Балқаш көліне қоятын ең суы мол Іле өзені (көлге құятын барлық су көлемінің 80%-н береді) трансшекаралық өзен болып табылады. Оның негізгі ағындысы қалыптасатын жоғарғы бөлігі ҚХР-да орналасқан. Сондықтан ҚХР-мен келісім жүргізуде Іле өзенінің санитарлық ағындысы, яғни Балқаш көлінің деңгейін 341 м-ден төмен түспеуге мүмкіндік беретін шамадағы су көлемін жіберіп отыруға қол жеткізу керек.
Алаптың су қоймалары мен өзен суларының сапасын жақсарту үшін бірнеше шарттар орындалуы тиіс:
— шаруашылықтық-тұрмыстық және өндірістік ақаба сулардың тазарту имараттарының құрылысының біртіндеп көбеюімен жасанды-биологиялық тазартуға көшу;
— суды айналымдық және қайталанып қолдану жүйесін өндірісте орындарында дамыту;
— ақаба суларды ЗПО қолдану бойынша жүйелер құру;
— түсті және қара металлургия, құрылыс индустриясы мекемелерінде газ, шаң және т.б. ластағыш заттарды тастауда (сыртқа шығарда) тазарту жүйесінен өткізу, ол үшін тазарту қондырғыларын орнату;
— қала серіктерін, ірі елді мекендерді канализация (ақаба жүйесіне) жүйесіне қосу;
— мал шаруашылығында, құс фабрикаларында, ауыл шаруашылығында лас суларды табии су көздеріне жібермей тазартудан өткізу арқылы айналмалы түрде қайта қолдануды іске асыру.
Балқаш көлінің суын және жалпы Іле-Балқаш алабының экологиялық жағдайын бақылап отыру үшін мониторинг жүргізетін бөлімдер санын көбейту керек.

Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық анаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы.

Іле-Балқаш өңірі мен Балқаш көліндегі экологиялық мәселелерге қоғам назарын аударту және көлдің экожүйесін сақтап қалу дәл бүгінгі таңда елімізге қажетті-ақ.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологическая изученность, т.13, Центральный и Южный Казахстан, вып. 2, Бассейн оз.Балхаш, Алматы, 1996. С.283-336.

2.Проблемы гидроэкологической устойяивости в бассейне озера Балхаш. Под редакцией А.Б. Самаковой. Изд. «Каганат», Алматы, 2003.

3.Современное экологическое состояние бассейна озера Балхаш. Под редакцией кандидата геолог-минералогических наук Т.К. Кудекова. Изд. «Каганат», Алматы 2002. С.71-114.

4.Джусупбеков Д.К. Вероятностный прогноз уровня и минерализации воды озера Балхаш. Автореф. на соискание ученой степени кандидата географических наук. Изд. «Қазақ университеті»- Алматы, 2002. 26 с.