ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

№4 мектеп -лицейі





Информатика пәнінен оқушыларды
олимпиадаға дайындау





Мақсаты:
Оқушыларды информатика пәніне деген қызығушылықтарын дамытып, информатикадан мектеп бағдарламасына сәйкес және күрделілігі жоғары есептерді шығаруға дағдыландыру;
білімді, дамыған, дарынды мектеп оқушыларын іздеу;
мектепте информатиканы оқыту деңгейін бағалау;
информатиканы оқыту барысындағы ең жоғарғы деңгейге қойылатын талаптарды ашу;
мектеп, жоғарғы оқу орындары буынындағы кері байланысты жүзеге асыру,оқушының қабілетін ашуды ескере отырып, логикалық-алгоритмдік және жүйелі комбинаторикалық ойлауы дамыған оқушыларды табу.


Міндеттері:
Информатика пәнінен есептер шығарудың әдіс - тәсілдерін үйрету.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, шығармашылық деңгейлерін көтеру.
Оқушыларды өз бетімен белсенді жұмыс істеуге үйрету.











Информатикадан оқушыларды олимпиадаға дайындау үшін:
Мен осы бағытта жұмысымды 4 кезеңге бөлдім:


Оқушыға программалау тілін үйрету.
( оқушы оперотарлармен жұмыс жасай алуы керек, компьютер тілінде есепті шығара алу керек.)


Мысалы a+b осы екі санның қосындысын табу керек болатын программа құру керек.
a.in
a.out
5 1 6 6 5 11
Ең алдымен ол оңай есеп болсын қиын есеп болсын берілгенін жақсылап тусінгенше оқу керек. Сосын оның шығарылу формуласын және формасын құруымыз керек.Мысалы ең қарапайым турмен шығарып аламыз:
program esep; var x, a,b: integer; begin Write(‘a,b=  ’); Readln(a.b); X:=а+b; Writeln(‘x=  ’, x); end.
Қарапайым түрі осылай болады енді оны кіріс файлынан оқып, шығыс файлын жасап соның ішіне қорытындысын жазатын программаға айналдыруымыз керек.
program A; var     F,G:text;        – кіріс, шығыс файлын текстік түрмен аламыз x, a,b: integer; begin assign(f,’A.in’);         { f айнымалыны  a.in файлымен байланыстырамыз} reset(f) ;                  { f айнымалымен байланысқан файлды оқу үшін ашамыз } read(f, a,b);              {f айнымалысымен байланысқан файлды ашып оқимыз} close(f);                     {Файлды жабамыз} X:=a+b;                     {Тапсырманы шешеміз } assign(g,’a.out’);    { g айнымалысын a.out файлымен байланыстырамыз} Rewrite(g);            { g айнымалымен байланысқан файлды жазу үшін ашамыз} Writeln (g,x) ;        {Файлға қорытындысын жазамыз} close(g);                  {Файлды жабамыз} end.




Олимпиадалық есептерді шешу алдында бірнеше кеңестер: Оқушыларға кеңес:


Есеп шығарып болғасын, оқушыларға осы тақырыпқа арнап есеп құрастыруын ұсынып отырыңыз;
Егер сіздің оқушыңыздың бағдарламасы барлық тесттен өтсе, бірақ сіздің шешіміңіз өзгеше болса, сізден өтініш, осы есепті бөліктерге бөліп қайта тексеріп көріңіз;
Көп жағдайларда мен өзім оқушыларды олимпиадаға даярлағанда қарапайым есептерден беріп отырамын және де есептерді бөліктерге бөліп шығаруына үлкен назар аударамын;
Оқушыларды информатикадан олимпиадаға қатыстыру үшін басқа пәндерді жақсы оқуына және де ойлау қабілеттерін бірінші орынға қоямын.  Яғни әр түрлі жағдайлардан жол тауып кете алатын болуы тиіс.




Олимпиадаға дайындау жоспары





Сынып


Атқарылатын жұмыстар


5-6


Информатикадан терминологиямен жұмыс;
5 - 6 сыныптың оқу бағдарламасындағы тақырыптарға сәйкес деңгейлік тапсырмаларды үйрету;
Оқулықпен өздігінен жұмыс жасауға уйрету;


7


7 – сыныптың оқу бағдарламасындағы тақырыптарға сәйкес есептерді шеше білуге үйрету;
Алгоритм құруды, блок схемаларды құруды үйрету;
Есептерді программалау тіліне ауыстыруды үйрету;
Мектепішілік олипиадаларға қатыстыру;


8


7 - сыныптағы есептерді кайталау, қайтадан пысықтауға үйрету;
8 – сыныптағы барлық есептерді түсіндіріп, қандай нәтиже алатынымызды үйрету;


9


9 - сыныптағы барлық тақырыптарға шолу жасап, есептерді логикалық тұрғыдан шешуге уйрету, түрлі олимпиадалық күрделі есептерді шешуге үйрету;
Қашықтық олимпиадаларға қатыстыру;


10


Алған білімдеріне сүйене отырып, оқушылардың бойында жоғары дәрежелі программалау тілдері мен жұмыс жасауға қызығушылығын арттыру;
Өз бетінше жұмыстануға, жоғары дәрежелі программалау тілдерінде есептерді құрып, нәтижелерін шығаруға дағдаландыру;


11


Python, CИ, C++, HTML, Macromedia Flash MX, 3D Max, бағдарламаларымен таныстыру, шығармашылықпен жұмыстануды үйрету;