Файл: ош келді, з Наурыз!.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 43

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Қош келдің, әз Наурыз!»

Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: плакаттар, нақыл сөздер.
Тілектер: «Ұлық бақты болсын, төрт түлік ақты болсын», «Дастарқан берекелі болсын!», «Жыл басы Наурыз, Мол болсын дәм тұз!»
Әуен ойналып тұрады.

Барысы:
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар. Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
2 - жүргізуші: Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!

1 - жүргізуші: Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып,
Қыс та ұзап барады жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

2 - жүргізуші: Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.
Олай болса, бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік думанымызды ашып беру үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры Абсаттар ағайға беріледі.

ІІ жүргізуші:
Қашанда Құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.
І жүргізуші:
Шашу, шашу көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл - көсір! ШАШУ ШАШЫЛАДЫ.

1 - жүргізуші: Алқа - жұртым, той - думан,
Ортамызда ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,

Інжу маржан шашайық!
Ән орындалады.

2 - жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн - Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
1 - жүргізуші: Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік де.
Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.

2 - жүргізуші: Ана жақтан аттың дыбыры естіледі, кім екен келе жатқан?
Әуен ойналып тұрады. Ортаға Алдар көсе, Қожанасыр, Тазша бала шығады.
Алдар:
- Уа, халайық! Тойға келіңдер, тойға!
Қожанасыр:
- Нұрлы Наурыз тойына келіңдер!
Тазша бала:
- Уа, балалар! Жылан жылының айтулы тойы, біздің мектептің Наруыз мерекесіне келіңдер.
Алдар көсе:
- Әй, ағайын, ағайын!
Той деп жар салайын,
Наурыз тойға келіңдер,
Мен де бірге барайын!
Қожанасыр:
- Ағайын тойға келіңдер,
Мерекені көріңдер.
Жылан жылы келді еліме,
Той көрімдік беріңдер!
Тазша бала:
- Алдар аға, бүгінгі тойға тіпті өлеңдетіп, сықиып киініп келіпсіз ғой. Жел бір жағынан кіріп, екінші жағынан шығып кететін шұрық тесік әйгілі шапаныңыз қайда?
Алдар көсе:
- Биыл жылан жылын үлкен табыстармен қарсы алып жатқанда жыртық шапан менің теңім бе?
Қожанасыр:
- Тотыша тақылдаған мұның кім?
Алдар көсе:
- Қожеке, танымадыңыз ба? Бұл Тазша бала ғой.
Қожанасыр:
- Тазша баламысың, ей. Келші бауырым, құшағыма қысайын.
Екеуі құшақтасып, Наурыз мерекесімен құттықтайды.
- Наурыз құтты болсын! Жылан жылы елімізге бақ - береке әкелсін!
Халқымыз ұлыс күнді «жыл басы» деп санайды. 21 наурыз түні даланы Қызыр ата аралайды екен. Қызыр - адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейіпінде көрінетін қиял ғажайып адам.

Қожанасыр: Уа, бәрекелді, алыстан ат артып, атты шаршатып, етікті тоздырып жеткенде мынадай мейрамға тап боларымды кім білген?
Ассалаумағалейкум, халқым менің,
Ардақты Наурыз тойлы салтты елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбектің жемісін бәрің жегін!

Туа сала атандым Қожанасыр,
Мендей аңқау болмас - ау басқа сірә.
Наурыз тойы мектепте болады деп,
Көк есекті желдірттім мен жетектеп.
Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын?


Досымын адал жандардың.
Жақсыларға серік боп,
Жаманды талай алдадым.(Кеудесіне қол қойып, басын иеді)

1 - жүргізуші: Наурызда әндер шырқайық,
Өнер жасқа лайық.
Өлеңдеткен жастардың,
Әсем әнін тыңдайық!
Ән: «»
1 - жүргізуші: Жылан жылы кел төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.
2 - жүргізуші: Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын.
Білім - өнер серік болсын,
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.
1 - жүргізуші: Ана деген адамға Атамекен,
Әр адам анаменен адам екен
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен,- дей келе келесі кезекті әсем әнге береміз.
Ән:
2 - жүргізуші: Жай далаға алаша,
Наурыз келді тамаша.
Ағайлар мен апайлар,
Қуанып жүр балаша –
1 - жүргізуші: Күй де шертіп, ән салып,
Наурыз тойды қарсы алып.
Болсын дейміз шаттық мол,
Бейсен апай ән салып – дей келе келесі әнді әжелердің орындауында тамашалаңыздар.
2 - жүргізуші: - Мол, мол болсын ырыс құт,
Жасай берсін туыстық.
Дейді атам,- салтанат,
Құра берсін тыныштық.
1 - жүргізуші: Қонақтарымыз ағылсын,
Ортамыздан табылсын.
Барлық тілек құдайдың,
Құлағына шалынсын!- деп келесі кезекті қонақтарымызға
шашу ретінде әсем ән сыйлаймыз.

2 - жүргізуші: Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас - кәріміз,
Ән салайық бәріміз
Ән: «»

І жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.
ІІ жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық ән салайық.
ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!
І жүргізуші:
Қанекей, қарсы алайық жылдың басын,
Қосылып жасқа жасың, басқа басың.
Барайық келер жылға төрт көз түгел,
Аман боп алыс, жақын, кәрі - жасың.

ІІ жүргізуші:
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар.
- деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.
І жүргізуші:
Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.


ІІ жүргізуші:
Ата салтын бабамның,
Алып келді ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай.
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында.
Береке - бірлік болсын деп,
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.

Алдар көсе Наурыз бата беру
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыстың ұлы күніңде,
Ұлын оңға қонсын,
Менің берген бұл батам,
Алланың құлағына шалынсын!
Әумин!

І жүргізуші: Барлықтарыңыздың наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз! Мереке құтты болсын!

Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамына да аз күн қалды. Назарларыңызға мектепалды дайындық топтары үшін 22 наурыз мейрамына арналған "Күлімде, Наурыз күлімде" атты сценарий ұсынамыз.

(Зал наурыз мерекесіне сай безендіріледі, Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» күйі ойнатылып тұрады).

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, балалар, Наурыз мейрамы құтты болсын! Сіздерге денсаулық, бақыт тілейміз, ақ мол болсын! Олай болса бүгінгі наурыз мерекесіне арналған «Күлімде, Наурыз күлімде» атты ойын-сауық шарамызды бастайық!

Жүргізуші: 

 Той дабылын қағып тұрған
Мұнда біз бар
Тыңдамағандарыңыз, тыңдаңыздар.
Наурыз тойы басталды,
Бір орында тұрмаңыздар.

Уа, жараңдар, жараңдар!
Көңілің бар алаңдар.
Ата менен анаң бар
Наурыз тойы басталды
Бәрің бері қараңдар. (Ата-аналар мен қонақтарды наурыз мерекесімен құттықтау сөз мектепалды даярлық тобымыздың тәрбиешісі _________________ беріледі.

Жүргізуші: 

Ұлы халқым есептескен
Ата салтын ешкім теппеген, аттап кетпеген
Мың пәледен құтқарады бір бата
Адам болмас бата естіп өспеген.

Ұлы күнде, халайық,
Қалай қарап қалайық
Сәйгүліктей ағайық
Жасын болып жанайық!
Ортамызға атамызды шақырып
Ақ батасын алайық! ( Ортаға бата беру үшін Дархан әкені шақырамыз).

Ұлыс бақты болсын.
Әр күніміз жақсы болсын
Достығымыз берік болсын.
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын.
Қайда барсаң, жол болсын.

Ұлыс бақты болсын
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін.
Пәле-жала жерге енсін.      
Қайғы-уайым жоқ болсын.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

1-оқушы:  

Наурызым – салтым, жоғалып қайта табылған
Шырағым болып алдымнан бүгін жағылған.
Бабамның үні ақ бата беріп жеткізген
Әр қадамыңнан жаныма мейірім табылған.

2-оқушы: 

Қыс өтіп, қар еріп,

Құлпыра көктем жетіп
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден
Құтты болсын, бұл Наурыз!

Жүргізуші: 

Армысыз, әлемнің алтын шырағы
Күн Ана! Қош келдіңіз!
Төрге шығыңыз.

Күн Ана: – О, қасиетті Жер-Ана! Адамзат үшін саған басымды иемін. Мен сенің табиғат байлығыңа енетін тау-тасыңнан, жан-жануарыңнан бастап адамдарыңа дейін қуаныш-нұрын сеуіп, әр жүрекке шат-күлкі сыйлап, сіз үшін өзімнің гүл көктемімді, Ару көктемімді шақырғалы тұрмын.

Жүргізуші: Бүгін ұлыстың ұлы күні! Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ ақ түйенің қарны жарылған күн – Наурыз. Салтанатты Наурызды ортаға шақырайық.

Шашу шашу – Жадыра ана.

Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып
Ел болып қарсы алайық!

Күн – Ана: 

Зарыға күткен. Жаңа жылым да келді-ау!
Жаңа жылым жарылқа, ескі жылым, есірке, 
Ұрпағымды аман ет!
Жамандық әрі кет, әрі кет! (алыстайды)

Ару көктемім, келе ғой!

Наурыз – көктем: 
Сәлем анам – алтын күн!
Нұр шуағы халқымның
Ашық болсын аспаның,
Аман болсын жас-нәрің!

О, халайық! Жараңдар!
Қане, бері қараңдар!
Мешін жылы баршаңды
Кенелтсін зор бақытқа
Білмеңдер бір шаршауды
Бөлеңіздер шаттыққа.

Ән: «Наурыз біздің жаңа жыл».

Көрініс: «Бесікке салу».

3-оқушы: 

Көктем тойы – әнніміз,
Көркем өнер сәніміз
Өлең-әнмен той сәнін
Өрнектейміз бәріміз.
Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, наурыз, дәстүрлі.

Наурыз – көктем: 

Жайнатамын бар гүлді.
Сайратамын бұлбұлды –
Төгілтіп ән-жырымды
Мейрам етем бұл күнді.

Би: «Гүлдер».

4-оқушы: 

Наурызда күлімдеп
Күн нұры төгілді
Өзгеше бүгін леп
Желпітер көңілді.

5-оқушы: 

Наурызды халқымыз
Жыл басы санайды.
Көнермес салтымыз
Көктемдей арайлы.

Көрініс: «Тұсау кесер»

6-оқушы: 

Әнім де саған, білім де,
Құт қонақ өзің үйім де
Қуаныш сыйлап еліме
Күлімде, Наурыз, күлімде

Наурыз жылы мешін жылы,
Құтты болсын халайық
Ұлыстың ұлы күні
Шырқап әнге салайық.

Ән: «Бақытты балалық шақ».

7-оқушы: 

Наурыз – гүл көктем
Сәнді еді арайлы
Күлімдеп күн көктем
Нұр шашып қарайды.
Бусанып жерім бай
Төсінде қалқып ән
Наурыз көңілді ән
Шаттығы шалқыған.

Жүргізуші: 

Халқының әдеп-салтына
Ойлана қарап түйін түй.
Шаттығын сыйлап жалпыға
Жалғаса берсін ән-күй, би!

Би: «Жорға».

8-оқушы: 

Өніп еккен дәніміз.
Бүршік жарды бағымыз.
Сәскеде – жаз
Түнде – қыс
Секілді екен наурыз.
Төлдеп жатыр малымыз