ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 47
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазан толы сары уыз.
9-оқушы:
Наурыз тойын әдемі
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді.
Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды. (Ортаға әже шығып Наурыз көже әкеледі).
Әже:
Ашық болсын қас қабақ,
Таспен атқанды аспен ат
Бейтаныс та, таныс та
Бүгін төрде бас қонақ
Арпа, бидай, тары бар
Қатық, малта тағы бар
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар
10-оқушы:
Күн мен түн теңелді
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді
Наурыз тойы салтымыз,
«Көгерсін» деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Әже:
Ау, аталар, аналар!
Айналайын балалар!
Жеп-ішсін деп тамсанып
Жеті түрлі дәм салып
Наурыз көже пісірдім
Құйдым алтын табаққа
Құлшыныңдар тамаққа
Бұл көжеден татыңдар
Бар қызыққа батыңдар.
11-оқушы:
Ұлыс күні қазан толсаа
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алса
Сонда олжалы жол болар
Ән: «Біз – өмірдің гүліміз».
Жүргізуші:
Ән қосылсын сәніңе!
Ырысты боп жаңа жыл!
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа
Бас қосылып бойыңа
Аман-есен жетейік
Келер Наурыз тойына.
Келесі Наурыз тойында кездескенше қош сау болыңыздар!
Қош келдің – әз Наурыз!
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылы
«Балтабай орта мектебі - мектепке дейінгі шағын
орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сабақтың тақырыбы: Қош келдің – әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзілік халықтардың Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру.
Халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрыпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету .
Көрнекілігі: Сахананың мерекеге сай безендірілуі, нақыл сөздер, ұлттық ойындар, ұлттық тағам. Музыка ойналып ортаға жүргізушілер шығады.
1 – жүргізуші: Уа, халайық, халайық! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз мейрамына шақырамыз! Келіңіздер, тамашаны көріңіздер!
2 – жүргізуші:Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,
Босқа қарап тұрмаңыздар,
Наурыз тойы басталды.
Береке де осында.
Мереке де осында.
Ән: «Құтты болсын әз Наурыз»
Қызыр ата: Уа, ағайын! Бүгінгі күні мен түн, жарлы мен бай, хан мен қара теңескен қасиетті Наурыз мерекесі баршаңызға құт әкелсін!
Жер – Ананы мекен еткен барша мұсылмандардың қасиетті - әз Наурыз әр отбасына береке әкелсін. Жыл 12 ай, 365 күн асыға, аңсай күткен, жер жүзі мейірге, жылылыққа шомылған, қыз – бозбала құлпырған киелі Наурыз сендерді шпаттыққа бөлесін!
(Осы кезде Тазша бала мен Алдаркөсе ортаға шығады).
Тазша бала:Ассаламағалейкум, Қызыр ата!
Қызыр ата:Уағалейкумассалам, Алдар көсе, Тазша балам, екеулеріңнің бастарың қосылып қалыптығой, жақсылыққа болғай.
Тазша бала:Қызыр ата, біз жай қыдырып жүрген жоқпыз, ұлттық дәстүр, ән - жырды еске түсіріп, жастарға таныстырып жүрміз.
Мен Алдармын, Алдармын, Бұл не қылған адамдар?
Сайтанды да алдаймын. Бұл кім десем, батыр,
Уа, жараңдар, жараңдар, Шығайбай ғой, апыр –ау!
Ана жаққа қараңдар. Меңсұлу қыз қасында,
Той қазанын көтерген, Шық бермес қой расында.
Алдар көсе: (шапанымен қазанды жауып жатқан Шығайбайдың қасына келіп)
Не істеп отырсың, байеке?
Жұмыртқа басқан тауықтай
Қазанға жапқан шапаның,
Отқа жанса қауіп қой.
Шығайбай:қазан жоқ бұл жерде...
Алдар көсе:Қуын қара байекеңнің, Наурыз тойында қазанын қорғамақ!
(сол кезде дабыл қағылды)
Алдар көсе: Аттан, Аттаныңдар!
Байеке, бол, тез аттан,
Қасқыр шапты қойыңа!
Шығайбай: Ойпырмай, бұл қалай!
(алқына жүгіріп шығып кетеді).
Алдар көсе: Бай асығыс кетті ғой қасқыр қуып,
Алыңдар, тамақ суып қалмасын.
Қызыр ата, байқаған шығарсыз өнерімді?
Қызыр ата: Алдарым – ай, мына тұрған мені де алдап кететін түрің бар – ау!
Тазша бала:Менің де қолымнан келмейтін іс жоқ. Мереке қонақтарын би билетіп, ойын ойнатып жіберем!
Қызыр ата: Жарайсың, Тазша бала, ойыныңды ойнатарсың, енді балалардың өнерін тамашалайық.
1-жүргізуші:Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өрістен.
Сақтай гөр деп істен,
Ақсақал бата беріскен.
2-жүргізуші: Батаменен ел көгерер,
Жаңбырменен жер көгерер. Кезекті бата сайысына берейік. (Әр топ өз өнерін көрсетеді). Ата – аналар бата сайысы.
1-жүргізуші: Билейік, жыр жырлайық, ән салайық
Қаһарлы қыстан өтіп Наурыз келді.
2-жүргізуші:Келесі сайысымыз салт – дәстүрге байланысты өнерлерін көрсету. Қазақ өнерінің бір туындысы болып саналатын мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш айтып жарысайық. Туған жердей жер болмас. Ата – аналар Бесікке салу, Тұсаукесер рәсімін.
1-жүргізуші: Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ,
Қалыс адам болмасын некен – саяқ.
Ән шырқап, би белейік қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
Би: қыздар тобы «Көңіл толқыны»
(Алдар көсе мен Тазша бала келе жатыр)
Алдар көсе:Күн күлімдеп нұрын шашар, шуағын,
Құтты болсын Наурыз айы, қадамың.
Бүгін бізде салтанат, қызық ойын,
Халқым – ау құтты болсын жаңа жылың!
Тазша бала:Балалар, балалар
Енді маған қараңдар,
Наурызды тойлайық,
Қызық ойын ойнайық.
ән: Достарым
1) Арқан тарту 2) Теңге ілу
2-жүргізуші: Жұтқанда қуанасың таза ауаны,
Құлаққа естілгендей жах әуені.
Жыл сайын тойланатын мәңгі – бақи,
Наурызың құтты болсын, қазақ елі!
1-жүргізуші:Наурыз келсе барлығы жарасады.
Жарасады табиғат жасарады.
Алпыс төлдің анасы ақ жүрекпен
Аластатып пәледен босағаны. Алас!
Ән: Наурызым – нақыл жыр. Сен қазақ халқының салт – дәстүрін білесің бе?
1-жүргізуші:Әрине білемін.
2-жүргізуші:Наурыз мейрамы туралы не білесің?
1-жүргізуші:Наурыз мейрамы – өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан мереке. Ол парсылардың «Наурыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан. Күн мен түн теңелген, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды екен.
2-жүргізуші: Наурыз мейрамы бір ай тойланады. Қазақтар бұл күндері бірін – бірі жаңа жылмен құттықтап, қонаққа шақырады. Әр үйде неше түрлі тамақ дайындалады, наурыз көже пісіріледі.
Тамақтың алдында аруақтарға арнап, міндетті түрде құран оқиды.Ең соңында үйдегі үлкен кісі жаңа жылды жақсылыққа жорып бата береді.
1-жүргізуші: Қызыр атаны шақырып бата сұрайық.
2-жүргізуші:Ата, бүгінгі думанға сонау алыстан ат арылтып келгеніңізге орай ала келген ақ батаңыз да бар болар. Мына отырған халықтарға ақ батаңызды беріңіз!
Қызыр ата:Елдеріңнің іргесі берік болсын,
Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын.
Сөздерің серттей берік болсын
Өмірлерің көңілді болсын
Қазақ елі атауы баршамызға
Мәңгілік ел болуға бастау болсын.
Төрт түлік төлді болсын,
Теңгеміз құнды болсын.
Пейілдерің кең болсын,
Отбасына бақыт келсін,
Таудай талап берсін,
Бармақтай бақ берсін.
Ұлыс оң болсын!
Қайда жүрсеңде жол болсын!
1-жүргізуші:Қызыр атамныңақ батасына мың да бір алғыс!
2-жүргізуші: Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тіолікке,
Қастерлейік, қадіріңді білдік пе?
Құтты болсын, Ұлыс күні – халайық
Біріктірген ынтымақ пен бірлікке
Әжемнің әуені:Ой, аталар, аналар
Айналайын балалар!
Тоя ішсін деп тамсанып
Жеті түрлі дәм салып
Наурыз көже пісірдік
Оттан қазан түсірдік.
Бал көжеден татыңдар,
Бар қызыққа батыңдар.
Көктем – Наурыз тойында
Құмар болып ойынға,
Іске үлес қоспаған
Ішер бір-пқ тостаған.
Еңбекқорға талапты
Қоямын бас табақты
Асқан кәрі – жасыңды,
Шақырып ием басымды.
Ән: Жау – жау жаңбыр.
1-жүргізуші:Шапағатын аямай бұл жақта аспан
Жадырайды әр адам мұң шақпастан.
Оу, ағайын, келіңдер, бүгін бізде,
Наурыз көже, құрт – қатық, тары қосқан.
2-жүргізуші: Ұлыс оң болсын
Қайда барсаң жол болсын.
Ұлыс береке берсін
Бәле – жала жерге енсін!
1-жүргізуші: Келген жаңа жылымыз
Қамбар ата түлегі
Жылқы деген жануар.
Жалын төсеп кәріге
Қанат болар бәріне.
Жайлы болып жылымыз,
Өркендей берсін еліміз.
Ырысты боп жылымыз
Бақ дарысын жеріміз.
2-жүргізуші:Наурыз мерекесіәрқайсымызғакөтеріңкі көңіл күй, қажымас қайрат, өшпес үмітпен шексіз махаббат әкелсін. Өмірлеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын.
1-жүргізуші:Бұл жыл баршамызға естеріңізде қаларлықтай қымбат естеліктерге толы болсын! Көңілдеріңізге береке, ынтымақ, достық пен күлкі ұяласын! Ұлыс оң болсын.
2-жүргізуші: Ой қосылсын ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа.
Аман – есен жетейік
Келесі Наурыз тойына!
Хор: ата -ананы тыңдайық.
Дариға әжемнің әуені: Қазақ дастарханы.
Наурыз – берекем, наурыз - мерекем !!!
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Кіріспе
Аида: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, қымбатты ата-аналар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.
Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!
Алтынбек: Уа халайық! Бүгін Ұлыстың ұлы күні.
Ақ түйенің қарыны жарылған күн. Наурыз күн мен түннің теңелер мезгілі. Қар еріп, жер жүзі көктеп, көгеріп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасаратын шақ. Бұл аталарымыз бен әжелеріміз үй-үйді аралап, Наурыз көжеден дәм тататын күн.
Аида: «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын» десіп, өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, ақ көңі, адал жүрекпен дос құшақтарды айқастырып табысатын қасиетті күн – Наурыз мерекесі құтты болсын, ағайын!
Алтынбек: Кел,балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық...
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық...-, демекші, бүгінгі 5а-сыныбында өткелі отырған
«Наурыз – мерекем, наурыз - берекем!» атты мерекелік думанымызға қош келдіңіздер!
Айда: Бұл әлемде мереке көп,
Қуанышты, әдемі!
Ал біз үшін ең жақсысы
Қымбатты Наурыз мейрамы!
Алтынбек: «Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй», - деп Абай атамыз жырлағандай, ортаға әнші қызымыз Кабир Әсемді шақырамыз. Ән: «Қазақы дастархан»
Аида: Ұлыстың ұлы күніне байланысты халықтың әдет-ғұрыптары мен жол-жоралары, салт-дәстүрлері бар. Ендеше, құрметті қонақтар, наурыз күні дүние есігін ашқан сәбиіміздің ат қою, шілдехана тойынан көрініс тамашалаңыздар!